"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мына:
Алматы облысы Қаратал ауданы Көкпекті ауылының Первомайская орта мектебіне халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің;
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының N 15 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектебіне белгілі педагог Сүлеймен Қарабалиннің есімдері берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қ. Бижанов ауылының Н.К.Крупская атындағы орта мектебі - ақын Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп;
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының Киров атындағы орта мектебі - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп;
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің Терешкова атындағы орта мектебі - Толқын орта мектебі;
Алматы облысы Ескелді ауданы Ақтасты ауылының Белокаменка бастауыш мектебі - Ақтасты бастауыш мектебі;
Алматы облысы Ескелді ауданы Қоржынбай ауылының Березовка бастауыш мектебі - Қоржынбай бастауыш мектебі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғаш рет»ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі