Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 97 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 370-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағанында:
      1-тармақтағы "құрылысы", "салу" деген сөздер "құрылысына нысаналы трансферттер аудару", "салуға нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;      
      2-тармақтағы "өтеу" деген сөз "өтеуге нысаналы трансферттер аудару" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-баған "комитетi" деген сөзден кейiн ", Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады