Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 370-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында:
1-тармақтағы "құрылысы", "салу" деген сөздер "құрылысына нысаналы трансферттер аудару", "салуға нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "өтеу" деген сөз "өтеуге нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған "комитетi" деген сөзден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі