Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын үкіметтер атынан осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,
қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, адам мен азаматтың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге маңызды мән бере отырып,
Тараптардың көліктегі қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл жасасуын одан әрі нығайту ниетін білдіре отырып,
жолаушылар мен жүктер тасымалдаудың барынша қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талпыныс білдіре отырып,
халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімге, ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес көлікте жасалатын, ең алдымен:
а) жеке адамның өмірі мен денсаулығына, ары мен абыройына қарсы;
б) террористік сипаттағы;
в) есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, қару-жарақтың, оқ-дәрілердің, жарылғыш, қатты әсер ететін улы заттардың, радиоактивтік және биологиялық материалдардың, сондай-ақ адамның денсаулығы мен өміріне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін өзге де материалдардың заңсыз айналымына байланысты;
г) заңсыз көші-қонға байланысты;
д) тауарлар мен жүктерді, оның ішінде орын ауыстыруына тыйым
салынған немесе шектеу қойылғандарды заңсыз әкелуге, әкетуге және
транзиттеуге байланысты;
е) меншікке, оның ішінде жүктер мен қол жүгін ұрлауға қарсы;
ж) көлік құралдарының, оны энергиямен жабдықтаудың, жүру
жолдарының, көлік инфрақұрылымы ғимараттары мен құрылыстарының, жаңа
құрал-жабдықтардың, байланыс және сигнализация құралдарының немесе
көлік құралының барлық түрінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де көлік жабдықтарының жай-күйін пайдалануға жарамсыз күйге келтіруге бағытталған;
з) жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлікті пайдалану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде және ашуда ынтымақтастықты жүзеге асырады.
1. Тараптар ынтымақтастықты өзінің құзыретті органдар арқылы жүзеге асырады.
2. Құзыретті органдар тізбесін әр Тарап өзі белгілейді және депозитарийге береді.
Құзыретті органдар тізбесіндегі өзгерістер туралы Тараптардың әрқайсысы депозитарийге жазбаша түрде хабарлайды.
3. Тараптардың құзыретті органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелері осы Келісімнің ережелерін орындау мақсатында Тараптардың құзыретті органдары белгілеген тәртіппен тікелей байланыстар орната алады.
1. Ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
а) жедел, анықтамалық, криминалистикалық және өзге де ақпаратпен, оның ішінде көлікте жасалатын және жасалған қылмыстар мен оларға қатысы бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар туралы мәліметтермен алмасу;
б) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу туралы сұрау салуларды орындау;
в) бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операцияларды жоспарлау және жүзеге асыру, қажет болған жағдайда бірлескен жедел-іздестіру топтарын құру;
г) көлікте жасалған қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарға бірлесіп тексеру жүргізу;
д) Тараптардың құзыретті органдарының келісімі бойынша іс-қимылды үйлестіру үшін бірлескен жедел-іздестіру және жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде өкілдермен алмасу;
е) қылмыстық қудалаудан немесе жазасын өтеуден жасырынып жүрген, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру;
ж) танылмаған мәйіттерді, сондай-ақ жеке басы анықталмаған науқастар мен балаларды сәйкестендіру;
з) Тараптардың құзыретті органдары қызметкерлерінің қызметтік
іссапарда болу кезінде қабылдаушы Тараптың келісімі бойынша және
белгіленген тәртіппен қажетті көмек көрсету;
и) жұмыс тәжірибесімен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер, кеңестер, конференциялар мен семинарлар өткізу;
к) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ғылыми зерттеулер нәтижелерімен және әдістемелік ұсынымдармен алмасу.
2. Тараптар ынтымақтастықты өзге де өзара тиімді нысандарда жүзеге асыра алады.
3. Осы Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және беру мәселелерін қозғамайды.
1. Тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығы көмек көрсету туралы сұрау салуларды (одан әрі - сұрау салу) орындау арқылы жүзеге асырылады.
2. Сұрау салу жазбаша түрде жолданады. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда сұрау салу ауызша берілуі керек, кейіннен үш тәулік мерзімнен кешіктірілмей міндетті түрде жазбаша расталды. Бұл ретте мәтінді берудің техникалық құралдары пайдаланылуы мүмкін.
Сұрау салудың түпнұсқасына немесе мазмұнына күмән туындаған жағдайда оны қосымша растау туралы сұрау салынуы мүмкін.
3. Сұрау салуда:
а) сұрау салатын және сұрау салынатын Тараптардың құзыретті
органдарының атауы;
б) сұрау салу жіберіліп отырған материалдың қысқаша мазмұны;
в) сұрау салудың мақсаты мен негіздемесін көрсету;
г) қажет болғанда сұрау салуды орындау кезіндегі ерекше тәртіпті сипаттау және осы қажеттіліктің негіздемесі;
д) сұрау салуды орындау үшін пайдалы болуы мүмкін өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды тиісті түрде орындау үшін қажет қосымша мәліметтерге сұрау салуға құқылы.
4. Сұрау салатын Тараптың құзыретті органының ресми бланкісінде жіберілген немесе жазбаша түрде расталған сұрау салуға осы органның басшысы немесе оның орнындағы адамның қолы қойылып, елтаңбалы мөрімен куәландырылуы тиіс.
5. Егер сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындау қажет емес екенін анықтаса, онда бұл туралы осы орган сұрау салынып отырған Тараптың құзыретті органын тез арада мәлімдейді.
1. Егер сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындау оның мемлекетінің егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне зиян келтіреді немесе ұлттық заңнамасына немесе мемлекетінің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп ұйғарса, көмек көрсетуден толық немесе ішінара бас тартуы мүмкін.
2. Сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды орындаудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, дереу жазбаша түрде хабарландырылады.
1. Егер сұрау салуды алған органның құзыретіне көмек көрсету туралы сұрау салуды орындау кірмейтін болса, онда осы орган оны дереу сұрау салынатын Тараптың тиісті құзыретті органына береді және бұл туралы сұрау салатын Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
2. Сұрау салынған Тараптың құзыретті органы сұрау салған Тараптың құзыретті органы көрсеткен мерзімде сұрау салудың толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салудың орындалуына кедергі келтіретін немесе кідіртетін жағдайлар туралы дереу хабарландырылады.
3. Сұрау салуды орындау кезінде сұрау салынатын Тараптың заңнамасы қолданылады.
4. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салатын Тараптың құзыретті органының өтініші бойынша сұрау салуды орындау кезінде оның өкілдерінің қатысуына мүмкіндік бере алады.
5. Тараптардың әрқайсысының құзыретті органдары егер сұрау салатын Тараптың құзыретті органы олардың мазмұнын жариялау қажет емес деп санаса, екінші Тараптың құзыретті органынан алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз етеді. Құпиялық дәрежесін сұрау салатын Тараптың құзыретті органы белгілейді.
Сұрау салуды орындау кезінде құпиялықты сақтау мүмкін болмаған жағдайда сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы мұндай жағдайларда сұрау салуды орындау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау үшін бұл туралы сұрау салатын Тараптың құзыретті органына хабарлайды.
1. Сұрау салуды орындау нәтижелер оларды ұсынған құзыретті органның келісімінсіз сұралған және ұсынылғаннан өзге мақсаттарда пайдаланыла алмайды.
2. Сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салу нәтижелерін өзге мақсаттарда тек сұрау салынған Тараптың құзыретті органының жазбаша келісімі бойынша ғана пайдалана алады. Мұндай жағдайларда сұрау салатын Тараптың құзыретті органы сұрау салатын Тараптың құзыретті органы белгілеген сұрау салу нәтижелерін пайдаланудың шектелуін сақтайды.
3. Осы баптың ережелері егер сұрау салатын Тараптың заңнамасында осылайша әрекет ету міндеті көзделсе, сұрау салуды орындау нәтижелерін өзге мақсаттарда пайдалану немесе жариялау мүмкіндігін алып тастамайды. Сұрау салынатын Тараптың жазбаша келісімі болған жағдайда сұрау салуды орындау нәтижелерін өзге мақсаттарда пайдалануға немесе жариялауға жол беріледі.
Осы Келісімнің негізінде бір Тараптың құзыретті органынан алынған мәліметтерді үшінші тарапқа беру үшін осы мәліметтерді ұсынған екінші Тараптың құзыретті органынан алдын ала жазбаша келісім қажет етіледі.
Тараптардың құзыретті органдары егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, осы Келісімді орындау барысында туындаған шығыстарды дербес көтереді.
Тараптардың құзыретті органдары ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде жұмыс тілі ретінде орыс тілін қолданады.
Осы Келісім ережелерін түсіндіру және қолдану кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
Осы Келісімнің ережелері Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы депозитарийдің үшінші хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді. Мұндай рәсімдерді кеш орындаған мемлекеттер үшін Келісім депозитарийдің тиісті хабарламалар алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, жеке хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және осы Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
Осы Келісім оның ережелерін осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен бөлісетін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарийге сақтауға берген күнінен бастап күшіне енеді.
1. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге бұл туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, шығатын күніне дейін кемінде алты ай қалғанда осы Келісімнен шыға алады.
2. Шығатын сәтте тиісті Тарап оның осы Келісімге қатысқан уақытында туындаған барлық материалдық және қаржылық міндеттемелерін орындауға тиіс.
Осы Келісім оның күшіне енген күнінен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, егер Тараптар өзге шешім қабылдамаған болса, автоматты түрде бес жыл мерзімге ұзартылады.
Астана қаласында 2004 жылғы 15 қыркүйекте бір түпнұсқа данада орыс тілінде жасалды. Түпнұсқа дана осы Келісімге қол қойған әр мемлекетке оның көшірмелерін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін Түркменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін