Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 213-бабына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Банкрот болып танылған "Фирма Катализ" және "Пеноконцентрат" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздарды Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 2 наурыздағы N 27-1-Г/1-96 және 1996 жылғы 26 тамыздағы N 27-1-Г/4-96 мемлекеттік кепілдіктерін орындау жолымен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2553725 (екі миллион бес жүз елу үш мың жеті жүз жиырма бес) еуроға баламалы сомаға мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі