Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 287-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiнде:
3-тармақтағы "1 сәуірде" деген сөздер "1 тамызда" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiсiне арналған техникалық паспортты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары - республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдары ресімдейді.";
17-тармақтағы "1 шілдеге" деген сөздер "1 қарашаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі