Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 және 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 58 өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi өкiмiнiң жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578 және 1999 жылғы 15 шiлдедегi N 58 өкiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр өкiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Мемлекеттiк нышандар жөнiндегi республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 3578
өкiмiне
(Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 268-құжат; 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк нышандар жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереженiң 11-тармағының бiрiншi абзацындағы ", ақпарат және спорт" деген сөздер "және ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 15 шілдедегi N 58
өкiмiне
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 23, 282-құжат; 2002 ж., N 42, 415-құжат; 2003 ж., N 35, 347-құжат; 2004 ж., N 21, 266-құжат; 2005 ж., N 22, 267-құжат):
жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген Мемлекеттiк рәмiздер жөнiндегi республикалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Ертiсбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермұхамет Қабиденұлы және ақпарат министрi, төрағаның
орынбасары
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi, хатшы
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының
Асқар Болатұлы Индустрия және сауда вице-министрi
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы министрiнiң орынбасары
Шаймерден - жазушы, рәмiзтанушы, Қазақстан
Ербол Шаймерденұлы Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлiгi Тарихи-мәдени мұра
департаментiнiң директоры
"Досжан - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
Комиссия хатшысы"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досжан - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ардақ Дүкенбайұлы Әкiмшiлiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
меңгерушiсi";
көрсетiлген Комиссия құрамынан Ә.Ө.Исекешев, Д.А.Кәлетаев, Е.М.Қосыбаев, A.Б.Тасболатов, К.Н.Шәмшидинова шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi