Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.25 № 1670 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 210-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген туроператорлық, турагенттік қызметке, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1587 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 481 қаулысымен бекітілген |
Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - талаптар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және өтініш берушінің туроператорлық қызметпен айналысу қабілетін сипаттайтын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.
2. Туроператорлық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
2. Туроператорлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары
3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптар:
1) қалыптастырылған туристік өнімнің;
2) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғалармен (екі және одан астам) шарттардың;
3) туристік ваучер (жолдамалар) үлгісінің;
4) кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің;
5) кеңсеге арналған меншік немесе жалға алынған үй-жайдың;
6) туроператор туристік өнімге кіретін тұру, жол жүру жөніндегі қызметті, туризм нұсқаушысының қызметін дербес көрсеткен жағдайда, меншік немесе жалға алынған материалдық базасының;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсетуге арналған шарт жобасының;
8) туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуын қамтиды.