Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiк)" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмнiң жобасы оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiруi туралы мәлiмдемесiмен бiрге мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Виктор Васильевич Супрунға Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық қоғамдастықтар комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимыл бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiк)" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге оған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң түсiндiруi туралы мәлiмдемесiмен бiрге қол қоюға өкілеттiк берілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
БIРНЕШЕ ЕЛДЕРДI ҚАМТИТЫН БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМ АРНАЙЫ ШАРТТАР
Бұдан әрi "Комиссия " деп аталатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы ұсынған, бұдан әрi "Қоғамдастық" деп аталатын Еуропалық Қоғамдастық бiр тараптан және бұдан әрi "Бенефициар " деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi екіншi тараптан
ТӨМЕНДЕГIЛЕР ТУРАЛЫ УАҒДАЛАСТЫ:
1-БАП - ОПЕРАЦИЯНЫҢ МӘНI МЕН МАҚСАТЫ
1.1. Қоғамдастық 2 қосымшадағы Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде жазылған бұдан әрi Бағдарлама деп аталатын 2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимылдарының бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiгi) қаржыландыруға өз үлесiн қосады 1 .
1.2. Бұл бағдарлама қаржылық келісiмге және оның қосымшаларына: Жалпы шарттар (1 қосымша) мен Техникалық және әкiмшiлiк ережелер (2 қосымша) сәйкес орындалады.
___________________________
1 Бұл дата жақтармен келісілген жобаларды іске асыруға Еуропалық Одақпен бюджетті бөлген жылға қатысты
2-БАП - ҚОҒАМДАСТЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҮЛЕСI
2.1. Бағдарламаның жалпы құны 15 миллион Евроға 2 бағалануда.
2.2. Қоғамдастық ең көп дегенде 15 миллион Евро бөлудi мiндеттенедi. Бюджеттiк баптар бойынша Қоғамдастықтың қаржылық үлесiн бөлу 2 қосымшаның Техникалық және әкiмшiлiк ережелерiне қосылған бюджетте көрсетілген.
____________________________
2 Индикативті түрде Қазақстанға бұл сомадан 4,5 млн. Евро бөлінеді
3-БАП - БЕНЕФИЦИАРДЫҢ YЛЕСI
3.1. Бенефициар бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
3.2 Бенефициардың қаржылық емес үлесi бойынша Техникалық және әкiмшiлiк ережелерде, қаржылық келiсiмге 2 қосымшада егжей-тегжейлi уағдаластықтар жасалады.
4-БАП - ОРЫНДАЛУ КЕЗЕҢІ
Қаржылық келiсiмнiң орындалу кезеңi қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталады және 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Аталған орындалу кезеңi екi кезеңнен: қаржылық келiсiмнiң күшiне енген сәтiнен басталатын және 2009 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын операциялық iске асыру кезеңiнен тұрады. Және осы күннен бастап орындалу кезеңiнiң соңында аяқталатын аяқталу кезеңi басталады.
5-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРУҒА АРНАЛҒАН КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА COҢFЫ ҚОЛ ҚОЮ KYHI
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған келiсiм-шарттар ең кеш дегенде 2008 жылдың 27 желтоқсанында қол қойылады. Бұл соңғы мерзiм ұзартылмайды. Осы ереже кейiн қол қоюға болатын келiсiмдердiң аудитiне және бағалауына қолданылмайды.
6-БАП - МЕКЕН ЖАЙЛАР
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде, бағдарламаға арналған нақты сiлтемесi болуы және мына мекен-жайлар бойынша жiберiлуi тиiс:
а) Комиссия үшiн
Mr. Richard WEBER
Director
EuropeAid Co-operation Office
Соmissiоn of the European Communities
Rue de la Loi 200
В- 1049 Вrussels, Belgium
Fax: +32 2 295 74 82
б) Бенефициар үшiн
Виктор Супрун мырза
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Қазақстан Республикасы
010000, Астана
Жеңіс даңғылы - 11, 922-каб.
Факс: +7(3172) 718545
7-БАП - ҚОСЫМШАЛАР
7.1. Мына құжаттар аталған келiсiмге қоса берiледi және оның ажырамас бөлiгi болып табылады:
1 қосымша: Жалпы шарттар
2 қосымша: Техникалық және әкiмшiлiк ережелер.
7.2. Қаржылық келiсiмнiң Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелерi басымдыққа ие болады. 1 қосымша мен 2 қосымшаның ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда I қосымшаның ережелерi басымдыққа ие болады.
8-БАП - БАҒДАРЛАМАҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА ДА АРНАЙЫ ШАРТТАР
8.1. "Жалпы шарттар" мынадай ережелермен толықтырылды:
8.1.1. 1-шi қосымша "Жалпы шарттардың" 3.1-бабына қатысты, iске асыру бенефициардың мүддесiне жүзеге асырылады деп ұйғарылып отыр.
8.2. "Қаржылық келiсiмге қатысты Жалпы шарттардың" басқа баптары осы Қаржылық келiсiмге қосымша берiлген "Жалпы шарттарымен" алмастырылған.
8.3 Жобалардың қоса берiлiп отырған тiзiмiндегі қаржылық келiсiмге тиiсiнше әрбiр жоба қамтитын әрiптес елдерден ең аз дегенде екеуi қол қойған жағдайда келiсiм-шарт жасалуы мүмкiн. Елдер Қаржылық келiсiмге екiншi қол қойғаннан кейiн ғана олар жобадан түсетiн пайданы ала алады.
9-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМНІҢ КYШIНЕ ЕНУІ
Осы Қаржылық келiсiм оған қол қойған екi тараптың соңғысының қол қойған күнiнен бастап күшiне енедi.
Осы Қаржылық келiсiм Брюссельде үш түпнұсқада ағылшын тiлiнде жасалды, екi данасы Комиссияға және бiр данасы Бенефициарға жiберiлуге тиiс.
КОМИССИЯ YШIН БЕНЕФИЦИАР ҮШIН
Ричард Вебер мырза Виктор Супрун мырза
Директор Қазақстан Республикасы
EuropeAid жәрдемдесу офисi Экономика және бюджеттiк
Еуропалық Комиссия жоспарлау вице-министрi
Брюссель Астана
Күні: Күні:
І ҚОСЫМША - ЖАЛПЫ ШАРТТАР
І ТАРАУ - ЖОБАНЫ/БАҒДАРЛАМАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
1-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесi қаржылық келiсiмде айқындалған сан шегiнде болуы тиiс.
1.2 Қоғамдастықтардың қаржылық үлесiн беру Бенефициар қаржылық келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындаған жағдайда жүргiзiлуге тиiс.
2-БАП - АРТЫҚ ШЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ
2.1 Қаржылық келiсiм бюджетiнiң жекелеген баптары бойынша артық шығын аталған Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет iшiнде қаражатты қайта бөлу арқылы жабылуы тиiс.
2.2 Қаржылық келiсiм бойынша айқындалған қаражаттың жалпы санының артық шығын тәуекелi кезiнде Комиссия жобаны/бағдарламаны қысқартуы не Бенефициардың меншiк ресурстарын немесе Қоғамдастықтардың ресурстарынан өзгеше басқа да ресурстарды тартуы мүмкiн.
2.3 Жобаны/бағдарламаны қысқарту мүмкiн болмаған кезде немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкiн болмаса, Комиссия айрықша жағдайда қосымша қаржы субсидияларын ұсынуы мүмкiн. Мұндай келiсiм болған кезде шығыстардың артық қалуы Комиссия айқындаған мөлшерде қосымша қаржы үлес есебiнен Қоғамдастықтардың тиiстi ережелерi мен рәсiмдерiне залал келтiрмей қайта қаржыландырылуы мүмкiн.
ІІ ТАРАУ - IСКЕ АСЫРУ
3-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшiн және оның атынан әрекет ететiн Еуропалық Комиссия iске асырады.
3.2 Делегация басшысы Бенефициардың мемлекетiнде Еуропалық Комиссияны бiлдiредi.
4-БАП - ОРЫНДАЛУ МЕРЗIМI
4.1 Қаржылық келiсiмнiң күшiне енген күнiнен басталатын және Арнайы шарттардың 4-бабында көрсетiлген күнге сәйкес аяқталатын орындалу мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
4.2 Аталған орындалу мерзiмi екi кезеңнен тұрады:
- барлық негiзгi iс-шаралар жүргiзiлетiн шеңберде практикалық iске асыру кезеңi. Аталған кезең қаржылық келiсiм күшiне енген күнiнен басталады және орындалу мерзiмiнiң соңына дейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады;
- түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзiлетiн, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан қаржылық келiсiм бойынша барлық келiсiм шарттар жабылатын қорытынды кезеңi. Аталған кезең практикалық iске асыру кезеңi аяқталған күнiнен басталады және осы күннен кейiн 24 айдан кешiктiрмей аяқталады.
4.3 Негiзгi iс-шаралар бойынша шығыстарды олар практикалық iске асыру кезеңi iшiнде туындаған жағдайда ғана Комиссия қайта қаржыландыруы мүмкiн. Түпкiлiктi аудит және бағалық талдау жүргiзу жөнiндегi шығыстар қорытынды кезеңнiң аяғына дейiн заңды болып табылады.
4.4 Қоғамдастық қосқан үлестен кейiн қалған кез келген теңгерiм орындалу мерзiмi аяқталғаннан кейiн алты айдан соң автоматты түрде күшін жояды.
4.5 Ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда практикалық iске асыру кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау практикалық iске асыру кезеңiнiң соңына дейiн кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.
4.6 Ерекше және уақтылы негізделген жағдайларда және практикалық iске асыру кезеңi аяқталғаннан кейiн, қорытынды кезеңiн және тиiсiнше орындалу мерзiмiн ұзарту жөнiнде сұрау салынуы мүмкiн. Егер ұзартуды Бенефициар жасаса, онда сұрау қорытынды кезеңнiң соңына кемiнде үш ай қалғанда жасалуы және осы мерзiм iшiнде оны Комиссия мақұлдауы тиiс.
ІІІ ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАР МЕН ГРАНТТАР БЕРУ
5-БАП - ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қаржылық келiсiмдi iске асыратын барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдердiң басынан бастап әрекет ететiн сыртқы iс-шараларды iске асыру үшiн Комиссия айқындаған және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және орындалуы тиiс.
6-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI IСКЕ АСЫРАТЫН КЕЛIСIМ-ШАРТТАРҒА СОҢҒЫ ҚОЛ ҚОЮ МЕРЗIМI
6.1 Қаржылық келiсiмдi iске асыратын келiсiм-шарттарға Комиссия бюджеттiк мiндеттеменi қабылдағаннан кейiн үш жыл iшiнде, атап айтқанда Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетiлген күнге дейiн екi тарап қол қоюға тиiс. Аталған түпкiлiктi мерзiм ұзартылмайды.
6.2 Жоғарыда көрсетiлген ереже кейiннен қол қойылуы мүмкiн аудит және бағалау iс-шараларын жүргiзу жөнiндегi келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
6.3 Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетiлген мерзiмде қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келiсiм-шарт күшiн жояды.
6.4 Келiсiм-шарт, оған қол қойғаннан кейiн үш жыл iшiнде төлем жүргiзiлмес қаражатты алып қоюмен оның қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
7-БАП - ЗАҢДЫЛЫҒЫ
7.1 Жұмыстарға, қызметтерге немесе жеткiзулерге арналған келiсiм шарттарды беру жөнiндегi тендерге шақыруларға қатысу Қоғамдастықтарға мүше қатысушы мемлекеттердiң барлық жеке және заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi бенефициар-елдердiң барлық жеке және заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген кез келген басқа үшiншi ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиiс.
7.2 Өтiнiм беру конкурсына қатысу Қоғамдастыққа мүше қатысушы мемлекеттердiң барлық заңды тұлғалары үшiн және алушы үшiншi елдердiң барлық заңды тұлғалары немесе аталған актiлерде нақты көрсетiлген басқа үшiншi бенефициар-ел үшiн ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше ережелерiне сәйкес тең ашық болуы тиiс.
7.3. Комиссия мақұлдаған ерекше және уақтылы негiзделген жағдайларда, ынтымақтастықтың тиiстi секторын реттейтiн негiзгi актiлердiң ерекше шарттары негiзiнде 1 және 2-параграфтарда көрсетiлгеннен басқа үшiншi елдердiң өкiлдерiне келiсiм-шарттарды беру тендерлерiне қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
7.4 Қоғамдастықтар қаржыландыратын және жұмыстарға, жеткiзулер мен қызметтерге арналған келiсiм шарттарды орындау үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтер, сондай-ақ қаржыландырылатын iс-шараларды орындау үшiн гранттарды алушылар ұйымдастырған сатып алу рәсiмдерi алдағы үш параграфтарда жазылған шарттарда қатысуға құқығы бар елдерде өндiрiлуi тиiс.
7.5 Аталған азаматтық ережесi сондай-ақ Қоғамдастықтар қаржыландыратын тендерлiк рәсiмдерге немесе қызметтерге арналған келiсiм-шарттарға қатысушы қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған сарапшыларға қолданылуы тиiс.
ІV ТАРАУ - КЕЛIСIМ-ШАРТТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕ
8-БАП - ҚҰРУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРУ ҚҰҚЫҒЫ
8.1 Келiсiм шарт сипатының негiздемесi кезiнде жұмыстарға, жеткiзулерге және қызметтерге арналған келiсiм-шарттарды беруге арналған тендерлiк рәсiмдерге шақыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициар елде тұру құқығына ие болуы тиiс. Аталған құқық келiсiм-шартты бергеннен кейiн бiр ай бойы жарамды болуы тиiс.
8.2 Келiсiм-шартты орындау үшiн қызметтерi қажеттi мердiгерлер (грант алушыларды қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң жобаны/бағдарламаны iске асыру кезiнде осындай құқықтары болуы тиiс.
9-БАП - САЛЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕНДIК ЕРЕЖЕЛЕР
9.1 Арнайы шарттарда арнайы жазылған жағдайларды қоспағанда Қоғамдастықтардың қаржылай көмегi салықтық, кедендiк немесе басқа да баждардан (қосылған құн салығынан немесе басқа да осыған ұқсас салықтарды қоса алғанда) босатылуы тиiс.
9.2 Бенефициар ел Қоғамдастық қаржыландыратын сатып алатын келiсiм-шарттарға немесе гранттарға қатысты елде әрекет ететiн мемлекеттiк немесе халықаралық донорлық ұйымдарға қолданатын неғұрлым жеңiлдiктi салық және кедендiк рәсiмдердi қолдануы тиiс.
9.3 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған
мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.
10-БАП - ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ
10.1 Бенефициар ел жобаны iске асыру үшiн қажеттi шетелдiк валютаны әкелудi немесе сатып алуды қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Ол, сондай-ақ аталған Жалпы шарттардың 7-бабына сәйкес қатысуға рұқсат алған мердiгерлерге қатысты кемсiтусiз шетелдiк валютаны ресми айырбастау ережесiн қолдануға мiндеттенедi.
10.2 Егер Негiздемелiк келiсiмде немесе ресми хаттарда аталған мәселе бойынша егжей-тегжейлi ережелер қамтылса, олар да қолданылуы тиiс.
11-БАП - ЗЕРТТЕУЛЕР ДЕРЕКТЕРIН ПАЙДАЛАНУ
Егер қаржылық келiсiм зерттеулер жүргiзудi қамтыса, қаржылық келiсiмдi iске асыру үшiн қол қойылған аталған зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi жасалған келiсiм-шарттар зерттеуге арналған меншiк құқығын және алынған деректердi пайдаланудағы, оларды жариялау немесе үшiншi тарапқа берудегi Бенефициар мен Комиссияның құқығын басқару тиiс.
12-БАП - КЕЛIСIМ ШАРТТАР БОЙЫНША ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРАЖАТТЫ БӨЛУ
12.1 Дұрыс жүргізiлмеген төлемдерден қалпына келтiрiлген немесе алдын ала қаржыландыруға арналған кепiлдiктерден немесе осы қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылатын келiсiм-шарттар негізiнде ұсынылған орындау кепiлдiктерiнен алынған қаражат жобаға/бағдарламаға берiлуi тиiс.
12.2 Келiсiм-шартты бекiтетiн сатып алу келiсiм-шартының контексiнде тендер қатысушыларына тарап салған алынып тасталуы мүмкiн қаржы айыппұлдары, тендерлiк кепiлдiктер сауалы, сондай-ақ Комиссияға келтiрiлген залалды өтеу Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне жүргiзiлуi тиiс.
V ТАРАУ - НЕГIЗГI ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
13-БАП - ҚЫЗМЕТТI ЖАРИЯ ЕТУ
13.1 Қоғамдастық қаржыландыратын әрбiр жоба/бағдарлама тиiстi коммуникациялық және ақпараттық iс-шараларды басшылыққа алуы тиiс. Осы iс-шаралар Комиссияның келiсiмi болған кезде айқындалуы қажет.
13.2 Аталған коммуникациялық және ақпараттық iс-шаралар бұл iс-шараларды iске асыру кезiнде әрекет ететiн сыртқы iс-шаралардың көрiнiсiн қамтамасыз ету үшiн Комиссия баяндаған және жариялаған ережеге сәйкес өткiзiлуi тиiс.
14-БАП - БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫ, АЛАЯҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАУ
14.1 Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшiн тиiстi шаралар қабылдау және Комиссияның сұрауы бойынша мақсатсыз жұмсалмаған қаражатты қайтару үшiн шағым беру тиiс. Бенефициар қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиiс.
14.2 "Бұзушылық" дегенiмiз Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiне немесе Қоғамдастықтар басқаратын қаражатқа Еуропалық Қоғамдастықтардың атынан жинақталған меншiк қаражаты немесе ақталмаған шығыстар есебiнен алынған табысты азайту немесе жоғалту түрiнде зиян келтiрiп отырған немесе келтiретiн экономикалық субъектiнiң әрекетiнен немесе әрекетсiздiгiнен көрiнетiн қаржылық келiсiмдер, келiсiм-шарттар немесе Қоғамдастықтардың заңдары ережелерiнен кез келген ауытқуды бiлдiредi.
"Алаяқтық" дегенiмiз:
- Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетiнiң немесе Қоғамдастықтар немесе оның атынан басқаратын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуi мүмкiн жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәлiметтердi пайдалануға немесе ұсынуға;
- ерекшелiк мiндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтiретiн ақпаратты жасыруға;
- осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейi әрекеттi немесе әрекетсiздiктi бiлдiредi.
Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтiндей күдiк тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиiс.
14.3 Бенефициар келiсiм-шарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды iске асырудағы рәсiмнiң кез келген сатысында белсендi немесе пассивтi сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiсiн жою үшiн барлық ықтимал шараларды қолдануға мiндеттенедi. "Пассивтi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз ресми тұлғаның тiкелей немесе делдал арқылы жеке өзi үшiн немесе үшiншi тарап үшiн кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасаған кезде немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтуге әсерi бар немесе әсер ететiн ресми мiндеттерiн бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берiлетiнiне уәде алған әдейi әрекетiн бiлдiредi. "Белсендi сыбайлас жемқорлық" дегенiмiз кiмде-кiмнiң ресми тұлғаға жеке ол үшiн немесе үшiншi тарап үшiн, ол белгiлi бiр әрекет немесе әрекетсiздiк жасау үшiн немесе ол Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүдделерiн кемсiтетiн немесе кемсiтуi мүмкiн ресми мiндеттерiн бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшiн тiкелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрiн беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейi әрекетiн бiлдiредi.
15-БАП - КОМИССИЯ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНIНДЕГI ЕУРОПАЛЫҚ БӨЛIМ (СЖҚКЕБ) ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАРДЫҢ ЕСЕП ПАЛАТАСЫ ТАРАПЫНАН ЖYРГIЗIЛЕТIН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
15.1 Бенефициар Комиссия, СЖҚКЕБ және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы қаржылық келiсiм бойынша (келiсiм-шарттар мен гранттарды беру жөнiндегi рәсiмдi қоса алғанда) бөлiнген Қоғамдастықтардың қаражатын пайдалану жөнiнде жергiлiктi жерлерде құжаттамалық тексерiстер, сондай-ақ қажет болған жағдайда шоттарға қосымша құжаттар мен бухгалтерлiк құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негiзiнде келiсiмнiң бар мерзiмi және соңғы төлемнiң күнiнен кейiн жетi жыл iшiнде толық аудит жүргiзу мүмкiндiгiмен келiседi.
15.2 Бенефициар, сондай-ақ СЖҚКЕБ-ның жергiлiктi жерлерде Қоғамдастықтардың заңнамасында жазылған рәсiмдерге сәйкес алаяқтық пен бұзушылықтарға қатысты Еуропалық Қоғамдастықтардың қаржылық мүддесiн қорғау үшiн тексерiстер мен бақылау жүргiзуi мүмкiн екендiгiмен келiседi.
15.3 Осы мақсатта Бенефициар Комиссияның, СЖҚКЕБ-ның және Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының ресми өкiлдерiне және олардың уәкiлеттi агенттерiне компьютерлiк жүйелердi, сондай-ақ осы iс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендiрiлген деректердi қоса алғанда, қаржылық келiсiм бойынша қаржыландырылған iс-шаралар өткiзiлген орындар мен үй-жайларға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшiн барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасының уәкiлеттi агенттерi үшiн қол жеткізу үшiншi тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиян тигiзбей берiлу тиiс. Құжаттар қол жетiмді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететiн тәртiпте тiгілуi қажет және Бенефициар Комиссияға СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасына олардың нақты орналасқан жерi туралы хабарлауы тиіс.
15.4 Жоғарыда сипатталған тексерiстер мен аудит Қоғамдастықтардың қаржыландыруын алатын мердiгерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданылуы тиiс.
15.5 Бенефициарды жергiлiктi жерлерде тексерiстер жүргiзу үшiн тағайындалған Комиссия, СЖҚКЕБ мен Еуропалық Қоғамдастықтардың Есеп Палатасы агенттерінің келетіні туралы хабардар ететiн болады.
16-БАП - КОМИССИЯ МЕН БЕНЕФИЦИАР АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР
16.1 Бенефициар мен Комиссия қаржылық келiсiмнiң баптарын iске асыру немесе түсiндiру туралы даулы мәселелер туындағанға дейін бiрi-бiрiне консультация беру қажет.
16.2 Бұл консультациялар қаржылық келiсімнiң өзгеруiне, тоқтата тұруға немесе тоқтатылуына алып келу мүмкін.
17-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТҮЗЕТУ
17.1 Арнайы шарттарға және қаржылық келiсiмнiң 2 қосымшасына енгiзiлетiн кез келген түзетулер жазбаша түрде енгiзiлуi және қосымшада ресiмделуi тиiс.
17.2 Егер түзетуге сұрауды Бенефициар жасаса, онда ол Комиссияға Алушының уақтылы негiздемелерi болған және Комиссия мақұлдаған жағдайларды қоспағанда, осы түзетудiң болжам бойынша күшiне енуiне дейiн кем дегенде үш ай бұрын сұрау салу тиiс.
17.3 Iске асырудың практикалық кезеңі мен қорытынды кезеңiн ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4(5) және (6)-баптарында баяндалған.
18-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI ТОҚТАТА ТҰРУ
18.1 Қаржылық келiсiм мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкiн:
(а) егер Алушы осы келiсiм бойынша мiндеттемелердi бұзған жағдайда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
(б) егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты мiндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берiлген жағдайларда, Комиссия қаржылық келiсiмнiң қолданысын тоқтата тұруы мүмкiн.
(в) Қаржылық келiсiм төменде көзделген форс-мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкiн. "Форс-мажор" дегенiмiз тараптардың бiреуiне өз мiндеттемелерiн орындауға кедергi жасайтын, және ол тараптардың (немесе мердiгерлердiң, агенттер мен жұмыскерлердiң) қателiгiне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны бiлдiредi, және де ол барлық салған күштерге қарамастан, еңсерiлмейтiн болып табылады. Жабдықтар мен материалдардағы ақаулары немесе оларды орнатуды кешiктiру, еңбек ұжымындағы даулар, ереуiлдер немесе қаржылық қиындықтар форс-мажор ретiнде пайдаланылмайды. Тарапқа мiндеттемелерiн орындауға форс-мажорлық жағдай кедергi болған кезде, оларды бұзғаны жөнiнде талаптар қойылмайды. Форс-мажорға ұшыраған тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигiзетiн әсерiн сипаттай отырып, екiншi тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды азайту үшiн барлық шараларды қабылдауы қажет.
18.2 Тоқтата тұру шешiмi туралы алдын ала хабарлама берiлмейдi.
18.3 Тоқтата тұру туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.
19-БАП - ҚАРЖЫЛЫҚ КЕЛIСIМДI БҰЗУ
19.1 Егер қаржылық келiсiмдi тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең жоғары кезең, төрт ай iшiнде шешiлмесе, қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы екiншi тарапқа екi ай бұрын хабарлап, кез-келген тарап оны тоқтатуы мүмкiн.
19.2 Егер қаржылық келiсiмге қол қойылғаннан кейiн үш жыл iшiнде қандай да бiр төлемдер жүргiзiлмесе немесе Арнайы шарттардың 5-бабында көрсетiлген күнге оны iске асыру жөнiнде келiсiм-шарттарға қол қойылмаса, қаржылық келiсiмнiң қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.
19.3 Тоқтату туралы хабарлама болған жағдайда ағымдағы келiсiм-шарттарға немесе қол қойылуға тиiс келiсiм-шарттарға оның салдарын белгiлеу қажет.
20-БАП - ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
20.1 Аталған Жалпы шарттардың 16-бабында баяндалған тараптар арасындағы консультациялардың алты ай iшiнде шешiлуi мүмкiн емес қаржылық келiсiмге қатысты кез-келген пiкiрсайыс бiр тараптың сұрауы бойынша арбитражда қаралуы мүмкiн.
20.2 Бұл жағдайда, әрбiр тарап арбитражды жүргiзуге арналған сұраудан кейiн 30 күннiң iшiнде арбитрдi тағайындауы қажет. Қажет болған жағдайда, тараптардың бipeуi екiншi арбитрдi тағайындау жөнiндегi өтiнiшiмен Тұрақты арбитраж сотының Гаагадағы Бас хатшысына өтiнiш жасауы мүмкiн. Өз кезегiнде, екi арбитр 30 күннiң iшiнде үшiншi арбитрдi тағайындайды. Қажет болған жағдайда, кез-келген тараптың бiреуi Тұрақты арбитраж сотының Бас хатшысына үшiншi арбитр тағайындау жөнiнде өтiнiш жасауы мүмкiн.
20.3 Егер арбитрлар басқа шешiм қабылдамаса, онда Тұрақты арбитраж сотының Халықаралық ұйымдарды тарта отырып арбитражды жүргiзудiң факультативтiк ережелерi бойынша рәсiмдер пайдаланылады. Арбитрлардың шешiмдерi үш айдың iшiнде басым дауыспен қабылдануы тиiс.
20.4 Тараптардың әрқайсысы арбитрлардың шешiмдерiн орындау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттi.
ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРУ ЖОБАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЕРЕЖЕЛЕР
Бенефициар: Қазақстан Республикасы
Атауы: ТАСИС-тің Орталық Азия бойынша 2005 жылға
арналған іс-әрекет бағдарламалары (бағыт 1:
өңірлік құраушы)
Жоба N 2005/017-611
2-ҚОСЫМША - ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЕРЕЖЕЛЕР
Құны және қаржыландыру
Бағдарлама 15 миллион eypo мөлшерiнде Қоғамдастықтың гранты бойынша қаржыландырылатын болады, ол түрлi қызмет салалары бойынша былайша бөлiндi:
N 1 БАҒЫТ: Өңірлік ынтымақтастық Бюджет
(млн.еуро) Әділ сот және құқық тәртібі/есірткімен күрес 5 000 000
1 Орталық Азияда есiрткiмен күрес жөніндегі 5 000 000
бағдарлама (КАДАП 4) - Орталық Азияда есiрткiмен
күрес жөніндегі басқару және Есірткілерді қолдану
мониторингі жүйесі Қоршаған орта 3 000 000
2 Орталық Азияның Өңiрлiк Экологиялық Орталығына 1 500 000
(ОАӨЭО) қолдау көрсету 3 Қырғызстан мен Тәжiкстанның аумақтарында Памир- 1 500 000
Алтай трансшекаралық қорығын (РАТСА) құруды қолдау
Көлік 2 000 000
4 Ақтауда портты дамыту, Ақтау порты үшiн бас жоспар 2 000 000
мен техникалық-экономикалық негiздер әзiрлеу (ҚР)
Энергетика 5 000 000
5 Орталық Азияда өңiрлiк экономикалық 5 000 000
ынтымақтастықты нығайту
ЖАЛПЫ ГРАНТ 15 000 000
ЕК барлық салымы бойынша барлық төлемдердi Комиссия жүргiзетiн болады.
Бағдарламаны орындау
Iс-әрекет бағдарламасы мынадай элементтерге сәйкес iске асырылатын болады:
Жобаларды iске асыру орталықтандырылып жүргiзiледi, сондықтан Еуропа Комиссиясы жалдаушы орган болады.
2.1. Есептiлiк
Жобаларды iске асыру жөнiндегi есептердi ЕК стандартты форматына сай және ЕК бақылауымен тендердi жеңiп алған мердiгерлер ұсынатын болады.
2.2. Мониторинг, бағалау және аудиттер
Мониторинг, бағалау және аудиттер қоса берiлiп отырған жобалардың қысқаша сипаттамасына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
3. Мемлекеттiк мiндеттемелер. Шарттар.
Көмек жәрдем көрсетудiң бүкiл мерзiмi iшiнде ынтымақтастықты жалғастыруды шарттайтын мiндеттi элементтер болған кезде жүзеге асырылады, атап айтқанда демократия қағидаттары мен адам құқықтарын, сондай-ақ Әрiптестiк пен ынтымақтастық туралы келiсiмде белгiленген мiндеттемелердi сақтауға қатысты
1 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Атауы |
КАДАП 4 (DAMOS+ CADO)1 |
||
Жалпы құны |
5 000 000 еуро (ЕК салымы) |
||
Көмек көрсету әдісі |
Жобалау көзқарасы - орталықтандырылған басқару |
||
Код-DAC |
16361 |
Сектор |
Есірткілерді бақылау |
1 Сеntrаl-Аsiа Drug Action Programme САDАР (КАДАП)
Орталық Азияда есiрткiмен күрес жөнiндегi бағдарлама
1. НЕГIЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шеңберлер. Есiрткiлердi заңсыз тасымалдау және есiрткiлердi қолданудың алдын алу ТАСИС-тiң Орталық Азия бойынша 2005-2006 жылдарға арналған Индикативтiк Бағдарламасында ерекше назар аударылған басты бағыттардың бiрi болып табылады, оның атауы мынадай:
"1-бағыт: Өңiрлiк Ынтымақтастық Бағдарламалары", ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске, атап айтқанда халықаралық ынтымақтастықты нығайту арқылы есiрткiмен күресуге үлкен мән бередi.
1.2. Алынған сабақтар. КАДАП 1, 2 және 3 бағдарламасы Орталық Азия елдерi үкiметтерiнiң жоғары бағасын алған есiрткiлердi бақылауға көмек көрсетудi қамтамасыз ете отырып Орталық Азияда 2002 жылдан бастап iске асырылады. Өңiрлiк көзқарас байланысты қамтамасыз етедi және бес Орталық Азия елдерiнiң рәсiмдерiн үйлестiруге ықпал етедi. Ұлттық деңгейде iске асыру әрбiр жеке елдiң ерекшелiктi мұқтаждары мен талаптарына бейiмделуге мүмкiндiк бередi. КАДАП 4 бағдарламасының басымдықтары донорларды үйлестiру, Еуропа Комиссиясының жәрдемдесуiнiң көрiнiсiн институционалдық дамыту және қамтамасыз ету болып табылады. КАДАП бағдарламасы шеңберiнде ұсынылған сарапшыларға қатысты бұрын алынған сабақтар, жабдықтар мен тренингтер ескерiлдi. Бағдарламаны iске асыру үшiн бiлiктi қысқа мерзiмдi сарапшыларды iздеу проблемасы анықталды. Сондықтан КАДАП қысқа мерзiмдi сарапшылардың желiсiн кеңейтедi және ұзақ мерзiмдi сарапшылардың санын арттырады: Қырғызстандағы бiреуден Тәжiкстан мен Өзбекстандағы екi сарапшыға дейiн. Бенефициар-елдерде өткiзiлген тренингтер Еуропада өткiзiлген тренингтермен салыстырғанда өз тиiмдiлiгiн дәлелдедi. Қиындық тренингтен кейiн қажеттi сапада жұмыс iстеудi жалғастыратын шетелдегi тренингтерге адамдарды дұрыс таңдай бiлуде. Салыстырмалы қарапайым және өте күрделi емес жабдықтарды қамтамасыз ету анағұрлым тиiмдiлiктi дәлелдедi, өйткенi үкiмет жабдықтарды қамтамасыз етуде, пайдалануда және жабдықтарды пайдалану үшiн жаңа қызметкерлер даярлауда қиындыққа ұшырап отыр.
1.3. Іс-әрекеттiң қосымша шаралары . КАДАП 4 КАДАП бағдарламасының сатыларының жалғасы болып табылады.
А) DAMOS (Drug Action Monitoring System), есiрткi пайдалану жөнiндегi Мониторингтiк Жүйе жобаның үшiншi сатысы болып табылады, оның мақсаты өңiрдiң Денсаулық сақтау министрлiгінде Есiрткiлердi Қолданудың Мониторингтiк Жүйесiн құру болып табылады. Алдыңғы екi сатысы (КАДАП 1 және КАДАП 2) есiрткiлер жөнiндегi ақпаратты беру жөнiндегi байланыс орталықтары мен желiлерiн құруды қолдады;
Б) CADO атап айтқанда КАДАП 2 бағдарламасы қаржыландыратын Police Drug Intelligence Systems (POLINT) жөнiндегi жобаны толықтыратын болады. POLINT мақсаты бастысы зияткерлiк жүйелерге (Intelligence Systems) оқыту болды және БҰҰ есiрткiлер мен қылмыстар жөнiндегi Комитетiнiң (UNODC) F43 жобасымен ынтымақтастықта жүзеге асырылды. Бұл сондай-ақ КАДАП 3 толықтырады, оның мақсаты БОМКА бағдарламасының жобаларымен бiрлесiп шекараларда есiрткiнiң айналымын бақылау мүмкiндiгiн жеңiлдету.
1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру
КАДАП - есiрткiмен күрес жөнiндегi бағдарлама, оның қызметiнiң аясы Еуропа елдерiнiң есiрткiнi бақылау жөнiндегi көмектi жүзеге асыру үшiн күшiн тиiмдi бiрiктiруге мүмкiндiк бередi. Iс-әрекеттердi үйлестiру бағдарламаның орталық элементi болып табылады. Донорлық көмектi үйлестiру КАДАП-БОМКА бағдарламасы шеңберiнде құрылған ЕО мүше елдер Консорциумы арқылы, сондай-ақ осы бағдарламалармен ұйымдастырылатын және қаржыландырылатын донорлардың тұрақты кездесулерi арқылы және БҰҰ есiрткiлер мен қылмыстар жөнiндегi Комитетiмен (UNODC) бiрлесiп "көмек матрицасын" құру арқылы жүзеге асырылады. Басқа донорлармен, әсiресе АҚШ-пен және Ресеймен, сондай-ақ осы салада жұмыс iстейтiн басқа да ұйымдармен әрiптестiк-ынтымақтастық орнатылды.
2. Өңiрлiк контекст
2.1. Бенефициар-елдiң ынтымақтастық саясаты
Ауғанстан героиндi дүниежүзiлiк өндiрушi болып табылады, ауған героинiнiң үшiншi бөлiгi Ресейде және Шығыс Еуропада қолданылады, олар бұл елдерге Орталық Азия арқылы өтетiн бағыттар бойынша келедi. Героин тасымалының негiзгi салдары - өңiрде есiрткi пайдаланудың өсуi. Есiрткiнi көп пайдалану халықтың денсаулығына күрделi терiс залалдарын тигiзедi (ЖҚТБ, туберкулез және т.с.с.), туудың төмендеуi, ол экономиканың тұрақсыздануына апарады және сыбайлас жемқорлықтың таралуына ықпал етедi. Өңiрдiң билiк органдары есiрткiнiң таралуының алдын алу проблемаларын шешу шаралары бiрқатар себептер бойынша нәтиже бермедi: қаржы, қаражатының жетiспеуi, көнерген iс-тәжiрибе, қазiргi заманғы технологиялар мен өңiрлiк ынтымақтастықтың болмауы, ол тиiмдi алдын алу және тыйым салу шараларын жүзеге асыруға қиындық туғызады.
2.2. Секторлық контекст
А) Құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету
ЕО тәжiрибесi көрсетiп отырғандай, есiрткi тасымалына қарсы тұру үшiн деректердi жинау мен талдаудың жақсы ұйымдастырылған жүйесi, сондай-ақ барлық құзыреттi құқық қорғау органдары мен агенттiктердi үйлестiретiн орталық есiрткiге қарсы бөлiмше талап етiледi. Қазiргi сәтте өңiр елдерiнде осы қатынаста жетiмсiздiк бар, нәтижесi есiрткiнi тиiмдi, үйлестiрiлген бақылау жүргiзудiң және есiрткiмен күресу үшiн стратегия әзiрлеудiң шектеулi мүмкiндiгi.
В) Есiрткiден тәуелдiлiктiң алдын алу, оның мониторингi және емдеу :
Өңiрдiң барлық елдерi есiрткiнi пайдаланудың өсiп отырғандығын айтады. Опиум мен героин басымдыққа ие болып отыр, сондай-ақ басқа қоспалары да пайдаланылады: седативтiк құралдар, галлюциногендер, демалу кезiнде қолданылатын құралдар. Халықтың денсаулығына терiс әсер етуiне қарамастан есiрткiнi көп пайдалану ауқымы көп бөлiкте белгiсiз болып қалып отыр. Ахуалды жақсы түсiну (есiрткiнi көп пайдалану) денсаулық сақтау қызметтерiне қажеттi алдын алу шараларын және емдеу бағдарламаларын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi. Еуропа мен Орталық Азия арасында тәжiрибе алмасу қажеттiлiгi бар: Еуропа осыған ұқсас проблемамен күресiп келедi және осы үшiн Еуропа Есiрткiнi және есiрткiнi пайдаланудың Мониторингтiк Орталығының (EMCDDA) қолдауымен есiрткiге байланысты проблемаларды ұлттық бақылаушылар желiсiн (REITOX) құрды.
3. Сипаттамасы
3.1. Мақсаттары
КАДАП бағдарламасының жалпы мақсаты есiрткiнi тасымалдаудың және есiрткiнi қолданудың алдын алу үшiн Орталық Азияда институттарды нығайту. КАДАП 4 бағдарламасының ерекше мақсаттары:
А) (CADO) - орталық азия елдерiнiң әрқайсысында тренингтер жүргiзу және жабдықтар жеткiзу арқылы құқық қорғау органдары мен тиiстi Министрлiктерде есiрткiмен күрес жөнiндегi департаменттердi нығайту; тиiстi құқық қорғау органдарында есiрткiмен күрес жөнiндегi департаменттердiң басқару мүмкiндiктерi туралы деректер мен ақпаратты жинауды жақсарту; олардың әрқайсысында ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастық пен ақпарат алмасу үшiн байланысу орталықтарын (Focal point) құру.
Б) (DAMOS) Орта азия елдерiнiң әрқайсысында Денсаулық сақтау министрлiктерiнде есiрткiнi қолдану туралы деректердi жинау және талдау үшiн эпидемиология департаменттерi мүмкiндiктерiн нығайту; есiрткiнi қолданумен күреске арналған ұлттық стратегияларды әзiрлеу; есiрткiнi қолданудың алдын алуға арналған пилоттық жобаларды қаржыландыру.
3.2. Күтiлетiн нәтижелер және негiзгi қызмет түрлерi
3.2.1. Нәтижелер
- EO алдыңғы қатарлы тәжiрибесiне сәйкес есiрткiмен күрес жөнiндегi департаменттердi нығайту;
- есiрткiнiң тасымалы жөнiндегi деректердi жинау, талдау және есептiлiктi жақсарту;
- Жеке алынған ұйымның iшiнде ынтымақтастықты жақсарту, ведомствоаралық, өңiрлiк және халықаралық ынтымақтастықты жақсарту;
- Эпидемиология департаменттерiнiң жұмысын жақсарту (Денсаулық сақтау министрлiктерi) және есiрткiнiң зияны туралы талдау мүмкiндiктерiн жақсарту
- үкiметтердiң есiрткi проблемаларын жақсы түсiнуi.
3.2.2. Қызметi
- Қажеттiлiктердi бағалау;
- Тренингтер жүргiзу және жабдықтар жеткiзу;
- Тәжiрибе алмасу үшiн өңiрлiк семинарлар мен оқу сапарларын ұйымдастыру;
- Өңiрлiк ынтымақтастық желiлерiн құру және дамыту;
- Есiрткiнiң таралуының алдын алу жөнiндегi ұлттық стратегияларды әзiрлеу және бақылау;
- Ұлттық стратегияларда ерекшелiктi сегменттердi (пилоттық жобаларды) iске асыру.
3.3. Мүдделi тарапта
CADO үшiн басты мүдделi тарап - қарамағына есiрткiмен күрес жөнiндегi орталық бөлiмше кiретiн министрлiк. Басқа маңызды мүдделi тараптар: полиция мен есiрткi транзитiне қарсы күресетiн құқық қорғау органдары, олар да есiрткiмен күрес жөнiндегi орталық бөлiмшемен байланыста болуы тиiс.
DAMOS үшiн басты мүдделi тарап Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Эпидемиология департаментi, ол да мынадай: Бiлiм беру министрлiгi, үкiметтiк емес ұйымдар сияқты басқа мүдделi тараптармен ынтымақтасуы тиiс.
Барлық уәкiлеттi үкiметтiк департаменттер арасында ынтымақтастық есiрткiнi бақылау жөнiндегi ведомствоаралық комитет арқылы жүзеге асырылуы тиiс.
3.4. Тәуекелдер мен болжамдар
EO алдыңғы қатарлы тәжiрибесiне сәйкес есiрткiмен күрес жөнiндегi департаменттi қалыптастыру бойынша ұсыныстарды бенефициарлар мақұлдайды деп ұйғарылады. Денсаулық сақтау министрлiгi жұқпалы ауруларды емдеу департаментiнде есiрткiнiң таралуына қарсы күрес үшiн қосымша нақты мүмкiндiктердi алуға келiседi деп ұйғарылады. САDАР 4 пен DAMOS табысын қамтамасыз ету үшiн барлық мүдделi тұлғалардың жобаның мақсаттарын орындауға тартылуы және мақсатты бағыт алуы өте маңызды. Егер үкiмет пен қатысатын басқа институттар ресурстардың жетiспеуi немесе саяси жағдайды өзгерту себептi өз мiндеттемелерiн тоқтатқан жағдайда ықтимал тәуекелдер.
3.5. Қажеттi шарттар
КАДАП 4 құрауышын iске асыру үшiн ұлттық деңгейде билiктiң КАДАП 4 бағдарламасын мақұлдауы және саяси қолдауы талап етiледi.
3.6. Сабақтас мәселелер
Жобаның мақсаттары мен қызметi Орталық Азияның барлық бес елiнде тиiмдi мемлекеттiк басқару мен адам құқықтарына байланысты ахуалды жақсартуға өз үлесiн қосады.
4. Iске асыру мәселелерi
1.4. Iске асыру әдiсi
Орталық Азия бойынша iс-әрекеттiң 2005 жылға арналған бағдарламасы шеңберiнде 1 БАҒЫТТАР құрауышы қамтитын iс-әрекет салалары бойынша Қаржы Келiсiмiне бенефициар елдер үкiметтерiнiң қол қоюы жолымен орталықтандырылған басқару.
Iске асыру салым салу туралы стандартты келiсiмге қол қою жолымен (мiндеттi бiрлесiп қаржыландыру) жүзеге асырылатын болады.
CADAP БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бойынша Орталық Азияның әрбiр елiнде офистер арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаны басқару жөнiндегi офистi (РМО) Еуропа Сарапшылары (Техникалық көмек жөнiндегi аға кеңесшi) тұрақты қолдайды және жабдықтайды, ол 2004 жылғы наурызда ЕК Қазақстан Республикасындағы, Тәжiкстан мен Қырғызстандағы Өкiлдiгiмен тығыз ынтымақтастықта бағдарламаны iске асыруды үйлестiру және қолдау, сондай-ақ ЕО туралы ақпараттылықты арттыру мақсатында құрылды.
ЕК БҰҰДБ-пен ВОМСА және САDАP бағдарламаларын iске асыру жөнiнде мынадай себептермен келiсiм-шарт жасасуды шештi: (1) БҰҰДБ аккредиттелген және Орталық Азияның барлық елдерiнде әрекет етедi, ол көмек көрсету мәселелерi бойынша жалпы көмек көрсетуге қатысты EO/EК мүше елдердiң қызметiн бейтарап әкiмшiлiк қолдауды көрсете алады. 2) БҰҰДБ-ның өңiрлiк сауда-саттықты және тасымалдау жөнiндегi бастаманы, сондай-ақ шекаралас өңiрлерге жәрдем көрсетудi қоса алғанда бағдарламалардың жалпы мақсаттарын iске асыруға арналған көмектi толықтыру бағдарламаларын дамыту және әзiрлеу саласында үлкен тәжiрибесi бар. БҰҰДБ ЕК-ның ВОМСА және CADAP бағдарламалары бойынша шығыстардың 10%-ын өз мойнына алады. (3) БҰҰДБ шекаралардың, UNODC, IOM және UNHCR қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды басқару саласында көмек көрсететiн БҰҰ жүйесiнiң басқа агенттiктерi үшiн операциялық қолшатыр ретiнде әрекет етедi.
1.5. Бюджет және іске асырудың күнтiзбелiк кестесi
Бюджеттің баптары |
ОЕ салымы |
Бенефициар ел үкіметінің салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/төлемді жүзеге асыратын орган |
1. Гранттар |
ЕК |
|||
4.1. Жарна туралы келісім |
5 000 000 еуро |
0 |
БҰҰДБ бірлесіп қаржыландыруы |
ЕК |
Жиыны |
ЕК |
Жұмыстардың ұзақтығы Қаржы Келiсiмiне қол қойылған күннен бастап 36 айды құрайды.
1.6. Сатып алу және гранттар беру рәсiмдерi
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтке әрекет ететiн Комиссия сыртқы операцияларды iске асыру үшiн белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы тиiс.
Бағдарламаның бүкiл сметасы Комиссия белгiлеген және бағдарламаның тиiстi сметасын қабылдау сәтiне әрекет ететiн рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға жауап беруi тиiс.
1.7. Мониторингтi жүргiзу
Комиссияның мiндеттерiнiң бiрi тұрақты процесс ретiнде тұрақты мониторинг жүргізу болып табылады. Сыртқы әсер ету мониторингiн, сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн.
Прогресстi бағалау үшiн негiзгi индикаторлар жоба бойынша жұмыстардың басталу сатысында аяқталатын болады.
1.8. Бағалау және аудит
Ірiктеп алынған мердiгерлермен келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажыратылмас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, ақтық және келесi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болып табылады. Сыртқы бағалау мен аудиттi, сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгіленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн.
Қосымшалар
- ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР
1 жобаның логикалық шеңберлерi (ОА бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Орталық Азияда есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi бағдарлама (САDАР) 1
1 Объективтік бақылауға берілетін индикаторлар жоба бойынша жұмыстың бастапқы кезеңінде анықталатын болады
Араласу логикасы | Объективтік бақылауға берілетін индикаторлар/жетістіктер көрсеткіші | Бақылау көздері | Жол берулер мен тәуекелдер | |
---|---|---|---|---|
Жалпы мақсаты : |
Орталық Азияда (ОА) нашақорлық пен есiрткiнiң - заңсыз айналымын жою |
Нақты цифрларда көрсетілген Орта Азиядағы нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымын қысқарту |
- Статистика - Құқықтық және басқа да ресми құжаттар |
- Саяси еріктік - Тиісті ведомствоараллық ынтымақтастық |
Жобаның мақсаты : |
-(CADO) ОА 5 елiнiң полиция ведомстволарында есiрткiге қарсы күрес жөнiндегі бөлімдерді құру және нығайту |
- Полиция ведомстваларында есірткіге қарсы күрес жөнінде құрылған бөлімдер - Қолға түскен есірткілердің санының артуы |
- Тиісті мекемелердің қызметі бойынша есептілік бар жыл сайынғы құжаттар - қол жеткізілген прогресс туралы сарапшылардың есептері |
- Ведомствоаралық ынтымақтастық |
Нәтижелерi: |
- (CADO) полиция мен есiрткiге қарсы күрес жөнiндегi бөлімдерді оқыту және оларға жабдықтар беру; - (CADO) деректердi жинау және ақпаратты басқару жөнiндегi жұмыстарды жақсарту; - (CADО) Негiзгi тармақтар әрекет етедi; |
- Есірткіге байланысты, полиция мен есірткіге қарсы күрес жөніндегі бөлімдер тексерген істердің саны; |
||
Қызмет саласы |
- (DAMOS және CADO) жобаларының екi басшысын және жобалардың жергiлiктi менеджерлерiн анықтау; |
- Жобалардың екi басшысын жалға алу; |
- Көрсетiлетiн көмектi қабылдау қабiлетi |
2 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Атауы |
Орталық Азияның Өңiрлiк Экологиялық Орталығына (ОАӨЭО) қолдау көрсету |
||
Жалпы құны |
1 500 000 еуро (ЕК салымы) |
||
Көмек көрсету әдісі |
Жобалау көзқарасы - орталықтандырылған басқару |
||
Код-DAC |
41010 |
Сектор |
Экология |
1. НЕГIЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шеңберлер
Жоба ТАСИС-тiң Орталық Азия бойынша 2005-2006 жылдарға
арналған Индикативтiк жоспарына сәйкес келедi, ол жақында басталған Орталық Азия - EO Саяси диалогы арқылы iске асырылатын EO көмегiнiң негiзгi мақсаты ретiнде Орталық Азия елдерi арасында ынтымақтастықты бекiтудi анықтайды. Осының контекстiнде қоршаған орта ЕО-тың өңiрмен қарым-қатынастарын нығайту басымдықтарының бiрi ретiнде танылды, 2006 жылдың бiрiншi жартысында EO - Орталық Азия министрлерiнiң Конференциясын жүргiзу жоспарланады. ОАӨЭО қоғамның ақпараттылығын арттыру және азаматтық қоғамды экологиялық мәселелер жөнiндегi мемлекеттiк шешiмдердi қабылдау процесiне тарту саласында Орталық Азия (ОА) өңiрiнде маңызды ұйым деп танылады.
Орталық Азияда (ОАӨЭО) ОА елдерiнiң бастамасы бойынша Opxуc Данияда болған төртiншi паневроконференциясының шешiмi бойынша негiзi салынды. Ол Орталық және Шығыс Еуропада және жаңа тәуелсiз елдерде (Венгрия, Ресей, Грузия, Украина және Молдова) құрылған Өңiрлiк Экологиялық Орталықтардың (ӨЭО) прототипi болып табылады.
ОАӨЭО - бұл халықаралық сипаттағы тәуелсiз, коммерциялық емес және саяси емес ұйым ретiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетiн заңды тұлға.
ОАӨЭО қызметi OA еркiн ақпарат алмасуды, YEҰ және басқа да мүдделi тараптарға көмек көрсетудi, осылайша Орталық Азияда демократиялық қоғамдардың одан әрi дамуына ықпал ете отырып қоғамның шешiмдер қабылдауға қатысуын қамтамасыз ету үшiн ҮЕҰ (қауымдастықтар), мемлекеттiк органдар, кәсiпкерлер, жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен басқа да мүдделi тараптар арасында ұлттық және өңiрлiк деңгейде ОА-дағы экологиялық проблемаларды шешу кезiнде ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
1.2. Алынған сабақтар
Құрылған сәттен бастап ОАӨЭО Еуропа Комиссиясының қолдауын алды.
ОАӨЭО және басқа ӨЭО қызметiн талдау ӨЭО желiлерiнiң неғұрлым тығыз ынтымақтастығы қажеттiлiгiн, IСС тарапынан үлкен қолдау, жобаларды басқарудың корпоративтiк стратегиясын үлкен қолдау, сондай-ақ басқа донорлардың жобалары арқылы шығыстарды жабу үшiн үлкен күш қажеттiлiгін анықтады.
Iске асыру кезең басталғанға дейiн 2006 жылға жоспарланған ЕО Министрлер Конференциясы - Орталық Азия экология мәселелерi жөнiндегi қорытындысын назарға ала отырып алдыңғы жобалардың нәтижелерiн бағалы және ағымдағы жобаның мақсаттарын жақсы қамту үшiн алдын ала қызмет жүргiзiлетiн болады.
1.3. Қосымша iс-әрекет салалары
Жоба өткен жылдары табысты iске асырылған ЕК ОАӨЭО қолдаудың алдыңғы бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру
EO жылдан жылға негiзгi қолдауды ұсына (алайда оның барабарлығы азаюы тиiс) және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ете алады. Донорлардың екi жақты қорлардың аз сомасы бар және жобаларды қолдауға бағытталған. Алайда, EO қаржыландыруы мысалы, АҚШ, Германия мен Дания үкiметтерiмен ынтымақтастық негiзiнде Өзбек экологиялық қоры, Copoc қоры тарапынан ОАӨЭО толықтырды.
Екi жақты донорлар ОАӨЭО өздерiнiң өңiрлiк бағдарламаларын қолдау үшiн пайдаланады; ӨЭО қатысты донорлардың ынтымақтастығы түрлi өңiрлiк және ғаламдық кездесулер негiзiнде өтедi. EAP Арнайы Тобының (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) отырыстарында, сондай-ақ Халықаралық Үйлестiру комитетiнiң алдағы кездесуiнде ӨЭО ЕЕССА экологиялық стратегиясына үлесi талқыланды.
2. ӨҢIР БОЙЫНША КOHTEКCT
2.1. Бенефициар елдiң ынтымақтастық саясаты
Қоршаған ортаны қорғау министрлiктерiмен және осымен тiкелей, атап айтқанда өзендердiң экожүйесi мен бассейндерiн басқарудың бiрiктiрiлген жүйесiн енгiзуге, қоғам мен азаматтық қоғамның кең қатысуымен шешiмдер қабылдауға құралдарды құруға және енгiзуге бағытталған су ресурстарына жауап беретiн басқа ведомстволардың басшыларымен ынтымақтастықта ОА экологиялық стратегияны дамыту және қолдау.
2.2. Секторлық контекст
Жоба экология мен су секторының мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Энергетикалық сектор, биотүрлiлiк және экологиялық және су мәселелерiне байланысты басқа да секторлар жобалау қызметiнiң бiр бөлiгi болып табылады және нақты жобалар арқылы қосымша қолдау алуы мүмкiн. OA қосалқы өңiрiнде таулы экожүйелерiнiң қызметiн бағалау технологиясы ОАӨЭО қолдауымен әзiрлендi және су ресурстарын бiрiктiрiлген басқару әдiсi енгiзiледi.
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаттары
Неғұрлым кең мақсаты OA-ның бес елiнде экология саласындағы қосалқы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ қосалқы өңiр мен өңiрде азаматтық қоғамды дамытуды және тұрақты дамытуды қолдау болып табылады.
Жобаның нақты мақсаты ОАӨЭО нығайту және көптеген экологиялық бағдарламалар және даму бағдарламалары бойынша кәсiби әрiптес ретiнде, сондай-ақ қоғамның ақпараттығын арттыру және азаматтық қоғамның экологиялық мәселелер жөнiндегi мемлекеттiк шешiмдердi қабылдау процесiнде қатысуын кеңейту үшiн платформа ретiнде ОА-ның 5 елiнiң арасында экологиялық ынтымақтастықты қолдау болып табылады.
3.2. Күтiлетiн нәтижелер және негiзгi қызмет түрлерi
Жұмыстарды iске асыру сатысы басталғанға дейiн ОАӨЭО нақты функционалдық/ұйымдастыру/басқару мүмкiндiктерiн сипаттау, сондай-ақ жобаның басымдықтарын жақсы анықтау және бюджеттi бөлу үшiн қызмет жүргiзу қажет.
Индикативтi жоба бойынша нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған мынадай құрауыштар әзiрленуi тиiс.
3.2.1. ОАӨЭО өңiрлiк табиғи бағдарламаны нығайту үшiн дамыту Мынадай қызмет салалары көзделедi:
- ОАӨЭО үшiн жобаны басқарудың корпоративтiк жүйесiн әзiрлеу;
- Персоналдың басқару әлеуетiн және кәсiби дағдыларын одан әрi дамыту және жақсарту; персоналды өз уақыты мен бюджетiн толық есептеуге көшiру;
- ОАӨЭО құқықтық мәртебесiн нығайту;
- шығындардың азаюына және ОАӨЭО тұрақтылығын арттыруға әкелуi мүмкiн ОАӨЭО қызметiнiң стандартты рәсiмдерiн одан әрi әзiрлеу;
- ОАӨЭО еңбек жағдайларын жақсарту, техникалық және телекоммуникациялық мүмкiндiктерiн дамыту, ақпараттық технологияларды дамыту жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
- OA бастамасына және ЕО су бастамасына сәйкес экологиялық ұйымдармен әрiптестiктi дамыту, ӨЭО желiсiн нығайту;
- ОАӨЭО филиалдарының қызметiн дамыту және олардың әлеуетiн нығайту;
- Директорлар кеңесiнiң және Консультациялық Кеңестiң қызметiн қолдау.
3.2.2. EO - ОА министрлер конференциясының (Алматы, 2006 ж. мамыр) қорытындысы бойынша жұмыс және OA тұрақты даму жөнiндегi бастамасының жалғасын қоса алғанда EO-OA экологиялық диалогын қолда у
- EO-OA министрлер конференциясының (Алматы процесi) қорытындысы бойынша жұмыс топтарының кездесуi мен жұмысын ұйымдастыруды қолдау;
- OA тұрақты дамыту мақсаттары бойынша Өңiрлiк келiсiмдi әзiрлеу. ОА мемлекеттiк органдарының, жеке сектор мен YEҰ, донорлар мен халықаралық ұйымдардың қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткiзу;
- OA елдерi мақұлдаған индикаторларды пайдалана отырып мақсатқа қол жеткiзуде прогресс жөнiндегi деректердi жинау және талдау. Мүдделi тараптармен талқылау үшiн есеп, сондай-ақ болашаққа жоспарлауды әзiрлеу;
- ОА елдерi арасында ынтымақтастықты күшейту мақсатында қоршаған орта мен тұрақты дамыту жөнiндегi халықаралық жиналыстар мен конференцияларға дайындалу және қатысу.
3.2.2. YEҰ қосалқы өңiрдегi қолдауы
Бұл тапсырма мынадай элементтердi қамтитын болады:
- ОА YEҰ қажеттiлiктерiн талдауды жүргiзу және ОА YEҰ дерекқорын жаңарту;
- OA YEҰ жобаларын дамытуға және қаржыландыруға қолдау көрсету;
- Ұлттық экофорумдарды немесе қосалқы өңiрлiк экокоалицияны дамытуда YEҰ арасындағы ынтымақтастыққа қолдау көрсету.
3.2.4. Экологиялық ақпаратты тарату және қоғамдық ақпаратқа қол жеткiзуге көмек беру
Бұл тапсырма мынадай элементтердi қамтитын болады:
- Вебсайтты дамыту
- Дерекқорды дамыту
- Кiтапхананы дамыту
- Жарияланымдар
- ТД бойынша экологиялық бағдарламаларды көрсету
- Бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистердi қолдау
3.2.5. Экологиялық басқаруды және экологиялық iс-әрекеттердiң жергiлiктi жоспарын (LЕАР) қолдау
Бұл құрауыш мынадай iс-әрекет салаларын қамти алады:
- ОА экологиялық мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау және жергiлiктi деңгейде экологиялық басқаруды одан әрi нығайту үшiн шаралар айқындаудың жергiлiктi тәжiрибесiн бағалау;
- Қосалқы өңiрде жергiлiктi экологиялық саясат жөнiнде тәжiрибе алмасу және LEAP желiсiн және ОА мен басқа елдерде жергiлiктi экологиялық жоспарлаудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн қолдау;
- Жергiлiктi экологиялық басқаруда азаматтық қоғам мен YEҰ рөлiн күшейту және жергiлiктi жерлерде экологиялық мәселелер бойынша шешiм қабылдауда қоғамның қатысуын кеңейту үшiн қызмет салаларын қолдау;
- Келесi iс-әрекеттердi әзiрлеу және LЕАР дамытуда ОАӨЭО рөлiн күшейту.
3.2.6. Бiлiм берудiң экологиялық құрауышын жақсарту
ОАӨЭО ОА Экологиялық бiлiм беру бағдарламасын (ЕЕ) мынадай қызмет түрлерiн iске асыру жолымен iске асыруды қолдайды:
- ЕЕ мен ESD жалпы көзқарастары мен қағидаттарын қалыптастыру, ЕЕ заңнамасын әзiрлеу тұрақты қарым-қатынастар, ақпарат алмасу, ОА елдерiнде түрлi мүдделi тұлғаларда ЕЕ тәжiрибесi;
- ЕЕ бойынша қоғамдық дерекқорды әзiрлеу (сарапшылар, заңнама, әдiстемелiк және бiлiм ресурстары);
- OA елдерiнде бiлiм беру, ақпараттық, әдiстемелiк және оқыту орталықтары желiсiн қолдау; негiзгi топтарға арналған оқытуды жүргiзу негiзiнде EO бойынша үкiметтiк органдардың, қоғам және YEҰ бiлiктiлiгiн арттыру; сондай-ақ мұғалiмдердiң бiлiм беру деңгейiн арттыру;
- Елдердiң қалыпты бiлiм беру жүйесiне қазiргi заманғы бiлiм беру материалдарын - оқулықтарды, нұсқаулықтарды, ЕЕ мен ESD бойынша бейнематериалдарды әзiрлеу және енгiзу.
3.3. Мүдделi тұлғалар
Негiзгi мүдделi тұлғалар мен бенефициарлар - бұл министрлiктердi, YEҰ, жергiлiктi билiктi, бiлiм беру мекемелерiн қоса алғанда экологиялық ұйымдар. Қажеттiлiгiне қарай халықаралық ұйымдармен және басқа әрiптестермен консультациялар жүргiзiлетiн болады.
3.4. Тәуекелдер мен болжамдар
Тұрақтылық және белсендi қатысу:
ОАӨЭО тиiмдi және сенiмдi әрiптес екендiгiн жария еттi, ол тиiсiнше EO өз келiсiм-шарттарын орындады. Ол өзiне белсендi жергiлiктi құрауыш пен iргелi батыс құндылықтарын бiрiктiрдi.
Тәуекелді бағалау;
Бағдарламаның табысты iске асырылуы Алматы процесiнiң бiр бөлiгi де, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтiк секторларда экология саласында реформалар жүргiзуде прогрес те, сондай-ақ азаматтық қоғам мен демократияны қолдау ОА бес үкiметiнiң EO экология саласында ынтымақтастықты күшейту мiндеттемелерiне байланысты.
3.5. Қажеттi шарттар
ОАӨЭО қолдауы басқа донорлардың және жеке қаражаттың негiзгi шығыстар мен бағдарламаларды бiрлесiп қаржыландырудың қажеттi шарты болып табылады.
3.6. Сабақтас мәселелер
Экологиялық тұрақтылық, тиiмдi мемлекеттiк басқару және адам құқықтары.
4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI
4.1. Iске асыру әдiсi
Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған іс-әрекет бағдарламасының шеңберiнде БАҒЫТТАР 1 құраушы қамтитын iс-әрекеттер салалары бойынша бенефициар елдердiң үкiметтерi Қаржы Келiсiміне қол қою жолымен орталықтандырылған басқару.
Iске асыруды ЕК Өкiлдiгi Алматы қаласында оның монополиялық жағдайын ескере отырып ОАӨЭО-мен грантты iске асыруға арналған келiсiм-шартқа қол қою жолымен iске асырады. ЕК ережелерi мен қағидаттарына сәйкес OAӨЭО EO жалпы мүдделерi мен мiндеттерiне жауап беретiн мақсаттарды iске асырады, олар ЕО саясатының бiр бөлiгi болып табылады. Атап айтқанда, ЕК OA-ның 5 елiмен және БҰҰДЖ бiрлесiп ОАӨЭО құруға тiкелей ат салысты, оның Жарғысына қол қойды (httр: www.carec.kz/English/1About/charter.htm), ол ОАӨЭО тәуелсiз, халықаралық сипаттағы коммерциялық емес және саяси емес ұйым ретiнде анықтайды, оның негiзгi қызметi үкiметтiк емес ұйымдар (қауымдастықтар), мемлекеттiк органдар, кәсiпкерлер, жергiлiктi мемлекеттiк органдар мен басқа да мүдделi тараптар арасында экологиялық секторда ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ EO экологиялық стратегиясына жауап беретiн қағидаттар мен стратегияларды дамыту болып табылады. ЕО-ОА экологиялық диалогын қолдауға арналған жұмыс бағдарламасын ОА-дан әрiптестермен консультациялар негiзiнде Еуропа Комиссиясы әзiрлейтiн болады.
4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi
Бюджеттiң баптары |
ОЕ салымы |
Бенефициар ел үкіметінің салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/төлемдi жүзеге асыратын орган |
ОАӨЭО операцияларын iске асыруға арналған грант |
1 500 000 |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жиыны |
15 000 000 |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жұмыстардың ұзақтығы Қаржылық келiсiмге қол қойылған күннен бастан көп дегенде 36 айды құрайды.
Индикативтi, келiсiм-шарттың ұзақтығы 30 айды құрайды.
4.3. Сатып алу және гранттар беру рәсiмдерi
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға арналған барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтке әрекет ететiн Комиссия сыртқы операцияларды iске асыру үшiн белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы тиiс.
Бағдарламаның бүкiл сметасы Комиссия белгiлеген және бағдарламаның тиiстi сметасын қабылдау сәтiне әрекет ететiн рәсiмдер мен стандарттық құжаттарға жауап беруi тиiс.
4.4. Мониторингтi жүргiзу
Комиссияның мiндеттерiнiң бiрi тұрақты процесс ретiнде тұрақты мониторинг жүргiзу болып табылады. Сыртқы әсер ету мониторингiн, сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн.
4.5. Бағалау және аудит
ОАӨЭО-мен келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажыратылмас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, ақтық және келесi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болып табылады.
Сыртқы бағалау мен аудиттi сондай-ақ ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалдаған тәуелсiз консультанттар жүргiзуi мүмкiн.
Қосымшалар
- ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР
2 жобаның логикалық шеңберлерi (ОА бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Орталық Азия Өңiрлiк Экологиялық Орталығына қолдау көрсету 1
1 Объективтік бақылауға берілетін индикаторлар жоба бойынша жұмыстың бастапқы кезеңінде анықталатын болады
Араласу логикасы | Объективтiк бақылауға берiлетiн индикаторлар/жетiстiктер көрсеткiшi |
Бақылау көздерi | Жол берулер мен тәуекел дер |
|
---|---|---|---|---|
Жалпы мақсаты: |
ОА бес елiнде экология саласында субөңiрлiк ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту мен субөңiр мен өңiрде тұрақты дамуды қолдау |
|||
Жобаның мақсаты |
РЭЦЦА нығайту және көптеген экологиялық бағдарламалар мен даму бағдарламалары бойынша кәсiби әрiптес ретiнде, сондай-ақ жұртшылықтың хабар алуын арттыру және экологиялық мәселелер бойынша мемлекеттiк шешiмдердi қабылдау процесiнде азаматтық қоғамның қатысуын кеңейту платформасы ретiнде ОА-ның 5 елi арасында экологиялық ынтымақтастықты қолдау жобаның нақты мақсаты болып табылады. |
Жобаны табысты |
||
Нәтижелерi : |
а. Бағдарламаның өңiрлiк табиғатын нығайту үшiн РЭЦЦА дамыту. |
|||
Қызмет салалары |
3 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Атауы |
Қырғызстан мен Тәжiкстанның аумағында Памир-Алтай трансшекаралық қорығын (РАТСА) құруға қолдау көрсету |
||
Жалпы құны |
1,5 миллион еуро ЕК (салымы) |
||
Көмек көрсету әдiсi |
Жобалау көзқарасы - орталықтандырылған басқару |
||
Код-DАС |
41030 |
Сектор |
Қоршаған орта |
1. НЕГIЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шеңберлер
Жоба Орталық Азия (ОА) бойынша 2005-06 индикативтiк бағдарламасына сәйкес iске асырылады, ол қоршаған орта саласында 1 бағыты бойынша арнайы мақсат ретiнде OA бойынша Өңiрлiк iс-әрекет экологиялық бағдарламасын (REAP) қолдауды анықтайды. REAP басымдықтарының бiрi - бұл Орталық Азияда биоерекшелiктi сақтау.
1.2. Алынған сабақтар
Тасис Батыс Тянь-Шанда қорық құру жөнiндегi басқа жоба бойынша қолдау көрсеттi, ол OA үш елiн, Қазақстан Республикасын, Қырғызстан мен Тәжiкстанды қамтыды.
Жоба оған мониторинг жүргiзген тұлғалар тарапынан оң баға мен сипаттама алып, табысты болды. Тиiстi елдерге трансшекаралық қорық құру жөнiндегi келiсiмнiң өңiрлiк жобасын қағидаттық мақұлдауға қол жеткiзiлдi және оған осы жылы қол қойылады деп күтiлуде. Өңiрлiк ынтымақтастықты нығайту және жергiлiктi қоғамдастықты жергiлiктi қоршаған ортаны қорғауға белсендi тарту, сондай-ақ халыққа кiрiс әкелетiн қызмет саласын дамытуға қолдау көрсету трансшекаралас облыстарда биоерекшелiктi сақтау үшiн негiз болып есептелуi тиiс.
1.3. Қосымша әрекет ету салалары
Жақында ғана Тәжiкстан мен Қырғызстан Орталық Азиядағы iрi қорғалатын трансшекаралық аудандардың бiрi Памир-Алтай трансшекаралық қорығын (РАТСА) құруға қолдау көрсету өтiнішiн бiлдiрдi.
Тасис бағдарламасы бойынша техникалық көмек елдер олар бойынша өтiнiмдер берген Қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық бағдарламасы (GЕҒ) тарапынан да қолдаумен толықтырылатын болады.
1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру
Жоғарыда көрсетiлген себеп бойынша донорлардың қызметiн үйлестiру жүзеге асырылмайды.
2. ЕЛ (НЕМЕСЕ ӨҢIP) БОЙЫНША КОНТЕКСТ
2.1. Бенефициар-елдiң ынтымақтастық саясаты
Орталық Азияның негiзгi экологиялық проблемалары, атап айтқанда су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруi, ормандарды жою, биоерекшелiктердiң азаюы және қуаңшылық негiзiнен трансшекаралық сипатқа ие.
Таулы экожүйелердi сақтаудың өмiрлiк маңызы бар, өйткенi Орталық азияның кейбiр елдерi таулы болып табылады. Айталық Қырғызстан мен Тәжiкстанда таулар аумақтың 90%-ын құрайды және халықтың көпшiлiгi таулы жерлерде тұрады.
Рыноктық экономикаға көшуден туындаған экономикалық, саяси және әлеуметтiк қиындықтар тау экожүйесiн елеулi қозғады, өйткенi қазiргi жағдайда жергiлiктi қоғамдастық таулардың табиғи ресурстарына өте тәуелдi. Осылайша, бұл таулардың биоерекшелiктерiне күрделi қауiп төндiредi.
Қырғызстан да, Тәжiкстан да Орталық Азияның таулы аудандарын тұрақты дамытудың өңiрлiк стратегиясын әзiрлеуге белсендi қатысты. Ол АДБ қолдауымен әзiрлендi.
Оң сәтi Қырғызстан мен Тәжiкстан арасында РАТСА құру жөнiндегi үкiметаралық келiссөздердi жақында ғана бастамашылық ету болып табылды.
РАТСА Биоерекшелiк туралы конвенция, Рамзар Конвенциясы, Бон Конвенциясы, Дүниежүзiлiк мирас туралы ЮНЕСКО конвенциясы және Орхус Конвенциясы сияқты халықаралық конвенциялар бойынша екi елдiң үкiметтерi өздерiне алған мiндеттемелердi iске асыру бағытында нақты қадам болар едi.
2.2. Секторлық контекст
РАТСА жалпы аумағы шамамен 2 миллион гектарды құрайды, оның 1,5 миллион гектары Тәжiкстанда және 0,5 миллион гектары Қырғызстанда. Бұл ауқымды аумақ қазiр жойылып кету қаупi төнiп тұрған 120 жануарлардың эндемикалық түрiн және өсiмдiктердiң 2 000 эндемикалық түрiн қоса алғанда Памир-Алтай биоерекшелiгiнiң iрi кешендерi мен экожүйесiн қамтиды. Бұл аудан 6 000 м асатын биiктiкте орналасқан.
Бұл ауқымды екi аймақтың арасындағы әлеуметтiк мәдени ерекшелiктен басқа экономикалық қызметтiң негiзi биiк тау жайылымдарын ұтымды пайдалану үшiн таулар мен жазықтар арасында көшпелi шаруашылық жүргiзуге негiзделген мал шаруашылығы мен мал шаруашылығының өнiмi болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану жөнiндегi жергiлiктi стратегиялар бүкiл өңiр бойынша ұқсайды, олар тау жайылымдарын пайдалануды, мал асырауды (ең бастысы қодастарды), биiк тау жайылымдарында ауыл шаруашылығын, халықаралық спорт аңшылығы мен туризмды қамтиды. Алайда, браконерлiк проблемаларын қоса алғанда ресурстарды шамадан тыс және ұтымсыз пайдаланудың анық үрдiсi бар.
Өңiрдiң биоерекшелiгiн сақтау проблемасы жергiлiктi тұрғындардың экономикалық жағдайын жақсартпай шешiлуi мүмкiн емес. Бұл қатынаста екiншi маңызды фактор - бұл түрлi мүдделi тараптардың қатысуы және жергiлiктi қоғамдастықтардың қатысуына негiзделген көзқарас. Осы проблемаларды шешкен кезде осы қиын жағдайларда жүздеген жылдар өмiр сүру iшiнде жинақталған дәстүрлер мен теңдесi жоқ тарихи-мәдени мұраларды қорғауға және сақтауға өз үлесiн қоса алады.
3. Сипаттамасы
3.1. Мақсаттары
Жалпы мақсаты Памир-Алтай тауларында биоерекшелiктiң сақталуын жақсарту болып табылады.
Жобаның мiндетi Памир-Алтай ерекше қорғалатын трансшекаралық аумағын (TANCA) құру жөнiнде қолдау көрсету болып табылады.
3.2. Күтiлетiн нәтижелер және негiзгi қызмет түрлерi
Мынадай нәтижелерге қол жеткiзу күтiледi:
- Алдын ала зерттеулерден кейiн РАТСА құру жөнiндегi басқару жоспарының жобасын қоса алғанда толық досье дайындалатын болады.
- Екi елде Памир-Алтай ерекше қорғалатын трансшекаралық аумағын (TANCA) құру жөнiндегi келiсiм жобасы әзiрленедi және қабылданатын болады.
- TANCA құру жөнiндегi институционалдық және тұрақтандыру қағидаттары әзiрленетiн болады.
- TANCA құруға және басқаруға тартылған ұлттық және жергiлiктi билiк органдарының бiлiктiлiгi арттырылатын болады. Памир-Алтай кешенiн ұтымды дамыту жөнiнде ынтымақтастық дамытылатын болады.
- Жергiлiктi тұрғындарға кiрiс әкелетiн және экотуризмдi қоса алғанда табиғатқа ауыртпалық салуды азайтуға әкелетiн баламалы қызмет түрлерi айқындалады және дамытылады.
- Биоерекшелiктi сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерiнде халықтың ақпараттандырылуы арттырылатын және жергiлiктi қоғамдастықтардың белсендi қатысуы ынталандырылатын болады, ал жергiлiктi қоғамдастықтар қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне қатысатын болады.
- Көрсетiлген нәтижелерге қол жеткiзу үшiн тиiстi қызмет түрлерi iске асырылатын болады.
- РАТСА құру үшiн қажеттi зерттеулер жүргiзу.
- РАТСА-ның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қаржы мүмкiндiктерiн анықтау.
- TANCA құру мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк конференциялар мен оқу семинарларын өткiзу.
- тиiстi тақырыптар бойынша билiктiң тиiстi мүдделi тұлғалары, жергiлiктi тұрғындар, YEҰ мен т.б. үшiн оқыту жүргiзу.
- ақпараттандыруды арттыру және ақпарат тарату жөнiнде жұмыс.
3.3. Мүдделi тұлғалар
Негiзгi мүдделi тұлғалар:
- Тәжiкстан Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi және Қырғызстан Орман шаруашылығы агенттiгi (жобаның бенефициарлары).
- Ұлттық парк және басқа жергiлiктi өкiметтер.
- Жергiлiктi қоғамдастықтар.
- ҮЕҰ.
3.4. Тәуекелдер мен болжамдар
Ықтимал тәуекелдер елдердiң экономикалық және әлеуметтiк ахуалының жалпы нашарлауына байланысты. Әлемнiң осы ауданында лаңкестiк қатерiн жою да мүмкiн болмай отыр.
3.5. Қажеттi шарттар
Осы кезеңде елдерге РАТСА құру және Памир-Алтай тауларының биологиялық әралуандығын сақтау бойынша қатаң жақтауды қоспағанда, қандай-да бiр ұстанымпаздық талаптар қозғалмайды.
3.6. Сабақтас мәселелер
Экологиялық тұрақтылық
4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI
4.1. Iске асыру әдiсi
Бенефициар елдер үкiметiнiң Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған iс-әрекет бағдарламасының шеңберiнде 1-БAFЫTTЫҢ компонентiн қамтитын Iс-әрекет салалары бойынша Қаржылық келiсiмге қол қоюы арқылы орталықтандырылған басқару.
Iске асыруды өткiзiлген тендер негiзiнде қызметтер көрсетуге келiсiм-шартқа қол қою арқылы Еуропа Комиссиясы жүргiзетiн болады.
4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi
Бюджеттiң бабы |
ЕК салымы |
Бенефициар ел үкiметiнiң салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/Төлемдi жүзеге асырушы |
1.Қызметтер |
1 500 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жиыны |
1 500 000 Eуро |
Жұмыстардың ұзақтығы Қаржылық Келiсiмге қол қойылған күннен бастап көп дегенде 36 айды құрайды.
Келiсiм-шарттың индикативтiк ұзақтығы 24 айды құрайды.
4.3. Сатып алу және гранттарды беру рәсiмдерi
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған сыртқы операцияларды iске асыру үшiн Комиссия белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы қажет.
Бағдарламаның барлық сметалары Комиссия белгiлеген және тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға жауап беруi қажет.
4.4. Мониторинг жүргiзу
Тұрақты процесс ретiнде үнемi мониторинг жүргiзу Комиссия мiндеттерiнiң бiрi болады. Сыртқы ықпал мониторингiн ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
Негiзгi индикаторлардың арасынан процестi бағалау үшiн биологиялық әралуандықтың әртүрлi индикаторларын (түрлердiң саны және т.б. сияқты) тұрақтандыру, тиiстi елдермен РАТСА құру келiсiмiнiң жобасын әзiрлеу мен келiсу, қызметтiң баламалы түрлерiн дамыту арқылы жергiлiктi қоғамдастықтардың кiрiс деңгейiн арттыруға болады.
4.5. Бағалау және аудит
Мердiгер таңдаған келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажырамас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, финалдық және кейiнгi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болады.
Сыртқы бағалаулар мен аудиттердi ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
Қосымшалары
- Логикалық Шеңберлер
3 жобаның логикалық шеңберлерi (ОА бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Қырғызстан мен Тәжiкстан 1 аумағында Памир-Алтай трансшекара қорығын құруға қолдау көрсету
1 Логикалық шеңберлер жоба бойынша жұмыстар басталатын кезең уақытында аяқталатын болады
Араласу логикасы | Объективтiк бақылауға берiлетiн индикаторлар/жетiстiктер көрсеткiшi |
Бақылау көздерi | Жол берулер мен тәуекел дер |
|
---|---|---|---|---|
Жалпы мақсаты: |
Памир-Алтай тауларында биологиялық әралуандылықтың сақталуын жақсарту |
|||
Жобаның мақсаты: |
Памир-Алтай ерекше қорғалатын трансшекара аумағын (TANCA) құру бойынша қолдау көрсету |
- Ықтимал тәуекелдер елдегi экономикалық және әлеуметтiк ахуалдың жалпы нашарлауына байланысты. |
||
Нәтижелерi : |
- Алдын ала зерттеуден кейiн РАТСА құру жөнiндегi басқару жобасын қоса алғанда, толық құжаттама дайындалатын болады. |
|||
Қызмет салалары |
4 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Атауы |
Ақтауда портты дамыту, Ақтау портына (ҚР) негiзгi жоспарды және техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу |
||
Жалпы құны |
2 000 000 еуро (ЕК салымы) |
||
Көмек көрсету әдісі |
Жобалау тәсiлдемесi - орталықтандырылған басқару |
||
Код-DAC |
21040 |
Сектор |
Көлік |
1. НЕГIЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шеңберлер
Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған iс-әрекет бағдарламасы бойынша ұсынылған жоба ТАСИС ережесiне (N 99/2000), 2002 жылғы қазанда қабылданған Орталық Азия бойынша 2002-2006 жылдарға арналған стратегиялық құжатқа, сондай-ақ ТАСИС - TRACECA мемлекетаралық бағдарламаның, атап айтқанда:
- өңiрде сауданы дамыту мен жақсартуға қатысты барлық мәселелер бойынша қатысушы елдердiң арасында ынтымақтастықты ынталандыру;
- Орталық Азия - Кавказ - Еуропа көлiк коридорын дамыту мақсаттарына жауап бередi.
Бұдан басқа, бұл Орталық Азияның басымдықтары бойынша 2005-2006 жылдарға арналған ТАСИС индикативтiк бағдарламасына сәйкес келедi, атап айтқанда:
- Орталық Азия мен Панеуропалық көлiк коридорлары мен салалары арасында уақтылы және тиiмдi қатынастарды дамыту;
- көлiк операцияларының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн арттыру, сондай-ақ өңiр арқылы көлiк қатынастары мен жүк транзитiн дамыту;
- инфрақұрылым желiлерiн дамыту.
Орталық Азия бойынша индикативтiк бағдарлама көмек өзара мүддеге, жеткiлiктi көлiк ағындары мен өңiрде жүк көлiгiн талдауға негiзделуiн талап етедi. Болжамды жоба негiзгi жоспарды және осы маңызды өңiрлiк көлiк орталығы үшiн халықаралық қаржылық мекемелер мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландыруға тарту үшiн техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеу негiзiнде осы мәселелердi тiкелей қозғайды.
1.2. Алынған сабақтар
Орталық Азияда өңiрлiк ынтымақтастық саяси ерiк пен сенiмсiздiктiң жетiспеушiлiгiнен жиi зардап шегедi. Сондықтан, континенттiң тереңiнде жатқан iрi елдер, ҚР, Өзбекстан және Қырғызстан Орталық Азия үшiн осы маңызды көлiк орталығын дамытуды белсендi қолдауға дайын екендiгiн бiлдiргенiн атап өткен өте маңызды. Ол көлiк секторындағы ынтымақтастық үшiн үлкен мүмкiндiктi қамтамасыз етедi және TRACECA бағытына қосымша көлiк ағындарын тартудағы негiзгi проблемаларды шешедi.
Жоба TRACECA әрiптес елдерi: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан арасында тұрлаулы және тұрақты сұхбаттың қажеттiгi мәселесiн де қамтиды. Бұл елдер жүктердiң түрлері мен көлемiн анықтауға арналған негiзгi жоспарды жасау процесіне белсендi түрде тартылатын болады.
1.3. Іс-әрекеттердiң қосымша салалары
Бiршама уақыт бұрын EO "Навигациялық жабдықтарды жеткiзу" жобасы және оған байланысты компонент бойынша Ақтау портына қолдау мен "Навигациялық жабдық - бақылау және оқыту" техникалық көмегiн көрсеттi.
ТRАСЕСА - мемлекетаралық бағдарлама шеңберiнде EO-ның тағы да бiр жобасы басталады, ол TRACECA өңiрiнде теңіз көлiгi секторында оқыту жүргiзуге бағытталған және өзгелер арасында ол Ақтау портында теңiз көлiгi саласында оқытудың тиімдi орталығын құру жөнiндегi нұсқаулықтарды әзірлеуге әкеледi, ол EO мен Халықаралық теңiз ұйымының (ХТҰ) қазiргi заманғы ең соңғы стандарттарға сәйкес оқытуға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ЕҚДБ-мен бiрлесiп Ақтау портын дамыту мен қайта құрудың 1997-1999 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырды. Осы мақсатқа 74 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде кредит берiлдi. Кредит Ақтау портының инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңартуға және басқаруды жақсартуға пайдаланылды. Негiзгi жоспар мен техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу басымдықтарды анықтауға және порт пен инвестицияның одан әрі дамуы үшiн жолды айқындауға мүмкiндiк бередi.
Осы жылы EO қаржыландыратын "Қазақстан мен Өзбекстанды Ақтау порты арқылы байланыстыратын жолды жаңғыртудың техникалық-экономикалық негiздемесi" TRACECA жобасы басталады, ол халықаралық қаржылық ұйымдарды қаржыландыру тетiктерiнiң алдын ала қойған шарты болатын Өзбекстан бағытында континенттiң тереңiне Ақтау портының шығатынына одан әрi зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру
ҚР үкiметi, порттың басшылығы, ЕҚДБ-ның негiзгi доноры және TRACECA Үкiметаралық Комиссиясының Тұрақты Хатшылығы арқылы ЕК, сондай-ақ ЕК қаржыландыратын "Сауданы дамыту және институционалдық қолдау" жобасы арасында тұрақты сұхбат бар. Барлық негiзгi мүдделi тұлғалар порттың қуаттылығын одан әрi нығайту қажеттiгiн мәлiмдейдi және кейбiр салаларда порт жүк ағындарын өңдеудiң немесе портқа келген кемелердi айлаққа қоюдың байыпты проблемаларына кездеседi.
2. Ел және өңiр бойынша контекст
2.1. Бенефициар елдердiң ынтымақтастық саясаты
Қазақстан Республикасы Үкiметi Ақтау портына беретiн басымдық үш негізгi факторларға байланысты:
- "Ақтау теңiз порты" еркiн экономикалық аймағын құру, мұнда Ақтау порты үш негiзгi қатысушы субъектiлердiң бiрi болып табылады. Бұл еркiн экономикалық аймақ қосымша көлiк ағынын тартуға, тасымалданатын жүктердiң номенклатурасын кеңейтуге және өңiрде инвестицияларды дамытуға мүмкiндiк бередi.
- "Алтынсарин - Хромтау" темiржолын аяқтау. Бұл ағымдағы көлiк ағынын кеңейту үшiн әлеуеттi ұлғайтуға және Ақтау портына жаңа көлiк ағындарын тартуға мүмкiндiк бередi, негiзiнен, бұл солтүстiк және орталық Қазақстаннан тасылатын астық, "Испат-Кармет" пен "Кастинг" өнеркәсiпорындарынан метал, "Қазақмыстың" мыс өнiмi, ССГПО өндiрiлетiн әртүрлi рудалар және тағы басқалар болады. Бұл жаңа темiржол бұтағы Ақтау портында астықты тасымалдау құнының бiр тоннасын 20 АҚШ долларына, ал метал тасымалдау құнының бiр тоннасын 14 АҚШ долларына төмендетедi.
- Кавказ арқылы мұнай құбырын салу жөнiндегi халықаралық келiсiм, сондай-ақ жақында аяқтау күтiлiп отырған Бакуге сығылған мұнай газын өңдеу бойынша жабдық құрылысы Ақтау порты арқылы мұнайды, сығылған мұнай газы мен мұнай өнiмдерiн жөнелтудi арттыруға әкеледi.
2.2. Секторлық контекст
Ақтау порты Каспий теңiзiнiң шығыс жағалауында орналасқан. Бұл Қазақстан Республикасындағы құрғақ жүктердiң әралуан түрлерiн, шикi мұнай мен мұнай өнiмдерiн халықаралық тасымалдайтын жалғыз порт, ол Еуропаға, Иран мен Ресейге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн теңiз коридорларының қиылысындағы iрi көлiк орталығы болып табылады.
"Ақтау теңiз сауда порты" республикалық кәсiпорыны акционерлiк қоғам нысанында құрылды. Бұл "Ақтау теңiз сауда порты" акционерлiк қоғамының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 наурыздағы N 356 қаулысына сәйкес жасалды. Портқа "Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 сәуiрдегi N 644 қаулысына сәйкес қолдау да көрсетiледi. Порт "Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзiлiмi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң N 790 қаулысының негiзiнде коммерциялық кәсiпорын ретiнде мемлекеттiк кәсiпорындар тiзiлiмiне енгiзiлдi.
Еуропа - Орталық Азияда контейнермен тасымалдаудың біршама өсетiнi болжамдалып отыр, ол негiзiнен теңiз көлiгiмен жүзеге асырылатын болады, өйткенi негiзгi жүктi қабылдап алушылар жүктердi контейнермен тасымалдауға теңiз көлiгiн пайдалануды жөн санайды. Өз кезегiнде, ашық контейнер терминалы Әзербайжан мен Грузия арқылы Еуропадан транзиттi жүктердi тарту саласында Ақтауға бiршама мүмкiндiк бередi. Ақтау портының 2001 жылдан бастап трейлерлiк кемелерге арналған жабдығы бар, ол кеме қатынасы компаниялары, сондай-ақ басқа да трейлерлiк кемелер темiржол паромына қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi. Бейнеу (ҚР) және Қарақалпақстан (Өзбекстан) арқылы жол қосуды, сондай-ақ автомобиль жолымен көлденең жатқан темiр жолды жаңғырту аяқталғаннан кейiн Өзбекстан Каспий теңiзiне шығатын тағы бiр жолға қол жеткiзедi. Бұл өзбек тауарларының экспорты мен импорты үшiн ғана маңызды емес, сондай-ақ шығыста орналасқан көршiлес елдер үшiн де маңызды.
Әзербайжан порттарын, атап айтқанда, Баку портымен, сондай-ақ Орталық Азия автомобиль және темiржол желiсiн Кавказдың автомобиль және темiржол желiсiмен қосу Ақтау портының негiзгi рөлi болып табылады.
Қазiргi уақытта порт өзiнiң мүмкiндiктерiнiң шегiнде жұмыс iстейдi. Сондықтан, порттың басшылығы қолданыстағы инфрақұрылым мен супрақұрылымды одан әрi жақсарту мүмкiндiгiн қарастырады. Портты өзiнiң қазiргi орналасқан жерiнен солтүстiкке қарай кеңейту болжамдалып отыр.
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаты
"Ақтау портын дамыту, Ақтау портына арналған негiзгi жоспар мен техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу" жобасы Қазақстан Республикасында жалпы дамытудың мынадай мақсаттарын:
- Қазақстан Республикасын теңiз көлiгi халықаралық жүйесiне бiрiктiрудi;
- көлiк секторының негiзгi субъектiлерiмен қосу үшiн маңызды қадам ретiнде порттың тартымдылығын арттыруды;
- оның географиялық жағынан орналасуының икемдi мүмкiндiгiн пайдалана отырып, Орталық Азияда Ақтау портының стратегиялық рөлiн нығайтуды;
- Волга-Дон арнасы арқылы, сондай-ақ Кавказ арқылы Қара теңiз порттарына шығатын әртүрлi көлiк бағыттарын дамытуды;
- Орталық Азияда халықаралық саудада Ақтау портының рөлiн нығайтуды;
- көлiк шығыстарын азайтуды ескере отырып, Ақтау портының болашағына перспективаны егжейлi-тегжейлi тәуелсiз бағалау жүргiзу мүмкiндiгiн бередi.
Инвестициялар жоспарлауды, сондай-ақ пайдалану және басқару аспектiлерiн ескере отырып, осы жалпы мақсаттарға қол жеткiзуге қажеттi порттың өндiрiстiк қуаттылығын бағалау және жоспарлау нақты мақсаты болады.
3.2. Күтiлетiн нәтижелерi мен негiзгi қызметтiң салалары
Жобаның негiзгi құрауыштары мен қызметiнiң салалары:
- тәуекелдердi бағалауды қоса алғанда, ағымдағы және болашақтағы көлiк ағындарын бағалауды;
- порттың қазiргi пайдаланылуын, темiр және автомобиль жолдарының қуаттылығын бағалауды;
- пайдалану проблемаларын анықтауды;
- институционалдық әлеует қажеттiлiгiн айқындауды;
- порттың инфрақұрылымы мен супрақұрылымының қажеттiгiн айқындауды;
- жақсарту жөнiндегi шараларға қажеттi инвестициялар көлемiн бағалауды;
- экологиялық аспектiлер мен қауiпсiздiк аспектiлерiн қоса алғанда, инвестициялық компоненттердiң техникалық-экономикалық негiздемесiн, сондай-ақ сезiмталдығын талдауды;
- портты пайдалану тұжырымдамасын әзiрлеудi;
- РРР сызбасын енгiзудi ескере отырып, Ақтау портын қайта ұйымдастыру мен коммерцияландыру жөнiндегi ұсыныстар (жеке капитал қатысатын Мемлекеттiк кәсiпорын);
- инвестицияның белгiлi бiр басымдықтары бойынша тендер өткiзуге арналған техникалық ерекшелiктердi қамтитын болады.
3.3. Мүдделi тұлғалар
Негiзгi бенефициар сөзсiз Ақтау порты болады. Алайда, Орталық Азияның (Түркiменбашымен қатар) орталық теңiз порты болып табылатын Ақтау порты ҚР-да орналасқан және теңiзге шыға алмайтын елдер Өзбекстан, Қырғызстан және ҚР-ның материк бөлiгi оның жақсартылуынан пайда көрмейдi.
Ақтау порты коммерциялық мемлекетке тиесiлi кәсiпорын болып табылады, оның басқару құрылымы ЕҚДБ қарызының көмегiмен нығайтылған, ол техникалық-экономикалық негiздеме шеңберiнде негiзделген ретiнде бағаланған шараларды iске асыру мен оның тұрақтылығына кепiлдiк беретiн жеткiлiктi қаражатпен қамтамасыз етедi.
Ақтау порты аралас көлiк тасымалдарының орталығы болып табылғандықтан, жоспарлау процесiнде өңiрдiң автомобиль және темiржол көлiгi де белсендi түрде тартылатын болады, бұл порттың одан әрi дамуына үлкен стратегиялық қызығушылықты көрсетедi.
3.4. Тәуекелдер мен болжамдар
ҚР мен көршiлес елдер үкiметiнiң саяси қолдауы күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзу үшiн негiзгi фактор болады. ҚР үкiметi мен порттың басшылығы ынтымақтастық көрсетуге ниет бiлдiрдi, мұнда басымдықты салаларда қажеттi шаралар қабылдау қажет, ол құқық, институционалдық реформа саласында, сондай-ақ қажеттi ресурстарды бөлу нысанында техникалық көмек жобасы уақытында анықталатын болады.
Басқа болжам - бұл саяси тұрақтылықты, институционалдық әлеуеттi сақтау және өңiрдiң экономикалық дамуы, сондай-ақ көлiк саласындағы сұраныс тiкелей өңiрдiң экономикалық әл-ауқатына байланысты. Осы саяси, институционалдық және экономикалық тәуекелдердiң ықпалын бағалау осы техникалық көмек жобасының ажырамас бөлiгi болады.
3.5. Қажеттi шарттар
Бенефициар жақсарту жөнiндегi ұсынылған шараларды ұзақ мерзiм пайдалану және қолдау үшiн жеткiлiктi соманы өзiнiң болашақтағы бюджеттерiнен қарастыруы қажет болады.
3.6. Сабақтас мәселелер
Экологиялық мәселелердi бағалау бiрнеше аспектiлер:
- инфрақұрылым мен супрақұрылымды дамытудың еуропалық стандарттарын енгiзу үшiн қажеттi инвестициялар ұсынылатын болады;
- қауiптi жүктердi өңдеу бойынша әлеуеттi жақсарту және мұнай мен мұнай өнiмдерiн қоса алғанда, қауiптi жүктердi пайдаланудан туған алапаттың апатты орталығын құру;
- экологиялық қатерлердi болдырмау үшiн қауiпсiздiк саласында операциялар жүргiзу бойынша порттың негiзгi жоспарының ажырамас бөлiгi болады.
4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI
4.1. Iске асыру әдiсi
Бенефициар елдер үкiметiнiң Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған iс-әрекет бағдарламасының шеңберiнде 1-БАҒЫТТЫҢ компонентiн қамтитын Iс-әрекет салалары бойынша Қаржылық келiсiмге қол қоюы арқылы орталықтандырылған басқару.
Iске асыруды өткiзiлген тендер негiзiнде қызметтер көрсетуге келiсiм-шартқа қол қою арқылы Еуропа Комиссиясы жүргiзетiн болады.
4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi
Бюджеттiң бабы |
ЕК салымы |
Бенефициар ел үкiметiнiң салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/Төлемдi жүзеге асырушы |
1.Қызметтер |
2 000 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жиыны |
2 000 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жұмыстардың ұзақтығы Қаржылық Келiсiмге қол қойылған күннен бастап көп дегенде 36 айды құрайды.
Келiсiм-шарттың индикативтiк ұзақтығы 24 айды құрайды.
Жобаны iске асырудың бiрiншi жылында негiзгi назар порттың негiзгi жоспарын әзiрлеуге бөлiнетiн болады, iске асырудың екiншi жылы уақытында негізгi назар инвестицияларға белгiлi бiр басымдықтар үшiн техникалық-экономикалық негiздемеге бөлiнетiн болады.
4.3. Сатып алу және гранттарды беру рәсiмдерi
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған сыртқы операцияларды iске асыру үшiн Комиссия белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы қажет.
Бағдарламаның барлық сметалары Комиссия белгiлеген және тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға жауап беруi қажет.
4.4. Мониторинг жүргiзу
Тұрақты процесс ретiнде үнемi мониторинг жүргiзу Комиссия мiндеттерiнiң бiрi болады. Сыртқы ықпал мониторингiн ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
4.5. Бағалау және аудит
Мердiгер таңдаған келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажырамас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, финалдық және кейiнгi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болады.
Сыртқы бағалаулар мен аудиттердi ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
Қосымшалары
- ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР
4 жобаның логикалық шеңберлерi (OA бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Ақтауда портты дамыту, Ақтау портына (ҚР) негiзгi жоспарды және техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеу 1
1 Логикалық шеңберлер жоба бойынша жұмыстар басталатын кезең уақытында аяқталатын болады.
Араласу логикасы | Объективтiк бақылауға берiлетiн индикаторлар/жетiстiктер көрсеткiшi |
Бақылау көздерi | Жол берулер мен тәуекел дер |
|
---|---|---|---|---|
Жалпы мақсаты: |
- Қазақстан Республикасының халықаралық теңiз көлiк жүйесiне бiрiгуi; |
саяси тұрақтылықты, институционалдық әлеуеттi сақтау және өңiрдiң экономикалық дамуы, сондай-ақ көлiк саласындағы сұраныс тiкелей өңiрдiң экономикалық әл-ауқатына байланысты. |
||
Жобаның мақсаты: |
Инвестициялар жоспарлауды, сондай-ақ пайдалану және басқару аспектiлерiн ескере отырып, осы жалпы мақсаттарға қол жеткiзуге қажеттi порттың өндiрiстiк қуаттылығын бағалау және жоспарлау. |
ҚР мен көршiлес елдер үкiметiнiң саяси қолдауы күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзу үшiн негiзгi фактор болады. |
||
Нәтижелерi : |
- тәуекелдердi бағалауды қоса алғанда, ағымдағы және болашақтағы көлiк ағындарын бағалау; |
|||
Қызмет салалары |
5 - ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Атауы |
Орталық Азияда өңiрлiк энергетикалық ынтымақтастықты нығайту |
||
Жалпы құны |
5 000 000 еуро ЕК (салымы) |
||
Көмек көрсету әдiсi |
Жобалау тәсiлдемесi - орталықтандырылған басқару |
||
Код-DАС |
41030 |
Сектор |
Энергетика |
1. НЕГIЗДЕМЕ
1.1. Стратегиялық шеңберлер
Орталық Азия бойынша 2005-2006 жылдарға арналған iс-әрекет бағдарламасының мақсаттарына сәйкес ұсынылған жоба:
- ЕО стандарттары мен халықаралық стандарттарға сәйкес орталық Азияның мұнай-газ стандарттары мен iс-тәжiрибесiнiң үйлесiмiне;
- басым салаларда газ шығынын азайтуға бағытталған көмек көрсетуге қолдау көрсетуге бағытталған.
1.2. Алынған сабақтар
Алынған сабақтар Қоғамдастыққа көмек көрсетудiң басқа аспаптарымен жақсы үйлестiру, сондай-ақ осы бағдарлама, ТАСИС ынтымақтастығының өңiрлiк бағдарламасы, ұлттық бағдарламалар және басқа донорлардың қызметi бойынша көрсетiлетiн көмек арасында өзара толықтыруды қамтамасыз ету қажеттiгiн көрсетедi.
Еуропа Комиссиясының шеңберiнде өңiрлiк бағдарламалар арасында жақсы үйлестiрудi қамтамасыз етуге арналған тетiктiң қажеттiгi де танылады, әсiресе, көптеген жобалар ЕК үкiметтерi арасында орталықтан шығарылған және қазiргi таңда олар орталық деңгейде үйлестiрусiз жүзеге асырылады.
1.3. Іс-әрекеттердiң қосымша салалары
Еуропа комиссиясы INOGATE бағдарламасының контекстiнде энергетикалық секторда жобалардың қатарын қаржыландырды; осы бастама бойынша осы жобаны толықтыратын бағдарламаға шолу берiледi, онымен мына: www.inogate.org вебадрес бойынша танысуға болады.
2003 жылға арналған iс-әрекеттiң Ұлттық бағдарламасына сәйкес Ресей Федерациясы үшiн EO мен Ресей арасындағы газ стандарттарының үйлесiмi жобасына ұқсас ұсынылады, ол жобаны қысқаша сипаттаудың 1-компонентiмен үндеседi.
1.4. Донорлардың қызметiн үйлестiру
EO тәсiлдемесi бенефициарлармен неғұрлым тиiмдi сұхбатты ұйымдастыруға да көмектестi. PRSP iске асыру шеңберiнде донорларды үйлестiру үкiметтердiң басымдықтарын және ұлттық бюджет пен донорлардың қолда бар ресурстарын оңтайлы пайдалануын анықтау үшiн маңызды аспап ретiнде қарастырылады.
ЕҚДБ-мен, әсiресе, жобаларды қолдау жөнiндегi инвестициялар саласында белсендi үйлестiруге қол жеткiзiлдi.
Донорлар мен халықаралық қаржылық ұйымдар (IҒI) өзара тығыз ынтымақтастық даму саласында, атап айтқанда, дамыту жөнiндегi өңiрлiк жұмыста көмек көрсетуге табыстың негiзгi факторы болып табылатынын таниды. Орталық Азия бойынша EO өңiрлiк стратегиясын қабылдағаннан кейiн халықаралық ұйымдар мен негiзгi донорлардың көпшiлiгi негiзгi секторға бағытталған және донорлардың әртүрлi бағдарламалары арасында үйлестiру мен синергия әлеуетiн күшейтетiн өңiрлiк тәсiлдемеге үлкен акценттi қоса алғанда, өздерiнiң өңiрге көмек көрсету бағдарламаларын қайта қарады.
2. ӨҢIРЛIК КОНТЕКСТ
2.1. Бенефициар елдердiң ынтымақтастық саясаты
Соңғы жылдары Орта Азия елдерi ЕО-ға көмiрсутегiлердi тасымалдау бағыттары ретiнде неғұрлым елеулi рөл ойнай бастады.
Газ секторындағы ахуалды, негiзiнен, уақыт өте ұлттық стандарттарға айналған, кеңес уақытынан мұраға қалдырылған стандарттарға (МЕМСТ) арқа сүйейтiн көлденең-бiрiктiрiлген мемлекеттiк монополиялар бақылайды.
Бүгiнгi таңда ЕО тарапынан табиғи газға деген сұранысты арттыру, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң маңайынан табылған газ кен орындары ЕО-ны Ресей және Орталық Азиямен жалғастыратын газ-мұнай құбырлары жүйесiне бiршама инвестициялардың қажеттiлiгiн көрсетедi.
Қажеттi инвестициялардың мөлшерi, iс жүзiнде мiндеттi емес, төтенше маңызды сыртқы инвестицияларды жасайды.
Осының контекстiнде еуропалық стандарттар мемлекетаралық газ және мұнай желiлерiн жаңғырту/кеңейту жүргiзiлiп жатқан елдерде жалпы индикаторлар болуы қажет. Техникалық стандарттардың жалпы жиынтығы техникалық-экономикалық негiздеме дайындауда және кешендi тексеруде негiзгi рөлдi ойнайды, ол халықаралық кредит ұйымдарын талап етедi. Мысалы, стандарттар газ инфрақұрылымын, пайдалану және қызмет көрсету (О&М) iс-тәжiрибесiн дәл және бiрдей бағалауды, шекарада газ ағындарын бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Газ шығынын азайту мәселелерiне қатысты Орталық Азия магистральдық құбырлардың негiзгi проблемасы олардың 20 - 30 жыл бұрын салынғаны және соңғы 5 жылда iрi инвестицияларды талап ететiн тозудың сын көтермес деңгейiне жетуi болып табылады. Газды беру және бөлу кезiндегi шығын өңiрде 20-дан 45%-ға дейiн түрленуде. Осы шығынның ауқымды экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк салдарлары бар. Өңiрде көмек көрсету басымдықтарының жоспарын әзiрлеудiң, сондай-ақ қаржыландыруды жалғастыру үшiн аргумент ретiнде көмек көрсету жөнiндегі тиiмдi iс-шараларды көрсетудiң көкейтестi қажеттiгi бар.
Жобаны мынадай екi құрамдауыш түрiнде орындау ұсынылады:
- 1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi;
- 2-құрамдауыш - газды транзиттi тасымалдаудың орталық-азия жүйесiнде газ шығынын азайтудың технологиясы мен әдiснамасы.
2.2. Секторлық контекст
Орталық Азия бойынша 2005-2006 жылдарға арналған ТАСИС iс-әрекет бағдарламасы өңiрлiк негiздегi секторда қызмет салаларының мынадай басымдықтарын анық белгiлейдi:
- Мұнай-газ секторында стратегия мен заңнаманы жақсарту, инвестициялар тарту, сондай-ақ желiнiң сенiмдi жұмысын қамтамасыз ету; қауiпсiздiк пен экология өлшемдерiн қоса алғанда, газ тасымалдау мен газ құбырларын пайдалануға арналған халықаралық стандарттарды қабылдау және оны iске асыру; инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасының негізгi жоспарын жасаудың стратегиялық, құқықтық және техникалық аспектiлерi бойынша консультация алу, IFI қарыз қаражатын қоса алғанда, EO-да магистральдық газ құбырларын жаңғырту мен кеңейтуге инвестициялар; газ операторларының озат тәжiрибесiне бейiмделу және оны қолдану үшiн ЕО сарапшы бiлiмiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету, инфрақұрылымдарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу және жасау; ноу-хау беру және газ өндiру мен тасымалдау мәселелерiн басқаруды жаңғырту.
- Құбырлар желiсiнiң мониторингi мен басқарудың сенiмдi жүйесiн құруға қолдау көрсету, ол апат немесе төтенше жағдайлар болған жағдайда, желi бағыттарының жүктемесi мен мәртебесiн бағалауға қатысты газ ағындарын тиiсiнше басқаруға мүмкiндiк беретiн едi.
Мынадай қорытындыларға қол жеткiзу күтiледi:
- ЕО тәсiлдемесiне сәйкес мұнай-газ секторында өңiрлiк және өңiраралық ынтымақтастықты нығайту; еуропа газ рыногiне қол жеткiзу әлеуетiн күшейту; газ секторын дамытуға арналған заңнама мен стратегиялық қағидаттарды жақсарту; газ құбырлары жүйесiнiң тиiмдiлiгi, сенiмдiлiгi және қауiпсiздiгi; инвестициялар үшiн тиiстi шарттар, қарыз қаражатын қоса алғанда, инфрақұрылымдарды қаржыландыру үшiн қаражат тартуға техникалық-экономикалық негiздеме және IҒІ және ЕО бiлдiретiн инвесторлармен тығыз ынтымақтастықты дамыту; мұнай және газ тасымалдау жөнiндегi компаниялар мен басқаруды жаңғырту жөнiндегi компаниялар басшыларының бiлiктiлiгiн арттыру; инвестициялар мен мұнай-газ жобаларының негiзделген жоспарларын әзiрлеу жөнiндегi бiлiктiлiктi беру.
3. СИПАТТАМАСЫ
3.1. Мақсаты
Жобаның жалпы мақсаты газды өндiрудiң/берудiң/сақтаудың барлық компоненттерiне қолданылатын жобалау, салу, өндiру, тестiлеу, сертификаттау, аккредиттеу, пайдалану, сақтау және қызмет көрсетудiң халықаралық стандарттарын, ережелер мен iс-тәжiрибелерiн елдердiң қабылдауын қолдау болып табылады.
3.1.1. 1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi
Осы құрамдауыштардың нақты мақсаты мыналар:
- Газ секторында халықаралық стандарттарға негіздеме мен бiрлесiп көшу бойынша жалпы түсiнiстiкке қол жеткiзу.
- Ұлттық стратегиялар шеңберiнде газ секторында техникалық стандарттар мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi жөнiндегi стратегияны әзiрлеп, қабылдау.
- Үйлесiмдi стандарттар мен iс-тәжiрибеге қол жеткiзу үшiн орта мерзiмдi iс-әрекет жоспарын әзiрлеу.
- Үйлесiмдi техникалық стандарттарды қабылдау үшiн ұлттық өкiметтер бастамашылық етуi қажет құқықтық шаралардың ретiн ұсыну.
- Газ секторында стандарттар, ережелер, сертификаттау және аккредиттеу бойынша ақпарат берудi арттыру.
3.1.2. 2-құрамдауыш - Газды транзиттi тасымалдаудың орталық-азия жүйесiнде газ шығынын азайтудың технологиясы мен әдiснамасы
Жобаның осы құрамдауыш газды тасымалдаудың магистральдық жүйесiнде газ шығынын азайту мақсатында iс-әрекеттiң басым бағдарламаларын әзiрлеу арқылы негiзгi транзиттi газ инфрақұрылымдарының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн арттыруға бағытталған.
3.2. Күтiлетiн нәтижелер және негiзгi қызмет түрлерi
3.2.1. 1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi
Қызмет саласы:
1. Газ секторында мониторинг стандарттарын орнатуға жауап беретiн еуропа және ұлттық органдар арасындағы ынтымақтастық сызбасын әзiрлеудi;
2. Әрбiр қатысушы елдердегi тиiстi қолданыстағы стандарттарды талдауды;
3. Үйлесiмдi стратегияны әзiрлеудi қамтиды, ол:
- Газдың көлемi мен сапасын бағалауды, сондай-ақ қатысушы елдер мен EO арасында тестiлеудi сәйкестендiру.
- Жалпы стандарттар, газ секторына арналған жабдықтарды тестiлеу мен сертификаттау.
- Денсаулық, Қауiпсiздiк және Экология (QHSE) стандарттарын, EIA iс-тәжiрибесi мен Ең үздiк Қолда бар Әдiстеме (ВАТ) тұжырымдамасын қоса алғанда, газ құбырын салу мен пайдалануға жалпы стандарттар, ережелер және өндiрiстiк iс-тәжiрибе үшiн "жол картасын" белгiлейдi.
3.2.2. 2-құрамдауыш - Газды транзиттi тасымалдаудың орталық-азия жүйесiнде газ шығынын азайтудың технологиясы мен әдiснамасы
Мүдделi тұлғалардың арасында:
- ҚР Энергетика министрлiгi, Қазмұнайгаз
- Қырғызстан Энергетика министрлiгi, Қырғызстан
- Өзбекстан Энергетика министрлiгi, Өзбекмұнайгаз
- Түркiменстан Мұнай-газ өнеркәсiбi және минералдық ресурстар министрлігі, Түркiменгаз болады.
3.3. Тәуекелдер мен болжамдар
3.3.1. 1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi
Жобаға қатысушы елдер оған барынша байыппен қарауы және оның қабылдануын қамтамасыз ететiн ең жоғарғы деңгейде iске асыратыны болжамдалып отыр.
3.3.2. 2-құрамдауыш - Газды транзиттi тасымалдаудың орталық-азия жүйесiнде газ шығынын азайтудың технологиясы мен әдiснамасы
Көмек көрсетудiң басым салалары көрсетiлген жобаларды iске асыру мақсатында бенефициар елдермен бiрлесiп анықтауы мүмкiн екендiгi болжамдалып отыр.
3.4. Қажеттi шарттар
Осы бағдарламада Орталық Азияның барлық елдерiнiң қатысуын қамтамасыз ету өте маңызды болады.
3.5. Сабақтас мәселелер
Тиiмдi мемлекеттiк басқару, заңнамалық реформалар, демократизациялау, экономикалық өсу және бизнес климатты жақсарту.
4. IСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРI
4.1. Iске асыру әдiсi
Бенефициар елдер үкiметiнiң Орталық Азия бойынша 2005 жылға арналған iс-әрекет бағдарламасының шеңберiнде 1-БAFЫTTЫҢ компонентiн қамтитын іс-әрекет салалары бойынша Қаржылық келiсiмге қол қоюы арқылы орталықтандырылған басқару.
Iске асыруды өткiзiлген тендер негiзiнде қызметтер көрсетуге келiсiм-шартқа қол қою арқылы Еуропа Комиссиясы жүргiзетiн болады.
4.2. Бюджет және iске асырудың күнтiзбелiк кестесi
Осы жоба бойынша бөлiнген жалпы сома төменде көрсетiлгендей екi компоненттердiң арасында бөлiнген 5 миллион еуроны құрайды.
Жобаның индикативтiк, операциялық ұзақтығы Қаржылық Келiсiмге қол қойылған күннен бастап 36 айды құрайды.
1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi
Бюджеттiң бабы |
ЕК салымы |
Бенефициар ел үкiметiнiң салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/Төлемдi жүзеге асырушы |
1.Қызметтер |
1 500 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жиыны |
1 500 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Осы құрамдауыш бойынша келiсiм-шарттың ұзақтығы 24 айды құрайды.
2-құрамдауыш - Газды транзиттi тасымалдаудың орталық-азия жүйесiнде газ шығынын азайтудың технологиясы мен әдiснамасы
Бюджеттiң бабы |
ЕК салымы |
Бенефициар ел үкiметiнiң салымы |
Басқа донорлар |
Жалдаушы орган/Төлемдi жүзеге асырушы |
1.Қызметтер |
1 500 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
2.Жеткізулер |
2 000 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
Жиыны |
3 500 000 Eуро |
Қолданылмайды |
Қолданылмайды |
ЕК |
4.3. Сатып алу және гранттарды беру рәсiмдерi
Қаржылық келiсiмдi iске асыруға барлық келiсiм-шарттар тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған сыртқы операцияларды iске асыру үшiн Комиссия белгiлеген және жариялаған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға сәйкес жасалуы және iске асырылуы қажет.
Бағдарламаның барлық сметалары Комиссия белгiлеген және тиiстi рәсiмдер басталған сәтте қолданылған рәсiмдер мен стандартты құжаттарға жауап беруi қажет.
4.4. Мониторинг жүргiзу
Тұрақты процесс ретiнде үнемi мониторинг жүргiзу Комиссия мiндеттерiнiң бiрi болады. Сыртқы ықпал мониторингiн ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
4.5. Бағалау және аудит
Мердiгер таңдаған келiсiм-шарт келiсiмдерiнiң ажырамас бөлiгi бағалау (орта мерзiмдi, финалдық және кейiнгi), сондай-ақ аудит туралы келiсiм болады.
Сыртқы бағалаулар мен аудиттердi ЕК ережелерiне және техникалық тапсырмада арнайы белгiленген рәсiмдерге сәйкес Комиссия тiкелей жалға алған тәуелсiз консультанттар да жүргiзе алады.
Қосымшалар
- ЛОГИКАЛЫҚ ШЕҢБЕРЛЕР
5 жобаның логикалық шеңберлерi (ОА бойынша iс-әрекет бағдарламасы - 2005) - Орталық Азияда өңiрлiк энергетикалық ынтымақтастықты нығайту 1
1 Логикалық шеңберлер жоба бойынша жұмыстар басталатын кезең уақытында аяқталатын болады.
Араласу логикасы | Объективтiк бақылауға берiлетiн индикаторлар/жетiстiктер көрсеткiшi |
Бақылау көздерi | Жол берулер мен тәуекел дер |
|
---|---|---|---|---|
Жалпы мақсаты: |
- газды өндiрудiң/берудiң/сақтаудың барлық компоненттерiне қолданылатын жобалау, салу, өндiру, тecтiлеу, сертификаттау, аккредиттеу, пайдалану, сақтау және қызмет көрсетудiң халықаралық стандарттарын, ережелер мен ic-тәжiрибелерiн елдердiң қабылдауын қолдау. |
Осы бағдарламада Орталық Азияның барлық елдерiнiң қатысуын қамтамасыз ету өте маңызды болады. |
||
Жобаның мақсаты: |
1-құрамдауыш - Орталық Азияда газ стандарттары мен iс-тәжiрибенiң үйлесiмi |
- Жобаға қатысушы елдер оған жауапкершiлiкпен қарайды және оның қабылдануын қамтамасыз ету үшiн оны ең жоғары деңгейде iске асырады деп көзделуде |
||
Нәтижелерi : |
1-құрамдауыш |
|||
Қызмет салалары |
Аббревиатуралардың глоссарии
АDB
Asian Development Bank
Азия Даму Банкi
BOMCA
Border Management Central Asia Programme
Орта Азияда шекараны басқару бағдарламасы
CA
Central Asia
Орта Азия
САDАР/КАДАП
Central-Asia Drug Action Programme
Орта Азияда шекараны басқару бағдарламасы
CADO
Central America Development Organization
Орта Америка Даму Ұйымы
САRЕС/РЭЦЦА
Central Asia Regional Environmental Centre
Орта Азиялық аймақтық экологиялық орталығы
DAMOS
Drug Abuse Monitoring Centre
Есiрткiнi пайдалану бойынша мониторинг жүйесi
ЕIА
Environment impact assessment
Қоршаған ортаға әсердi бағалау
ESD
Ecologically sustainable development
Экологияның тұрақты дамуы
EU
Еuroреаn Union
Еуропа Одағы
ЕС
Еurореаn Commission
Еуропалық Комиссия
ЕВRО/ЕКДБ
Europeaп Bank for Reconstruction and Development
Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкi
ЕЕССА
Eastern Еuroре, Caucasus аnd Сеntral Asia
Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия
ЕМСDDА
Еurореаn Monitoring Centre for Drugs and Drug Addiction
Нашақорлықты және есiрткiнi қолдану бойынша Еуропалық мониторинг орталығы
EAP
Environmental action programme
Экология бойынша iс-қимыл бағдарламасы
ЕЕ
Environmental Education
Экологиялық бiлiм
GEF
Global Environmental Fund
Глобалды экологиялық фонд
НIV
Human immunodeficiency virus
Адамның иммунодефицит вирусы
ИНОГЕЙТ (INOGATE-Inter-State Oil&Gas Transport to Еurоре)
Еуроропаға мұнай мен газды халықаралық тасымалдауы
IOM/МOM
International Organisation Migration
Миграция бойынша халықаралық ұйымы
IСMPD
International Centre for Migration Policy Development
Миграция саясатын дамыту бойынша халықаралық ұйымы
IMO
International Maritime Organisation
Халықаралық теңiз ұйымы
IР
Indicative Programme
Индикативтi бағдарлама
IFI
International Financing Institution
Халықаралық қаржы институты
LEAP
Local Environment Аgеnсу Рlаn
Экологиялық iс-қимыл жоспары
LPG
Liquefied Petroleum Gas
Сұйықталған мұнай ғаз
NGО/НПО
Non Governmental Organization
Yкiметтiк емес ұйым
OECD
Organization for Economic Cooperation апб Development
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
OLAF
Еurореаn Аnti-Ғrаud Office
Европейское Бюро по Борьбе с Мошенничеством
OSCE
Organisation for Security аnd Cooperation in Europe
Еуропа ынтымақтастық және қауiпсiздiк ұйымы
POLINT
Police Drug Intelligence Systems
Есiрткi бойынша полиция жүйесi
РАТСА
Pamir-Altai Transboundary Conservation
Памир-Алтай трансшекара қорығы
PRSP
Poverty Reduction Strategy Paper
Кедейшiлiктi азайту және дамуды нығайту бағдарламасы
РРР
Public Рrivасе Partnership
Мемлекет-жеке меншiк серiктестiгi
QHSE
Quality, Health, Safety and Environment
Сапа, денсаулық, қауiпсiздiк және экология
REITOX network
Еurореаn Informatioп Network оп Drugs and Drug Addiction
Есiрткi және есiрткiнi қиянат ету жөнiнде еуропалық ақпарат жүйесi
REC/РЭЦ
Regional Environmental Centre
Өңiрлiк экологиялық орталығы
REAP
Regional Environnemental Action Programme (REAP)
Өңiрлiк экологиялық iс-қимыл бағдарламасы
RoRo facility
Roll-on/Roll-off
Maritime transport
Теңiз транспорты
SD
Sustainable development
Тұрақты даму
SSGPO Сompanу
Sokolovo-Sarbaiskoe mining-аnd-processibg industrial complex
Соколов-Сарбай тау-кен өндiру индустриалды кешен компаниясы
TACIS
Technical Assistance for CIS Countries аnd Mongolia
ТМД елдерi мен Монғолияға техникалық көмек
ТАNСА
Тrаnsboundfrу Соnsеrviаnсу Area
Ерекше қорғаудағы трансшекара аймағы
TB
Tuberculosis
Туберкулез
TRACECA
Transport Corridor Europe-Caucasus-Asia
Европа-Кaвкaз-Азия транспорт коридоры
ТА
Technical assistance
Техникалық көмек
UNDP
United Nations Development Programme
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы
UNODC
United Nations Office оп Drugs and Crime
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының есiртке және қылмыс бойынша офисi
UNHCR
Office of the United Nations Нigh Commissioner for Refugees
Қашқындар бойынша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссарының бюросы
UNESCO/ЮHECКO
United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының бiлiм, ғылым және мәдениет ұйымы
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимылдарының бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiгi)" бойынша бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар жөнiндегi қаржылық келiсiмге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң түсiндiру туралы мәлiмдемесi
Еуропалық тараптың түсiндiрмелерiн негiзге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимылдарының бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiгi)" бiрнеше елдi қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келiсiмнiң (бұдан әрi - Қаржылық келiсiм) кейбiр нормаларын мынадай тәртiппен түсiнетiн болады.
1. "2005 жылға арналған Орталық Азия бойынша ТАСИС iс-қимылдарының бағдарламасы (1-бағыт: өңiрлiк құрамдас бөлiгi)" атауындағы "2005" деп тараптармен келiсiлген жобаларды болашақта iске асыру үшiн еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетiнде қаражат көздеген жыл түсiнiледi.
2. Қаржылық келiсiмнiң 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қаржылық келiсiмнiң II қосымшасында көзделген мiндеттердi iске асыру үшiн Комиссия айқындаған үшiншi тұлғаларға бередi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкiметi (бұдан әрi - Үкiмет) көрсетiлген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
3. Қаржылық келiсiмнiң 3-бабының 3.1-тармағының ережесi Yкiмет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегендi бiлдiредi.
4. Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетiлген "3.1-бап" Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сiлтеме дегендi бiлдiредi.
Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасының ережесi жоба шеңберiндегi iс-шараларды жүзеге асырған кезде Еуропалық Қоғамдастықтар рәсiмдерiне сәйкес Комиссия Үкiмет мүддесiнде әрекет етедi дегендi бiлдiредi. Бұл ретте, Үкiмет Комиссияның жоба шеңберiндегi iс-әрекетi үшiн үшiншi тұлға алдында жауапты болмайды.
5. Қаржылық келiсiмдегi "қаржылық субсидиялар" терминi Комиссия Үкiметке өтеусiз негiзде беретiн көмек ретiнде түсiнiледi. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасына берiлетiн Комиссия гранттары (қаржылық субсидиялар) Үкiметтiң Комиссиядан одан әрi қарыз алуын және мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды көздемейдi.
6. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 8-бабының 8.2-тармағының ережесi (Қаржылық келiсiмнiң 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.2) тармақшасын ескере отырып) еуропалық тараптан грант алатындар болмайды дегендi бiлдiредi.
7. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 9-бабының 9.1 және 9.2-тармақтарының ережесi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген техникалық көмектердi (гранттарды) салықтық, кедендiк және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiне төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерден босату Еуропалық Қоғамдастықтың техникалық көмегiне (гранттарына) де қолданылады дегендi бiлдiредi.
8. Бағдарламаны iске асыру үшiн Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 5, 6, 7, 12 және 13-баптарының ережелерiнде көзделген келiсiм-шарттар мен гранттарды берудi Комиссия Еуропалық Қоғамдастықтардың рәсiмдерiне сәйкес дербес жүзеге асырады.
9. Yкiмет Қаржылық келiсiмде көзделген қаржы қаражатын алмайтындықтан және оларды басқаруға қатыспайтындықтан, Қаржылық келiсiмнiң I қосымшасының 14 және 15-баптарының ережелерi Үкiмет Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес Комиссиямен осы Қаржылық келiсiмдi iске асыру барысында бұзушылықтар, алаяқтық iс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық туындаған жағдайда оларды болдырмау мәселелері бойынша ынтымақтастық жасайды дегендi бiлдiредi.
10. Қаржылық келiсiмнiң 1-қосымшасының 16, 17, 18 және 19-баптарының ережелерi Қаржылық келiсiмге өзгерiстер енгiзiлгенге, оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға немесе тоқтатылғанға дейiн Тараптар бiрiмен бiрi тиiстi консультациялар жүргiзедi дегендi бiлдiредi. Қаржылық келiсiмге түзетулер енгiзудi Тараптар өзара келiсiм бойынша жүзеге асырады. Тараптың Қаржылық келiсiмдi тоқтату туралы шешiмi екiншi Тарапқа хабарланғаннан кейiн екi ай өткен соң күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн
РҚАО-ның ескертуі. Ағылшын тіліндегі мәтінді қағаздағы нұсқасынан қараңыз.