Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 368-1-қосымшада :
6-тармақ кестесiнiң реттік нөмiрi 2-жолының 5-бағаны "Консультанттар мен консалтингтiк компаниялардың қызметiне ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi