"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы N 192 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 14 наурыздағы
N 192 қаулысымен
бекiтiлген

"Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Меморандум жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құру мақсаты

      "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Сарыарқа" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Қарағанды облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Сарыарқа" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Сарыарқа" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

Об утверждении Меморандума об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2007 года N 192.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение подпункта 3) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 13 января 2007 года N 274 "О мерах по созданию и обеспечению деятельности социально-предпринимательских корпораций" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка".

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахcтан

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 марта 2007 года N 192

Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка"

      Сноска. Меморандум в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Цель создания

      Целью создания акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка" (далее – АО "СПК "Сарыарка") является содействие экономическому развитию Карагандинской области путем консолидации государственного и частного секторов, создания единого экономического рынка на основе кластерного подхода, формирования благоприятной экономической среды для привлечения инвестиций и инноваций, участия в разработке и реализации программ, направленных на социальное развитие регионов, а также разведку, добычу, переработку полезных ископаемых, в том числе и общераспространенных, за исключением следующих полезных ископаемых: газ (кроме метана, добываемого из угольных пластов), нефть, уран.

      АО "СПК "Сарыарка" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут переданы:

      финансовые средства для капитализации уставного капитала;

      земельные участки для реализации инвестиционных проектов;

      права недропользования;

      инфраструктурные объекты, инженерные коммуникации и сети, способные генерировать доходы за счет оплаты их использования;

      объекты движимого и недвижимого имущества, находящиеся в государственной собственности;

      акции акционерных обществ, доли участия в товариществах с ограниченной ответственностью и государственные предприятия (далее – организации), находящиеся в государственной собственности.

      2. Основные принципы деятельности АО "СПК "Сарыарка"

      Деятельность АО "СПК "Сарыарка" будет основываться на принципах транспарентности, комплексности и приоритетности.

      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления и ответственности менеджеров, надлежащий контроль над эффективным использованием финансовых ресурсов. Для реализации данного принципа будет активно использоваться институт независимых директоров с привлечением профессиональных менеджеров с безупречной деловой репутацией.

      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации организаций на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики.

      Принцип приоритетности означает, что в работе по подготовке и выбору реализуемых проектов будет отдаваться предпочтение проектам, где отражаются решения социально значимых проблем соответствующего региона.

      3. Задачи АО "СПК "Сарыарка"

      Достижение цели создания АО "СПК "Сарыарка" будет основываться на решении следующих основных задач:

      создание эффективной системы управления государственными активами;

      внедрение принципов социальной ответственности бизнеса в регионах;

      создание конкурентоспособных, экспортоориентированных производств на основе государственно-частного партнерства;

      формирование благоприятной среды для привлечения инвестиций и внедрения инноваций;

      реализация бизнес-проектов, в том числе на основе концессий и кластерной инициативы;

      создание институциональных условий для развития малого и среднего бизнеса;

      направление прибыли на решение региональных социальных проблем;

      обеспечение прорывного развития регионов путем консолидации государственных активов и предпринимательской инициативы;

      продвижение экономического имиджа региона на внутреннем и внешнем рынках;

      повышение производительности малого и среднего предпринимательства путем развития кластерного производства и внедрения новых технологий;

      реабилитация, реструктуризация государственных предприятий, развитие на их основе новых конкурентоспособных производств и технологий;

      формирование базы бизнес-проектов, финансирование и создание условий для их реализации.

      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться АО "СПК "Сарыарка" путем реализации собственных и совместных проектов, а также участия в деятельности организаций, переданных АО "СПК "Сарыарка".

      4. Функции АО "СПК "Сарыарка"

      Основными функциями АО "СПК "Сарыарка" в рамках осуществления корпоративного управления организациями через их общие собрания и советы директоров будут являться:

      постановка целей для организаций;

      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов организаций, направленных на достижение поставленных целей;

      контроль над эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;

      подбор и мотивация руководителей организаций.

      5. Вопросы управления АО "СПК "Сарыарка"

      В состав Совета директоров АО "СПК "Сарыарка" входят представители акимата Карагандинской области, председатель Правления АО "СПК "Сарыарка".

      В компетенцию Совета директоров АО "СПК "Сарыарка" входят:

      определение приоритетных направлений деятельности АО "СПК "Сарыарка";

      постановка целей деятельности АО "СПК "Сарыарка";

      утверждение бюджета АО "СПК "Сарыарка";

      иные вопросы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Финансирование деятельности АО "СПК "Сарыарка" осуществляется за счет средств уставного капитала, инвестиционных кредитов, грантов или иных доходов в соответствии с законодательством.

      6. Взаимоотношения между АО "СПК "Сарыарка" и организациями

      Взаимоотношения между АО "СПК "Сарыарка" и организациями определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "СПК "Сарыарка" на деятельность организаций ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих советах директоров организаций, а также функции участника в организациях.