Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 321 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Мына:
      Алматы облысы Қаратал ауданы Көкпекті ауылының Первомайская орта мектебіне халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің;
      Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының N 15 жоғары сатылы жалпы орта білім беретін мектебіне белгілі педагог Сүлеймен Қарабалиннің есімдері берілсін.
      2. Мынадай білім беру ұйымдары:
      Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қ. Бижанов ауылының Н.К.Крупская атындағы орта мектебі - ақын Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп;
      Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының Киров атындағы орта мектебі - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы орта мектеп; 
      Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылдық округінің Терешкова атындағы орта мектебі - Толқын орта мектебі;
      Алматы облысы Ескелді ауданы Ақтасты ауылының Белокаменка бастауыш мектебі - Ақтасты бастауыш мектебі;
      Алматы облысы Ескелді ауданы Қоржынбай ауылының Березовка бастауыш мектебі - Қоржынбай бастауыш мектебі болып қайта аталсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет»ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады