Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1286 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1286 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 278-құжат):

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан Қазақстан өңірлеріне жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын жеміс-көкөніс өнімі бар автоколонналарды жол-патрульдік полицияның бірге алып жүруін қамтамасыз етсін;".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.01.2024 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларында:

      13-кестеде – Пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерілетін Кі, мәндері:

      аталған кестеге ескертпенің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әлуетті құрылымдардың кезекші бөлімдерінің, жол-патрульдік полициясы бөлімшелерінің, орталықтандырылған күзет пульттерінің ұстау топтарының автомобильдері, патрульдік полицияның патрульдік автомобильдері үшін жанар-жағармай материалдары шығыстары мен автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормалары 10 %-ға ұлғайтылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады