Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 88 Қаулысы

      Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бiрегей табиғи кешендерiн сақтау және қалпына келтiру мен оларды одан әрi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - мекеме) құрылсын. 
      2. Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарының аумағындағы мына санаттардағы жерден жалпы алаңы 161045 гектар жер учаскелерi:
      босалқы жерден - 96330 гектар;
      орман қоры жерiнен - Кеген мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесiнен - 64715 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берiлсiн.
      Көрсетiлген жер учаскелерi босалқы және орман қорының жерi санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерi санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ормандары" санатына жатқызылсын.
      3. Алматы облысының әкiмдiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге керi әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерiнiң төңiрегiнде күзет аймағын белгiлесiн.
      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiмен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен жергiлiктi жерде мекеме жерiнiң шекараларын белгiлесiн.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi белгiленген тәртiппен:
      1) мекеме туралы ереженi бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      6. Мекеменi қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетiн сома есебiнен және соның шегiнде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1)  (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен)
      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-2-жолмен толықтырылсын:
      "21-2. "Көлсай көлдерi" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi";
      3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2007 жылғы 7 ақпандағы     
N 88 қаулысына        
қосымша            

    Алматы облысының аумағында құрылатын "Көлсай көлдерi"
мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiне тұрақты жер пайдалануға
     берiлетiн жер учаскелерiнiң экспликациясы

Р/с
N

Жердің санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары

Алаңы, га

1

Райымбек ауданы:
  1) босалқы жер (жайылымдар);
  2) орман қоры жерi (Кеген мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесi);
соның iшiнде:
   Құрмет орманшылығы
   Қарабұлақ орманшылығы
         жиыны :


      96330
 
 
 
          51908
 
      36055
    15853
     148238

2

Талғар ауданы:
  орман қоры жерлерi (Кеген мемлекеттiк орман шаруашылығы мекемесi),
соның iшiнде:
Құрмет орманшылығы


 
 

           12807
 
       12807


Барлығы: 161045

О создании государственного учреждения "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2007 года N 88

      В целях сохранения и восстановления уникальных природных комплексов Алматинской области, имеющих особую экологическую, историческую, научную, эстетическую и рекреационную ценность и обеспечения их дальнейшего развития Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Создать государственное учреждение "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері" Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - учреждение).

      2. Изъять из следующих категорий земель на территории Райымбекского и Талгарского районов Алматинской области земельные участки общей площадью 161045 гектаров:
      земель запаса - 96330 гектаров;
      земель лесного фонда - Кегенского государственного учреждения лесного хозяйства - 64715 гектаров и предоставить их учреждению на праве постоянного землепользования согласно приложению к настоящему постановлению.
      Перевести указанные земельные участки из категорий земель запаса и лесного фонда в категорию земель особо охраняемых природных территорий, а имеющиеся на этой территории леса отнести к категории "леса государственных национальных природных парков".

      3. Акимату Алматинской области в соответствии с действующим законодательством установить охранную зону вокруг земель учреждения с запрещением и (или) ограничением в пределах этой зоны любой деятельности, отрицательно влияющей на состояние и восстановление экологических систем.

      4. Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами совместно с Комитетом лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке установить на местности границы земель учреждения.

      5. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке:
      1) утвердить Положение об учреждении и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      6. Установить, что финансирование учреждения осуществляется из республиканского бюджета за счет и в пределах сумм, предусматриваемых в республиканском бюджете на содержание особо охраняемых природных территорий.

      7. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      1)  (утратил силу - постановлением Правительства РК от 15.04.2008  N 339 ) ;
      2) в  постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года N 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г. N 14, ст. 168):
       Перечень организаций, находящихся в ведении Комитета лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденный указанным постановлением, дополнить строкой, порядковый номер 21-2 следующего содержания:
      "21-2. "Государственное учреждение "Государственный национальный природный парк "Көлсай көлдері";
      3) утратил силу постановлением Правительства РК от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 15.04.2008 N 339; от 04.09.2015 № 745 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан

Приложение           
к постановлению Правительства  
Республики Казахстан      
от 7 февраля 2007 года N 88 

Экспликация
земельных участков, предоставляемых в постоянное
землепользование создаваемому государственному национальному
природному парку "Көлсай көлдері" на территории
Алматинской области

N
п/п

Категория земель и
сельскохозяйственные угодья

Площадь, га

1

Райымбекский район:
  1) земли запаса (пастбища);
  2) земли лесного фонда
(Кегенское государственное
учреждение лесного хозяйства);
  в том числе:
  Курметинское лесничество
  Карабулакское лесничество
          итого:



  96330
 
 
    51908
 
  36055
15853
148238

2

Талгарский район:
  земли лесного фонда
(Кегенское государственное
учреждение лесного хозяйства),
  в том числе: Курметинское лесничество



  12807
 
 
    12807


       Всего:

161045