Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 302 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 696  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 287-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу ережесiнде:
      3-тармақтағы "1 сәуірде" деген сөздер "1 тамызда" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiсiне арналған техникалық паспортты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары - республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың филиалдары ресімдейді.";
      17-тармақтағы "1 шілдеге" деген сөздер "1 қарашаға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады