"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 және 20-баптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiтiлген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударуды қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
2) бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану туралы есептердi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күніне дейiн берудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 26 қаңтардағы
N 59 қаулысымен
бекiтiлген
2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
022 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезiнде диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейiнде жеңiлдiктi жағдайлармен дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан пайдалануға берiлетiн денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
030 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және жалпы практикадағы дәрiгерлердiң жүйесiн дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
031 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметiн қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
033 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне эпидемиологиялық қадағалау жүргiзу үшiн тест-жүйелердi сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне амбулаториялық емдеу деңгейiндегi 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала, медициналық тексерудi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергiлiктi деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқыту және қосымша оқуға қабылдау құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстарды өтеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
040 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
045 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiнiң алдын алу және қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".
2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2007 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
1) 2007 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерiнiң тiзбесi мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезiнде дәрiлiк заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және AҚTҚ мен ЖҚТБ индикаторлық ауруларын зерттеуге арналған диагностикалық тест-жүйелердiң бiрыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемiн айқындайды;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар үшiн бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен сатып алынатын жабдықтардың номенклатурасын айқындайды;
3) уәкiлеттi орган бекiткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерiнiң (стандарттарының) шеңберiнде жергiлiктi деңгейдегi медицина ұйымдары мен мемлекеттiк қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзбесiн денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен келiседi.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi вакциналар мен басқа медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды сатып алу жөнiндегi әрi облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын, сондай-ақ жергiлiктi деңгейдегi жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінiң ұйымдары үшiн санитарлық автокөлiкті мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурстардың бiрыңғай ұйымдастырушысы болады.
Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (диабетке қарсы препараттарды сатып алу кезiнде, облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын, сондай-ақ жедел және шұғыл медициналық көмек қызметiнiң ұйымдары үшiн санитарлық автокөлiктi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшiн вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезiнде) органдарының өкiлдерi кiредi.
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң медицина ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практика дәрiгерлерi жүйесiн дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен жиынтықталған лауазымдарға еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстарға пайдаланылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне медицина ұйымдарын мамандармен толық жиынтықтау туралы әкiмдiктердiң қаулылары берiледi.
6. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары:
1) мыналарды:
созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезiнде диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi;
амбулаториялық деңгейде азаматтардың жекелеген санаттарын жеңiлдiктi жағдайларда;
5 жасқа дейiнгi балаларды;
жүктi әйелдердi құрамында темiр және йоды бар препараттармен;
АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшiн;
лейкемиямен ауыратын балалар үшiн дәрiлiк қамтамасыз етуге арнап дәрiлiк заттарды;
2) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргiзуге арналған тест-жүйелердi;
туберкулезге қарсы препараттарды;
онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды;
бүйрек қызметi жеткiлiксiз сырқаттарға диализаторларды, шығыс материалдарын және бүйрегi ауыстырылып салынған сырқаттар үшiн дәрi-дәрмек құралдарын сатып алу;
3) мыналарды:
қан орталықтары үшiн жабдықтарды;
облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшiн жабдықтарды;
облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын қоспағанда, жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың ұйымдастырушылары болады.
7. Объектiнi пайдалануға беру туралы әкiмдiктiң қаулысы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшiн шарт болып табылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға, сондай-ақ 2006 жылы пайдалануға берiлген денсаулық сақтау объектiлерi қызметкерлерiнiң штат санына жалақы төлеу жөнiндегi шығыстарға пайдаланылады.
Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары объектiнi пайдалануға беру кешiктiрiлген жағдайда 2007 жылғы 1 қарашадан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне тиiстi қаржы жылына арнап бекiтiлген сома шегiнде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуi мүмкін.
8. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медицина ұйымдары арасында азаматтардың жекелеген санаттарын (49 жасқа дейiнгi ұрпақты болу жасындағы әйелдердi, 18 жасқа дейiнгi балаларды қоса алғанда) алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға арналған сомаларды бөлудi осы ұйымдарға бекiтiлiп берiлген 18 жасқа дейiнгi балаларды қоса алғанда, көрсетiлген жастағы әйелдердiң санына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүргiзедi.
9. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлудi 2007 жылға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
Бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң есебiнен жарақтандыруға жататын медицина ұйымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiледi.
Денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламаларының шеңберiнде 2004-2006 жылдардың iшiнде және 2007 жылы жоспарланып отырған, осы тармақта көрсетiлген медицина ұйымдарында күрделi жөндеу жүргiзудi жүзеге асыру облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк медицина ұйымдарын санитарлық көлiктi қоспағанда, материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу үшiн шарт болып табылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы тармақта көрсетiлген шарттар орындалмаған жағдайда облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң арасында ағымдағы нысаналы трансферттердi қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
10. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi бағдарламаның 2007 жылға арналған iс-шараларын орындауға пайдаланылады.
11. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқыту және қосымша қабылдау құнының өсуi жөнiндегi шығыстарды өтеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi әрбiр облыс және республикалық маңызы бар қалалар үшiн 19 адамнан оқыту және қабылдау құнын ұлғайтуға жiберсiн.
12. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) бiр айлық бiлiктiлiктi арттыру циклдарына жiберiлетiн денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын және құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын және 10 айлық қайта даярлау циклдарына жiберiлетiн денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын және құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын оқыту шығыстарын және iссапар шығыстарын өтеуге;
2) бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бiр айлық бiлiктiлiктi арттыру курстарына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша мамандығы бар дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарын және оқыту шығыстарын және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының 6 айлық қайта даярлау курстарына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша мамандығы жоқ дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарын, оқыту мен жұмыс орындарын алмастыру шығыстарын өтеуге пайдаланылады.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қажеттi есеп бередi.
2007 жылға арналған республикалық
бюджеттің облыстық бюджеттерге,
Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне денсаулық сақтауға
бөлінетін ағымдағы нысаналы
трансферттерін пайдалану ережесіне
қосымша
2007 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын
материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыты
мың теңге
Өңірлердің атаулары |
Ауылдық және қалалық дәрігерлік амбулаторияларды, ауылдық жерлердегі емханаларды, қалалық емханаларды, жедел және шұғыл медициналық жәрдем станцияларын (бөлімшелерін) медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру |
жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметін санитарлық көлікпен (реанимобильдер) қамтамасыз ету |
|||||
оның ішінде |
Барлығы |
||||||
ауылдық дәрігерлік амбулаториялар |
қалалық дәрігерлік амбулаториялар |
ауылдық жерлердегі емханалар |
қалалық ауруханалар |
жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары (бөлімшелері) |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Ақмола |
73600 |
15600 |
83000 |
57350 |
21250 |
250800 |
34000 |
Ақтөбе |
67800 |
26120 |
70500 |
56400 |
21650 |
242470 |
34000 |
Алматы |
98060 |
3250 |
116600 |
46520 |
24500 |
288930 |
34000 |
Атырау |
26920 |
0 |
62580 |
55830 |
21200 |
166530 |
17000 |
ШҚО |
98360 |
48210 |
117630 |
25050 |
26200 |
315450 |
34000 |
Жамбыл |
95320 |
31520 |
113650 |
63680 |
23250 |
327420 |
34000 |
БҚО |
53080 |
6530 |
72730 |
55580 |
21000 |
208920 |
34000 |
Қарағанды |
94500 |
6530 |
116280 |
77360 |
26750 |
321420 |
34000 |
Қостанай |
93800 |
0 |
106460 |
67330 |
22600 |
290190 |
34000 |
Қызылорда |
92250 |
13060 |
105770 |
59060 |
21300 |
291440 |
34000 |
Маңғыстау |
11240 |
5640 |
65030 |
49400 |
12650 |
143960 |
17000 |
Павлодар |
92190 |
15790 |
106660 |
59150 |
23200 |
296990 |
34000 |
СҚО |
90050 |
0 |
105610 |
59150 |
23950 |
278760 |
34000 |
ОҚО |
94500 |
0 |
106680 |
44630 |
22200 |
268010 |
34000 |
Алматы қаласы |
|
6680 |
|
138630 |
26350 |
171660 |
34000 |
Астана қаласы |
|
19920 |
|
98680 |
14950 |
133550 |
17000 |
Барлығы |
1081670 |
198850 |
1349180 |
1013800 |
353000 |
3996500 |
493000 |
кестенің жалғасы
Өңірлік атаулары |
Балалар мен босандыру ұйымдарының жарақтану деңгейін медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативіне дейін жеткізу |
медициналық-генетикалық консультацияларды (кабинеттерді) жабдықтармен және шығыс материалдармен жарақтандыру |
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру |
|||
оның ішінде |
Барлығы |
медициналық-генетикалық консультацияларды (кабинеттерді) жарақтандыру үшін барлығы |
оның ішінде |
|||
балалар ауруханалары |
перинаталды орталықтар, АОА, АА, ҚА, ОА жанындағы перзентханалар мен босандыру бөлімшелері |
аудандық ауруханалар |
қалалық және облыстық ауруханалар |
|||
1 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Ақмола |
84800 |
94000 |
178800 |
32438 |
102800 |
268300 |
Ақтөбе |
84500 |
86400 |
170900 |
43903 |
77100 |
219600 |
Алматы |
59900 |
110700 |
170600 |
47759 |
101000 |
57400 |
Атырау |
94200 |
94100 |
188300 |
41640 |
99400 |
0 |
ШҚО |
93800 |
102000 |
195800 |
78001 |
66900 |
356500 |
Жамбыл |
72300 |
102000 |
174300 |
50810 |
79200 |
270900 |
БҚО |
72000 |
84300 |
156300 |
35936 |
80100 |
136300 |
Қарағанды |
86500 |
92900 |
179400 |
65963 |
69800 |
350698 |
Қостанай |
70100 |
93900 |
164000 |
42070 |
72600 |
287598 |
Қызылорда |
85700 |
87900 |
173600 |
35410 |
58200 |
126600 |
Маңғыстау |
74700 |
32400 |
107100 |
41434 |
52000 |
260698 |
Павлодар |
79200 |
96900 |
176100 |
41637 |
66300 |
349398 |
СҚО |
86300 |
114400 |
200700 |
30378 |
81100 |
323700 |
ОҚО |
225400 |
790200 |
1015600 |
84722 |
94400 |
342298 |
Алматы қаласы |
178600 |
89300 |
267900 |
38463 |
|
408898 |
Астана қаласы |
175200 |
90500 |
265700 |
40436 |
|
290999 |
Барлығы |
1623200 |
2161900 |
3785100 |
751000 |
1100900 |
4049887 |
кестенің жалғасы
Өңірлік атаулары |
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру |
Онкологиялық ұйымдарды қазіргі заманғы сәулелік терапия аппараттарымен жарақтандыру |
Кардиологиялық қызметтерді жарақтандыру |
Барлығы |
Барлығы |
||||
1 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Ақмола |
371100 |
0 |
215000 |
1082138 |
Ақтөбе |
296700 |
66000 |
0 |
853973 |
Алматы |
158400 |
241000 |
0 |
940689 |
Атырау |
99400 |
241000 |
0 |
753870 |
ШҚО |
423400 |
0 |
215000 |
1261651 |
Жамбыл |
350100 |
106000 |
0 |
1042630 |
БҚО |
216400 |
0 |
0 |
651556 |
Қарағанды |
420498 |
0 |
215000 |
1236281 |
Қостанай |
360198 |
99000 |
215000 |
1204458 |
Қызылорда |
184800 |
99000 |
0 |
818250 |
Маңғыстау |
312698 |
0 |
0 |
622192 |
Павлодар |
415698 |
0 |
215000 |
1179425 |
СҚО |
404800 |
66000 |
0 |
1014638 |
ОҚО |
436698 |
135000 |
215000 |
2189030 |
Алматы қаласы |
408898 |
0 |
0 |
920921 |
Астана қаласы |
290999 |
0 |
0 |
747685 |
Барлығы |
5150787 |
1053000 |
1290000 |
16519387 |