Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "ENRC Eurasian Natural Resources Corporation (PLC)" акционерлік компаниясымен (бұдан әрі - компания) (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне өзі эмиссиялаған акцияларды енгізуге компанияның бастамашылық жасауы және акцияларды одан әрі сату мақсатында компанияның құрылтай және өзге де құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздер жүргізсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі