Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 556 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 865 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2007 жылғы 30 маусымдағы 
N 556 қаулысымен  
бекітілген     

Мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу ережесі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік резервті сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары (бұдан әрі - ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) мен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері (бұдан әрі - сақтау пункттері) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындарын өтеу тәртібі

      3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жасасқан мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі шарт (бұдан әрі - сақтау шарты) негізінде жүзеге асырады.

      4. Сақтау шарты мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға салу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

      5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жөніндегі шығындарды өтеу осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығарған жағдайда оларды сақтау жөніндегі шығындарды өтеу материалдық құндылықтарды қоса шығарып болғанға дейін жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік резервті сақтау жөніндегі бағдарламаның (кіші бағдарламаның) әкімшісі жыл сайын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын уәкілетті орган болады.

      7. Осы бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың сомасы
белгіленген тәртіппен, оның ішінде жыл сайын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен сақтау пункттері ұсынатын материалдық құндылықтарды ұстауға және сақтауға жұмсалатын шығындар есебі негізінде есептеледі.

      8. Уәкілетті орган мемлекеттік резервті сақтау жөніндегі қызмет көрсету үшін бөлінген бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.

3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібі

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      9. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету және ізгілік көмек көрсету үшін шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      10. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Төтенше жағдайлардың алдын алу және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11-1. Броннан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен шығарылған материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броннан шығару туралы шешім қабылдаған күнінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2014 № 306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Материалдық құндылықтар үшін шығындарды өтеуге ақша бөлу
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын
дайындауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Бұл ретте шығындарды өтеу сомасын айқындау үшін статистика органдары, сондай-ақ нарықта өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар беретін ұқсас тауарлардың құны туралы деректер ескеріледі.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      13. Қазақстан Республикасы ресми ізгілік көмек көрсетуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервін пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін дайындау кезінде Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның оң ұсынымы болуы қажет.

      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.10.11 N 1050 Қаулысымен.

      15. Уәкілетті орган мемлекеттік резервке материалдық құндылықтар салуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

      16. Шығындарды өтеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді және
нысаналы пайдаланылуы үшін уәкілетті орган жауапты болады.

Об утверждении Правил возмещения затрат хозяйствующим субъектам, осуществляющим хранение государственного резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного резерва, выпускаемые для предупреждения и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, оказания регулирующего воздействия на рынок и гуманитарной помощи

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года N 556. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 865

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.07.2014 № 865.

      Сноска. Заголовок с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "О государственном материальном резерве" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения затрат хозяйствующим субъектам, осуществляющим хранение государственного резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного резерва, выпускаемые для предупреждения и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, оказания регулирующего воздействия на рынок и гуманитарной помощи.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 30 июня 2007 года N 556

Правила
возмещения затрат хозяйствующим субъектам, осуществляющим
хранение государственного резерва, а также возмещения затрат
за материальные ценности государственного резерва, выпускаемые
для предупреждения и ликвидации последствий чрезвычайных
ситуаций, оказания регулирующего воздействия на рынок и
гуманитарной помощи

      Сноска. Заголовок с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "О государственном материальном резерве" и определяют порядок возмещения затрат хозяйствующим субъектам, осуществляющим хранение государственного резерва, а также возмещения затрат за материальные ценности государственного резерва, выпускаемые для предупреждения и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, оказания регулирующего воздействия на рынок и гуманитарной помощи.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      2. Хранение материальных ценностей государственного резерва осуществляется подведомственными организациями уполномоченного органа по чрезвычайным ситуациям (далее - подведомственные организации) и пунктами хранения материальных ценностей государственного материального резерва (далее - пункты хранения).

2. Порядок возмещения затрат хозяйствующим субъектам,
осуществляющим хранение материальных ценностей
государственного резерва

      3. Подведомственные организации и пункты хранения осуществляют хранение материальных ценностей государственного резерва на основании договора по хранению материальных ценностей государственного резерва и оказанию услуг, связанных с хранением (далее - договор хранения), заключенного с уполномоченным органом по чрезвычайным ситуациям (далее - уполномоченный орган).

      4. Договор хранения заключается при закладке на хранение материальных ценностей государственного резерва в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Возмещение затрат по хранению материальных ценностей государственного резерва производится за счет и в пределах средств, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете по соответствующей бюджетной программе (подпрограмме) в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае разбронирования материальных ценностей государственного резерва, возмещение затрат по их хранению осуществляется вплоть до выпуска материальных ценностей включительно.

      6. Администратором программы (подпрограммы) по хранению государственного резерва выступает уполномоченный орган, который ежегодно в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан представляет в уполномоченный орган по бюджетному планированию бюджетную заявку на предстоящий финансовый год и трехлетний период.

      7. Сумма расходов по данной программе (подпрограмме) рассчитывается в установленном порядке , в том числе на основании представляемых ежегодно подведомственными организациями и пунктами хранения расчетов затрат на содержание и хранение материальных ценностей.

      8. Уполномоченный орган осуществляет контроль за своевременным и целевым использованием бюджетных средств, выделенных для оказания услуг по хранению государственного резерва.

3. Порядок возмещения затрат за материальные ценности
государственного резерва, выпускаемые для предупреждения
и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, оказания
регулирующего воздействия на рынок и гуманитарной помощи

      Сноска. Заголовок с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      9. Порядок возмещения затрат за материальные ценности государственного резерва, выпущенные для предупреждения и ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций, оказания регулирующего воздействия на рынок и гуманитарной помощи, производится в соответствии с порядком исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      10. Возмещение затрат за материальные ценности, выпущенные из государственного резерва для ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций и оказания официальной гуманитарной помощи, осуществляется из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан на основании решения Правительства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 02.04.2014 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Возмещение затрат за материальные ценности, выпущенные из государственного резерва для предупреждения чрезвычайных ситуаций и оказания регулирующего воздействия на рынок, осуществляется из резерва Правительства Республики Казахстан на неотложные затраты на основании решения Правительства Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 11 в редакции постановления Правительства РК от 02.04.2014 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11-1. Возмещение затрат за выпущенные материальные ценности государственного материального резерва в порядке разбронирования осуществляется в течение двенадцати месяцев со дня принятия Правительством Республики Казахстан решения о разбронировании материальных ценностей государственного материального резерва.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 02.04.2014 № 306 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Подготовку проекта решения Правительства Республики Казахстан о выделении денег для возмещения затрат за материальные ценности осуществляет уполномоченный орган.
      При этом, для определения суммы возмещения затрат учитываются данные о стоимости аналогичных товаров, предоставляемые органами статистики, а также юридическими лицами, осуществляющими их реализацию на рынке.
      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      13. В случае использования чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан на оказание официальной гуманитарной помощи Республикой Казахстан при подготовке решения Правительства Республики Казахстан, необходимо наличие положительной рекомендации Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи.

      14. Исключен постановлением Правительства РК от 11.10.2010 № 1050.

      15. Уполномоченный орган осуществляет закладку материальных ценностей в государственный резерв в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      16. Ответственность за эффективным и целевым использованием бюджетных средств, выделенных на возмещение затрат, несет уполномоченный орган.