"Ертіс", "Оңтүстік" және "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде  
жариялануға тиіс        

      Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік    дамудың тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен: P040182
      1) жарғылық капиталдарына мемлекет жүз пайыз қатысатын Семей қаласында орналасатын "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ), Шымкент қаласында орналасатын "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ) мен Талдықорған қаласында орналасатын "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" (бұдан әрі -»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ) акционерлік қоғамдары құрылсын; P080962
      2) "Ертіс" ӘКК" ҰК"»АҚ,»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ мен»"Жетісу" ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні мемлекеттік және жекеше секторлардың күш-жігерін шоғырландыруды, кластерлік әдіс негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілген метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының және Алматы қаласының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсін;
      3) " Ертіс " ӘКК" ҰК" АҚ,»" Оңтүстік " ӘКК" ҰК" АҚ және»" Жетісу "
ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі принциптері туралы меморандумдар бекітсін;
      4) "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Оңтүстік" ӘКК" ҰК" АҚ және»"Жетісу"
ӘКК" ҰК" АҚ қызметі үшін, жер учаскелерін және республикалық, коммуналдық меншік объектілерін, оның ішінде олардың жарғылық капиталына ақы төлеуді қоса алғанда, қажетті мемлекеттік активтерді беруді қамтамасыз етсін;
      5) нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізсін;
      6) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.07.20. N 632 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады