Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі N 592 Қаулысы

      Ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлік және коммуникация, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша):
      1) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімін өткізудің оңайлатылған тәртібін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жайластыру мәселелерін пысықтасын;
      2) жеміс-көкөніс өнімі бар автокөлік құралдарын Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде негізсіз ұстауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
      1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол-патрульдік полицияның бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;
      2) екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, шектес мемлекеттерден Қазақстан өңірлеріне жаңа піскен жеміс-көкөніс өнімін тасымалдауды жүзеге асыратын, Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде берілген бақылаудан өту талоны бар көлік құралдарын негізсіз тоқтату, тексеру және ұстау жағдайларын болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.12.09 № 1286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, жеміс-көкөніс өнімін оңтүстік өңірлерден Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне тасымалдау үшін жолаушылар поездарын қосымша багаж вагондарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын.
      4. "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағымен (келісім бойынша) және "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі - "Сарыарқа" ӘКК" АҚ) (келісім бойынша) бірлесіп, бір ай мерзімде тез бұзылатын жеміс-көкөніс өнімін тасымалдау үшін үлкен жүк таситын автомобиль-рефрижераторлары бар мамандандырылған автопарктерді ұйымдастыру мәселелерін пысықтау ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері республикада мауысымаралық кезеңде жергілікті өнімге сұранысты қанағаттандыру үшін көкөністер мен жемістерді жабық топырақ жағдайында өсіруді кеңейту мәселелерін пысықтасын.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, биржалық сауда тетігін қолданып, ел базарларына жеміс-көкөніс өнімін жеткізуді ұйымдастыру мәселелерін пысықтасын.
      7. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері:
      1) жеміс-көкөніс өнімін сату үшін қалаларда және ауылдық елді мекендерде қосымша коммуналдық базарлар мен қосымша сауда алаңдарын (алаңқайларын) ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) олардан алымдар мен төлемдерді алуды болдырмай, жеміс-көкөніс өнімін көлік құралдарынан сату, сондай-ақ»"жол бойында сату" үшін қолайлы жағдай жасасын;
      3) Қазақстанның базарлар, сауда мен қызмет көрсету салалары кәсіпорындары қауымдастығымен (келісім бойынша) бірлесіп, жеміс-көкөніс өнімін ішкі нарықта жылжыту үшін сауда-логистикалық терминалдар қалыптастыру мәселелерін пысықтасын;
      4) өңірлердегі коммуналдық меншіктегі, жұмыс істемейтін жеміс-көкөніс сақтау қоймаларын қайта жаңарту жөнінде шаралар қабылдасын, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халықтың санын ескере отырып, жеміс-көкөніс өнімін сатып алу, сақтау және сату жөніндегі сауда инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу үшін қажетті аумақты айқындасын;
      5) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, өңірлерде жылыжайлар салу және оларды қайта жаңарту жөніндегі мәселелерді пысықтасын;
      6) интернет-ресурстарда тұрақты түрде жеміс-көкөніс өнімін өсіру, олардың бағасы және атауларын, мөлшерін және оларды сауда базарларында сату шарттарын көрсете отырып, өңірлердің аталған өнімге қосымша қажеттіліктері туралы ақпаратты орналастыруды жүзеге асырсын.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Ақмола, Қарағанды облыстарының және Астана қаласының әкімдіктері бір ай мерзімде қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Сарыарқа" ӘКК" АҚ-ға жеміс-көкөніс өнімін сатып алу, сақтау және сату жөніндегі сауда инфрақұрылымының объектілерін салу үшін қажетті жер учаскелерін бөлсін.
      9. "Сарыарқа" ӘКК" АҚ (келісім бойынша) бір ай мерзімде Ақмола, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жеміс-көкөніс өнімін сатып алу, сақтау және сату жөніндегі сауда инфрақұрылымын салу үшін инвесторлар тарту мәселелерін пысықтасын.
      10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

О мерах по насыщению внутреннего рынка Республики Казахстан плодоовощной продукцией

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2007 года N 592

      В целях создания благоприятных условий для насыщения внутреннего рынка плодоовощной продукцией Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Министерствам финансов, транспорта и коммуникаций, здравоохранения, сельского хозяйства, Пограничной службе Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию):
      1) проработать вопросы обустройства инфраструктуры пунктов пропуска на Государственной границе Республики Казахстан (далее - Государственная граница) для организации упрощенного порядка пропуска свежей плодоовощной продукции по принципу "одного окна";
      2) принять меры по недопущению необоснованных задержек в пунктах пропуска на Государственной границе автотранспортных средств с плодоовощной продукцией.

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан:
      1) обеспечить сопровождение дорожно-патрульной полицией автоколонн с плодоовощной продукцией, организуемых местными исполнительными органами, от Государственной границы с Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан в регионы Казахстана;
      2) в двухнедельный срок совместно с Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан принять меры по исключению случаев безосновательных остановок, проверок и задержек транспортных средств, осуществляющих перевозку свежей плодоовощной продукции из сопредельных государств в регионы Казахстана, имеющих талоны прохождения контроля, выданные в пунктах пропуска на Государственной границе.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 09.12.2014 № 1286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан совместно с акционерным обществом "Национальная компания "Қазақстан темір жолы" (по согласованию) рассмотреть возможность обеспечения дополнительными багажными вагонами пассажирские поезда для транспортировки плодоовощной продукции из южных регионов в другие регионы Республики Казахстан.

      4. Рекомендовать Общенациональному союзу предпринимателей и работодателей Казахстана "Атамекен" (по согласованию) совместно с Союзом международных автомобильных перевозчиков Республики Казахстан (по согласованию) и акционерным обществом "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка" (далее - АО "СПК "Сарыарка") (по согласованию) в месячный срок проработать вопросы организации специализированных автопарков с большегрузными автомобилями-рефрижераторами для транспортировки скоропортящейся плодоовощной продукции.

      5. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан и акиматам областей и городов Астаны и Алматы проработать вопросы расширения в республике производства овощей и фруктов в условиях закрытого грунта для удовлетворения спроса в местной продукции в период межсезонья.

      6. Министерству индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с акиматом Южно-Казахстанской области проработать вопросы организации поставок на рынки страны плодоовощной продукции с применением механизма биржевой торговли.

      7. Акиматам областей и городов Астаны и Алматы:
      1) принять меры по организации в городах и сельских населенных пунктах дополнительных коммунальных рынков и торговых площадей (площадок) для реализации плодоовощной продукции;
      2) создать благоприятные условия для торговли с транспортных средств, а также "придорожной торговли" плодоовощной продукцией, исключив взимание с них сборов и платежей;
      3) совместно с ассоциацией рынков, предприятий торговли и сферы услуг Казахстана (по согласованию) проработать вопросы формирования торгово-логистических терминалов для продвижения плодоовощной продукции на внутреннем рынке;
      4) принять меры по реконструкции недействующих плодоовощехранилищ в регионах, находящихся в коммунальной собственности, а также, исходя из численности обслуживаемого населения, определить территорию, необходимую для строительства новых объектов торговой инфраструктуры по закупке, хранению и реализации плодоовощной продукции;
      5) совместно с акционерным обществом "Национальный холдинг "КазАгро" (по согласованию) проработать вопросы по строительству и реконструкции теплиц в регионах;
      6) на постоянной основе осуществлять размещение на интернет-ресурсах информации о производстве плодоовощной продукции, ценах на них и дополнительных потребностях регионов в названной продукции, с указанием наименований, объемов и условий их реализации на торговых рынках.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 30.12.2009 № 2305 (порядок введения в действие см. п. 2).

      8. Акиматам Акмолинской, Карагандинской областей и города Астаны в месячный срок в соответствии с действующим законодательством выделить необходимые земельные участки АО "СПК "Сарыарка" для строительства объектов торговой инфраструктуры по закупке, хранению и реализации плодоовощной продукции.

      9. АО "СПК "Сарыарка" (по согласованию) в месячный срок проработать вопросы привлечения инвесторов для строительства торговой инфраструктуры по закупке, хранению и реализации плодоовощной продукции в Акмолинской, Карагандинской областях и городе Астане.

      10. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан