Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі N 602 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.09 N 1280 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:
      1) Қоса беріліп отырған Сатып алу операцияларын және баға
интервенцияларын жүзеге асыру ережесі;
      2) қоса беріліп отырған сатып алу операцияларын және баға
интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың
(бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) тізбесі;
      3) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге
асыру үшін сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі құнының 3 (үш)
пайызы мөлшерінде мамандандырылған ұйымдарға төленетін комиссиялық
сыйақы бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі
602 қаулысымен бекітілген   

Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын
жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді
және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес
әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы
өнімі) сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге
асырудың тәртібін айқындайды.

      2. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін
мамандандырылған ұйымдар (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) ауыл
шаруашылығы өнімін сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын
жүргізуді жүзеге асырады.
      Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу операцияларын және баға
интервенцияларын жүзеге асыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)
мамандандырылған ұйымдармен сенімгерлікпен басқару шартын жасасады.

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін, сондай-ақ оны сатып алу, сақтау,
тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының
мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге
асырылады.

      4. Сатып алу операцияларын жүзеге асыру үшін, сондай-ақ ол
арқылы баға интервенцияларын іске асыру кезінде ауыл шаруашылығы
өнімін сатып алуға тіркелген бағаны уәкілетті орган бекітеді.

      5. Комиссиялық сыйақы төлеу, ауыл шаруашылығы өнімін сатып
алу, сақтау және тасымалдау жөніндегі, сондай-ақ оны сатуға
байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылады.

      6. Сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын
жүргізуге байланысты операцияларды есепке алуды мамандандырылған
ұйымдар өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерінен бөлек
жүзеге асырады.

      7. Мамандандырылған ұйымдар ай сайын, есептіден кейінгі айдың
10-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға сатып алу операцияларын
және баға интервенцияларын жүргізу нәтижесінде сатып алынған және
сатылған өнімінің көлемі және бағалары, сондай-ақ оны сатып алуға,
сақтауға, тасымалдауға және сатуға байланысты шығыстар туралы есеп
береді.

2. Сатып алу операциялары

      8. Сатып алу операциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімі бойынша ішкі нарықты тұрақтандыруға және экспорттық
жеткізілімдерді қамтамасыз етуге арналған ауыл шаруашылығы өнімінің
жаппай өндірілуі кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаны іске асыру
шеңберінде жүргізіледі.

      9. Мамандандырылған ұйымдар ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерден (орташа және ірі тауарлы өндірісі бар заңды тұлғалар
және шаруа (фермер) қожалықтары) ауыл шаруашылығы өнімін тіркелген
бағалар бойынша сатып алады.
      Ауыл шаруашылығы өніміне тіркелген бағалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімді жоспарында белгіленген инфляция деңгейін ескере отырып, алдыңғы жылғы жаппай өндірілуі кезеңінде қалыптасқан сатып алынатын өнімнің бағасына қарап, бірақ өндірілген өнімнің қалыптасқан өзіндік құнынан төмен түсірмей белгіленеді.

      10. Сатып алу операцияларын жүргізу барысында мамандандырылған
ұйымдар сатып алған ауыл шаруашылығы өнімі, меншік нысанына
қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы
заңнамасына сәйкес жасалатын шарттар негізінде ұйымдарда сақтауға
орналастырылады.
      Шарттарда ауыл шаруашылығы өнімін сақтауды, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдардың, олардың сандық және сапалық сақталуын, олар бойынша есепке алу мен есеп берудің тиісінше ұйымдастырылуы үшін мүліктік жауапкершілігі көзделеді.

      11. Сатып алу операцияларын жүргізу барысында сатып алынған
ауыл шаруашылығы өнімі, осы өнімді қабылдау, сақтау, тасымалдау
тәртібін белгілейтін қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға,
ұйымдардың стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық
актілерге сәйкес қабылданады және ресімделеді.

3. Баға интервенциялары

      12. Баға интервенциялары барысында сатып алу операцияларын
жүргізу кезінде сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімі сатылады.

      13. Баға интервенциялары ағымдағы жылда ауыл шаруашылығы
өніміне нарықтық баға, әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа
мерзімді жоспарында белгіленген инфляция деңгейін ескере отырып,
алдыңғы күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағадан
асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
       Ауыл шаруашылығы өніміне алдыңғы күнтізбелік жылда
қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгілеу әдістемесін
уәкілетті орган бекітеді.

      14. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы
өніміне бөлшек сауда бағаларының мониторингін жүргізеді.
      Бағалар баға интервенцияларын жүзеге асыруды қажет ететін
деңгейге жеткен не баға оларды жүргізу қажет болмайтын деңгейге
дейін төмендеген жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үш жұмыс
күнінің ішінде баға интервенцияларын жүргізу немесе тоқтату жөнінде
уәкілетті органға тиісті ұсыныс енгізеді.
      Уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардан алынған ақпарат негізінде баға интервенцияларын жүргізу немесе тоқтату
жөніндегі ұсынысты Премьер-Министрдің қарауына енгізеді.
      Уәкілетті органның ұсынысын Премьер-Министр мақұлдаған
жағдайда, уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,
Премьер-Министрдің, ал ол болмағанда - Премьер-Министрдің
орынбасарының тапсырмасы бойынша баға интервенцияларын жүргізу
немесе тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің
келісілген жобасын белгіленген тәртіппен енгізеді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті шешім қабылдаған
сәттен бастап мамандандырылған ұйымдар баға интервенцияларын
жүргізуді жүзеге асырады не тоқтатады.

      15. Мамандандырылған ұйымдар ауыл шаруашылығы өнімін жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның қатысуымен тендерлік
негізде анықтайтын көтерме және бөлшек сауда ұйымдарына, сондай-ақ,
ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға
(бұдан әрі - сауда ұйымдары) тіркелген бағалар бойынша сатады.
      Мамандандырылған ұйымдар сауда ұйымдарымен ауыл шаруашылығы
өнімін жеткізуге, жеткізу, өзара есептесу талаптарын,
мамандандырылған ұйымдар сауда ұйымдарына, сауда ұйымдары
тұтынушыларға ауыл шаруашылығы өнімін сату кезінде тіркелген
бағаларды және тараптардың жауапкершілігін қамтитын шарттар жасасады.

      16. Уәкілетті органның келісімі бойынша баға интервенцияларын
жүргізу қажет болмаған жағдайда сатып алу операцияларын жүргізу
барысында сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған
ұйымдар нарықтық баға бойынша экспортқа немесе ішкі нарықта сата
алады.
      Баға интервенцияларын жүргізуден, сондай-ақ ауыл шаруашылығы
өнімін осы Ереженің 16-тармағына сәйкес сату кезінде алынған
қаражатты, мамандандырылған ұйымдар он күн мерзімде республикалық
бюджеттің кірісіне аударады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 17 шілдедегі 
602 қаулысымен   
бекітілген    

Сатып алу операцияларын және
баға интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі
мамандандырылған ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 N 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы.

О некоторых вопросах осуществления закупочных операций и ценовых интервенций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2007 года № 602. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года № 1280

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.10.2012 № 1280 (вводится в действие с 01.01.2012).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить:
      1) прилагаемые Правила осуществления закупочных операций и ценовых интервенций;
      2) прилагаемый перечень специализированных организаций но осуществлению закупочных операций и ценовых интервенций (далее - специализированные организации);
      3) комиссионное вознаграждение, выплачиваемое специализированным организациям, в размере 3 (три) процента от стоимости закупленной сельскохозяйственной продукции для осуществления закупочных операций и ценовых интервенций.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 17 июля 2007 года N 602

Правила
осуществления закупочных операций и ценовых интервенций

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления закупочных операций и ценовых интервенций (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и определяют порядок осуществления закупочных операций и ценовых интервенций сельскохозяйственной продукции (далее - сельхозпродукция).

      2. Проведение закупочных операций и ценовых интервенций сельхозпродукции осуществляется специализированными организациями, перечень которых утверждается Правительством Республики Казахстан (далее - специализированные организации).
      Для осуществления закупочных операций и ценовых интервенций сельхозпродукции уполномоченный орган в области развития агропромышленного комплекса (далее - уполномоченный орган) заключает со специализированными организациями договоры доверительного управления.

      3. Приобретение сельхозпродукции, а также услуг по ее закупу, хранению, транспортировке осуществляется в порядке, установленном   законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      4. Фиксированные цены на закупаемую сельхозпродукцию для осуществления закупочных операций, а также при реализации ее посредством ценовых интервенций утверждаются уполномоченным органом.

      5. Выплата комиссионного вознаграждения, расходы по закупу, хранению и транспортировке сельхозпродукции, а также связанные с ее реализацией, финансируются за счет средств республиканского бюджета.

      6. Учет операций, связанных с проведением закупочных операций и ценовых интервенций, осуществляется специализированными организациями отдельно от результатов собственной финансово-хозяйственной деятельности.

      7. Специализированные организации ежемесячно, не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным, представляют в уполномоченный орган отчет о количестве и ценах закупленной и реализованной сельхозпродукции в результате проведения закупочных операций и ценовых интервенций, а также расходах, связанных с ее закупом, хранением, транспортировкой и реализацией.

2. Закупочные операции

      8. Закупочные операции проводятся по решению Правительства Республики Казахстан в рамках реализации соответствующей бюджетной программы в период массового производства сельхозпродукции, предназначенной для стабилизации внутреннего рынка и обеспечения экспортных поставок.

      9. Специализированные организации закупают у сельскохозяйственных товаропроизводителей (юридические лица и крестьянские (фермерские) хозяйства со средне - и крупнотоварным производством) сельхозпродукцию по фиксированным ценам.
      Фиксированные цены на сельхозпродукцию определяются исходя из цены на закупаемую продукцию, сложившейся в период массового производства за предыдущий год с учетом уровня инфляции, определенного в среднесрочном плане социально -экономического развития, но не ниже сложившейся себестоимости произведенной продукции.

      10. Сельхозпродукция, закупленная специализированными организациями в ходе проведения закупочных операций, размещается на хранение в организациях, независимо от формы собственности, на основании заключаемых договоров в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках .
      В договорах предусматривается имущественная ответственность организаций, осуществляющих хранение, транспортировку сельхозпродукции, за ее количественную и качественную сохранность, надлежащую организацию учета и отчетности по ней.

      11. Сельхозпродукция, закупленная в ходе проведения закупочных операций, принимается и оформляется в соответствии с действующими государственными стандартами, стандартами организаций и иными нормативными правовыми актами , определяющими порядок приема, хранения, транспортировки и отпуска этой продукции.

3. Ценовые интервенции

      12. В ходе ценовых интервенций реализуется сельхозпродукция, закупленная при проведении закупочных операций.

      13. Ценовые интервенции осуществляются по решению Правительства Республики Казахстан, в случае превышения рыночных цен на сельхозпродукцию в текущем году над среднегодовой рыночной ценой, сложившейся за предыдущий календарный год с учетом уровня инфляции, определенного в среднесрочном плане социально-экономического развития.
      Методика определения среднегодовой рыночной цены на сельхозпродукцию, сложившейся за предыдущий календарный год, утверждается уполномоченным органом .

      14. Местные исполнительные органы областей проводят мониторинг розничных цен на сельхозпродукцию.
      В случае достижения уровня цен, при котором необходимо осуществление ценовых интервенций, либо снижения цен до уровня, при котором утрачивается необходимость в их проведении, местные исполнительные органы в течение трех рабочих дней вносят и уполномоченный орган соответствующее предложение по проведению или прекращению ценовых интервенций.
      Уполномоченный орган на основании полученной от местных исполнительных органов информации вносит на рассмотрение Премьер-Министра предложение по проведению или прекращению ценовых интервенций.
      В случае одобрения Премьер-Министром предложения уполномоченного органа, уполномоченный орган совместно с заинтересованными государственными органами по поручению Премьер-Министра, а в его отсутствие - Заместителя Премьер-Министра, вносит в установленном порядке согласованный проект решения Правительства Республики Казахстан о проведении или прекращении ценовых интервенций.
      С момента принятия Правительством Республики Казахстан соответствующего решения специализированные организации осуществляют либо прекращают проведение ценовых интервенций.

      15. Специализированными организациями сельхозпродукция реализуется по фиксированным ценам организациям оптовой и розничной торговли, а также предприятиям по переработке сельскохозяйственного сырья (далее - торговые организации), которые определяются местными исполнительными органами на тендерной основе с участием уполномоченного органа.
      Специализированные организации заключают договоры с торговыми  организациями на поставку сельхозпродукции, включающие условия поставки, взаимных расчетов, фиксированные цены при реализации сельхозпродукции специализированными организациями торговым организациям, торговыми организациями потребителям и ответственность сторон.

      16. В случае отсутствия необходимости в проведении ценовых интервенций, по согласованию с уполномоченным органом, сельхозпродукция, закупленная в ходе проведения закупочных операций, может быть реализована специализированными организациями на экспорт или на внутреннем рынке по рыночным ценам.

      17. Средства, полученные от проведения ценовых интервенций, а также при реализации сельхозпродукции в соответствии с пунктом 16 настоящих Правил, специализированными организациями в десятидневный срок перечисляются в доход республиканского бюджета.

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 17 июля 2007 года N 602

Перечень специализированных организаций
по осуществлению закупочных операций и ценовых интервенций

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 27.05.2011 № 589 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      1. Акционерное общество "КазАгроПродукт".