Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. 2006 жылғы 20 желтоқсанда Пекин қаласында жасалған 2005 жылғы 4 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі арасындағы»Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
2005 жылғы 4 шілдедегі»Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы»Қорғас»шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттама
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Тараптар деп аталатын) 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы»"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі Келісім деп аталатын) 45-бабы негізінде төмендегілерден тұратын өзгерістер мен толықтыру енгізуге келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1. 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталықтың жалпы алаңы 5,28 ш. км. құрайды, оның қазақстандық бөлігінің алаңы - 1,85 ш. км, қытай бөлігінің алаңы - 3,43 ш. км.
2. 9-бап мынадай абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының Шекара қызметтері Орталықтың қазақстандық және қытай бөліктерінің аумағындағы Тараптардың басқарушы органдарының жұмыс кездесулеріне және үйлестіруге қатысушылардың, сарапшыларының және көлік құралдарының оңай өтуін қамтамасыз етеді.".
3. Оның бұрынғы N 1-қосымшасын ауыстыра отырып, осы
Хаттаманың қосымшасы (Орталық аумағының географиялық координаттары,
орналасу схемасы және шекара аумағы) Келісімнің N 1 қосымшасы болып табылады.
Осы Хаттама Тараптардың күшіне енуіне қажетті мемлекет ішіндегі рәсімдердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Келісімнің қолдану мерзімінде күшінде болады.
Пекин қаласында 2006 жылғы»20 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдеріндегі екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
ҚР ШЫХО (185 га) орналасу схемасы, шекарасы және ҚХР ШЫХО (343 га)
РҚАО-ның ескертуі. Қосымша 1 қағаздағы нұсқадан қараңыз.