Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. 2006 жылғы 25 мамырда Душанбе қаласында жасалған Tәyeлciз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорын құру туралы шарт бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорын құру туралы ШАРТ
Үкіметтер атынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер (бұдан әрі - Тараптар),
өзара гуманитарлық ынтымақтастықты одан әpi дамытуға ұмтыла отырып,
2005 жылғы 8 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы декларацияның және 2005 жылғы 26 тамыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы туралы келісімнің ережелеріне сүйене отырып,
төмендегілер туралы келісті
:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (бұдан әpi - Қор)
құрылсын.
2. Осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қордың Жарғысы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
1. Қор заңды тұлға болып табылады.
2. Тараптар Қордың құрылтайшылары болып табылады.
3. Қордың орналасқан жері - Мәскеу қаласы.
4. Қор тараптардың аумақтарында олардың заңнамасына сәйкес өз бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін құра алады.
1. Қордың мүлкі:
Тараптардың мәдениет, білім беру, ғылым, мұрағат ici, ақпарат және бұқаралық коммуникация, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы бірлескен ic-шараларға (жобаларға) қаржылай және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар және қызметтер түріндегі epiкті жарналары;
заңды және жеке тұлғалардың epiкті жарналары және құрбандықтары;
қайырымдылық және мәдени ic-шаралар, лотереялар өткізуден түсетін түсімдер;
Қор мемлекеттің қолданыстағы заңнамасында және аумақтарында Қордың жарғылық қызметі жүзеге асырылатын мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
2. Гуманитарлық ынтымақтастықтың бірлескен іс-шараларын (жобаларын) өткізуге арналған ерікті жарналар мен кірістер Тараптардың ұлттық валюталармен, басқа мемлекеттердің валюталарымен, сондай-ақ қаржылай және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар және қызметтер түрінде жүзеге асырылады.
3. Қордың мүлкі Қордың Жарғысында анықталған мақсаттарды орындауға жіберіледі.
4. Қор жыл сайын өзі орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресми баспа органында өз мүлкінің пайдаланылуы туралы есепті жариялайды.
1. Басқарма Қордың жоғарғы органы болып табылады.
2. Атқарушы дирекция Қордың атқарушы органы болып табылады.
3. Қамқоршылық кеңес Қордың қадағалаушы органы болып табылады.
4. Көрсетілген органдардың қалыптастырылу және қызмет ету тәртібі Қордың Жарғысымен реттеледі.
Осы Шарт оған қол қойған Тараптардың оның күшіне eнуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін Шарт тиісті хабарламаны депозитарийге тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Шарттың 5-бабында көзделген тәртіппен күшіне енген жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Шарт оған осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді өзіне қабылдауға дайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қосылу туралы құжаттарды депозитарийге беру жолымен қосылуы үшін ашық.
Әрбір Тарап Шарттан өзінің шығу ниеті туралы депозитарийге жазбаша хабарлама жібере отырып, Шарттан шыға алады. Депозитарий жазбаша хабарлама алған күннен бастап алты ай өткен соң осы Тарап үшін Шарт қолданылуын тоқтатады.
2006 жылғы 25 мамырда Душанбе қаласында орыс тілінде бip түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Шартқа қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузияның Үкіметі үшін Түркіменстанның Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үші
Қырғыз Республикасының Украинаның Үкіметі үшін
Үкіметі үшін
2006 жылғы 25 мамырдағы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы мемлекеттердің
Мемлекетаралық гуманитарлық
ынтымақтастық қорын
құру туралы шартпен
бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына Қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының
ЖАРҒЫСЫ
I. Жалпы ережелер
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорын құру туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (бұдан әpi - Қор) мемлекетаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады және пайда табуды өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде қарастырмайды.
Қор өз қызметінде халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларын, қолданылатын халықаралық шарттарды, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының негіз қалаушы құжаттарын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекеттер басшылары кеңесінің және Үкіметтер басшылары кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің шешімдерін, Шартты, Қор орналасқан мемлекеттің заңнамасын, аумақтарында Қордың жарғылық қызметті жүзеге асырылатын мемлекеттердің заңнамасын және осы Жарғыны басшылыққа алады.
Қор өз қызметін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесімен (бұдан әpi - Кеңес) өзара ic-қимыл жасаумен жүзеге асырады, ТМД-ның өзге де органдарымен, сондай-ақ гуманитарлық салада қызметін жүзеге асыратын халықаралық және ұлттық ұйымдармен ынтымақтасады.
II. Қордың мақсаттары
Қордың мақсаты Кеңеспен келісілген гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы ic-шаралардың (жобалардың) қаржыландырылуын қамтамасыз ету болып табылады.
III. Қордың құрылтайшылары
Шарттың Тараптары Қордың Құрылтайшылары болып табылады.
Өкілетті өкілдері атынан Қордың Құрылтайшылары:
Қордың қызмет аясына енетін мәселелер бойынша ұсыныстарды Қордың басшы органдарының қарауына eнгізедi және оларды талқылауға қатысады;
Қордың мақсаттары мен осы Жарғының іске асырылуы үшін жіберілетін қаражатты бөлуге қатысады.
IV. Қордың мәртебесі
Қор өзi орналасқан мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады. Қордың орналасқан жері - Мәскеу қаласы.
Қордың дербес теңгерімі мен сметасы, мөрi, мөртабандары және өз атындағы бланкілері бар.
Қор өз мақсаттарын icкe асыру үшін:
банктік шоттар ашуға;
Құрылтайшылардың аумақтарында олардың заңнамасына сәйкес өз
бөлімшелерін, филиалдарын, өкілдіктерін құруға;
оқшауланған мүлік иемденуге, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер алуға;
шарттар жасасуға;
соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет етуге құқығы бар.
V. Қордың құрылымы мен органдары
Қордың Басқармасы Қордың жоғарғы органы болып табылады.
Қордың Басқармасы Қор Құрылтайшыларының өкілдерінен (әр мемлекеттен бір-бірден) тұрады. Қор Басқармасының әpбip Мүшесі бip дауысқа ие.
Қор Басқармасының құрамына кеңесші дауыс құқығымен Кеңестің Төрағасы мен Қордың Атқарушы директоры кіреді.
Қордың Басқармасын eкі жыл мерзімге ротациялау шартымен Қордың Басқармасы мүшелерінің қатарынан сайланатын төраға басқарады. Біp мемлекеттің өкілдері Басқарма төрағасы мен Атқарушы директор бола алмайды.
Қор Басқармасының отырыстары, егер оған Басқарма мүшелерінің кемінде үштен eкici қатысса, заңды деп танылады.
Қор
Басқармасының шешімдері отырысқа қатысушылардың көпшілік даусымен, ал қаржылық мәселелер - Басқарманың барлық Мүшелерінің білікті көпшілік (үштен екі) даусымен қабылданады.
Қордың кез келген мүшесі талқыланатын мәселеде өз қызығушылығының жоқтығы туралы мәлімдей алады, бұл шешім қабылдауға кедергі ретінде қаралмауға тиіс.
Қор Басқармасының жұмыс регламентін ол дербес бекітеді.
Қор Басқармасы:
Қордың қызмет бағдарламасын жасайды;
Қордың мақсаттарына сәйкес оның қаражатын пайдалану Tәртібі туралы шешімдер қабылдайды;
Қордың бөлінген қаражаты шегінде Қордың мақсаттарын шешуге бағытталатын қаржының мөлшерін анықтайды;
Қордың қаржылай және материалдық қаражатының жыл сайынғы теңгерімін және пайдаланылуы туралы eceпті бекітеді;
Қордың қызметін тексеру және тексеріс материалдарын қарайды;
Қордың қызметіне байланысты өзге де мәселелерді қарайды;
Қордың Басқармасы жыл сайын Кеңеске атқарылған жұмыс туралы, қаржылай және материалдық қаражаттың пайдаланылуы туралы және алдағы жылға белгіленіп отырған ic-шаралар туралы есеп береді.
Қордың Атқарушы директоры басқаратын Атқарушы дирекция Қордың Атқарушы органы болып табылады.
Қордың Атқарушы директорын Қордың Басқармасы тағайындайды.
Қордың Атқарушы дирекциясының құрамы, құрылымы, құқықтары мен міндеттері Қордың Басқармасы бекітетін ол туралы Ережеде анықталады.
Қордың Атқарушы дирекциясы шығыстарының сметасын Қордың Басқармасы қарайды және бекітеді.
Қордың қызметін, Қордың Басқармасы мен Атқарушы дирекциясының шешімдер қабылдауын, оларды орындаудың қамтамасыз етілуін, Қор қаражатын пайдаланылуын және Қор өзi орналасқан мемлекеттің заңнамасын сақтауын қадағалауды жүзеге асыру үшін Қордың Қамқоршылық кеңесі құрылады.
Қордың Қамқоршылық кеңесінің дербес құрамын Кеңес бекітеді.
Қордың Қамқоршылық кеңесінің қызмет тәртібі, құқықтары мен міндеттері Кеңес бекітетін ол туралы Ережеде анықталады.
VI. Қордың қаражаты
1. Қордың мүлкі:
Құрылтайшылардың мәдениет, білім беру, ғылым, мұрағат ici, ақпарат және бұқаралық коммуникация, спорт, туризм және жастармен жұмыс саласындағы бірлескен ic-шараларға (жобаларға) қаржылай және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар және қызметтер түріндегі epiкті жарналары;
заңды және жеке тұлғалардың epiкті жарналары және құрбандықтары;
қайырымдылық және мәдени ic-шаралар, лотереялар өткізуден түсетін түсімдер;
Қop мемлекеттің қолданыстағы заңнамасында және аумақтарында Қордың жарғылық қызметі жүзеге асырылатын мемлекеттердің қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзгеде көздер есебінен қалыптастырылады.
2. Гуманитарлық ынтымақтастықтың бірлескен ic-шараларын (жобаларын) өткізуге арналған ерікті жарналар мен кірістер Қор Құрылтайшыларының ұлттық валюталарымен, басқа мемлекеттердің валюталарымен, сондай-ақ қаржылай және материалдық қаражат, ресурстар, жұмыстар және қызметтер түрінде жүзеге асырылады.
3. Қордың мүлкі Қордың Жарғысында анықталған мақсаттарды орындауға жіберіледі.
VII. Қордың қызметін тоқтату
Қор орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қор Құрылтайшыларының шешімі бойынша жабылады.
VIII. Қорытынды ережелер