Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясаты туралы елдiң қалың жұртшылығын хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштердiң болжамы туралы мәлiмдемесi мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 24 қаңтардағы
N 49 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2007 жылға арналған экономикалық және әлеуметтiк саясаттың негiзгi бағыттары мен экономикалық көрсеткiштердiң болжамы туралы мәлiмдемесi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi 2007 жылы Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабiлеттiлiгiн және ел азаматтарының өмiр сүру сапасын арттыру үшiн қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға, экономиканың өсуiнiң жоғары қарқынын және бағалар тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған келiсiлген саясат жүргiзетiн болады.
Алға қойылған мақсаттарды негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күш-жiгерi мыналарға бағытталатын болады:
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
республика халқының әл-ауқатын арттыру;
экономиканы одан әрi жаңғырту және әртараптандыру;
мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiкті дамыту;
әлемдiк экономикаға тиiмдi кiрiгу.
2007 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң күш-жiгерi инфляцияны Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында (екiншi кезең) жоспарланған дәлiзде ұстауға бағытталатын болады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары тарапынан ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көтерме (коммуналдық) нарықтарын, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алудың тиiмдi жүйесiн одан әрi дамыту жөнiндегi; терiс пиғылды бәсекелестiктi, баға жөнiнде сөз байласуды, нарық субъектiлерiнiң өздерiнiң үстем жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және оның жолын кесу жөнiндегi; белгiлi бiр тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектiлердiң баға белгiлеуiн бақылау жөнiндегi, өнiм өндiрушiлер мен түпкi тұтынушылар арасындағы делдалдардың санын азайту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тауарлары мен қызметтерiне бағалардың (тарифтердiң) өсуi елдiң Әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында белгiленген олардың өсуiнiң шектi индекстерi шеңберiнде жүретiн болады.
Инфляциялық үдерiстерге ақша-кредит саясатының әсерiн күшейту үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының құралдары мен операциялық негiзiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзетiн болады.
Инфляция бойынша жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi банк жүйесiнiң өтiмдiлiгiн реттеу арқылы ақшалай ұсыныс мөлшерiне ықпал ететiн болады. Екiншi деңгейдегi банктердiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi қысқа мерзiмдi ноталары мен депозиттерi қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудiң, сондай-ақ банктердiң шамадан тыс өтiмдiлiгiн стерильдеудiң негiзгi құралдары болып қалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының операцияларын жетiлдiретiн болады, бұл оның негізгi ставкаларының реттеушi рөлiн одан әрi арттыруға ықпал ететiн болады. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша ставкаларды реттеу ақша нарығындағы ахуалға және инфляция деңгейiне байланысты жүргiзiлетiн болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеушi мүмкiндiктерiн күшейтуi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасындағы оның деңгейiн тоқсан сайын қарау практикасы жалғасады.
Сыйақының нарықтық ставкаларына қысқа мерзiмдi ставкалардың реттеушi рөлiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi депозиттер тарту (төменгi шекара) және қарыздар беру (жоғарғы шекара) бойынша ставкалармен анықталатын операциялар, көрсетiлген дәлiздiң шекараларын жақындату және қайта қаржыландыру ставкасымен депозиттiк ставкалардың өзара байланысы жөнiндегi ставкалар дәлiзiн ықшамдауға бағытталған саясатты жалғастыруды ниет етiп отыр. Бұл кезеңде дәлiздiң төменгi шекарасы жоғарғы шекараның (қайта қаржыландыру ставкасының) жартысын құрайтын болады.
Банк жүйесiнiң шамадан тыс өтiмдiлiгiнiң және экономикадағы инфляциялық қысымның өсуi жағдайында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын қатаңдатуды жалғастырады.
Халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Yкiметiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiмен (бұдан әрi - ҚҚА) бiрлесiп, 2007 жылы Қаржылық тұрақтылық жөнiндегi меморандумды әзiрлейдi және оған қол қояды. Қазақстанның қаржы жүйесiне сенiмдi күшейту мақсатында қаржы тұрақтылығы жөнiндегi есеп шеңберiнде тұрақты негiзде қалың жұртшылық үшiн талдамалық жұмыстардың нәтижелерiне қолжетiмділік қамтамасыз етiлетiн болады.
Қаржы секторын дамыту, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттiк реттеудiң бағыттары мен әдiстерi Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының негiзгi басымдықтарына сәйкес болады. Бұл бағытта экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын және еркiн бәсекелестiк жағдайында қаржы институттарының сапалы қызметтер ұсынатын қаржы жүйесiнiң жұмыс iстеу жағдайын қалыптастыру арқылы Қазақстанның қаржы ұйымдары мен қаржы секторының бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру жөнiндегi жұмыс жүргізiлетiн болады.
Ұлттық қорда қаражатты сақтау мен жинақтау және оны экономиканың теңгерiмдi дамуы мен оның "қызып кету" қаупiн азайтуға ықпал ететiн макроэкономикалық реттеуiштердiң бiрi ретiнде пайдалану саясаты жалғасады.
Теңгенiң айырбас бағамына қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қандай да бiр бағдар, айырбас бағамының құбылмалы дәлiзiн белгiлемей, құбылмалы айырбас бағамы режимiн ұстанады, яғни iшкi валюта нарығындағы теңгенiң номиналды бағамының серпінi iшкi нарықтағы шетелдiк валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты айқындалатын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi инфляцияның айтарлықтай өзгеруiне және қаржы нарығында тұрақсыздыкқа әкеп соғуы мүмкiн валюталық бағамның қысқа мерзiмдi және алыпсатарлық ауытқуларының тұрақсыздандырғыш салдарын азайтуға бағытталған iс-қимылдар қабылдау құқығын өзiне қалдырады.
Теңгенiң айырбас бағамының серпiнiне iшкi валюта нарығына Ұлттық қорды толықтыру үшiн шетелдiк валюта сатып алудың қажеттігiне негiзделген шетелдiк валюта сатып алушы ретiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қатысуы әсер етуi мүмкiн. Ұлттық қордың активтерiн айырбастау және қайта айырбастаудың жаңа ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң халықаралық резервтерiнен Ұлттық қорды толықтыру үшiн шетелдiк валюта сатумен қатар, iшкi нарықта шетелдiк валюта сатып алуы мүмкiн.
"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күрделi операциялар бойынша қолданыстағы шектеулер толық жойылады. Осылайша, ағымдағы және күрделi операциялар бойынша валюталық шектеулер болмаған кезде теңгенiң толық айырбасталымдылығы қамтамасыз етiлетiн болады. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi капиталдың қозғалысына байланысты валюта операцияларының мониторингiн күшейтетiн, сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық базаны жетiлдiру және iшкi валюта нарығындағы сұраныстар мен ұсыныстар көздерiн талдау жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады.
Төлем жүйелерi саласында Қазақстан экономикасының әр түрлi субъектiлерi арасындағы төлемдер мен аударымдардың қауiпсiз және уақтылы өтуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жоғары технологиялық деңгейде жұмыс iстеуiн одан әрi қолдау жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін одан әрi дамытуға, Қазақстан Республикасының "электрондық үкімет" жүйесiн құру шеңберiнде "Төлем шлюзiн" жасауға, сондай-ақ төлем жүйелерi үшiн жаңа Резервтiк орталық құруға ерекше назар аударатын болады.
Жүргізiлiп отырған фискалдық саясаттың параметрлерi инфляцияның жоспарланған болжамды көрсеткiштерiне сәйкес болады, ал мемлекеттiк бюджет шығыстарының өсу қарқыны экономиканың өсу қарқынымен бiрiктірiлетiн болады.
Салық саясаты жеке кәсiпкерлiктiң еркiн дамуына кедергi жасайтын экономиканың жекелеген секторларының әлеуетiн iске асыруға және әкiмшілік рәсiмдердi оңайлатуға бағытталады. Атап айтқанда, қосымша құнға қазiрдiң өзiнде салынатын салық ставкасы 14%-ға дейiн төмендетiлдi, ең төменгі жалақыны шегерiмге жатқыза отырып, барлық жеке тұлғалар үшiн 10% деңгейiнде жеке табыс салығының тiркелген ставкасы енгiзiлдi; 2%-ға дейінгi патент негізiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнайы салық режимiнде салық ставкалары азайтылды, оңайлатылған декларация негiзiнде 3% бірыңғай ставка енгiзiлдi. Бұдан басқа, жинақтаушы сақтандыру саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының дивидендтеріне, инвестициялық кiрiстерiне қосарланған салық салу жойылады, корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеу тетiгi жетiлдiрiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық саясаты iшкi және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен қызметтердiң жаңа түрлерiн жасау мақсатында мемлекет пен жеке сектордың сындарлы ынтымақтастығын күшейтуге бағытталатын болады. Орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптау кеңестерiнiң жұмысы жалғастырылады. Өндiрiстiк және инновациялық бейiндегi шағын және орта кәсiпорындарды одан әрi ынталандыруға бағытталған шаралар әзiрленетiн болады. 2007 жылы өнеркәсiптi жаңғыртуға және құрылымды әртараптандыруға бағытталған, жеке сектор үшiн қолжетiмдi маркетингтiк-технологиялық зерттеулердiң жаңартылатын деректер базасы жасалады.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асырудың екiншi кезеңi шеңберiнде өңiрлердi дамытуда кластерлiк әдiстi кеңiнен пайдалану одан әрi дамитын болады. Индустриялық аймақтар құрылысын қаржыландыру, оның iшiнде мемлекеттік-жеке меншiк серiктестiк жолымен қаржыландыру тетiктерi әзiрленетiн болады. Экономиканың шикiзаттық емес секторларында инвестициялық ынтымақтастықты нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау жалғасады. Экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында салалар бойынша еңбек өнiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн енгiзу жоспарлануда. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күш-жiгерi мемлекеттiк емес инвестицияларды ғылым және инновациялық қызмет саласына салуды ынталандыруға бағытталады.
Мемлекеттiк активтердi басқару тиiмділігiн арттыру мақсатында тәуелсiз басқарушылар институтын енгiзу жолымен рентабельдi емес кәсiпорындарды сауықтыру тетiгi қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына банкроттық мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады. Қоғамдағы келiсiм-шарттық қатынастарды дамыту және жеке меншiк институтын нығайту үшiн компаниялардың жарғылық капиталында аз үлестердi иеленушi инвесторлардың, акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөнiнде заң қабылданатын болады.
Ұлттық тауарлар мен қызметтердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн нақты қолдау мақсатында қазақстандық тауарлардың сыртқы нарыққа экспортын алға жылжытуға жәрдем ету шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдiктерi жанынан бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту жөнiндегi кеңестер құрылатын болады.
Бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту мақсатында құрылыс, қала құрылысы және сәулет қызметтерi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бiрлескен кәсiпорындардың жарғылық капиталына шетелдiк капиталдың 49% түрiнде қатысуын шектеу алынып тасталады.
2007 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi жұмыс тобына мүше елдермен екiжақты келiссөздер аяқталады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру жалғасады, оның негiзгi басымдықтары агроөнеркәсiп кешенi салаларының өнiмдiлiгi мен табыстылығын өсiру негiзiнде агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту болып табылады. ДСҰ-ға кiру шеңберiнде қауiпсiздiк тәуекелдерiн бағалау және халықаралық талаптарға сәйкес агроөнеркәсiптiк кешен өнiмiнiң сапасын бақылау жүйесiн қалыптастыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары қабылданатын болады.
Ауыл (село) тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң қалыпты жағдайларын жасауға: сумен жабдықтау, денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiн салуды, сондай-ақ ауылдық елдi мекендердiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ауылдық жерлердегi көшi-қон процесiн реттеу жөнiндегi iс-шараларды қамтитын халықты инженерлiк және әлеуметтiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi соңғы жылдардағы экономикалық табыстардың негiзiнде бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтiк қорғауды, мәдениеттi, спортты, туризмдi және ақпараттық кеңiстiктi дамытуға арналған шығыстарды ұлғайту жолымен саясаттың әлеуметтiк бағыттылығын күшейтедi.
2007 жылы әлеуметтiк саланы қаржыландыруға республикалық бюджеттен 741,5 млрд. теңге немесе жалпы iшкi өнiмнiң 6,2%-ы бөлiнетiн болады. Әлеуметтiк салаға арналған шығыстардың үлесi республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемiнде 34,4%-ды құрайды. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдету бағдарламасы жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға 2007 жылы республикалық бюджеттен 413 млрд. теңге бөлiнетiн болады.
Еңбек ресурстарын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Көшi-қон саясатының тұжырымдамасы қабылданады, бiлiктiлiгi жоғары және кәсiптiк қызметкерлердi Қазақстанға тарту тетігі әзiрленедi.
Жастарды жұмыспен қамтудың белсендi саясатын олардың кәсiптiк білім алуларына кредит беру және гранттар бөлу, өзiнiң жеке iсiн ашу, жастарды шағын және орта бизнеске тарту бағдарламаларын iске асыру арқылы жүргізу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Білім беру саласындағы саясат әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдастырылған және әлемдiк еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi мамандарды даярлауды қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң ұлттық моделiн қалыптастыруға бағытталады. 2007 жылы бiлiм беруге арналған республикалық бюджет шығыстары жалпы iшкi өнiмге 1,1%-ды құрайды. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасы экономикалық және қоғамдық жаңғырту қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн жаңа редакцияда әзірленетін болады.
Денсаулық сақтауға арналған республикалық бюджет шығыстары 2007 жылы жалпы iшкi өнiмге 0,8 %-ды құрайды. Халықаралық стандарттарғa көшудi ескере отырып, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстiң жобасы әзiрленедi. Астана қаласында медициналық кластер құру шеңберiнде оларды басқару үшiн одан әрi озық шетелдік компанияларды тартумен жаңа медициналық орталықтардың құрылысы басталады.
Әлемдік тәжiрибенi ескере отырып, Қазақстанның ақпараттық қоғамды қалыптастыру жолында неғұрлым тез жылжуы үшiн 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында "электрондық үкiметтi" қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жалғасады. Жергіліктi атқарушы органдардың (е-әкiмдiктер) электрондық қызметтердi ұсынуы ұйымдастырылады, электрондық қызметтерге қоғамдық қол жетімділiк пункттерiнiң желiлерi және компьютерлiк сауаттылыққа оқыту орталықтары құрылатын болады, бұл Интернет желiлерiнде электрондық қызметтердi пайдаланушылардың үлесiн халықтың 10%-на дейiн ұлғайтады.
Ұлттық қауiпсiздiкке және қоғамдық тұрақтылыққа қатер ретiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi кешендi ұлттық бағдарламаны дәйектi iске асыру мақсатында ұлттық компаниялардың және мемлекеттiк кәсіпорындардың, сондай-ақ iрi жеке меншiк компаниялардың қызметiнiң және қаржы ағыстарының ашықтығын қамтамасыз ететiн қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар дайындалатын болады.
Экологиялық саясат Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын одан әрi iске асыруға, қоршаған ортаны ластау деңгейiн төмендетуге, халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға, қоғамның тұрақты дамуына көшуiнiң негiздерiн жасауға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бiрлескен iс-қимылын iске асыру 2007 жылға арналған мынадай макроэкономикалық көрсеткiштердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
2007 жылы жалпы iшкi өнiмнiң нақты өсуi 8,6%-ды құрайды деп күтiлуде, бұл халықтың жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмнiң мөлшерiн 6560 АҚШ долларына жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Өнеркәсiп өнiмiнiң орташа жылдық өсiмi 7,2%-ды, ауыл шаруашылығының жалпы өнiмi - 3,2%-ды құрайды. Негiзгi капиталға инвестициялар 2006 жылмен салыстырғанда 15%-ға ұлғаяды. Тауар экспорты - 33,3 млрд. АҚШ долларын, импорты - 27,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.
2007 жылы зейнетақының ең төменгi мөлшерi базалық төлемдi есепке алғанда 10236 теңгеге дейiн, ең төменгi жалақы мөлшерi - 9752 теңгеге дейiн ұлғаяды, 2006 жылмен салыстырғанда нақты жалақы 13,8%-ға артады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi
мен Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң 2007 жылға арналған
экономикалық және әлеуметтiк
саясаттың негiзгi бағыттары мен
экономикалық көрсеткiштердiң
болжамы туралы мәлiмдемесiне
қосымша
2007 жылға арналған экономикалық көрсеткiштер болжамы
Нақты мәндегі жалпы ішкі өнiм, өткен жылға %-бен |
108,6 |
Халықтың жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм, АҚШ доллары |
6560 |
Нақты мәндегі өнеркәсіптік өнiм (жұмыстар, қызметтер) көлемі, өткен жылға %-бен |
107,2 |
Нақты мәндегі ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, өткен жылға %-бен |
103,2 |
Негізгі капиталға инвестициялар, өткен жылға %-бен |
115 |
Тауарлар экспорты, млрд. АҚШ доллары |
33,3 |
Тауарлар импорты, млрд. АҚШ доллары |
27,2 |
Тұтыну бағасының индексі, жылына орта есеппен %-бен |
105-107 |
Республикалық бюджет тапшылығы, жалпы ішкі өнімге %-бен |
1,2 |
Нақты жалақы, өткен жылға %-бен (шағын кәсіпорындарды есептегенде) |
113,8 |
Ең төменгі жалақы, теңге |
9752 |
Базалық зейнетақы төлемін есепке алғандағы ең төменгі зейнетақы, теңге |
10236 |