Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.03 N 777 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000
жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
регламенті бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір
мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет көрсетудің
регламенттерін бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
N 559 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті
_____________________________________________________________
мемлекеттік қызметтің толық атауы
1. Негізгі ұғымдар
1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.
2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
____________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
____________________________________________________________________
толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған,
автоматтандырылмаған)
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік
құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың)
мазмұны.
5. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның,
мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
____________________________________________________________________
(толық атауы)
6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау
нысаны (нәтижесі):
____________________________________________________________________
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б.)
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу
мерзімі тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленеді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген
мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің тізбесі
көрсетілсін:
1) ______________________________________________________
(қатысу дәрежесі - келісу)
2) ______________________________________________________
(қатысу дәрежесі - үйлестіру)
3) ______________________________________________________
(қатысу дәрежесі - ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру)
9. Егер мемлекеттік қызмет бірнеше мемлекеттік органдардың
және өзге де субъектілердің қатысуымен көрсетілсе, онда мемлекеттік
қызмет көрсету регламенті мүдделі мемлекеттік органдармен келісім
бойынша бекітіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
10. Тұтынушының кіріс (соның ішінде электрондық) хат-хабарын
ресімдеу және мемлекеттік қызмет көрсетуге оның сауалын (өтінімін)
қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу тәртібі.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың толық
тізбесін, нысандарын, қалыптарын (қосымшада) көрсету.
12. Қажет болған кезде ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын
талаптарды көрсету:
1) __________________________________
1) __________________________________
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктерді (бұдан әрі - ҚФБ) санамалау және сипаттау (ҚФБ - бұл уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері және т.с.с):
1) _______________________________
2) _______________________________
3) _______________________________
14. Осы Үлгі регламентке 1-қосымшаға сәйкес әрбір іс-әрекеттің
орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-да қарапайым
іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің
мәтіндік кестелік сипаттамасын келтіру.
15. Осы Үлгі регламентке 2-қосымшаға сәйкес 14-тармақтағы
олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі
(мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара
байланысты көрсететін диаграммаларды көрсету.
16. Хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді
және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету
нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандарды, қалыптарды, бланкілерді және
т.с.с. көрсету (қосымшада).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
үлгі регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны) |
||||
1. |
Іс-әрекеттің (барысының, |
1 |
2 |
3 |
2. |
ҚФБ атауы |
1 ҚФБ |
2 ҚФБ |
3 ҚФБ |
3. |
Іс-әрекеттің (үдерістің, |
Іс-әрекет |
Іс-әрекет |
... |
4. |
Аяқтау нысаны (деректер, |
1-нысан |
2-нысан |
... |
5. |
Орындау мерзімдері |
1-уақыт |
2-уақыт |
... |
6. |
Келесі іс-әрекеттің нөмірі |
2 |
3 |
... |
Ескертпе:
Осы кестеде аяқтау нысандары, орындау мерзімі көрсетіле
отырып және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің технологиялық
тізбегіндегі кейінгі іс-әрекеттердің нөмірлері көрсетіле отырып,
барлық ҚФБ іс-әрекеттері (функциялары, рәсімдері, операциялары)
санамаланады.
1-кестенің негізінде ҚФБ немесе ҚФБ топтары іс-әрекеттерінің
қисынды реттілігі (өзара іс-қимылы) көрсетілетін 2 және
3-кестелерге ұқсас пайдалану нұсқаларының кестелері жасалады.
Пайдалану нұсқаларының кестелерінде іс-әрекет реттілігінің
іс-әрекеттерді орындау тәртібіне сәйкес толассыз нөмірі болуға тиіс.
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.
Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) |
|
1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы |
1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы |
N 1 іс-әрекет |
|
N 2 іс-әрекет |
N 3 іс-әрекет |
... |
... |
Ескертпе:
Негізгі үдеріс (негізгі сценарий) - бір іс-әрекеттен басқа
іс-әрекетке көшкен кезде барлық мәселелер (шарттар) оң шешім алады
және бастапқы сауалмен талап етілетін нәтижесі (анықтама, рұқсат
және т.с.с.) беріледі.
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту |
|
1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы |
1 ҚФБ немесе ҚФБ тобы |
N 1 іс-әрекет |
N 2 іс-әрекет |
N 3 іс-әрекет |
|
... |
... |
Ескертпе:
Баламалы үдерістер (баламалы сценарийлер) - бұл шарттардың
қандай да бірі орындалмайтын (қосымша келісу, сараптама және т.с.с.
талап етіледі) және мемлекеттік қызмет көрсету басқа тәртіппен
жүзеге асырылатын, үдеріс уәжді бас тартуды берумен аяқталатын кез.
Әрбір баламалы үдеріс үшін сондай-ақ 2-кестеге ұқсас 3-кесте
толтырылады.
Мемлекеттік
қызмет көрсетудің
улгі регламентіне
2-қосымша
Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі | ||
---|---|---|
1 ҚФБ немесе 1 ҚФБ тобы |
2 ҚФБ немесе 2 ҚФБ тобы |
3 ҚФБ немесе 3 ҚФБ тобы |
0.1.Іс-әрекет |
_____________________ |
__А-1.Іс-әрекет |
Ескертпе:
диаграммалар, мысалы ұйымдастыру және басқару үдерістерін
сипаттау және модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді
пайдалана отырып, ҚР СТ 1.13-2005»"Мемлекеттік қызмет көрсетулерді
стандарттау. Негізгі талаптар" атты Қазақстан Республикасы
стандартының үдерістік тәсіл әдіснамасына сәйкес жасалуға тиіс.
Блок-үдерістердің нөмірленуі Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
регламентіне 1-қосымшада (2-кесте) жазылған іс-әрекеттер нөміріне
сәйкес келуге тиіс. Диаграмманы үлгілік ресімдеу жоғарыдағы суретте
көрсетілген.