"Ертіс" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы", "Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы N 392 Қаулысы.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ертіс", "Жетісу" және "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;

      2) "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген

"Epтic" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Меморандум жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құру мақсаты

      "Ертіс" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Ертіс" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ертіс" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi – ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Ертіс" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Ертіс" ӘКК"

      АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Ертіс" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Ертіс" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, "Ертіс" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Ертіс" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Ертіс" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Ертіс" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Ертіс" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Ертіс" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген

"Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Меморандум жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Құру мақсаты

      "Жетісу" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi – "Жетісу" ӘКК" АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруға қатысу жолымен Алматы облысының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Жетісу" ӘКК" АҚ-ға:

      жарғылық капиталды капиталдандыру үшiн қаржы қаражаты;

      инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн жер учаскелерi;

      жер қойнауын пайдалану құқығы;

      пайдаланылуына ақы төлеу есебiнен кiрiстердi жинақтауға қабiлеттi инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер;

      мемлекеттiк меншiктегi жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерi;

      акционерлiк қоғамдардың акциялары, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу үлестерi және мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - ұйымдар) берiлетiн болады.

      2. "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның қызметi транспаренттілік, кешендiлiк және басымдылық қағидаттарына негiзделетiн болады.

      Транспаренттілік қағидаты корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды және менеджерлердiң жауапкершiлiгiн, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты iске асыру үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлар институты белсендi түрде пайдаланылатын болады.

      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әртүрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

      Басымдылық қағидаты iске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөнiндегi жұмыста тиiстi өңiрдiң әлеуметтiк маңызды проблемаларын шешу көрсетiлетiн жобаларға басымдық берiлетiнiн бiлдiредi.

      3. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның мiндеттерi

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге негiзделетiн болады:

      мемлекеттiк активтердi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;

      өңiрлерде бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi қағидаттарын енгiзу;

      мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк негiзiнде бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру;

      инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгiзу үшiн қолайлы орта қалыптастыру;

      бизнес-жобаларды, оның iшiнде концессиялар мен кластерлiк бастамалар негiзiнде iске асыру;

      шағын және орта бизнестi дамыту үшiн институционалдық жағдайлар жасау;

      пайданы өңiрлiк әлеуметтiк проблемаларды шешуге бағыттау;

      мемлекеттiк активтер мен кәсiпкерлiк бастаманы шоғырландыру жолымен өңiрлердiң серпiндi дамуын қамтамасыз ету;

      өңiрдiң iшкi және сыртқы нарықтарындағы экономикалық беделiн арттыру;

      кластерлiк өндiрiстi дамыту және жаңа технологияларды енгiзу жолымен шағын және орта кәсiпкерлiктiң өнiмдiлiгiн арттыру;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негiзiнде бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстер мен технологияларды дамыту;

      бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды iске асыру үшiн жағдайлар жасау.

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу "Жетісу" ӘКК" АҚ өзіндік және бірлескен жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ "Жетісу" ӘКК" АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу арқылы жүзеге асырылады.

      4. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның функциялары

      Ұйымдарды олардың жалпы жиналыстары және директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның негiзгi функциялары:

      ұйымдар үшін мақсаттар қою;

      орта мерзімді бизнес-жоспарларды, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған инвестициялық бағдарламалар мен ұйымдардың жылдық бюджеттерін бекіту;

      жеке сектор бастамаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын тиімді пайдалануды бақылау;

      ұйым басшыларын іріктеу мен ынталандыру болып табылады.

      5. "Жетісу" ӘКК" АҚ-ны басқару мәселелерi

      "Жетісу" ӘКК" АҚ" Директорлар кеңесінің құрамына Алматы облысы әкімдігінің өкілдері, "Сарыарқа" ӘКК" АҚ" Басқармасының төрағасы кіреді.

      "Жетісу" ӘКК" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне:

      "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;

      "Жетісу" ӘКК" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның бюджетiн бекiту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер кiредi.

      "Жетісу" ӘКК" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

      6. "Жетісу" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар

      "Жетісу" ӘКК" АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетiлген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ-ның ұйымдар қызметiне әсерi акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиiстi директорлар кеңестерiнде өкiлдiк ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 мамырдағы
N 392 қаулысымен
бекітілген

"Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об утверждении меморандумов об основных принципах деятельности акционерных обществ "Социально-предпринимательская корпорация "Epтic", "Социально-предпринимательская корпорация "Жетісу"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2007 года N 392.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Во исполнение подпункта 3) пункта 1 Указа Президента Республики Казахстан от 20 апреля 2007 года N 320 "О мерах по созданию и обеспечению деятельности социально-предпринимательских корпораций "Epтic", "Жетісу" и "Оңтүстік" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Epтic";

      2) Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Жетісу".

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 мая 2007 года N 392

Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Epтic"

      Сноска. Меморандум в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Цель создания

      Целью создания акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка" (далее – АО "СПК "Epтic") является содействие экономическому развитию Восточно-Казахстанской области путем консолидации государственного и частного секторов, создания единого экономического рынка на основе кластерного подхода, формирования благоприятной экономической среды для привлечения инвестиций и инноваций, участия в разработке и реализации программ, направленных на социальное развитие регионов, а также разведку, добычу, переработку полезных ископаемых, в том числе и общераспространенных, за исключением следующих полезных ископаемых: газ (кроме метана, добываемого из угольных пластов), нефть, уран.

      АО "СПК "Epтic" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут переданы:

      финансовые средства для капитализации уставного капитала;

      земельные участки для реализации инвестиционных проектов;

      права недропользования;

      инфраструктурные объекты, инженерные коммуникации и сети, способные генерировать доходы за счет оплаты их использования;

      объекты движимого и недвижимого имущества, находящиеся в государственной собственности;

      акции акционерных обществ, доли участия в товариществах с ограниченной ответственностью и государственные предприятия (далее – организации), находящиеся в государственной собственности.

      2. Основные принципы деятельности АО "СПК "Epтic"

      Деятельность АО "СПК "Epтic" будет основываться на принципах транспарентности, комплексности и приоритетности.

      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления и ответственности менеджеров, надлежащий контроль над эффективным использованием финансовых ресурсов. Для реализации данного принципа будет активно использоваться институт независимых директоров с привлечением профессиональных менеджеров с безупречной деловой репутацией.

      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации организаций на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики.

      Принцип приоритетности означает, что в работе по подготовке и выбору реализуемых проектов будет отдаваться предпочтение проектам, где отражаются решения социально значимых проблем соответствующего региона.

      3. Задачи АО "СПК "Epтic"

      Достижение цели создания АО "СПК "Epтic" будет основываться на решении следующих основных задач:

      создание эффективной системы управления государственными активами;

      внедрение принципов социальной ответственности бизнеса в регионах;

      создание конкурентоспособных, экспортоориентированных производств на основе государственно-частного партнерства;

      формирование благоприятной среды для привлечения инвестиций и внедрения инноваций;

      реализация бизнес-проектов, в том числе на основе концессий и кластерной инициативы;

      создание институциональных условий для развития малого и среднего бизнеса;

      направление прибыли на решение региональных социальных проблем;

      обеспечение прорывного развития регионов путем консолидации государственных активов и предпринимательской инициативы;

      продвижение экономического имиджа региона на внутреннем и внешнем рынках;

      повышение производительности малого и среднего предпринимательства путем развития кластерного производства и внедрения новых технологий;

      реабилитация, реструктуризация государственных предприятий, развитие на их основе новых конкурентоспособных производств и технологий;

      формирование базы бизнес-проектов, финансирование и создание условий для их реализации.

      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться АО "СПК "Epтic" путем реализации собственных и совместных проектов, а также участия в деятельности организаций, переданных АО "СПК "Epтic".

      4. Функции АО "СПК "Сарыарка"

      Основными функциями АО "СПК "Epтic" в рамках осуществления корпоративного управления организациями через их общие собрания и советы директоров будут являться:

      постановка целей для организаций;

      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов организаций, направленных на достижение поставленных целей;

      контроль над эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;

      подбор и мотивация руководителей организаций.

      5. Вопросы управления АО "СПК "Epтic"

      В состав Совета директоров АО "СПК "Epтic" входят представители акимата Восточно-Казахстанской области, председатель Правления АО "СПК "Epтic".

      В компетенцию Совета директоров АО "СПК "Epтic" входят:

      определение приоритетных направлений деятельности АО "СПК "Epтic";

      постановка целей деятельности АО "СПК "Epтic";

      утверждение бюджета АО "СПК "Epтic";

      иные вопросы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Финансирование деятельности АО "СПК "Epтic" осуществляется за счет средств уставного капитала, инвестиционных кредитов, грантов или иных доходов в соответствии с законодательством.

      6. Взаимоотношения между АО "СПК "Epтic" и организациями

      Взаимоотношения между АО "СПК "Epтic" и организациями определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "СПК "Epтic" на деятельность организаций ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих советах директоров организаций, а также функции участника в организациях.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 мая 2007 года N 392

Меморандум об основных принципах деятельности акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Жетісу"

      Сноска. Меморандум в редакции постановления Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Цель создания

      Целью создания акционерного общества "Социально-предпринимательская корпорация "Жетісу" (далее – АО "СПК "Жетісу") является содействие экономическому развитию Алматинской области путем консолидации государственного и частного секторов, создания единого экономического рынка на основе кластерного подхода, формирования благоприятной экономической среды для привлечения инвестиций и инноваций, участия в разработке и реализации программ, направленных на социальное развитие регионов, а также разведку, добычу, переработку полезных ископаемых, в том числе и общераспространенных, за исключением следующих полезных ископаемых: газ (кроме метана, добываемого из угольных пластов), нефть, уран.

      АО "СПК "Жетісу" в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан будут переданы:

      финансовые средства для капитализации уставного капитала;

      земельные участки для реализации инвестиционных проектов;

      права недропользования;

      инфраструктурные объекты, инженерные коммуникации и сети, способные генерировать доходы за счет оплаты их использования;

      объекты движимого и недвижимого имущества, находящиеся в государственной собственности;

      акции акционерных обществ, доли участия в товариществах с ограниченной ответственностью и государственные предприятия (далее – организации), находящиеся в государственной собственности.

      2. Основные принципы деятельности АО "СПК "Жетісу"

      Деятельность АО "СПК "Жетісу" будет основываться на принципах транспарентности, комплексности и приоритетности.

      Принцип транспарентности предполагает создание прозрачной системы корпоративного управления и ответственности менеджеров, надлежащий контроль над эффективным использованием финансовых ресурсов. Для реализации данного принципа будет активно использоваться институт независимых директоров с привлечением профессиональных менеджеров с безупречной деловой репутацией.

      Принцип комплексности означает, что при наличии различных источников поддержки и направлений специализации организаций на определенных операциях и/или видах деятельности будет осуществляться сбалансированная поддержка инициатив как частного, так и государственного секторов экономики.

      Принцип приоритетности означает, что в работе по подготовке и выбору реализуемых проектов будет отдаваться предпочтение проектам, где отражаются решения социально значимых проблем соответствующего региона.

      3. Задачи АО "СПК "Жетісу"

      Достижение цели создания АО "СПК "Жетісу" будет основываться на решении следующих основных задач:

      создание эффективной системы управления государственными активами;

      внедрение принципов социальной ответственности бизнеса в регионах;

      создание конкурентоспособных, экспортоориентированных производств на основе государственно-частного партнерства;

      формирование благоприятной среды для привлечения инвестиций и внедрения инноваций;

      реализация бизнес-проектов, в том числе на основе концессий и кластерной инициативы;

      создание институциональных условий для развития малого и среднего бизнеса;

      направление прибыли на решение региональных социальных проблем;

      обеспечение прорывного развития регионов путем консолидации государственных активов и предпринимательской инициативы;

      продвижение экономического имиджа региона на внутреннем и внешнем рынках;

      повышение производительности малого и среднего предпринимательства путем развития кластерного производства и внедрения новых технологий;

      реабилитация, реструктуризация государственных предприятий, развитие на их основе новых конкурентоспособных производств и технологий;

      формирование базы бизнес-проектов, финансирование и создание условий для их реализации.

      Решение вышеуказанных задач будет осуществляться АО "СПК "Жетісу" путем реализации собственных и совместных проектов, а также участия в деятельности организаций, переданных АО "СПК "Жетісу".

      4. Функции АО "СПК "Жетісу"

      Основными функциями АО "СПК "Жетісу" в рамках осуществления корпоративного управления организациями через их общие собрания и советы директоров будут являться:

      постановка целей для организаций;

      утверждение среднесрочных бизнес-планов, инвестиционных программ и годовых бюджетов организаций, направленных на достижение поставленных целей;

      контроль над эффективным использованием денежных средств, выделяемых на реализацию инициатив частного сектора;

      подбор и мотивация руководителей организаций.

      5. Вопросы управления АО "СПК "Жетісу"

      В состав Совета директоров АО "СПК "Жетісу" входят представители акимата Алматинской области, председатель Правления АО "СПК "Жетісу".

      В компетенцию Совета директоров АО "СПК "Жетісу" входят:

      определение приоритетных направлений деятельности АО "СПК "Жетісу";

      постановка целей деятельности АО "СПК "Жетісу";

      утверждение бюджета АО "СПК "Жетісу";

      иные вопросы в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Финансирование деятельности АО "СПК "Жетісу" осуществляется за счет средств уставного капитала, инвестиционных кредитов, грантов или иных доходов в соответствии с законодательством.

      6. Взаимоотношения между АО "СПК "Жетісу" и организациями

      Взаимоотношения между АО "СПК "Жетісу" и организациями определяются его функциями, указанными выше. При этом влияние АО "СПК "Жетісу" на деятельность организаций ограничивается рамками корпоративного управления через осуществление функций акционера и представительство в соответствующих советах директоров организаций, а также функции участника в организациях.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 19 мая 2007 года N 392

Меморандум
об основных принципах деятельности
акционерного общества "Национальная компания
"Социально-предпринимательская корпорация "Оңтүстік"

      Сноска. Меморандум исключен постановлением Правительства РК от 10.12.2018 № 818 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).