Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 481 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1670 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.25 № 1670 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Туристік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 1213 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 33, 428-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы N 853 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 32, 445-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 964 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 500-құжат).

      3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы»11 маусымдағы
N 481 қаулысымен 
      бекітілген   

Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесі

      Ескерту. Ереже алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 11 маусымдағы
N 481 қаулысымен 
      бекітілген    

Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      Есекрту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.21 N 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.
      2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.

2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

      3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар:
      1) қалыптастырылған туристік өнімнің;
      2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың;
      3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің;
      4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің;
      5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың;
      6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының;
      8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 23 қыркүйектегі
N 879 қаулысына   
қосымша       

Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат

_______________________________
(өтініш берушінің атауы)
 

Р/с

N

Тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігініңнөмірі және берілген күні

Лауазымы

Жұмыс өтілі, оның ішінде туризм саласында

Нотариалды куәландырылған құжатты растайтын көшірменің қосымшасы бар білімі туралы дипломы, куәлігі және басқа да құжаттары бойынша білігі (мамандығы)

Мамандығы бойынша  санаты, разряды, сыныбы

1 2 3 4 5 6


                М.О.                           Басшының қолы

Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к туроператорской деятельности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2007 года N 481. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2012 года № 1670

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.12.2012 № 1670 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 23.12.2011 № 1587 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 13 июня 2001 года "О туристской деятельности в Республике Казахстан" и от 11 января 2007 года "О лицензировании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, предъявляемые к туроператорской деятельности.
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 23.12.2011 № 1587 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 14 сентября 2001 года N 1213 "Об утверждении Правил лицензирования туристской деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 33, ст. 428);
      2) подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2005 года N 853 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 32, ст. 445);
      3) пункт 7 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2005 года N 964 "О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Кабинета Министров Казахской ССР, Кабинета Министров Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., N 36, ст. 500).

      3. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 9 августа 2007 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 11 июня 2007 года N 481

Правила
лицензирования туроператорской, турагентской деятельности,
услуг инструктора туризма

      Сноска. Правила исключены постановлением Правительства РК от 23.12.2011 № 1587 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 11 июня 2007 года N 481

Квалификационные требования,
предъявляемые к туроператорской деятельности

      Сноска. Квалификационные требования в редакции постановления Правительства РК от 23.12.2011 № 1587 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

1. Общие положения

      1. Настоящие квалификационные требования, предъявляемые к туроператорской деятельности (далее - требования) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 13 июня 2001 года "О туристской деятельности в Республике Казахстан", от 11 января 2007 года "О лицензировании" и определяют совокупность количественных и качественных нормативов и показателей, характеризующих способность заявителя заниматься туроператорской деятельностью.
      2. Лицензирование туроператорской деятельности осуществляется Комитетом индустрии туризма Министерства туризма и спорта Республики Казахстана (далее - лицензиар).

2. Квалификационные требования,
предъявляемые к туроператорской деятельности

      3. Требования, предъявляемые при осуществлении туроператорской деятельности, включают наличие:
      1) сформированного туристского продукта;
      2) договоров с третьими лицами (два и более) на оказание отдельных туристских услуг, входящих в сформированный туристский продукт;
      3) образца туристcкого ваучера (путевки);
      4) не менее одного работника с туристским образованием, имеющего стаж работы не менее одного года;
      5) собственного или арендованного помещения для офиса;
      6) собственной или арендованной материальной базы в случае оказания туроператором самостоятельно услуг по проживанию, проезду, услуг инструктора туризма, входящих в туристский продукт;
      7) проекта договора на туристское обслуживание, соответствующий типовому договору, утвержденному Правительством Республики Казахстан;
      8) договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности туроператора.

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан    
от 11 июня 2007 года N 481 

          Документ о наличии и количестве работников

      ____________________________________________________
                      (наименование заявителя)


п/п

Фамилия,
имя,
отчество,
номер и
дата выдачи
удостове-
рения
личности

Должность

Стаж
работы,
в том
числе
в сфере
туризма

Квалификация
(специаль-
ность)
по диплому,
свидетельству и другим документам
об образовании с приложе-
нием
нотариально
заверенной копии
подтверждаю-
щего
документа

Категория,
разряд,
класс по
специаль-
ности

1

2

3

4

5

6

      М.П.                        Подпись руководителя