"ENRC Eurasian Natural Resources Corporation (PLC)" акционерлік компаниясының (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 252 Қаулысы

      Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығын жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "ENRC Eurasian Natural Resources Corporation (PLC)" акционерлік компаниясымен (бұдан әрі - компания) (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне өзі эмиссиялаған акцияларды енгізуге компанияның бастамашылық жасауы және акцияларды одан әрі сату мақсатында компанияның құрылтай және өзге де құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келіссөздер жүргізсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады