2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 59 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының  14 және   20-баптарын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бекiтiлген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне аударуды қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
      2) бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану туралы есептердi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5 күніне дейiн берудi қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
      Үкiметiнiң        
2007 жылғы 26 қаңтардағы 
      N 59 қаулысымен    
      бекiтiлген    

  2007 жылға арналған республикалық бюджеттiң облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
      022 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезiнде диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейiнде жеңiлдiктi жағдайлармен дәрiлiк заттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан пайдалануға берiлетiн денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      030 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медициналық кадрлармен қамтамасыз ету және жалпы практикадағы дәрiгерлердiң жүйесiн дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      031 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметiн қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      033 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне эпидемиологиялық қадағалау жүргiзу үшiн тест-жүйелердi сатып алуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне амбулаториялық емдеу деңгейiндегi 5 жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жүктi әйелдердi құрамында темiр және йод бар препараттармен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала, медициналық тексерудi жүзеге асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергiлiктi деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқыту және қосымша оқуға қабылдау құнының ұлғаюы жөнiндегi шығыстарды өтеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      040 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
      045 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiнiң алдын алу және қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2007 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
      1) 2007 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерiнiң тiзбесi мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезiнде дәрiлiк заттардың, вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және AҚTҚ мен ЖҚТБ индикаторлық ауруларын зерттеуге арналған диагностикалық тест-жүйелердiң бiрыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемiн айқындайды;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар үшiн бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен сатып алынатын жабдықтардың номенклатурасын айқындайды;
      3) уәкiлеттi орган бекiткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерiнiң (стандарттарының) шеңберiнде жергiлiктi деңгейдегi медицина ұйымдары мен мемлекеттiк қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тiзбесiн денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен келiседi.

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi вакциналар мен басқа медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды сатып алу жөнiндегi әрi облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын, сондай-ақ жергiлiктi деңгейдегi жедел және шұғыл медициналық көмек қызметінiң ұйымдары үшiн санитарлық автокөлiкті мемлекеттік сатып алу жөнiндегi конкурстардың бiрыңғай ұйымдастырушысы болады.
      Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (диабетке қарсы препараттарды сатып алу кезiнде, облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын, сондай-ақ жедел және шұғыл медициналық көмек қызметiнiң ұйымдары үшiн санитарлық автокөлiктi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшiн вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезiнде) органдарының өкiлдерi кiредi.

      5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастапқы медициналық-санитарлық көмектiң медицина ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практика дәрiгерлерi жүйесiн дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер есебiнен жиынтықталған лауазымдарға еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстарға пайдаланылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне медицина ұйымдарын мамандармен толық жиынтықтау туралы әкiмдiктердiң қаулылары берiледi.

      6. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары:
      1) мыналарды:
      созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезiнде диспансерлiк есепте тұрған балалар мен жасөспiрiмдердi;
      амбулаториялық деңгейде азаматтардың жекелеген санаттарын жеңiлдiктi жағдайларда;
      5 жасқа дейiнгi балаларды;
      жүктi әйелдердi құрамында темiр және йоды бар препараттармен;
      АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшiн;
      лейкемиямен ауыратын балалар үшiн дәрiлiк қамтамасыз етуге арнап дәрiлiк заттарды;
      2) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргiзуге арналған тест-жүйелердi;
      туберкулезге қарсы препараттарды;
      онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды;
      бүйрек қызметi жеткiлiксiз сырқаттарға диализаторларды, шығыс материалдарын және бүйрегi ауыстырылып салынған сырқаттар үшiн дәрi-дәрмек құралдарын сатып алу;
      3) мыналарды:
      қан орталықтары үшiн жабдықтарды;
      облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары үшiн жабдықтарды;
      облыстық және қалалық ауруханалар, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшiн стационарлық рентген диагностикалық, өкпенiң жасанды вентиляциясы, ингаляциялық наркозға, наркоз-тыныс алуға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, эндоскопиялық хирургияға арналған жинақтар мен операциялық микроскоптарды, кардиологиялық қызмет үшiн жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшiн сәулелi терапия аппараттарын қоспағанда, жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстардың ұйымдастырушылары болады.

      7. Объектiнi пайдалануға беру туралы әкiмдiктiң қаулысы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшiн шарт болып табылады.
      Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға, сондай-ақ 2006 жылы пайдалануға берiлген денсаулық сақтау объектiлерi қызметкерлерiнiң штат санына жалақы төлеу жөнiндегi шығыстарға пайдаланылады.
      Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары объектiнi пайдалануға беру кешiктiрiлген жағдайда 2007 жылғы 1 қарашадан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне тиiстi қаржы жылына арнап бекiтiлген сома шегiнде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуi мүмкін.

      8. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медицина ұйымдары арасында азаматтардың жекелеген санаттарын (49 жасқа дейiнгi ұрпақты болу жасындағы әйелдердi, 18 жасқа дейiнгi балаларды қоса алғанда) алдын ала медициналық тексерудi жүзеге асыруға арналған сомаларды бөлудi осы ұйымдарға бекiтiлiп берiлген 18 жасқа дейiнгi балаларды қоса алғанда, көрсетiлген жастағы әйелдердiң санына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүргiзедi.

      9. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлудi 2007 жылға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
      Бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң есебiнен жарақтандыруға жататын медицина ұйымдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсiледi.
      Денсаулық сақтау ұйымдарын күрделi жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған өңiрлiк бағдарламаларының шеңберiнде 2004-2006 жылдардың iшiнде және 2007 жылы жоспарланып отырған, осы тармақта көрсетiлген медицина ұйымдарында күрделi жөндеу жүргiзудi жүзеге асыру облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мемлекеттiк медицина ұйымдарын санитарлық көлiктi қоспағанда, материалдық-техникалық жарақтандыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу үшiн шарт болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi осы тармақта көрсетiлген шарттар орындалмаған жағдайда облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң арасында ағымдағы нысаналы трансферттердi қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

      10. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiндегi бағдарламаның 2007 жылға арналған iс-шараларын орындауға пайдаланылады.

      11. Денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқыту және қосымша қабылдау құнының өсуi жөнiндегi шығыстарды өтеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi әрбiр облыс және республикалық маңызы бар қалалар үшiн 19 адамнан оқыту және қабылдау құнын ұлғайтуға жiберсiн.

      12. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер:
      1) бiр айлық бiлiктiлiктi арттыру циклдарына жiберiлетiн денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын және құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын және 10 айлық қайта даярлау циклдарына жiберiлетiн денсаулық сақтауды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, басшыларының орынбасарларын және құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын оқыту шығыстарын және iссапар шығыстарын өтеуге;
      2) бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының бiр айлық бiлiктiлiктi арттыру курстарына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша мамандығы бар дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарын және оқыту шығыстарын және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының 6 айлық қайта даярлау курстарына жiберiлетiн, жалпы дәрiгерлiк практика мәселелерi бойынша мамандығы жоқ дәрiгерлерiнiң iссапар шығыстарын, оқыту мен жұмыс орындарын алмастыру шығыстарын өтеуге пайдаланылады.

      13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қажеттi есеп бередi.

2007 жылға арналған республикалық
бюджеттің облыстық бюджеттерге, 
Астана және Алматы қалаларының 
бюджеттеріне денсаулық сақтауға 
бөлінетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерін пайдалану ережесіне
қосымша          

2007 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
 бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын
   материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы
     нысаналы трансферттердің сомаларын пайдалану бағыты  
                                                      мың теңге 

Өңірлердің атаулары

Ауылдық және қалалық дәрігерлік амбулаторияларды, ауылдық жерлердегі емханаларды, қалалық емханаларды, жедел және шұғыл медициналық жәрдем станцияларын (бөлімшелерін) медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру

жедел және шұғыл медициналық жәрдем қызметін санитарлық көлікпен (реанимобильдер) қамтамасыз ету

оның ішінде

Барлығы

ауылдық дәрігерлік амбулаториялар

қалалық дәрігерлік амбулаториялар

ауылдық жерлердегі емханалар

қалалық ауруханалар

жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциялары (бөлімшелері)

1

2

3

4

5

6

7

8

Ақмола

73600

15600

83000

57350

21250

250800

34000

Ақтөбе

67800

26120

70500

56400

21650

242470

34000

Алматы

98060

3250

116600

46520

24500

288930

34000

Атырау

26920

0

62580

55830

21200

166530

17000

ШҚО

98360

48210

117630

25050

26200

315450

34000

Жамбыл

95320

31520

113650

63680

23250

327420

34000

БҚО

53080

6530

72730

55580

21000

208920

34000

Қарағанды

94500

6530

116280

77360

26750

321420

34000

Қостанай

93800

0

106460

67330

22600

290190

34000

Қызылорда

92250

13060

105770

59060

21300

291440

34000

Маңғыстау

11240

5640

65030

49400

12650

143960

17000

Павлодар

92190

15790

106660

59150

23200

296990

34000

СҚО

90050

0

105610

59150

23950

278760

34000

ОҚО

94500

0

106680

44630

22200

268010

34000

Алматы қаласы

  

6680

  

138630

26350

171660

34000

Астана қаласы

  

19920

  

98680

14950

133550

17000

Барлығы

1081670

198850

1349180

1013800

353000

3996500

493000

   кестенің жалғасы

 

Өңірлік атаулары

Балалар мен босандыру ұйымдарының жарақтану  деңгейін медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативіне дейін жеткізу

медициналық-генетикалық консультацияларды (кабинеттерді) жабдықтармен және шығыс материалдармен жарақтандыру

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру

оның ішінде

Барлығы

медициналық-генетикалық консультацияларды (кабинеттерді) жарақтандыру үшін барлығы

оның ішінде

балалар ауруханалары

перинаталды орталықтар, АОА, АА, ҚА, ОА жанындағы перзентханалар мен босандыру бөлімшелері 

аудандық ауруханалар

қалалық және облыстық ауруханалар

1

9

10

11

12

13

14

Ақмола

84800

94000

178800

32438

102800

268300

Ақтөбе

84500

86400

170900

43903

77100

219600

Алматы

59900

110700

170600

47759

101000

57400

Атырау

94200

94100

188300

41640

99400

0

ШҚО

93800

102000

195800

78001

66900

356500

Жамбыл

72300

102000

174300

50810

79200

270900

БҚО

72000

84300

156300

35936

80100

136300

Қарағанды

86500

92900

179400

65963

69800

350698

Қостанай

70100

93900

164000

42070

72600

287598

Қызылорда

85700

87900

173600

35410

58200

126600

Маңғыстау

74700

32400

107100

41434

52000

260698

Павлодар

79200

96900

176100

41637

66300

349398

СҚО

86300

114400

200700

30378

81100

323700

ОҚО

225400

790200

1015600

84722

94400

342298

Алматы қаласы

178600

89300

267900

38463

  

408898

Астана қаласы

175200

90500

265700

40436

  

290999

Барлығы

1623200

2161900

3785100

751000

1100900

4049887

   кестенің жалғасы

Өңірлік атаулары

Аудандық, қалалық және облыстық ауруханаларды медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру

Онкологиялық ұйымдарды қазіргі заманғы сәулелік терапия аппараттарымен жарақтандыру

Кардиологиялық қызметтерді жарақтандыру

Барлығы

Барлығы

1

15

16

17

18

Ақмола

371100

0

215000

1082138

Ақтөбе

296700

66000

0

853973

Алматы

158400

241000

0

940689

Атырау

99400

241000

0

753870

ШҚО

423400

0

215000

1261651

Жамбыл

350100

106000

0

1042630

БҚО

216400

0

0

651556

Қарағанды

420498

0

215000

1236281

Қостанай

360198

99000

215000

1204458

Қызылорда

184800

99000

0

818250

Маңғыстау

312698

0

0

622192

Павлодар

415698

0

215000

1179425

СҚО

404800

66000

0

1014638

ОҚО

436698

135000

215000

2189030

Алматы қаласы

408898

0

0

920921

Астана қаласы

290999

0

0

747685

Барлығы

5150787

1053000

1290000

16519387

     

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады