Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.12.2015 № 1086 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 379 бұйрығын қараңыз.


      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысымен     
бекітілген       

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі

      Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

      Ескерту. Кіші бөлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту

      7. Осы Ереженің 10-1 және 11-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген не нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.
      Тапсырыс беруші мәліметтері мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жылдар бойынша үш жылдық кезеңге бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығына сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамды сома көрсетіледі;
      2) Заңның 4-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері және орны;
      4) Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда бөлінген және әрбір қаржы жылына көзделген сома шегінде кестеге сәйкес және жылдар бойынша бөле отырып, тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері.
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 79-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 153-бабының 7-тармағын орындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
      Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.
      Көрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10-1. Заңның 4-бабы 1-тармағының 3)28) және 33-1) тармақшаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда, бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарында) көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
       Ескерту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен өткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.

2. Жалпы ережелер

      12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.

      13. Егер тапсырыс беруші өзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші өзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты етіп анықтайды.
      Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бөлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауап етіп айқындайды.
      Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті өнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен өзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
       Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      14. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға өздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
      4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Осы Ереженің 15-тармағына сәйкес ұйымдастырушыны не осы Ереженің 16-тармағының 3) және 4) тармақшаларында айқындалған бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) айқындаған жағдайда, тапсырыс берушілер ұйымдастырушыға не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыға олар белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажет ақпаратты, оның ішінде:
      1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарынан үзінді көшірмені;
      2) тапсырыс берушінің басшысы не оның міндеттерін атқаратын адам қол қойған және әр бетін дәйектеген сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және техникалық ерекшелігін;
      3) конкурстық және сараптау комиссияларының құрамына енгізу үшін кандидатураны (сарапшыны);
      4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу жөніндегі рәсімдерге қатысу үшін тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді;
      5) құрылыс жұмыстарын сатып алған кезде құрылыс объектісіне жобалау-сметалық құжаттаманы;
      6) елеулі шарттарды көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын ұсынады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17-1. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен ерекше тәртіпті пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға/бірыңғай ұйымдастырушыға тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндеттерін атқарушы адам бекіткен әлеуетті өнім берушілердің тізімін ұсынады.
      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      17-2. Осы Ереженің 17 және 17-1-тармақтарында көзделген ақпарат өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны/бірыңғай ұйымдастырушыны дереу хабардар етуі тиіс.
      Ұйымдастырушы/бірыңғай ұйымдастырушы өткізген конкурс қорытындылары бойынша тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер) жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Ескерту. Ереже 17-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      18. Мемлекеттік сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктері (консорциум) қатысқан жағдайда, осы консорциумның қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өз біліктілік талаптарын растау үшін осы Ережеде белгіленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиіс:
      1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;
      2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта көзделген қызмет бөлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензиялар.
      Конкурсқа Консорциум қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін күш-жігерді үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт жасасқан сәттен бастап консорциумға қатысты қолданылады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      19. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын көздейді:
      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілін белгілеуі;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін анықтауы;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;
      5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
      6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
      7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
      8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженің 47-49-тармақтарында көзделген жағдайларда оның көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
      9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;
      10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
      11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін әлеуетті өнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті өкілдеріне жіберуі;
      12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауы;
      13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
      14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмелерін жіберуі;
      15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;
      16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);
      17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жіберуі;
      18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
      Мұндай жағдайда тапсырыс беруші не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде:
      1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын адамдарды қабылдаған шешім туралы хабардар етуге;
      2) конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімдерді қамтамасыз етуді және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға міндетті.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы Ереженің 256-тармағында көрсетілген сатып алу жағдайларын қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізудің талаптары мен тәртібін айқындау үшін мемлекттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес конкурстық құжаттама негізінде қазақ және орыс тілдерде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші өзінің (және олар тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесі;
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі);
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтінішінің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзiндiсін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзіндінің тұпнұсқасын;
      төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
      конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашатын күннiң алдында бiр айдан бұрын емес берiлген салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешегiнiң жоқтығы (төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) туралы не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдары бойынша берешектiң болуы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп тануға негіз болып табылмайды;
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініммен бірге әлеуетті өнім берушінің өткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалуы үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті өнім беруші ұсынады;
      2) әлеуетті өнім беруші өзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін беретін құжаттар тізбесі:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерді;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
      4) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, ұлттық стандартты немесе болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде Үлгі конкурстық құжаттамаға 23-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, техникалық ерекшеліктер.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде сатып алынатын жұмыстардың сипаттамасы мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;
      5) лот нөмірін, өлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, төлем шарттарын және сатып алуға бөлінген соманы көрсете отырып, Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
      6) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттың негізінде әзірленетін елеулі шарттарын көрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы;
      7) бағаны қоспағанда, оның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын өлшемдер, оның ішінде осындай өлшемдердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі;
      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттарында көзделген өзге шығыстарды, сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын көрсету;
      9) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
      10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;
      11) конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді енгізу шарттары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері;
      12) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
      13) конкурсқа қатысуға өтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он алты сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада көрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм кері қайтарылады);
      14) оның көмегімен әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттаманың мазмұны жөнінде түсіндірулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізу орнын, күнін және уақытын сұратуы мүмкін тәсілдер;
      15) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей);
      16) конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуларда білдіруге уәкілетті тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері туралы мәліметтер;
      17) осы Ереженің 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі;
      18) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша);
      19) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
      20) Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы және:
      әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметтерді ұсынған конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін мынандай критерийлерді көздеуге міндетті:
      1) әлеуетті өнім берушіде:
      өткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;
      техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттау өткізілгендігін растайтын құжаттың;
      сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растаудың сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларының және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстардың;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);  өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735; 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      24. Конкурстық құжаттама өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс:
      1) әлеуетті өнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;
      2) әлеуеттi өнiм берушiнi ресми биржа листингiне енгiзу туралы қор биржасынан үзiндi көшiрме;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.05.28. N 786 Қаулысымен.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
       Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      27. Әр түрлі тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға, ал лоттарға біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бөледі.
      Құрылыс бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада құрылыспен тығыз байланысты жұмыстарды және құрылыспен байланысты емес тауарларды лоттарға бөлуге міндетті.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз);  21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Конкурстық комиссияны, сарапшыны
(сараптау комиссиясын) бекіту

      28. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқа жеке конкурстық комиссия құрады және конкурстық комиссияның хатшысын анықтайды.
      Конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
      Егер сатып алуды ұйымдастырушы болып тікелей тапсырыс берушінің өзі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан әрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру және конкурстық комиссияның хатшысын анықтау туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға қабылдайды.
      Жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына онымен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.
      Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын құра (сарапшыны тарта) алады.
       Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      29. Конкурстық комиссияның мүшелері конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелерi болып табылады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және кемiнде үш адам болуға тиiс.
      Конкурстық комиссияның төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші өзі әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындауға және өткізуге жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесінің атынан тапсырыс беруші әрекет ететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы тапсырыс берушінің осы құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес лауазымды адам анықталуы тиіс.
       Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      30. Конкурстық комиссияның төрағасы:
      1) конкурстық комиссияның жұмысын жоспарлауға және қызметіне басшылық жасауға;
      2) конкурстық комиссияның отырыстарында төрағалық етуге;
      3) осы Ережеде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыруға міндетті.

      31. Конкурстық комиссия оны құру туралы шешім күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап өз қызметін тоқтатады.

      32. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiгiнің қатысуы шартымен өткізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерi және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресiмделедi. Конкурстық комиссияның қандай да бiр мүшесi болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында аталған фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, оның болмау себебi көрсетiледi.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      33. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

      34. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
      Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді.
      Конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
      2) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;
      4) конкурстық өтінімдерді ашқан сәттен бастап конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу құжаттарының және материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      5) осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      35. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.
      Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін мемлекеттік сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырған кезде жабық рәсімдерді қолдана отырып, ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының не ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандарын тарта алады.
      Сарапшыны ақылы негізде таңдауды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      36. Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.

      37. Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.
      Сарапшы сараптау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, ол сараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      38. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      39. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптау комиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру туралы хабардар ету

      40. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етуінің соңғы күніне дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын:
      1) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн, сондай-ақ бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінiң интернет-ресурсында жариялауға;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтiнiн мемлекеттiк сатып алу веб-порталында жариялауға;
      3) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен конкурстық құжаттаманы алған адамның орналасқан жерi, почталық және электрондық мекенжайлары туралы мәлiметтердi, сондай-ақ ол туралы басқа да мәлiметтердi көрсете отырып, бекiтiлген конкурстық құжаттаманы табыс ету фактiсiн тiркеудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды қайтадан жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекiтiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдерді табыс етудің соңғы күнiне дейiн кемiнде күнтiзбелiк он бес күн бұрын осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға мiндеттi.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында қамтылған мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, электрондық және почта мекен-жайы;
      2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы және байланыс телефоны, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы;
      4) тауарларды жіберудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орны мен мерзімі;
      5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері;
      6) конкурсқа қатысуға өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;
      7) әлеуетті өнім берушінің егер осындай төлем конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелері;
      8) әлеуетті өнім берушінің өкілінде конкурстық құжаттаманың көшірмелерін алу жөніндегі өкілеттіктердің болу шарты.
       Ескерту. 41-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық
құжаттаманың көшірмесін беру

      42. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарланған күннен бастап мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, ал тапсырыс берушi мен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы бiр тараптан әрекет еткен жағдайда – конкурстық комиссияның хатшысы осы Ереженің 40-тармағының 3) тармақшасында белгiленген талаптарды ескере отырып, қағаз жеткізгіште не бекiтiлген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушiнiң интернет-ресурсына орналастыру арқылы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн әлеуеттi өнiм берушiге (оның уәкiлеттi өкiлiне) әлеуетті өнім беруші жүгінген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді (жібереді).
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға әлеуетті өнім беруші өкілінің тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерін құжатты растаманың болуын тексереді;
      2) әлеуетті өнім берушінің не оның уәкілетті өкілінің конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемді енгізу туралы құжатты растаманың болуын тексереді;
      3) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналына осы Ереженің 44-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді енгізеді;
      4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне қол қойғызып, конкурстық құжаттаманың көшірмесін береді не почта байланысын пайдалана отырып жібереді;
      5) осы Ереженің 45, 47, 76-тармақтарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
       Ескерту. 43-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      44. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналында мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
      1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің атауы мен мерзімі;
      2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, олардың орналасқан жері;
      3) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректері;
      4) әлеуетті өнім берушінің толық атауы, орналасқан жері және байланыс телефоны;
      5) конкурстық құжаттаманың көшірмесін әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілі алған уақыт пен күн;
      6) егер осындай төлемді алу туралы нұсқама конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламада қамтылған болса, конкурстық құжаттаманың көшірмесін бергені үшін төлемнің енгізілу фактісі.
      45. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналы тігілуі, беттері нөмірленуі және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы алдын ала қол қоюы тиіс. Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілуге тиіс. Бір қаржы жылының ішінде конкурс тәсілімен барлық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды бірыңғай тіркеу журналын жүргізуге жол беріледі.
       Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      46. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманың көшірмесін беруге жол берілмейді.
       Ескерту. 46-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру

      47. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді, конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесулерді ұйымдастыруды, түсіндірулер мәтіндерін жіберуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізеді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы күні өткенге дейінгі күнтізбелік бес күн бұрын өз бастамасы бойынша немесе адамдардың сұрау салуларына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулардың мәтінін осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына олар туралы мәліметтер енгізілген адамдарға өтеусіз негізде жібереді.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылуға тиіс.
      Өздері туралы мәліметтер тіркеу журналына енгізілген адамдар мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурсқа қатысуға өтiнiмдi ұсынудың соңғы мерзіміне дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүгінуге құқылы. Конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетілген тәсілдермен жіберілуге тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпей, олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге міндетті.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдардың уәкілетті өкілдерімен белгілі бір жерде және конкурстық құжаттамада көрсетілген тиісті уақытта конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру үшін кездесу ұйымдастыруға құқылы. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мүдделі адамдармен көрсетілген кездесу өткізілген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес хаттаманы ресiмдейдi және онда мыналар:
      1) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сондай-ақ олардың тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандары және ол тартқан, әлеуеттi өнiм берушiлермен кездесуде мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген сарапшылар туралы ақпарат;
      2) олардың тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ осындай адамның әлеуеттi өнiм берушiнi конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуде білдіру өкiлеттiгiн растайтын құжатты көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан олардың уәкілетті өкілдері туралы ақпарат;
      3) олардың дереккөзiн көрсетпестен, конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы берілген сұрақтар;
      4) әлеуеттi өнiм берушiлердiң сұрақтарына мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының жауаптары;
      5) бекiтiлген конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне не қажеттiлiктiң жоқтығына нұсқау қамтылуға тиiс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және оған қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурстық комиссияға, сондай-ақ олар туралы мәліметтер осы Ереженің 44-тармағында көзделген тіркеу журналына енгізілген адамдарға көрсетілген хаттаманың көшірмесін жіберуге міндетті.
      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      48. Әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны ұсынған адамдар, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілер немесе олар уәкілеттік берген өкілдер қол қоюға тиіс.

      49. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу конкурстық құжаттамада тағайындалған кездесу өтетін күн мен уақытта әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен өтпеген болса, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға осындай факт туралы жазбаша түрде хабарлайды.
       Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурсқа қатысуға өтінімдердің мазмұны және оларды беру

      50. Конкурсқа қатысуға өтінім конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді) жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      51. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінім:
      1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес  әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
      2) әлеуетті өнім берушінің жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін ол ұсынатын құжаттардың тізбесін;
      құқылық қабілетін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілетін (жеке тұлғалар үшін) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместерi қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген көшiрменi ұсынады;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
      төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарын, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      3) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер.
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларын) тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды беруге тиіс.
      Өтінім сондай-ақ осындайлар болған жағдайда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемдерді растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
      Өтінім сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөнінде қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (қоса орындауға) жұмыстардың (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
      4) ұсынылатын тауарлардың атауын, олардың шыққан жерін, шығарылған жылын, болған кезде үлгісін, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын сипаттай отырып, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға жұмсалатын шығыстарға сапа кепiлдiгiн беру мерзiмдерiн және (немесе) көлемдерiн, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету шарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелiкті;
      5) банк кепілдігі не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасын растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
      6) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      7) (алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) конкурста қатысуға және конкурстық комиссияның отырыстарында қатысуға өтінімдерге қол қою құқығына әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) сенімхат.
      Әлеуетті өнім берушінің – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның өтінімінде тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілеттігін растау үшін) қамтуы тиіс.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      52. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттермен береді және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін егер осындай болса) расталады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық ерекшелігі тігілген түрде, нөмірленген беттермен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен расталған (жеке тұлға үшін егер осындай болса) және конкурста қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

      53. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басып шығарылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және мөрмен расталуы (жеке тұлға үшін егер осындай болса) тиіс.

      54. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім беруші грамматикалық немесе арифметикалық қателерді жөндеу қажет жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жазулар болмауға тиіс.

      55. Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді оларды берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін желімделген конвертте береді, оның сыртқы бетінде әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауы көрсетіледі)" және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ (конкурсқа қатысуға өтінімді ашатын күн мен уақыт көрсетіледі)".

      56. Белгіленген мерзім біткеннен кейін берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелмейді, ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

      57. Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді қабылдайды.

      58. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) әлеуетті өнім берушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім беруші өкілінің өкілеттіктеріне құжаттамалық растаманың болуын тексереді;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде осы Ереженің 55-тармағында көзделген мәліметтердің болуын тексереді. Осы Ереженің 55-тармағының талаптарын бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер тіркеуге жатпайды және оларды:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті почта байланысы арқылы алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге;
      конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынған әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкіліне тез арада қайтарады;
      3) тиісті түрде ресімделген конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверттерді қабылдайды және осы тармақта көзделген мәліметтерді конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;
      4) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;
      5) конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі біткенге дейін оны қайтарып алған жағдайда конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтаруды қамтамасыз етеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конверт оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін тіркелуге жатпайды және осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тәртіппен және мерзімде қайтарылады.
      Әлеуетті өнім берушінің толық атауын және почталық мекен-жайын көрсетпей берілген конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт тіркеуге және ашуға жатпайды, бірақ күнтізбелік жыл ішінде сақтауға жатады.
       Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      59. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында мынадай мәліметтерді көрсетеді:
      1) конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы мен өткізілетін мерзімін;
      2) тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауын, олардың почталық мекен-жайын;
      3) Ескерту. 3) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      4) әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегін, атын, әкесінің атын;
      5) әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайын, оның ЖСН-ін немесе БСН-ін;
      6) конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конвертті тіркейтін күн мен уақытты;
      7) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімге енгізген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналына мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай бас тартудың себебін айта отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерін тіркеуден бас тартылған әлеуетті өнім берушілерді көрсетеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімдердің тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген және оған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы бұрыштама соғуы тиіс, конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналының соңғы беті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мөрімен бекітілген болуға тиіс. Бір қаржы жылы ішінде конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді барлық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеудің бірыңғай журналын жүргізуге рұқсат етіледі.
       Ескерту. 59-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      60. Әлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуға, мөр басылуға және ұсынылуға тиіс.

      61. Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген (жеке тұлға үшін егер осындай болса) еркін өтініш түрінде ресімделеді.

      62. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін алса, жарамды болып табылады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге оларды берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін ешқандай өзгерістер енгізілмеуге тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету

      63. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде әлеуетті өнім беруші енгізеді. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінім берілетін лоттарға ғана конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды енгізеді.
      Өтінімдер конкурстың барлық лотына берілмеген кезде лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмге қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі.
      Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      64. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік түрінде енгізеді.

      65. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      66. Банктік кепілдіктің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің өзінің қолданылу мерзімінен кем болмауға тиіс. Әлеуетті өнім берушінің өтінімнің өзін ұзарту мерзіміне банк кепілдігінің әрекет ету мерзімін ұзартуына жол беріледі.

      67. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды, егер ол:
      1) екі сатылы рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші сатысында;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      68. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуi жоқ конкурстық өтiнiмдердiң барлығын конкурстық комиссия конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтіндер ретiнде кері қайтарады.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      69. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мынадай:
      1) әлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен және (немесе) толықтырған;
      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;
      3) конкурстың жеңiмпазы деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
      4) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу және (немесе) енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.
      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      70. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi қамтамасыз ету мынадай:
      1) осы әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген және конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
      Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі). 

Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу

      71. Конкурстық комиссия, конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен күні, уақытта және орында конкурстық комиссияның қарапайым көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның отырысында қатысып отырған адамдардың конкурстық комиссия қызметіне араласуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      72. Егер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың тағайындалған күні конкурстық комиссия мүшелерінің қажетті саны, конкурстық комиссияның хатшысы болмаса, онда конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасары конверттерді ашудың тағайындалған уақытына дейін үш сағаттан кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны жазбаша не ауызша хабардар етеді, ол конверттерді ашу рәсімі басталғанға дейін осындай алмастырудың себебін көрсете отырып, конкурстық комиссияның жоқ мүшелерін, конкурстық комиссияның хатшысын алмастыру бөлігінде конкурстық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды.
       Ескерту. 72-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      73. Конкурстық комиссияның отырысы басталғанға дейін конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін білдіруге әлеуетті өнім берушілер өкілдерінің құжатты түрде ресімделген өкілеттігін тексереді.

      74. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарламасында және конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде берілген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.

      75. Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда да конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеге сәйкес ашылады және қаралады.

      76. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі еткен жағдайда - конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды:
      конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының құрамы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
      әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізуі;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы немесе болмауы, сондай-ақ себептері;
      белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдер берген әлеуетті өтінім берушілер туралы ақпараттандырады;
      хронологиялық тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім беруші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жария етеді;
      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жария етеді;
      2) төраға не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға анықтаған адам:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы:
      осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;
      әлеуетті өнім берушілерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы ақпараттандырады.
       Ескерту. 76-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      77. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына отырысқа қатысушы конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      78. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне, ал болмағандарға - сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде олардың жазбаша сұрау салуы бойынша беріледі.

      79. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау,
конкурсқа қатысуға рұқсат беру

      80. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
      Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес ресiмделедi, отырысқа қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушысы деп тану) туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әрбiр бетке бұрыштама қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған кезде сараптамалық қорытынды не конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса тiркелуi мүмкiн.
       Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      81. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) төрағамен, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
      2) конкурстық комиссияның мүшелерін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді;
      3) конкурстық комиссияның қарауына әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін растайтын құжаттарды береді;
      4) сарапшыны (сараптау комиссиясын) тартқан жағдайда әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналында қол қоя отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.

      82. Әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін уақытша беру журналы мыналарды:
      конкурсқа қатысуға өтінімді құрайтын құжаттардың дестесіне кіретін құжаттың атауын;
      бет сандарын;
      конкурстық өтінім құжаттарын алған адамның тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін;
      конкурстық өтінім құжаттарын кері алу туралы куәландыратын конкурстық комиссия хатшысының тегін, аты-жөнін және қолын, оларды алу күнін қамтуға тиіс.

      83. Конкурстық комиссияның мүшелері, сарапшы (сараптау комиссиясының жетекшісі) конкурстық комиссияның хатшысына қайтарғанға дейін оларды қарау уақытында әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімі құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 83-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      84. Өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы осындай комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің қатысуымен өткізіледі.

      85. Конкурстық комиссия отырысын өткізбей конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      86. Конкурстық комиссия:
      1) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін құрайтын құжаттар бумасының толықтығы мен тиісінше ресімделу мәніне қарайды;
      2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсынған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерді анықтайды;
      3) жазбаша нысанда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдердің қаралуын, оларды бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді сұратады;
      4) конкурсқа қатысуға өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан жазбаша нысанда қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұраулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімді конкурстық құжаттамаға сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі;
      5) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтайды және конкурстың қатысушылары деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттау рәсiмiне қатысы жоқтығы және (немесе) атқарушы құжаттар бойынша орындалмаған және тиісті тізілімге енгізілмеген міндеттемелердің болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттау рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсына және атқарушы құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.
      Ескерту. 86-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      87. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді енгізілген қамтамасыз етуді мынадай жағдайда конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
      1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болғанда;
      2) конкурстық комиссияға:
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген адамды;
      өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы мұндай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарына сай емес деп тану үшін негіз болып табылмайды;
      олардың қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде берілген өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген адамды;
      оның пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін адамды анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауымен көрінетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиесілі ресімделмегенде;
      3) конкурстық өтінімді қамсыздандыруға конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың бір пайыздан кем мөлшерінде енгізілсе.
       Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       87-1. Заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы деп танылған), егер:
      1) ол және (немесе) қосалқы мердігер не бірлесіп атқарушы мынадай:
      әлеуетті өнім беруші қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен бекітiлген жарғының нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн және сауда тiзiлiмiнен заңдастырылған көшiрмесiн бермеу, қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып нотариалдық куәландырылған (және) сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрмесiн бермеу;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;
      лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін не егер заңды тұлға қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін бермеу.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген акция ұстаушылардың тізілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын ұсынбау;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
      банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
      конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ екені не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
      тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді бермеу;
      біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушілердің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;
      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
      ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
      2) егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімі мына:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынбау;
      өтінімді қамтамасыз етуге қол қойған лауазымды адамның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні конкурстық құжаттама талаптарға сай емес деп тануға негіз болып табылмайды;
      техникалық ерекшелікті ұсынбау;
      әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы техникалық, сапалы және пайдалану сипаты бар техникалық ерекшеліктерді беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ерекшелікті беруі;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда) жұмыстар мен қызмет түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берілмеген;
      қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беру;
      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етілуін ұсынбау негіздемелері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
      3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердiгер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5)5-1),  6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.
       Ескерту. 87-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      87-2. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім беруші (конкурс қатысушысы болып танылған), егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы мынадай:
      тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
      жеке куәліктің (паспорт) нотариалдық куәландырылған көшірмесін бермеу;
      лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуетті өнім берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн бермеу;
      лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолдары және мөрлері бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген түпнұсқасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай анықтаманы осындай банктердің әрқайсысынан бермеуі) бермеу;
      банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі қойылған анықтаманың түпнұсқасында әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
      конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын күннің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салықтық берешектің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын бермеу;
      тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасында үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) бір теңге мөлшерінде және одан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің болуы;
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес біліктілік туралы мәліметтердің ұсынылмауы;
      әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген арнайы біліктілік талаптарға сәйкес келмеу негіздемелері бойынша біліктілік талаптарға сәйкес болмауы;
      біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісі анықталса;
      біліктілігі туралы мәліметтерде әлеуетті өнім берушінің телефон нөмірлері туралы ақпараттың, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күнінің көрсетілмеуі өтінімді кері қайтару үшін негіз болып табылмайды. Бұл ретте, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге жұмыс тәжірибесі бойынша конкурстық баға ұсынысын шартты азайтуды қолданбайды;
      ол банкроттық рәсіміне не таратуға жатады;
      2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінім мынадай негіздер бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін болып анықталса:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім ұсынылмаса;
      техникалық ерекшеліктер ұсынылмаса;
      аса жақсырақ техникалық, сапалы және пайдалануға беру сипаттары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшеліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес емес техникалық ерекшеліктерді әлеуетті өнім беруші ұсынса;
      конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмысты орындау бойынша мердігерлер туралы (қызметті көрсету кезінде мәліметтің берілмеуі (қызметті көрсету кезінде қоса орындаушылар), сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің түрі (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді тартқан жағдайда (бірлесіп орындаушылар);
      әлеуетті өнім берушілердің қосалқы мердігерге қоса алғанда жұмыстың екіден үш көлемін (құрылыс бағасын) мердігерлікке (бірлесіп орындауға), қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер ұсынылған жағдайда қызметтерді беруі;
      конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамсыздандыруды ұсынбаса;
      3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабы 1-тармағының 5)5-1),  6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
       Ескерту. 87-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      88. Сарапшы не сараптама комиссиясы төраға белгілеген мерзімде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімді қарау мерзімінен кешіктірмей:
      1) олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесілі ресімделуі мәніне қарайды және өз құзыреті шегінде зерделейді;
      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік қызметтерінің сәйкестігі не сәйкес келмеуі туралы сараптау қорытындысын ресімдейді және оған қол қояды;
      3) тиесілі түрде ресімделген сараптамалық қорытынды ұсынады, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына береді.

      89. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пікір білдіретін жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар әр бетіне қол қояды және бұрыштама соғады.

      90. Сарапшының (сараптама комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) бұл туралы төрағаға, ал ол болмаған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына хабардар етеді және онымен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығару үшін конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күн мен уақытты келіседі;
      2) конкурстық комиссияның мүшелеріне, сондай-ақ сарапшыға (сараптама комиссиясына) конкурстық комиссия отырысы өткізілетін белгіленген күн мен уақыт туралы хабардар етеді.

      91. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшелерін сарапшының (сараптама комиссиясының) сараптамалық қорытындысының көшірмесімен қамтамасыз етеді;
      2) сараптама комиссиясының сарапшысы не басшысы негізделген қорытындылармен, оның ішінде сараптама комиссиясы сарапшысының ерекше пікірі бар қорытындылармен (егер осындайлар болса) бірге сараптамалық қорытынды жариялайды, қажет болған кезде конкурстық комиссияның мүшелеріне сараптамалық қорытындының қорытындыларын түсіндіреді;
      3) конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінім берген әрбір әлеуетті өнім берушіге қолданылатын Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердің пайыздық шамасын есептейді;
      4) конкурстық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады;
      5) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

      92. Конкурсқа қатысуға өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәніне тиіспей жөндеуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болғанда конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап береді деп танылады.

      93. Егер неғұрлым үздік функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орынды ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.

      94. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      95. Конкурсқа қатысуға бір конкурстық өтінім берілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау және салыстыру кезiнде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтiнiмдерге қолданады.
      Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.
       Ескерту. 95-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      96. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты пайызға (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсер бес пайыздан аспауға тиіс.
      Ескерту. 96-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
      97. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң ең аз құны бар конкурстық өтiнiмдi айқындайды және осындай конкурстық өтiнiмнiң бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады. Осы өлшемнiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауы тиiс.
      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      98. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      99. Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған тауарларды ерікті сертификаттауды жүргізуді растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде екі пайызға азайтады.
       Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      100. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
       Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

      100-1. Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнің жүйесiн сертификаттауды растайтын және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтiнiмнің бағасын шартты түрде екi пайызға азайтады.
      Ескерту. Ереже 100-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.

      101. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік функционалдық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
      Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      101-1. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың ең үздік техникалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді айқындаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде жарты пайызға (0,5%) азайтады.
      Ескерту. Ереже 101-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      102. Конкурстық комиссия ұсынылатын тауарлардың, ең үздік сапалық сипаттамалары бар конкурстық өтінімді анықтаған кезде осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.
      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      102-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      103. Отандық тауар өндіруші мәртебесінің болуына қойылатын критерий мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтініміне қолданылады.
      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      104. Ескерту. 104-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      105. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде:
      1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекен-жайына беру не жіберу;
      2) қол қойылған хаттама мәтінінің тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырылуы.
       Ескерту. 105-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурстық баға ұсыныстарын (конкурс)
бағалау және салыстыру

      106. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті беруге тиіс.

      107. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөнінде отырыс өткізеді.

      108. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім ішінде конкурстық комиссияның хатшысы:
      1) конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру және конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін конкурсқа қатысушылардың өкілдерінде өкілеттіктерінің құжаттамалық расталуының болуына көз жеткізеді;
      2) конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурсқа қатысушылар не олардың уәкілетті өкілдері туралы мәліметтерді енгізеді.

      109. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген уақыт өткеннен кейін ұсынылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.

      110. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық комиссияның хатшысы осындай бас тартудың себебін баяндай отырып, конкурсқа қатысушылардың тізімін көрсетеді.

      111. Конкурстық комиссияның отырысында:
      1) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің арасынан төраға белгілеген адам:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын тіркеудің хронологиялық тәртібімен жариялайды;
      конкурстық комиссияның төрағасына конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді береді;
      2) конкурстық комиссия:
      конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды конкурс тәсілімен жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асып түсетін конкурстық баға ұсыныстарын қабылдамайды;
      осы Ережеде белгіленген жағдайда демпингтік бағаны айқындайды және демпингтік болып табылатын конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қабылдамайды;
      егер осы тармақшада көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан да көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген өлшемдердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды;
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырады және олардың ішінен ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды;
      әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурс нысанасы болып табылатын сатылып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында көбірек тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.
       Ескерту. 111-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      112. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша:
      1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:
      конкурстық комиссияның отырыстарына қатысып отырған адамдарға конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың нәтижелерін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
      конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;
      конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесі ұсынылатын күн, уақыт пен орын туралы ақпарат береді;
      2) конкурстық комиссияның хатшысы:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысының қол қоюын және әрбір бетке бұрыштама қоюын қамтамасыз етеді;
      ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген конкурсқа қатысуға өтінім берген кез келген әлеуетті өнім берушінің талап етуі бойынша осындай жазбаша сұрау салуды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдеріне жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жібереді не ұсынады;
      конкурс тәсілімен жүргізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге көрсетілген хаттаманың көшірмесін ұсынуды қамтамасыз етеді.

      113. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
      1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға;
      2) алынып тасталады - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру.
      Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      114. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамадағы және тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырылған мәліметтер барлық қызығушылық білдірген адамдарға ақы алынбастан танысу үшін қол жетімді болуға тиіс.
        Ескерту. 114-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурстық өтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі

      115. Әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурстық өтiнiмiнiң бағасы, егер ол техникалық-экономикалық негіздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшін) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлген мемлекеттік сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген және белгіленген тәртіппен бекітілген ведомстволық сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген бағадан бес пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтiк деп танылады.
      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      116. Әлеуетті өнім берушінің консультациялық қызметтерге арналған конкурстық өтінімінің бағасы, егер ол конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарына орташа арифметикалық бағасынан жетпіс пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.
      Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      117. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      118. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға ұсынылатын конкурстық өтінімдердің демпингтік бағасын ұсыну фактісін анықтаған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға конкурстық өтінімдерді қабылдамау себебін көрсету мақсатында мынадай ақпаратты қамтиды:
      1) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасын есептеу тәртібі;
      2) конкурстық өтінімнің орташа арифметикалық бағасы;
      3) бағасы демпингтік деп айқындалған конкурстық өтінімдер.

Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу

      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      119. Ескерту. 119-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      120. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі ерекшеліктерін тұжырымдау және олардың техникалық және осы сипаттамаларын анықтау күрделі және (немесе) әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөздер жүргізу қажет болғанда;
      2) ғылыми зерттеулер, сынақтар, іздестірулер немесе әзірлемелер жүргізу қажет болғанда.
       Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      121. Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай тізбекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:
      1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
      тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы немесе сарапшыны анықтауы;
      тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
      тапсырыс берушінің интернет-ресурсын анықтау және уәкілетті органды осындай интернет-ресурстың электрондық мекен-жайы туралы хабардар ету;
      тапсырыс берушінің интернет-ресурсында екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыру жариялау;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдер пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі адамдарға техникалық тапсырма беру;
      әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
      сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге сипаттамаларына қатысты мәселелерді, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарт талаптарын талқылау;
      сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі,
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды тұлғаның не оның міндетін атқаратын тұлғаның бекітуі;
      мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар берген әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырулар жіберу;
      2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
       Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      122. Екі кезеңді рәсімдер пайдалана отырып, конкурсты өткізу кезінде конкурстық комиссия конверттерді ашу және конкурстың әрбір кезеңіне конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.
      122-1. Конкурс тәсілімен екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңінде конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша мыналар:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы ресімделеді.
      Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
      1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің тізбесі;
      2) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті өнім беруші ұсынуы және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес қажет құжаттардың тізбесі.
      Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні интернет-ресурста жариялайды.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға қоса беріледі.
      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда ресімделмейді.
      Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қараған кезде:
      1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында бар, біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесіне кірмеген;
      2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының құжаттар тізбесінде жоқ, өтінімді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру үшін құжаттар ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерді өткізбеуге (конкурсқа қатысушылар деп танымауға) жол берілмейді.
      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау нәтижелері бойынша, әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта ұсынудың соңғы күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама ресімделеді.
      Ескерту. Ереже 122-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      123. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде де өткізу кезіндегі рәсімдер мен ереже пайдаланылады.
      Ескерту. 123-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
өтпей қалды деп тануға негіздемелер

      124. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай жағдайларда өтпей қалды деп таниды:
      Ескерту. 124-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      1) берілген өтінімдер болмағанда;
      2) екіден кем өтінім берілгенде;
      3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
      4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе;
      5) конкурсқа қатысушының бір ғана конкурстық баға ұсынысы қалса;
      6) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса.

      124-1. Арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда өткізілмеді деп танылады:
      1) ұсынылған конкурстық баға ұсыныстарының болмаса;
      2) конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға
ұсыныстарының тек біреуі қалса;
      3) арнайы тәртіпті қолдана отырып, конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса.
      Ескерту. 124-1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

4. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

      Ескерту. 4-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

5. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу

      141. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші Заңның 32-бабында белгіленген жағдайда қабылдайды.

      142. Бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мынадай дәйекті іс-шараларды орындауды көздейді:
      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың осы тәсілін қолдануды негіздей отырып, бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешім қабылдауы;
      2) тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін әзірлеуі;
      4) тапсырыс берушінің сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын, орны мен мерзімдерін, оларға ақы төлеу шарттары мен мерзімдерін бекітуі;
      5) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушіге Заңның 33-бабының 1-тармағында көзделген мәліметтерді көрсете отырып, мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жіберуі;
      6) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының әлеуеттi өнiм берушi ұсынған әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға ол ұсынатын бағаны негiздеудi растайтын құжаттарды қарауы;
      7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі;
      8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы тапсырыс берушіге ұсынуы.
      Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі және тапсырыс берушінің бекітуі талап етілмейді. Мұндай жағдайда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі, сондай-ақ конкурс және (немесе) өтпеді деп танылған аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың конкурстық және (немесе) аукциондық құжаттамасында көзделген тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің шарттары, орны мен мерзімі және оларға ақы төлеу шарттары қолданылады.
      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      143. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшыны не сараптама комиссиясын тартуға құқылы. Сарапшыны не сараптама комиссиясын тарту осы Ереженің 35-тармағында белгіленген шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

      144. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      145. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушінің бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімін қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге жазбаша нысанда Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.

      146. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      147. осы Ереженің 124-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
      Осы Ереженің 124-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге сұрау салу жіберіледі.
      Осы Ереженің 124-тармағының 3) тармақшасында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 6-тармағының талаптарын бұзған адамды қоспағанда, рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурстық өтінім берген әлеуетті өнім берушіге ең жоғары шартты жеңілдікпен сұрау салу жібереді.
      Ескерту. 147-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      148. Осы Ереженің 124-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 73-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз қабылданған болып табылатын конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті өнім берушіге не конкурсқа қатысушыға сұрау салу жібереді.
      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      148-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізу қағидаларының 155-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда сұрау салу жіберілетін әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды.
      Ескерту. Ереже 148-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      148-2. Әлеуетті өнім берушіге жіберілетін конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізілмеген деп танудың негізінде бір көзден сатып алу шарты туралы ақпарат өткізілмеген деп танылған конкурстың немесе аукционның конкурстық немесе аукциондық құжаттамасына сәйкес болуы тиіс.
      Бұл ретте, әлеуетті өнім беруші жіберілетін ақпаратта бір көзден сатып алу шарттарында тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау мерзімдерін қамтуы тиіс. Осы мерзімдер конкурстық құжаттамада және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасында белгіленген мерзімдерден асуы мүмкін, бірақ күнтізбелік он бес күннен артық емес.
      Ескерту. Ереже 148-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      149. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету туралы ұсынысты қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға оның осы Ереженің 51-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын құжаттарды, ұсынылып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өзінің жазбаша келісімін, сондай-ақ жеткізілетін тауарлар, орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны оның негіздемесімен жібереді, талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімі мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру алған күнен бастап, үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Баға негіздемесі әлеуеттi өнiм берушiнiң тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС және басқа да салықтарды, төлемдер мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен мiндеттi қосалқы бөлшектер құнын, бiр өлшем бiрлiгiне пайдаланудың бастапқы мерзiмi iшiнде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды, басқа да шығыстарды қоса алғанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге ұсынатын құнның есебін қамтуы тиіс.
      Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде мемлекеттік сатып алу бір көзден сатып алу тәсілімен жүзеге асырылған жағдайда әлеуетті өнім берушіден мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өзінің жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
      Егер неғұрлым жақсы функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздік технологиялық шешімдер және (немесе) жақсы материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылса әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынған техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуіне жол беріледі.
      Ескерту. 149-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      150. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушіге қол қою үшін берілетін бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
      1) бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
      2) бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
      3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабының 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы;
      4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы.
      Ескерту. 150-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      151. Егер бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін сараптама комиссиясы не сарапшы бекітілген жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса тіркеледі.

      152. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруға тиіс.

      153. 152-тармақтың талабы олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      Ескерту. 153-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      154. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу:
      1) егер әлеуеттi өнiм берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы осы сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген сомадан асып түскен;
      2) егер әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      3) егер әлеуетті өнім беруші қатысудан бас тартқан;
      4) егер әлеуетті өнім беруші неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынған жағдайларда өтпеді деп танылады.
      Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші өнім берушіге жібереді.
      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

      156. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
      Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету осы Ереженің 256-тармағында көзделген тәртіппен өткізілген конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда енгізілмейді.
      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

      158. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.
      Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.
      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
       Ескерту. 159-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      160. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

      161. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы бойынша тауар биржалары арқылы айқындалған өнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында көзделген жағдайда берген өнім берушілерге қолданылмайды.
       Ескерту. 162-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      Ескерту. 163-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
      Ескерту. 164-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
      Ескерту. Ереже 164-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      164-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 164-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау

      165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

      166. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар

Әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала
іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне
қойылатын талаптар

      167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:
      1) әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;
      1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;
      2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне;
      4) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді берушілерге қолдау көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтиды.
       Ескерту. 167-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      168. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті өнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

      169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиіс.
       Ескерту. 169-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      170. Ескерту. 170-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;
      3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайын жіберуге;
      4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.
      Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
      Ескерту. 171-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      172. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (бұдан әрі - Өтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

      173. Әлеуетті өнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.

      174. Әлеуетті өнім берушілердің Өтінімдері тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.
       Ескерту. 174-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      175. Тізбеге енгізуге өтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.

      176. Өтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
      1) Өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың Өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;
      2) Өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.
      Өтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Өтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      177. Комиссия Өтінім, егер Өтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.

      178. Комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.

      179. Әлеуетті өнім беруші, егер:
      1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның Өтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.

      180. Егер әлеуетті өнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Өтінімді қайтарудың негіздемесі көрсетіледі.

      181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

      182. Комиссия Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.

      183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.
      Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:
      1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың көшірмесін беру не жіберу;
      2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.

      185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін
қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар

      186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.

      187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.
       Ескерту. 187-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті өнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына және Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.
       Ескерту. 187-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

      190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.

      191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Өтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінімдерді қарау тәртібін көрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілерге жібереді.

      192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетілген күні, уақыты мен орнында өткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті өкілі қатысуға тиіс.

      193. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.

      194. Әлеуетті өнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.

      196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.

      197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

      198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

      199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.

      200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.
      Ескерту. 200-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.

      202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.
       Ескерту. 202-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.

      204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.

8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

       Ескерту. 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. "Жалпы ережелер" кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      205. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      206. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті өнім берушілерді
Жүйеге тіркеу

      Ескерту. Кіші бөлімінің тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      207. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      208-220. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары

       Ескерту. Кіші бөлімі мен 221-231-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру

       Ескерту. Кіші бөлімі мен 232-234-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

       Ескерту. Кіші бөлімі мен 235-248-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі Жалпы ережелер

      249. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.23 № 345 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі.
      252. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтіндерін, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу, конкурста қатысуға жіберу туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
      253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жібереді.
      Егер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тек бір ғана әлеуетті өнім берушінің рұқсаты болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мұндай әлеуетті өнім берушіге онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға жазбаша шақыру жібереді.
      Ескерту. 253-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
      Ескерту. 254-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      254-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін шақыруды отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Отандық тауар өндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды жіберген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олардың отандық өндірістің азық-түлік тауарларын жеткізу шартын көрсетеді.
      Ескерту. Ереже 254-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2013 № 1395 қаулысымен.
      255. Аттарына хабарлама жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып, тапсырыс беруші жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      Конкурсты бірыңғай ұйымдастырушы өткізген жағдайда, әлеуетті өнім берушілердің тізімін бірыңғай ұйымдастырушының бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      Оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің оларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығы талап етілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші тиісті құқықтары бар әлеуетті өнім берушілердің ішінен конкурсқа қатысуға шақырылатын әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыруға міндетті.
      Ескерту. 255-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық мәнінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысының не жауапты хатшысының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамның не бірінші басшының міндетін атқаратын адамның шешімімен конкурстық комиссияның құрамы бекітіледі, қажет болған кезде сараптамалық комиссия құрылады не сарапшы анықталады, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір қаржы жылына тұрақты негізде бір конкурстық комиссия құрамын бекітуге, конкурстық комиссияның хатшысын айқындауға, сондай-ақ қажет болған кезде, құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша сараптамалық комиссия құруға не сарапшыны айқындауға құқылы;
      2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Конкурстық құжаттама, елеулі талаптар және конурстық өтінімді ұсыну нысаны көрсетілген шарттың жобасын қоса бере отырып, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адамы қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
      мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
      сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін;
      тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
      тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттар сұратылмайды.
      Әлеуетті өнім берушінің Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес берілетін конкурсқа қатысуға өтінімі әлеуетті өнім беруші ретінде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу ниетін білдіру және тауар(лар)ды жеткізуді, жұмыс(тар)ды орындауды, қызмет(тер)ді көрсетуді конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес жүзеге асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады;
      3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
      4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарауды жүзеге асырады және конкурстық өтінімі жазбаша сұрау салу талаптарына сәйкес келетін және ең аз баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні конкурс жеңімпазы деп айқындайды.
      Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады;
      5) егер:
      ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
      әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
      әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса;
      неғұрлым жақсы техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелікті ұсыну жағдайларын қоспағанда, әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелік ұсынса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі кері қайтарылуға жатады;
      конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
      6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
      тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы, олардың почталық мекенжайы;
      өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
      конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі біткенге дейін конкурстық өтінімдерін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімдеген бағалары;
      кері қайтару себептерінің негіздемесін бере отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
      конкурс жеңімпазы туралы мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
      7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу арқылы конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.
      Ескерту. 256-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде
көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету
жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібі

       Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері

       Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ерекшеліктері

       Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін
қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін
қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      273. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      274. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      275. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      276. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      277. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      278. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      279. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      280. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      281. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      282. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      283. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      284. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      285. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      286. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      287. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      288. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      289. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      290. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      291. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер жабық конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:
      1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      2) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар;
      3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама жарияланған күннен кейін берілген тұрғын үйге ауыртпалықтың болмауы туралы құжат;
      4) тұрғын үйді сатуға құқық иеленушісі берген нотариалды куәландырылған құжат.
      Ескерту. 292-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.

Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды,
жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді
өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      295. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      296. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      297. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      298. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      299. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      300. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      301. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      302. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

       302-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      
      302-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      302-3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      302-4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      
      302-5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      302-6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      302-7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      302-8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      302-9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың
ерекше тәртібі

      303. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін (бұдан әрі - ерекше тәртіп) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар болып табылатын тапсырыс берушілер қолданады.

      304. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдері мен мерзімін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      305. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу " Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурста қызметтерін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдары қатысады.
      Ескерту. 305-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      305-1. Заңда және осы Ережеде көзделген талаптардан басқа, бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім берушінің материалдық-техникалық базасының және оның қызметкерлері біліктілігінің сипаттамасы және оларға қойылатын талаптар;
      2) қызметтермен қамтылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың саны туралы ақпарат.
      Ескерту. Тәртіп 305-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      305-2. Бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия, егер әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде осы Ереженің 305-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық өтінімді қабылдамайды.
      Ескерту. Тәртіп 305-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      305-3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған техникалық ерекшеліктерді бағалау үшін конкурстық құжаттамада мынадай критерийлерді көздеуге міндетті:
      1) жобаның тапсырыс беруші қойған мақсаттар мен тақырыпқа сәйкестігі;
      2) ұсынылған жобаның ұйымның миссиясына (жарғылық мақсаттарына) сәйкестігі;
      3) ұйым миссиясының тапсырыс берушінің салалық мамандануына сәйкестігі;
      4) тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге арналған егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының (іс-шараның атауы мен нысаны, нысаналы топ, өткізілетін мерзімі, елді мекенді, халықтың қамтылуын көрсете отырып, өткізілетін жері) болуы;
      5) жобаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді әлеуетті алушылардың саны;
      6) әрбір іс-шара бойынша, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін шығыстар сметасының болуы;
      7) жобаны іске асыру нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша өлшемді критерийлердің болуы;
      8) жобаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден қосымша қаражат тарту мүмкіндігі;
      9) жобаны іске асыруға жоғары білікті мамандарды тарту мүмкіндігі;
      10) әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтердің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс өнім берушілерінің тізілімінде» болуы.
      1) – 9) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия 0-ден бастап 1 балға дейін бағалайды;
      10) тармақшаларда көзделген критерийлерді конкурстық комиссия  0-ден бастап 5 балға дейін бағалайды.
      Ескерту. Ереже 305-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      305-4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия төраға белгілеген мерзімдерде, бірақ конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау мерзімінен кешіктірмей:
      1) өз құзыретi шегiнде, олар ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынған құжаттардың толықтығы және тиесiлi ресiмделуi тұрғысынан қарайды.
      Комиссия мүшелері әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қорытынды бередi және осы Ереженің 305-3-тармағында көзделген критерийлер бойынша бағалау жүргізеді;
      2) комиссия әрбір техникалық ерекшелік жөнінде әрбір көзделген критерий бойынша 0-ден 5-ке дейін балдарды көрсете отырып, бағалау парағын жасайды.
      Әрбір техникалық ерекшелікті зерделеу нәтижелері бойынша әрбір жобалық ұсыныс жөнінде комиссия әрбір критерий бойынша бағалау парағына балл қойып шығады;
      3) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi не сәйкес еместігі туралы қорытындыны ресiмдейдi және оған қол қояды;
      4) тиесiлi түрде ресiмделген қорытындыны ұсынады, сондай-ақ әлеуеттi өнiм берушiлердiң құжаттарын конкурстық комиссияның хатшысына бередi.
      5) конкурстық комиссия аталған қорытындыны ескере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындыларын шығарады.
      Комиссияның әрбір мүшесінің барлық критерийлер бойынша қойған баллдары жинақталады және алынған сома жобалық ұсыныстың бағасы болып саналады.
      Конкурстық комиссияның жобалық ұсынысқа қорытынды бағалары (баллдары) кемуі тәртібімен жалпы тізімге енгізіледі.
      Конкурстық комисияның шешімімен ең көп балл санын (кемінде 28) жинаған жобалық ұсынысты немесе ең жоғары баллдың бірдей санын (кемінде 28) жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне дейін жіберіледі;
      28 баллдан кем жинаған жобалық ұсыныс конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      Конкурстық комиссияның шешімімен ең көп балл санын жинаған жобалық ұсыныс немесе ең жоғары баллдың бірдей санын жинаған жобалық өтінімдер конкурстың баға ұсыныстары кезеңіне жіберіледі;
      6) егер баға ұсыныстары конкурсына бір өтінім жіберілген жағдайда, конкурс өтті деп танылады және өтінімді одан әрі қарау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады;
      7) егер баға ұсыныстары конкурсына тең балл санын жинаған бірнеше өтінім жіберілген жағдайда, конкурс жеңімпазы деп ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші танылады.
      Ұсынылған баға ұсыныстары тең болған жағдайда, осы конкурста сатып алынатын қызметтер көрсету саласында ең көп жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады;
      8) конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді.
      Әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын қызметтердiң конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан қарау үшін сарапшы (сарапшылар) тартылған жағдайда, жоғарыда тізбеленген іс-қимылдарды сараптау комиссиясы (сарапшы) жүргізеді.
      Ескерту. Ереже 305-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      306. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілерге мынадай біліктілік талаптары қолданылмайды:
      1) төлем қабілетінің болуы;
      2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және қаржы ресурстарына ие болу.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген норма бір қаржылық жылдан асатын мерзімге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізген кезде әлеуетті өнім берушілерге қағаз жеткізгіште хаттамалар ұсыну бойынша рәсімдер, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған адамдарды тіркеу журналын жүргізу және Заңда және осы Ережеде көзделген конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша жауап мәтінін қағаз жеткізгіште әлеуетті өнім берушілерге жіберу қолданылмайды.
      Ескерту. 306-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.13 № 329 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      306-1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді және төлемге қабілеттілігін растайтын құжаттарды ұсынбайды.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде өнім беруші мемлекетік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізген кезде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің пайыздық мәнін қолданбайды.
      Ескерту. Ереже 306-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      307. Конкурстық комиссия отырысының конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі хаттамасының көшірмесі әлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның отырысына қатысқан олардың уәкілетті өкілдеріне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы күнінен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі, сондай-ақ тапсырыс берушінің интернет-ресурсында конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашудың қол қойылған хаттаманың мәтіні жарияланады.

      308. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде қарайды (күрделі техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда осындай өтінімдерді қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап отыз күнтізбелік күнге дейінді құрауы мүмкін). Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімде тиісінше конкурсқа қатысуға рұқсат ету хаттамасын жасайды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізудің ерекше тәртібі

       Ескерту. Кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.14. N 323 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      309. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінде көзделген арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтер) мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілер болып табылады.
      310. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу Заңға сәйкес конкурс тәсілімен, осы тарауда көзделген нормалар ескеріле отырып өткізіледі.
      311. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтерді жыл басынан бастап үздіксіз көрсету үшін келесі жылға арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алу бойынша конкурс ағымдағы жылы келесі жылға арналған бюджет бекітілгеннен кейін өткізіледі.
      312. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлау Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      313. Конкурстық құжаттамада мынадай деректер:
      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
      2) сатып алынатын қызметтердің тізбесі;
      3) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын қызметтердің сипаттамасы мен талап етілетін сапалық сипаттамасы;
      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың түпкілікті сапалы нәтиже алуға бағытталған шарттары көрсетілген техникалық айрықшалылығы;
      5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуі қажет адамдардың (отбасылардың) саны;
      6) қызметтер көрсетілетін орны;
      7) қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      8) төлем шарттары мен елеулі жағдайлары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
      9) өзінің (және өзі тартатын қоса орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесі;
      10) жиынтығы шарт бойынша қызметтердің жалпы көлемінің 40 %-нан артығын қоса орындаушыларға беруге тыйым салу туралы ақпарат;
      11) конкурсқа қатысуға берілген өтінім мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конвертті ұсынудың тәртібі, тәсілі, орны және соңғы мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысу өтінімдерінің талап етілетін қолданылу мерзімі;
      12) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер солардың көмегімен түсіндіру, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөнінде әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілетін орнын, күні мен уақытын сұрата алатын тәсілдері;
      13) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдер мен конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттің ашылатын орны, күні мен уақыты (жұмыс күнінің жергілікті уақыт бойынша он бір сағатынан кешіктірмей);
      14) конвертті ашу рәсімінің, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау, конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру сипаттамасы;
      15) соның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын бағадан басқа, барлық өлшемдердің, оның ішінде осындай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәні мен шартты баға есебі әдістемесінің сипаттамасы;
      16) өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысаны болып табылатын қызметтерді (әр лот бойынша) сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
      314. Конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алудың шарттары туралы анағұрлым толық ақпарат алуына мүмкіндік беретін басқа да қосымша мәліметтер қамтылуы мүмкін.
      315. Конкурстық құжаттамада заңды тұлғаның құқықтық нысанына нұсқамалардың және қызметтердің жеке әлеуетті өнім берушіге тиістілігін айқындайтын өзге де сипаттамалардың болуына жол берілмейді.
      316. Біртектес немесе бір тектес арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірнеше түрін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тектес қызметтерді конкурстық құжаттамада арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санаттары мен оларды ұсыну шарттары бойынша лоттарға бөлуге міндетті.
      Осы тармақта көзделген жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау, конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру, сондай-ақ, конкурстың жеңімпазын анықтау конкурстық құжаттамада көзделген әрбір лот бойынша жүзеге асырылады.
      317. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынатын конкурсқа қатысуға арналған өтінім:
      1) Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім беруші толтырған және қол қойған өтінімді;
      2) өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын құжаттардың тізбесін:
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық іс-әрекетке қабілеттілігін (жеке тұлғалар үшін) растайтын, нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидентi еместері сауда тiзiлiмiнiң нотариалды куәландырылған заңды үзiндi көшiрмесiн қазақ және (немесе) орыс тiлiне аудармасымен қоса ұсынады;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Заңды тұлға өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, рұқсаттардың әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      төлем қабілеттілігін растайтын құжаттарды:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес (әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасын. Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылған күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс;
      конкурстық өтінімдер салынған конверт ашылатын күннің алдындағы бір айдан асырылмай берілген және мөртаңбамен бекітілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не салық берешегі мен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден кем берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
      3) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) онымен қоса орындаушылардың арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілігі туралы, әлеуетті өнім берушінің және оның қоса орындаушыларының арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар көрсетілген арнаулы біліктілік және өзге де талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын мәліметтерді қамтуға тиіс.
      Әлеуетті өнім беруші қызметтерді қоса атқарушыларды тартуды көздеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қоса орындаушылардың жалпы және арнаулы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
      Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардың баға ұсынымына әсер етуші өлшемдер болған жағдайда, өтінімде оларды растаушы құжаттар да қамтылуға тиіс.
      Сондай-ақ, өтінім конкурста сатып алу нысаны болып табылатын қызметтерді көрсету кезінде, әлеуетті жеткізушінің қоса орындаушыға жалпы жиынтығында қызметтер көлемінің 40 %-нан артығын беруіне тыйым салу шарты туралы мәліметтерді қамтуға тиіс;
      4) көрсетілетін қызметтердің тізбесін (қатысатын лоттар көрсетілген), оның ішінде:
      қызметтердің сапалық сипаттамаларының сипатын (техникалық айрықшалықтар);
      көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері;
      қызметтерді көрсету орны, жағдайы мен мерзімдері (кезеңдері);
      төлемнің балама шарттары (ондайлар бар болса);
      көрсетілетін қызметтердің шығыстар бойынша толық жазылған бағасын;
      5) мемлекеттік сатып алу туралы шарт заңды күшіне енген сәттен бастап, қызметтердің сапалық сипаттамасын және тиісті мемлекеттік және салалық стандарттар мен нормативтерді қоса алғанда, олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы міндеттемені;
      6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүддесін білдіретін тұлғаға (тұлғаларға) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына сенімхатты қамтиды.
      Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның өтінімі сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілетінің болуын растау үшін) қамтуға тиіс.
      Ескерту. 317-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      318. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбейді.
      319. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттер ашылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды. Конкурстық комиссия өтінімдерді қарау қорытындысын шығарады және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама жасайды.
      Конкурсты ұйымдастырушы екінші жұмыс күнінің 16 сағатынан кешіктірмей жіберу хаттамасын барлық қатысушыларға жібереді және біліктілік талаптары бойынша іріктеуден өткен қатысушыларды конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің ұсынылу және ашылу уақыты туралы (үшінші жұмыс күнгі сағат 11-ден кешіктірмей) хабардар етеді.
      Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттер ашылған күні конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өткізіледі және конкурс қорытындысының хаттамасына қол қойылады.
      320. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінім ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін және сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан аспайтын бағаны ұсынған ең болмаса бір әлеуетті өнім беруші болса, конкурс өткізілді деп таниды.
      321. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді сатып алудағы жеңімпазды анықтау кезінде, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді алған тұлғалардың пікірі мен ұсынымдарын ескеруге құқылы.
      322. Конкурсты ұйымдастырушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражаттың шегінде, арнаулы әлеуметтік қызметтердің ұсынылған тізілімдерін салыстырып тексеру негізінде, орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес нақты көрсетілген қызметтер үшін, қызметтерді жеткізушілерге ай сайын шығындарды өтейді.
      323. Осы тараумен реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссиялардың мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.

Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

       Ескерту. Кіші бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.06 N 635 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      324. - 331. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

10. Өтпелі ережелер

       Ескерту. 10-бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Ережеге 1-қосымша     

Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер номенклатурасы

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.         

Мемлекеттік сатып алуды 
жүзеге асыру ережесіне 
2-қосымша       

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары

Жалпы мәліметтер

Тапсырыс берушінің БСН

Тапсырыс берушінің СТН

Мемлекеттік мекемелер үшін

Тапсырыс берушінің атауы (мемлекеттік тілде)

Тапсырыс берушінің атауы (орыс тілінде)

Қаржы жылы



ММ коды

Қор




1

2

3

4

5

6

7

Мемлекеттік сатып алу жоспары

р/с

Жоспар тармағының түрі

Мемлекеттік мекемелер үшін

Сатып алу мәнінің түрі

Тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің коды (ТЖҚС сәйкес*)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілдегі атауы (ТЖҚС сәйкес*)

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тіліндегі атауы (ТЖҚС сәйкес*)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік тілде қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*)

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің орыс тілінде қысқаша сипаттамасы (сипаттауы) (ТЖҚС сәйкес*)



Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Ерекшелік

Қаржыландыру көзі







1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      кестенің жалғасы

Қосымша сипаттамасы (сипаттауы) (мемлекеттік тілде)**

Қосымша сипаттамасы (орыс тілінде)**

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі (ТЖҚС сәйкес *)

Саны, көлемі

Бір бірлігі үшін баға***, теңге

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома ***, теңге

Үш жылғы кезеңнің бірінші жылына бекітілген сома

Үш жылдық кезеңнің екінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге

Үш жылдық кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды сома ***, теңге

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету (ӘАОС сәйкес елді мекеннің коды)

Аванстық төлемнің мөлшері, %

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

      * ТЖҚС – тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы
      ** толтыру міндетті емес
      *** 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер соманы ҚҚС есепке алусыз көрсетеді. Аталған талап 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушілері болып табылатын дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Бұл ретте аталған дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар 2013 жылға арналған жылдық жоспарда ҚҚС есепке алусыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағаны көрсетуге құқылы.

                                                         Ережеге
                                                        3-қосымша

       Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                                   Бекітемін:
                              _______________________________
                           (Тапсырыс берушінің толық атауы және осы
                      конкурстық құжаттаманы бекіткен оның лауазымды
                                    тұлғасының Т.А.Ә. көрсету қажет)
                                          200__жылғы "___" _________
                                          шешімнің N________________

                ҮЛГІ КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА 

мемлекеттік сатып алу бойынша
_____________________________________________________________
(конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауын
                        көрсету қажет)

Тапсырыс беруші ______________________________________________
                        (тапсырыс берушінің толық атауы, орналасқан
                    жері, БСН-і, банктік деректемелері көрсетілсін)

Тапсырыс берушінің өкілі____________________________________
(тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә., байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын көрсету қажет)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
_______________________________________________________________
        (толық атауы, орналасқан жері, БСН-і, банктік деректемелері
                               көрсетілсін)

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілі
____________________________________________________________
(лауазымын, байланыс телефондарын және болса электрондық почтасының мекен-жайын қоса алғанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының лауазымды тұлғасының - өкілінің Т.А.Ә. көрсету қажет)

Конкурстық құжаттаманың құны
____________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың құнын теңгемен көрсету не егер конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшін төлем алу көзделмесе немесе конкурстық құжаттама Интернет желісінде электрондық түрде орналастырылса, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады").

1. Жалпы ережелер

      1. Конкурс өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауын көрсету қажет).
      2. Тауарды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома____ теңгені құрайды (тауарларды, (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) лоттарға бөлген жағдайда әрбір лот үшін сома жеке көрсетіледі).
      3. Осы конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
      1) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;
      2) бар болса, ұлттық стандартты немесе Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған кезде, осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы көрсете отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын жұмыстардың сипаты мен талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының орнына конкурстық құжаттамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс;
      3) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді;
      4) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;
      5) әрбір критерийдің пайыздық мәнін көрсете отырып, осы Ережеге сәйкес неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны айқындау кезінде конкурстық комиссия есепке алатын міндетті критерийлердің тізбесін;
      6) объектілер салуға не оларды қайта жаңартуға байланысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада жұмыстарды орындау кезеңдерін, түрлерін және көлемдерін, сондай-ақ егер кіші жобалау құжаттамасына сәйкес оларды орындау мерзімі бір қаржы жылынан асатын болса, әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасын көрсетуі қажет.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді төменде санамаланған нысандардың бірінде енгізеді:
      1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын______________ (тапсырыс берушінің не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелерін көрсету қажет);
      2) осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

      5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші 200__жылғы "__"___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бөлімшені және бөлме нөмірін көрсету қажет).
      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз:
      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы "__"___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмелері берілген әлеуетті өнім берушілермен не олардың уәкілетті өкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін _____ (кездесу өтетін орынды, күні мен уақытын көрсету қажет) кездесу өткізеді.
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың көздерін көрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар көрсетіледі. Хаттама әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналында көрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға өтінім

      10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті өнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған өтінімді;
      2) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi көшiрмесiн ұсынады;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
      төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
      осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын.
      Конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
      3) әлеуеттi өнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.
      Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайында әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
      осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету көлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет көрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді;
      6) (Ескерту. 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      7) (Ескерту. 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      12. Конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.
      Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті өнім берушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
      13. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы, әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
      14. Конкурстық өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      15. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың дәл атауы көрсету қажет) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашатын күн және уақыты көрсету қажет)".

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

      16. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: сағаттан бастап (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын дәл күн және уақыт көрсету қажет) қоса алғанда (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық почталық мекен-жайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (дардың) Т.А.Ә. көрсету қажет) береді.
      17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.
      18. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
       Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу

      20. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.
      Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті өнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
      2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
      23. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді (конкурстық өтінімдер ашылатын және конкурс өткізу туралы хабарландыруда (хабарламада) көрсетілген конкурстық комиссияның отырысы өткізілетін дәл күнін, уақытын және орнын көрсету қажет). Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын көрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
      Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
       Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
      Ескерту. Орыс тілдегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалады - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      27. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;
      әлеуетті өнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;
      конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
      тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;
      2) конкурстық комиссияның өкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы:
      тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
      әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
      Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушілерге немесе олардың уәкілетті өкіліне конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

      28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
      29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
      30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім беруші ұсынбаған;
      2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
      3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.
      Әлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Ереженің 87-1 және 87-2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;
      конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
       Ескерту. 31-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      32. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 6-бабының 1-тармағының 5)5-1)6) және 7) тармақшаларының талаптарын бұзса;
      3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
      конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;
      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      33. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
      1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
      2) осы Ережеге сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердің пайыздық мәнін қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
       Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

      35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
      1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
      2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
      3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
      36. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауын көрсету қажет) - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".
      Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау 

      37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
      Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
      конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
      38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
      39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
       Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
      41. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
      2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
      4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
      42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiр бетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
       Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

      44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
      45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:
      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
      3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.

9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

      46. Конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетiлетiн қызметтердi) мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шарт негiзiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тапсырыс беруші қол қояды және өнім берушіге жібереді.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      47. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      48. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бiр қаржы жылынан артық мерзiмге оны жасасу туралы ережелердi қамтуы тиiс.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      49. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.
      49-1. Отандық тауар өндірушілермен және отандық жұмыстарды орындаушылармен, қызметтерді көрсетушілермен шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені, жұмыстарды орындағаны, қызметтерді көрсеткені үшін толық ақы төлеу шартын қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. Қосымша 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
      51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:
      1) ол конкурсқа қатысуға енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады және мұндай әлеуеттi өнiм берушiнi мемлекеттiк сатып алудың теріс пиғылды қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
      2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

                                                    Үлгі конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        1-қосымша

       Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
                       қызметтердің тізбесі

Лот
N

Тапсы-
рыс
беру-
шінің
атауы

Тауар-
лардың
(жұ-
мыс-
тың,
қыз-
мет-
тің)
атауы

Өлшем
бірлі-
гі

Саны,
көле-
мі

Беру
шарт-
тары
(ИНК
ОТЕРМС
2000
сәй-
кес)

Тауар-
лар
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
меттер
көрсе-
ту
мер-
зімі

Тауар-
лар
беру,
жұмыс-
тарды
орын-
дау,
қыз-
меттер
көрсе-
ту
орны

Аванс-
тық
төлем
мөлше-
рі,
%

Кон-
курс
тәсі-
лімен
мемле-
кеттік
сатып
алу
үшін
бөлін-
ген
сома
(N
лот
бойын-
ша),
теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



(Та-
уар-
лардың
(жұ-
мыс-
тар-
дың,
қыз-
мет-
тер-
дің)
сипат-
тама-
лары
техни-
калық
ерек-
шелік-
терін-
де
көрсе-
тіле-
тін
жағ-
дайда
бұл
баған-
да
тауар-
дың
(жұ-
мыстың
не
қыз-
мет-
тің)
қысқа-
ша
атауы
және
әрбір
ұста-
ным
бойын-
ша
техни-
калық
ерек-
шелік-
тің
нақты
бөлі-
міне
сіл-
теме
көрсе-
тіле-
ді)








        * Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы Тапсырыс беруші басшысының лауазымы, Т.А.Ә. және қолы
____________________/______________/   _____________/______________/
Күні______________                     Күні______________
М.О.                                   М.О.

                                                     Үлгі конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        2-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) техникалық ерекшелігі
(әрбір лотқа жеке беріледі)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Конкурстың № _______________________________
      Конкурстың атауы ___________________________
      Лоттың № _________________________________________
      Лоттың атауы _____________________________________
      Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары беріледі және жеткізілетін тауарлар (орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сәйкес болуы тиіс халықаралық немесе ішкі стандарттар көрсетіледі.
      Тауарларға берілетін техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын сипаттау функционалдық шектерді, техникалық сипаттама параметрлерін, үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсатында тауардың мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуге тиіс.
      Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы керек екендігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
      Көрсетілетін қызметтерге берілетін техникалық ерекшелікте техникалық және сапалық сипаттамаларын сипаттау техникалық сипаттама параметрлерін және үздік техникалық ерекшелікті айқындау мақсаттары үшін қызметтер көрсету мақсатын қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс. Осындай қызметтерді тікелей көрсететін қызметкердің біліктілігіне байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда, техникалық ерекшелікте қызметкерге жүктелетін міндеттерді орындау үшін қажетті оның деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, жұмыс өтілін айқындайтын талаптардың сипаты беріледі.
      Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарт немесе ол болған кезде Қазақстан Республикасы өндірушілерінің комммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандарт көрсетілуі тиіс.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.

                                                     Үлгі конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        3-қосымша

      Сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшеліктері

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс_____________________
                                        (толық атауын көрсету қажет)

      Осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын жұмыстардың толық сипатын және талап етілетін техникалық және сапалық сипаттамасын беруі тиіс және орындалатын жұмыстар, кепілдік мерзімі сәйкес болуға тиіс болатын халықаралық немесе ұлттық стандарттарды, көрсетуі тиіс. Қажет болған кезде тиісті нормативтік техникалық құжаттамаға сілтеме жасалған болуы тиіс.
      Сондай-ақ осы техникалық ерекшелікте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс алаңының, географиялық, инженерлік-геологиялық және басқа да ерекше табиғи жағдайлардың қысқа сипатын, инфрақұрылым мен коммуникацияның бар-жоғын, жергілікті ресурстардың сипатын, стандарттар мен техникалық нормативтер жүйесін беруі тиіс және объектіні пайдалануға беру кезінде қайшылықтарды болдырмайтын объектінің толық құрамын, аумақты инженерлік дайындау, өндіріс технологиясы мен жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланылатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жарақтандыру жөніндегі талаптарды көрсетуі тиіс.

                                                     Үлгі конкурстық
                                                       құжаттамаға
                                                        4-қосымша

                  Конкурсқа қатысуға өтінім
                   (заңды тұлғалар үшін)

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Кімге
__________________________________________________________________
  (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен
__________________________________________________________________
         (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары


Заңды тұлғаның банктік деректемелері (БСН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні


      2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
      3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімі де білдіріледі.
      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
      5. (5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. (6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. (7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. (8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
      10. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
      Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)
      Толтырылған күні ___________________________________
      М.О.

                                                   Үлгі конкурстық
                                                     құжаттамаға
                                                      5-қосымша

       Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

                Конкурсқа қатысуға өтінім
                       (жеке тұлға үшін)

Кімге
__________________________________________________________________
  (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен
__________________________________________________________________
         (әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)

      1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.


Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің жеке басын куәландыратын
құжат деректері


Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің тіркелген мекен-жайы


Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты
мекен-жайы


Тіркеу туралы куәліктің, патенттің
не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне
сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға құқық беретін өзге де
құжаттың нөмірі


Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (ЖСН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекенжайы


Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім
берушінің байланыс телефондары,
почталық мекен-жайы мен электрондық
почтасының мекен-жайы (ол болған
кезде)


       Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.
      3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алу (тауарды (ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді – қажеттісі көрсетілсін) туралы шартты бұзуға келісімін де білдіріледі.
      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
      5. (5-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. (6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      7. (7-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. (8-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
      10. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
      Біздің конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мөлшерде енгіземіз (егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызына тең болуы тиіс авансқа тең мөлшерде көзделген болса, көрсетіледі).
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      11. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
__________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)
Толтырылған күні _____________________________________________

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                       6-қосымша

              Біліктілігі туралы мәліметтер
    (әлеуетті өнім беруші жұмыстарды сатып алу кезінде толтырады)

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Әлеуетті өнім берушінің атауы _____________________________
      __________________________________________________________

      2. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдың ішінде орындаған жұмыс көлемі (болған кезде) __________________________ теңге.

Объектінің атауы және тұрған жері

Тапсырыс берушілердің атауы және олардың телефондарының нөмірлері

Жұмыстардың тұрпаты және объектінің аяқталу жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетпеуге болады)













      3. Жұмыстарды орындау үшін әлеуетті өнім берушіде растайтын құжаттар қоса берілген мынандай жабдықтардың (құрылыс механизмдері, машиналар) болуының елеулі маңызы бар. Әлеуетті өнім беруші төмендегі кестеде берілген барлық сұрақтарға жауап беруі тиіс:

Жабдықтың (құрылыс механизмдерінің, машиналардың) түрі

Қолда бар бірліктердің саны

Жағдайы (жаңа, жақсы, жаман)

Меншікті, жалға алынған (кімнен), сатып алынады (кімнен)













      4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы

Р/с

Қызметкерлердің Т.А.Ә. (жеке куәлігінің № мен берілген күнін көрсету)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы

1





2





3





Барлығы ҚР азаматтарының еңбеқақысы





      5. Қаржы ресурстарына қол жетімділігі туралы мәліметтер (ақша қаражаты: меншікті, кредиттік және т.б.). Төменде санамалансын
____________________________________________________________________

      6. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары, пікірлері санамалансын және қоса берілсін
________________________________________________________________.

      Біліктілік туралы бүкіл мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Қолы____________________

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                       7-қосымша

               Біліктілігі туралы мәліметтер
  (әлеуетті өнім беруші көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде
                           толтырады)

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

1. Әлеуетті өнiм берушiнiң атауы _________________________________
2. Соңғы он жыл ішінде әлеуеттi өнiм берушiнің көрсеткен қызметтері конкурсында дәл осындай сатып алынатын қызметтердің (олар болған кезде) көлемі, теңгемен______________

Көрсетiлген қызметтердiң атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы мен олардың телефондарының нөмiрлерi

Қызметтер көрсетiлген орны және жылы

Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)













3. Расталатын құжаттардың көшірмесін тіркеп, қызметтер көрсету үшiн әлеуеттi өнiм берушiде мынадай жабдықтар (тетiктер, машиналар) бiрлiгiнiң болуының елеулi мәнi бар. Әлеуеттi өнiм берушi төмендегi кестеде санамаланған барлық сұрақтарға жауап беруі тиiс:

Жабдықтардың (тетiктердiң, машиналардың) түрi

Қолда бар бiрлiктердiң саны

Жай-күйi (жаңа, жақсы, нашар)

Жекеменшiк, жалға алынған (кiмнен), сатып алынады (кiмнен)













4. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының және Қазақстан Республикасының азаматтарын еңбекақы төлеу қорының болуы 

Р/с

Қызметкерлердiң Т.А.Ә. (жеке куәлiк № және берiлген күнiн көрсету)

Лауазымы

Азаматтығы

Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіндегі жалақысы

1





2





3





Барлығы ҚР азаматтарының еңбекақысы





5. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.) қол жеткізу туралы. Төменде санамалау.
_______________________________________________________________

6. Ұсынымдар туралы мәлімет, олар болған кезде Ұсыным хаттарды, заңды және/немесе жеке тұлғалардың басқа да пікірлері санамаланған және қоса берілген_______________________________________________________.

      Бiлiктiлiгi туралы барлық мәлiметтердiң дұрыстығын растаймын.
      Қолы____________________

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                       8-қосымша

              Біліктілігі туралы мәліметтер
   (әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы _____________________________
__________________________________________________________________
      2. Әлеуеттi өнiм берушi соңғы он жыл iшiнде (болған кезде) жеткізілген (өндiрілген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемi, теңгемен _____________________________

Тауардың
атауы

Тапсырыс берушiлердiң атауы мен олардың телефондарының нөмiрлерi

Тауарды беру орны мен күнi

Шарттың құны, теңге (көрсетiлмесе де болады)













      3. Қаржы ресурстарына қол жеткiзу туралы мәлiметтер (ақша қаражаты: өзiндiк, кредиттiк және т.б.). Төменде санамалансын
___________________________________________________________.

      4. Ұсынымдар туралы мәліметтер, олар болған кезде. Басқа заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары, пікірлері санамалансын және қоса берілсін
___________________________________________________________.

      Біліктілік туралы бүкіл мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
      Қолы____________________

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                       9-қосымша

       Ескерту. 9-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                   Банктік кепілдік

Банктің атауы:____________________________________________________
                      (банктің атауы мен деректемелері)
Кімге:____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

             N_________кепілдік міндеттеме
______________________________    ____ж. "___"______________
      (орналасқан жері)
 
    Біз бұдан әрі "Өнім беруші" деп аталатын,_______________________,
                                    (әлеуетті өнім берушінің атауы)
________________________________ұйымдастырған_____________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатындығынан және ______________
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурс (лот/-тар)
бойынша атауын беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
      ________ж. "___"______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
      Осыған байланысты біз_______________________осымен өзімізге
                              (банктің атауы)
Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
      конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
      танылған конкурс қатысушысы өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығын;
      конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
      мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын.
      Бұл кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
      Бұл кепілдік міндеттеме Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

   Кепілгердің қолы мен мөрі             Күні мен мекен-жайы    

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                      10-қосымша

          Берешектің жоқтығы туралы анықтама

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн) банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығын растайды.

Күнi ____________
Қолы ____________
М.О.

                                                    Үлгі конкурстық
                                                      құжаттамаға
                                                      11-қосымша

     Ескерту. 11-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                                                   Үлгі конкурстық
                                                     құжаттамаға
                                                      12-қосымша

       Ескерту. 12-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 20.12.2013 N 1363 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       Конкурста сатып алу мәні болып табылатын, жұмыстарды
     орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету
    кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ
          әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса
    орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
                (конкурстың толық атауын көрсету қажет)

Р/с
N

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) - Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нөмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі көлемі













Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы


теңге


көлемі-
нің %













Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы


теңге


көлемі-
нің %

Барлық қосалқы мердігерлер (қоса
орындаушылар) бойынша жиыны


теңге


көлемі-
нің %

      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын көрсету) қатысуға өтінім беретін әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын көрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы өзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты бөлігінде конкурстық құжаттамада көзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды.

Қосалқы мердігер
(қоса орындаушы) -
заңды тұлғаның атауы
не жеке тұлға болып
табылатын қосалқы
мердігер (қоса
орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер-
дің (қоса
орындаушының)
уәкілетті өкілі-
нің Т.А.Ә.

Қолы








      Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің көлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.                         

                                                   Үлгі конкурстық
                                                     құжаттамаға
                                                      13-қосымша

______________________әлеуеттi өнiм берушi бағаларының кестесi
(әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы)
(лоттың нөмірі көрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с№

Мазмұны

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

1

Қысқаша сипаты


2

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)


3

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)


4

Өлшем бiрлiгi


5

_______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(межелі орны)


6

Саны (көлемi)


7

Барлық бағасы =__________
5-бет х 6-бет,


8

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
межелі орны, әлеуеттi
өнiм берушiнiң тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа төлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бөлшектер мен
мiндеттi қосалқы бөлшектер
бағасын, бiр өлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет көрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар


      Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызға келiсемiз

      ________________ _______________________
            (Қолы)        (лауазымы, Т.А.Ә.

      М.О.
      Ескертпе: әлеуеттi өнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бөлiктерiн көрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда көрсетiлген бағаны әлеуеттi өнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

                                                           Ережеге
                                                          4-қосымша

       Ескерту. 4-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт

__________________ _________ж. _____ _______________
(Орналасқан жері)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________
                                   (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан,___________________________________________________________
          (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын
_____________________________________________________________атынан
     (өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)
_____________________________________ негізінде әрекет ететін
  (Жарғының, Ереженің және т.б.)
__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ өткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Өнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен көрсетілсін) мөлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.
      Бұл ретте, ҚҚС сомасы (сомасын цифрмен және жазбаша көрсету), акциз сомасы (сомасын цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
      1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Өнім берушіге өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс соманы білдіреді;
      3) "Тауарлар" нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Өнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;
      4) "Ілеспе" Тауарларды беруді қамтамасыз ететін мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем көрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да көмекші және Өнім берушінің осы Шартта көзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
      5) "Қызмет көрсету" - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;
      6) "Тапсырыс беруші" - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      7) "Өнім беруші" - кәсіпкерлік жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Төменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып саналады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын тауарлардың тізбесі;
      3) техникалық ерекшелік;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде Өнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:
      1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.
      Бұл ретте жоғарыда көзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген өнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
      9. Өнім беруші тауарды Өнім берушінің конкурстық өтініміне және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (көрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және төлеуді міндетіне алады. Ақы төлеу нысаны__________________________________
                       (аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)
      10. Төлеу мерзімі_____________________________________________
(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала төлеу және т.б)
      11. Ақы төлеу алдындағы қажеттi құжаттар:
      ______________________________________________________________
      (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу талаптарын көздеуі тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
      13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Өнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
      14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
      15. Тапсырыс беруші немесе оның өкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Өнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі көрсетіледі. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы мақсаттарға арналған өзінің өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.
      16. Техникалық бақылау мен сынақ Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Өнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және өндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем көрсетілетін болады.
      17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан өткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Өнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті өзгерістер енгізеді.
      18. Жоғарыда көрсетілгендердің бір де бір тармағы Өнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
      19. Өнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды көтергіш-көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк көтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
      20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
      21. Тауарларды беруді Өнім беруші сатып алынатын Тауарлардың тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
      а) шетелден келетін Тауарлар үшін:
      Тауарды түсіргеннен кейін Өнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нөмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нөмірін және оның күнін, жөнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:
      1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
      2) көліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 көшірмесі;
      3) әрбір орамның құрамын көрсетіп, орау парағының көшірмесі;
      4) сақтандыру Сертификаты;
      5) дайындаушының немесе өнім берушінің кепілдік сертификаты;
      6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
      7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Өнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
      б) Жергілікті Тауарлар үшін:
      1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын көрсетіп, Өнім берушінің шот-фактурасының көшірмесі;
      2) көліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
      3) Дайындаушының немесе Өнім берушінің кепілдік сертификаты;
      4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау өткізу туралы куәлік, сондай-ақ Өнім берушінің зауытында техникалық бақылау өткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
      5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
      22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін көрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Өнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан өтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.
      23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және көтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезінде "қоймадан қоймаға" Шарт сомасының 110 % мөлшерінде болуға тиіс.
      24. Өнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Өнім беруші жүзеге асырады және төлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
      25. Осы Шарттың шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада көрсетуге тиіс.
      26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.
      27. Тапсырыс беруші Өнім беруші дайындайтын немесе өткізетін қосалқы бөліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Өнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі өткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бөліктердің құны мен номенклатурасын беруді Өнім берушіден талап етуі мүмкін.
      28. Өнім беруші қосалқы бөлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:
      а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін өндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
      б) қажет болған жағдайда өндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бөліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
      29. Өнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта өзгеше көзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері көрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Өнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Өнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.
      30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бөлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта көрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай
_________________________________________________ішінде жарамды.
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі көрсетілсін)
      31. Тапсырыс беруші Өнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
      32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Өнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бөлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жөндеуге немесе алмастыруға тиіс.
      33. Егер Өнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жөндемесе, Тапсырыс беруші Өнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Өнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жөндеу жөніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
      34. Өнім берушіге берілген Тауарларға ақы төлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында көрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
      35. Тапсырыс беруші Шартта көрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық өтінімінде ол көрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
      36. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе өзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе өнім беруші және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.
      37. Егер кез келген өзгеріс Өнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бөлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе өзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Өнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Өнім беруші Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде көрсетілуге тиіс.
      38. Өнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды жеткізудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      39. Өнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
      40. Форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, Өнім беруші тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу не кемшілігін жою бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші Шарт шеңберіндегі өзінің басқа да құқықтарына зиян келтірместен, өнім беруші міндеттемені орындамаған жағдайда, мерзімі өткен әрбір күн үшін шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеме сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алады.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын төлеп Шарттың күшін жою.
      42. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші  тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
      44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
      а) егер Өнім беруші Тауардың бөлігін немесе барлығын Шартта көзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
      б) егер Өнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да өзінің міндеттемелерін орындай алмаса.
      Ескерту. 44-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      45. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
      Ескерту. 45-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      46. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрі орындау орынсыздығына байланысты, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
      48. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
      49. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
      50. Жоғарыда көрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
      51. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.
      52. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
      53. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
      53-1. Отандық тауар өндірушілермен немесе отандық қызметтерді көрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы төлеу және тауарларды жеткізгені не көрсеткені үшін толық ақы төлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. Қосымша 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      53-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы  салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      Ескерту. 4-қосымша 53-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
      55. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты төрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.
      57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
      58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
      59. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
      60. Өнім беруші жеткізілетін тауардың барлық (бүкіл) партиясына (партияларына) СТ–КZ нысанында тауардың шығуы туралы сертификат беруге міндеттенеді.
      *Ескерту: осы нормалар мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде қолданылады.
      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      60-1. Өнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық өтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
       Ескерту. Үлгі шарт 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      60-2. Өнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.
      Ескерту. Үлгі шарт 60-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Өнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін.
      62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден өткізгеннен кейін және Өнім беруші осы Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші                         Өнім беруші
  _____________________________         ________________________
      (толық атауы)                           (толық атауы)
  _____________________________         ________________________
  _____________________________         ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
  _____________________________         ________________________
      (телефоны, факсы)                      (телефоны, факсы)
  _____________________________         ________________________
         (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)
  _____________________________         ________________________
         (қолы)                                  (қолы)
  ________ж."__"__________              _________ж."___" _______

      М.О.                                   М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):____________________
      Осы Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде өзінің тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.

                                                           Ережеге
                                                          5-қосымша

       Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

         Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт

_____________________________      _____ жылғы "___"__________
     (Орналасқан жері)

      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын______________________
                                   (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан____________________________________________________________,
       (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,
____________________________________________________________ атынан
      (өнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
        (Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
 
екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) және ___жылғы "__"_______ өткен Мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден тәсілімен) қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына төмендегі келісімге келді:
      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін) Тапсырыс беруші үшін мемлекеттік сатып алуды (жұмыстардың қысқаша сипаттамасы) жариялады  және Мердігердің (сомасы сандармен және жазумен көрсетілсін) (бұдан әрі - Шарттың бағасы) мөлшерінде осы жұмыстарды орындауға конкурстық өтінімін қабылдады.
      2. Жұмыстар Жоба бойынша орындалады (жобаның аты, объектінің атауы мен орналасқан жері)
      Бас жобалаушы (ұйымның атауы мен мекен-жайы)
__________________________________________________________________
      3. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдарға мынадай түсінік беріледі:
      1) "Тапсырыс беруші" - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      2) "Бас мердігер" (бұдан әрі - Мердігер) - Тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ, консорциум (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайларда);
      3) "Қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы)" - Шарт бойынша учаскеде (объектіде) жұмыстардың бір бөлігін орындауға Мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;
      4) "Техникалық қадағалаушы" - мердігерлік жұмыстарды Мердігердің Шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға Тапсырыс беруші тағайындаған және Мердігерге хабарланған адамды білдіреді;
      5) "Объект" - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Мердігердің Шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және Тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;
      6) "Учаске" - Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;
      7) "Шарттың құны" - Шарттың Мердігер өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен және Тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;
      8) "Шарт" - "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасында ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт Жобалаушы мен Мердігер, Тапсырыс берушілер мен Қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатынастар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;
      9) "Уақытша құрылыстар" - Объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және Объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін Мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарды білдіреді;
      10) "Материалдар" - Объект құрылысын салу үшін Мердігер мен Қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;
      11) "Жабдық" - Мердігер мен Қосалқы мердігердің Объектінің құрылысын салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;
      12) "Құрылыстың ұзақтық мерзімі" Мердігер Объектінің құрылысын салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;
      13) "Күндер" - күнтізбелік күндер, "айлар" - күнтізбелік айлар;
      14) "Өзгерістер" - Тапсырыс беруші Шартқа қол қойылғаннан кейін берген өзгерістер;
      15) "Ақау" - жұмыстардың Шарт ережелерін бұзып орындалған бөлігі;
      16) "Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі" - жұмыстардың орындалуын тексеру үдерісінде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Төменде санамаланған құжаттар мен оларда айтылған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) Шарттың мәні/сатып алынатын жұмыстардың тізбесі;
      3) техникалық өзіндік ерекшелік;
      3-1) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының талаптарына сәйкес шарттың сомасы, қосылған құн салығының сомасы, акциздер сомасы;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету (бұл тармақша, егер шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделген болса көрсетіледі);
      5) жобалау-сметалық құжаттама/жұмыс сызбалары (сызбалардың нөмірлері мен олардың күндері көрсетілсін):
      Құжат
      Атауы
      Нөмірі және күні
      6) Толықтырулар (осындайлар болса):
      Құжат
      Атауы
      Нөмірі мен күні
      7) Өзге де құжаттар: (Тапсырыс беруші Шарттың құжаттарына енгізгісі келетін қосымша құжаттар көрсетілсін)
      ____________________________________________________
      ____________________________________________________
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Ереженiң 158-тармағында көрсетiлген жағдайларда және мөлшерде Өнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауын келтіріп шығаратын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
      7. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамада оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржылық жылда (жылдарында) көзделген жұмыстарды сатып алған жағдайда жасалуы мүмкін.
      Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарға жоғарыда көзделген жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталған өнім берушілермен ғана рұқсат етіледі.
      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар басқару органы немесе көрсетілген тұлғалардың жоғарғы органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау мерзімі келесі (кейінгі) қаржылық жылға (жылдарына) белгіленген іс-шараларды орындау үшін қажетті жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасулары мүмкін.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      8. Мердігер осы Шартта көзделген барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуді міндетіне алады.
      8-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      8-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді төлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      Ескерту. 5-қосымша 8-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының бейрезидентімен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
      10. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады.
      Шартты төрелiк сотта қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты тараптар алмасатын барлық хат алмасу мен басқа да құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңмен көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) өнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертетiн өзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Объект құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.
      13. Мердігер қосалқы мердігерлік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) 2/3 бөлігінен аспайтын Шарт жасаса алады, және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.
      14. Учаскеде қосалқы мердігерлер бар болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отыруы тиіс.
      15. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы береді (мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс құрылысты "Дайын тапсыру" шартымен өткізілген кезде бұл талап осы Шартта ескерілуі тиіс).
      16. Мердігер негізгі қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамаланған қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуы тиіс.
      17. Егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын адамды, себептерін көрсете отырып, Объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті, одан кейін бұл адамның осы Шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.
      18. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығындар немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және Шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.
      19. Тапсырыс беруші тәуекелдің ерекше түрлері, атап айтқанда: соғыс, көтеріліс, революция, азаматтық соғыс, бүліктер, тәртіпсіздіктер (егер онда Тапсырыс берушінің қызметкерлері қатысса) тәуекелі үшін жауапты болады. Сондай-ақ, Мердігер тапқан және конкурстық құжаттамада көрсетілмеген топырақтың уытты және жарылғыш нәрселермен улануы және егер осы табылғандар жұмыстардың орындалуына тікелей әсер ететін болса да Тапсырыс берушінің тәуекелі болып табылады.
      20. Мердігер ақауларды жою кезеңін қоса алғанда, жұмыстар басталған күннен жұмыстар толық аяқталғанға дейінгі кезеңге Тапсырыс берушінің атына сақтандырумен жабуды қамтамасыз етеді.
      Сақтандыру объектілері және сомасы __________________________
__________________________________________________________________
(жабдықтар беруді сақтандыру, адамдарды және т.б. сақтандыру)
      21. Мердігер сақтандыру полистері мен сертификаттарын Тапсырыс берушіге жұмыстар басталатын Күнге дейін ұсынуы тиіс.
      22. Егер Мердігер талап етілетін сертификаттарды ұсынбаса, Тапсырыс беруші Мердігердің қамтамасыз етуі тиіс сақтандыруды жүргізуі және осы шығыстарды Шарттың құнынан ұстауы мүмкін.
      23. Мердігер Тапсырыс берушінің келісімінсіз сақтандыру шарттарын ешқандай өзгерте алмайды.
      24. Екі тарап та сақтандыру полистерінің барлық шарттарын сақтауға тиіс.
      25. Тараптардың әрқайсысы олардың бірлескен іс-қимылдары немесе кемшіліктерінің нәтижелері болып табылған шығындар бойынша шығындар, шығыстар және талап-арыздар, адамдардың денсаулығына залал келтіргені және өлімі үшін жауап береді және оларды басқа тарапқа өтейді.
      26. Мердігер Объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.
      27. Тапсырыс беруші Мердігердің объектінің құрылысын салуға бөлінген Учаскенің барлығын пайдалануға рұқсат етеді. Егер құрылысқа берілген Учаскенің бір бөлігі Учаске берілетін күнге берілмеген болса және осы себеппен жұмыстарды орындау кідіртілсе, онда бұл жағдайда Тапсырыс беруші жұмыстарды аяқтау мерзімін осы Учаскені беруді кідірткен мерзімге ұзартуы тиіс.
      28. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзірлеушілері Учаскеге немесе Шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.
      29. Тапсырыс беруші мен Мердігер Шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жігерлерін салуға тиіс.
      30. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде Шарт бойынша дауды Тапсырыс беруші мен Өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.
      31. Егер мердігер Шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер Мердігер жобалау-смета құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, Тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен Мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.
      32. Егер Мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер Мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген Ақауларды түзетуге жағдайы болмаса, Тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады. Мұндай жағдайларда негізінде Мердігерге төленуі тиіс болған сомадан Тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындары өтемін қоса алғанда, көрсетілген Ақауларды түзету құны шегерілетін өзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады. Егер Мердігерге төлеуге тиісті сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, Мердігер Тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.
      33. Мердігер_____________________ мерзім ішінде Тапсырыс берушіге Объектінің құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ Тапсырыс беруші тарапынан оның конкурстық өтініміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі мазмұндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады.
      34. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын Ақаулар анықталған жағдайларда Тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте Мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес Тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.
      35. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердiгер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ Шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және бақылауды жүзеге асырады.
      36. Мердігер өз қызметкерлерінің, Қосалқы мердігердің (лердің), Қосалқы мердігердің (лердің) қызметкерлерімен сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ Мердігермен шарт негізінде Шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да адамдардың іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін Тапсырыс беруші алдында жауапты болады.
      37. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, Мердігер жұмыстардың Ақауын түзетеді және (немесе) конструкцияны алмастырады.
      38. Тапсырыс беруші табылған кез келген Ақаулар туралы Ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, Мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.
      39. Мердігер Ақаулар туралы хабарламаны алып, Ақауды Тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.
      40. Ақы төлеу нысаны________________________________________
                           (аудару, қолма-қол есептеу және т.б.)
      41. Төлемдердің түрлері мен мерзімі_________________________
(төлемдердің қалай жүргізілетіні және төлеу мерзімі көрсетілсін: аванстық төлем, ағымдағы төлемдер, соңғы төлемақы)
      42. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________
(шот-фактура немесе орындалған жұмыстарды қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.)
      43. Тапсырыс беруші Мердігерге___сомада аванстық төлем (алдын ала төлеу) жүргізуі мүмкін. Мердігер төленген авансты осы Шарт бойынша жұмыстарды орындау үшін талап етілетін материалдарға, жабдықтар мен еңбекақы төлеуге ғана пайдалануы тиіс.
      44. Тапсырыс беруші аванстық төлемдерді жүзеге асырған жағдайда ай сайынғы төлемдерден____орындалған жұмыстардың көлеміне тепе-тең мөлшерде аванстық төлемдердің сомасын шегере отырып түзетіледі. Төлем мерзімі____.
      45. Егер Тапсырыс беруші Мердігерге тиесілі соманы Шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол Мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін____тиесілі сомасының____0,1 %-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.
      46. Мынадай оқиғалар жұмыстардың ұзақтығы мерзімін өзгертуге немесе Мердігерге ақшалай өтемақы төлеуге алып келеді:
      1) Тапсырыс беруші Объектінің барлық учаскелерін пайдалануға рұқсат етпесе, бұл жұмыстардың орындалуын кідіртеді. Бұл жағдайда Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша жұмыстардың орындалу мерзімін ұзартуға міндетті;
      2) Тапсырыс беруші Мердігерге Шартта жоспарланбаған сынақтарды өткізу үшін жұмыстарды тоқтатуға нұсқама берсе. Егер осы сынақта қандай да бір ақауларға нұсқамаса, онда сынақ өткізу үшін жұмыстарды тоқтату уақыты жұмыстарды орындаудың шарттық мерзіміне қосылады;
      3) аванстық төлем кешіктірілсе;
      4) Объектіде бірнеше мердігерлер болса, Тапсырыс берушінің басқа мердігерлер үшін жасаған жұмыстар кестесі осы Шарт бойынша Мердігердің жұмыстарды орындау мерзіміне келеңсіз әсер етсе.
      Өтемақы сомасы Мердігермен келісіледі.
      47. Ақшалай өтемақы Мердігерге барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін және шалалықтар мен Ақаулар тізбесі жойылғаннан кейін ғана төленеді.
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      48. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы Мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бүлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету Мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша Мердігер материалдар мен жабдықтар сапасының техникалық ерекшеліктерге және/немесе жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.
      Мердігер Тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті____жыл мерзімге береді.
      Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      49. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады.
      50. Шарттың талаптарын едәуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ санамаланғанмен шектеліп қалмайды:
      1) егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;
      2) Мердігер Тапсырыс берушінің тоқтатуға рұқсатын алмай мерзімі__________дейін жұмысты тоқтата тұрса;
      3) Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізді уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен Ақауларды жоймаса;
      4) Тапсырыс беруші Мердігерге жұмыстар барысын кідіртуге нұсқама_______________ күн ішінде күшін жоймаса;
      5) не Тапсырыс беруші, не Мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;
      6) Тапсырыс беруші Мердігерге Тапсырыс берушінің Техникалық бақылаушысы растаған соманы сома расталған күннен кейінгі күн ішінде төлемесе;
      7) Мердігер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.
      51. Егер Шарт Мердігердің Шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші Тапсырыс берушінің жаңа Мердігерді таңдауына аванстар мен шығындарды шегере отырып, Мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді. Егер Тапсырыс берушінің Шартты бұзуға байланысты шығындарының жалпы сомасы Мердігерге тиесілі жалпы сомадан асып түссе, айырма Тапсырыс берушіге төленуге жататын борышты құрайды.
      52. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оны кез келген уақытта бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.
      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      53. Мұндай жағдайларда Тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың құнын, сатып алынған жабдықтар үшін, Объектіден машиналар мен тетіктердің шығарылуына шығыстарды және Объектіні консервациялау құнын төлейді.
      54. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
      55. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы Шарт кез келген кезеңде бұзылады:
      1) Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;
      2) сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе;
      Егер Шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, Объектіні консервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс беруші тапсыруды қамтамасыз етеді.
      56. Егер Мердігердің Шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен Шарт бұзылатын болса, Объектідегі барлық материалдар мен Жабдық, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары Тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және Шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.
      57. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе Тапсырыс беруші немесе Мердігер бақылай алмайтын қандай басқа бір басқа форс-мажорлық оқиға Шарттың орындалуын бұзса, Тапсырыс беруші Шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысқа мерзімде Объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші Мердігерге Объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және Объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.
      58. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де себептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ Тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар Тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге жатпайды.
      59. Тапсырыс беруші Мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны немесе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және Мердігер қосымша өтеусіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асырады.
      60. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, Мердігер беретін, Объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана Мердігердің атына жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да Тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру Тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.
      61. Мердігер Тапсырыс берушіге Учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін Тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін. Егер Мердігер өзінің материалдары мен жабдықтарын тиеуді және сақтауды кідіртетін болса, және егер мұндай кідірту тұтастай алғанда жұмыстарды жүзеге асыруға зиян келтіретін болса, Тапсырыс беруші Мердігердің материалдары мен жабдықтарын тиеу мен сақтауды Мердігердің есебінен жүзеге асыруы мүмкін (бірақ құны жасауға міндетті емес). Бұл жағдайда Тапсырыс беруші кемінде бір жұмыс күні бұрын Мердігерді жұмыстардың басталған күнін және орнын көрсете отырып, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етуге міндетті. Егер тиеуді немесе Тапсырыс жүзеге асыратын болса, жоғарыда айтылғанның зиянына немесе зақымдануына байланысты бүкіл тәуекелді Мердігер көтереді.
      Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      62. Тапсырыс беруші беретін материалдар мен жабдықтарды Тапсырыс беруші мен Мердігер бірлесіп қабылдайды және тексереді. Құрылыс алаңында тиеуді Мердігер жүзеге асырады. Мұндай қабылдау Мердігер дайындайтын қабылдау туралы жазбаша құжатпен куәландырылуға тиіс. Кез келген кем шығу немесе осындай материалдар мен жабдықтарға қолданылатын зақымдану қабылдау туралы жазбаша құжатта нақты белгіленуге тиіс. Осындай материалдар мен жабдықтарды қабылдағаннан кейін Мердігер осындай материалдар мен жабдықтардың өңделуі мен сақталуы үшін толық жауап береді және, жоғарыда көрсетілген жоғалған немесе зақымданған жағдайда толық жауап береді. Мердігер өзінің жұмыстарын аяқтағаннан кейін қалатын материалдардың немесе жабдықтардың кез келген артылғаны Тапсырыс берушіге қайтарылуға тиіс.
      63. Егер Шартта Тапсырыс берушінің материалдарын немесе жабдықтарын беру көзделген болса, Мердігер Тапсырыс берушіні оларды беру үшін қажет болуы мүмкін мерзім туралы күні бұрын хабардар етуге тиіс. Бұл мерзімдер Мердігердің жұмыс кестесінде көзделген болуы тиіс.
      64. Егер Шартқа сәйкес Тапсырыс беруші осы Шартта көзделген жұмыстарды орындау үшін негізді көлемде электр энергиясымен және сумен қамтамасыз етуге тиіс болса, Мердігер қосудың орындалуы үшін және су мен электр энергиясын Тапсырыс беруші белгілеген қосу нүктесінен бөлу үшін жауап береді. Осы қызметтермен қамтамасыз етудегі үзілістер жұмыстардың ұзақтығын өзгерту үшін негіз болып табылады.
      65. Мердігер Учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер Учаскеден барлық құрылыс қоқысын әкетуге және Учаскені жедел түрде тәртіпке келтіруге тиіс.
      66. Егер Мердігер Учаскені осы Шарт талап ететіндей таза ұстауға жағдайы келмесе, Тапсырыс беруші шығыстарды Мердігердің есебіне жатқыза отырып, осы жұмысты орындауы мүмкін.
      67. Мердігер Шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей Шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.
      68. Жұмыс комиссиясы Мердігердің қатысуымен өткізіледі.
      69. Жұмыс комиссиясы актісінің күні жұмыстар аяқталған күн болып саналады.
      70. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Шалалықтарды жою күні Шарттың аяқталған күні болып саналады. Барлық шалалықтарды жою фактісі Объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.
      71. Форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, Өнім беруші тарапынан Шарт бойынша Тауарды жеткізу не кемшіліктерін жою бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемені орындамаған жағдайда, Шарт шеңберінде басқа да өзінің құқықтарына нұқсан келтірместен өнім беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін Шарт сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде не мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісінше орындамаған міндеттеме сомасының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алады.
      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      72. Осы Шарттың күніне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады (не осы күн Шартта белгіленеді).
      73. Мердігер осы Шарт бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жұмыстар басталғаннан кейін (күн саны көрсетілген) күнтізбелік күннен кешіктірмей аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жұмыстарды орындаудың ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауға тиіс.
      Ескерту. 73-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      73-1. Өнім беруші (мердігер) конкурстық өтінімге (ол бар болса) жергілікті қамтуды қамтамасыз етуге міндеттенеді*.
      *Ескертпе: осы норма мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар өткізген кезде қолданылады.
      Ескерту. 73-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      74. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін осы Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.
      75. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын (немесе басқа кезең көрсетілсін) Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі - Түпкілікті ақы төлеу).
      76. Осы Шарт бойынша Мердігерге түпкілікті ақы төлеуді Тапсырыс беруші Мердігер осы Шарт бойынша міндеттемелерді және Ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.
      77. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Мердігер белгіленген тәртіппен келіскен өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар көзделуі мүмкін.
      78. Мердігер конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті (егер осындай қамтамасыз етуді енгізу конкурстық құжаттамада көзделсе).
      79. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін (мемлекеттік органдар мен мекемелер үшін) және Мердігер Ереженің 156-тармағында көрсетілген жағдайларда Шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      80. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші                         Өнім беруші
  _____________________________         ________________________
      (толық атауы)                           (толық атауы)
  _____________________________         ________________________
  _____________________________         ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
  _____________________________         ________________________
      (телефоны, факсы)                      (телефоны, факсы)
  _____________________________         ________________________
         (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)
  _____________________________         ________________________
         (қолы)                                  (қолы)
  ________ж."__"__________              _________ж."___" _______

      М.О.                                   М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
      Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Мердігер арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші конкурс қорытындылары негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттың өз жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Мердігердің конкурстық өтініміне және Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.

Ережеге  
5-1-қосымша

Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы
үлгілік шарт

      Ескерту. Ереже 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.05.2014 № 521 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      _____________ (орналасқан жері) көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы _____ жылғы «__» _________ үлгілік шарт
      Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ______________________
                                    (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан ___________________________________________________________,
       (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын,
________________________________________________________ атынан
   (өнім беруші конкурс жеңімпазының толық атауы)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін
           (Жарғы, Ереже және т.с.с.)
__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

екінші тараптан, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның (бұдан әрі –
Заң) және ___ жылғы «__» _______ өткен _____________ мемлекеттік
сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір көзден алу тәсілімен)
қорытындыларының негізінде осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты
(бұдан әрі – Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Өнім беруші Тапсырыс берушіге мөлшері (соманы цифрмен және
жазбаша көрсету) сомаға (бұдан әрі – Шарттың бағасы) қызметтерді
көрсетуге міндеттенеді.
      Бұл ретте, ҚҚС сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету),
акциз сомасы (соманы цифрмен және жазбаша көрсету) құрайды.
      2. Осы Шартта төменде тізбеленген ұғымдардың мынадай мағынасы
болады:
      1) Шарт – Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Өнім
берушінің арасында жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, оған қоса
берілетін барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге,
сондай-ақ шартта оған сілтеме берілген бүкіл құжаттамамен бірге
тараптар қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      2) Шарттың бағасы – Өнім берушіге Шарт шеңберінде өзінің
шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін Тапсырыс беруші төлеуі
тиіс сома;
      3) Көрсетілетін қызметтер – Тапсырыс берушінің талаптарын
қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
      4) Тапсырыс беруші – мемлекеттік органдар, мемлекеттік
мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу
және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар,
заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;
      5) Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше
белгіленсе, мемлекеттік мекемелер), Тапсырыс берушімен жасалған
мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет
ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
      2. Төменде тізбеленген құжаттар мен онда айтылған талаптар осы
Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап
айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын көрсетілетін қызметтер тізбесі;
      3) техникалық ерекшелік;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Өнім беруші Шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде
осы Ереженің 158-тармағында көрсетілген жағдайларда және мөлшерде
Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
      Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай
түрлерiнiң бiрiн:
      1) Тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар
және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа
енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      5. Өнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға
дейін үшінші бір тұлғалардың енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға
толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп
соқтыратын іс-қимылдар жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің
Өнім беруші енгізген кепілді ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген
мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.
      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел
басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен бір қаржы жылынан
асатын мерзімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери
құралымдарының жеке құрамының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді. Мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
қолданылу мерзімі үш жылдан аспауы тиіс;
      2) көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген жағдайларда бір қаржы жылынан асатын мерзімге
сатып алған жағдайда жасалады.
      Бұл ретте, қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асатын
мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттарды жоғарыда көзделген
жағдайларда, бәсекелестік негізде өткізілген мемлекеттік сатып алу
қорытындылары бойынша айқындалған өнім берушілермен жасасуға ғана
рұқсат етіледі.
      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар,
сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан
астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес
заңды тұлғалар көрсетілген тұлғалардың басқару органы немесе жоғарғы
органы бекіткен даму жоспарында (бизнес-жоспарда) оларды аяқтау
мерзімі келесі (кейінгі) қаржы жылына (жылдарына) белгіленген
іс-шараларды орындау үшін қажетті тауарларды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы
мүмкін.
      8. Жылдық қаржылық есептілік аудиті бойынша мемлекеттік сатып
алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
      9. Өнім беруші қызметті көрсетуге, Тапсырыс беруші көрсетілетін
қызметтердің саны мен сапасын Өнім берушінің конкурстық өтінімі мен
Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің конкурстық
құжаттамасына сәйкес қабылдап алуға және ақысын төлеуге міндеттенеді.
      Ақы төлеу нысаны
      ____________________________________________________________
             (аудару, қолма-қол есеп айырысу және т.б.):
      10. Төлемдердің мерзімі_____________________________________
      (мысалы: межеленген пункттегі қызметтерді көрсеткеннен кейін %
немесе алдын ала төлем және т.б.).
      11. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:____________________
       (шот-фактура немесе қабылдап алу-беру актісі немесе т.с.с.).
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда көзделген жағдайларда
мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерiстер енгiзу шартын көздеуi
тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған
шартқа өткізілген мемлекеттік сатып алу шарттарының мазмұнын өзгертуі
мүмкін өзгерістер және (немесе) Заңның 39-бабының 1 және 
2-тармақтарында көзделмеген негiздер бойынша өнiм берушi таңдау үшiн
негiз болған ұсыныстарды енгiзуге жол берiлмейдi.
      12. Осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтер техникалық
ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сәйкес немесе олардан жоғары
болуы тиіс.
      13. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз Шарттың немесе оның қандай да бар ережелерінің,
сондай-ақ техникалық құжаттаманың, жоспарлардың, сызбалардың,
моделдердің, үлгілердің мазмұнын немесе осы Шартты орындау үшін Өнім
беруші тартқан персоналды қоспағанда, Тапсырыс беруші немесе оның
атынан басқа тұлғалар ұсынған ақпаратты ешкімге жария етпеуі тиіс.
      Көрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық
міндеттемелерді орындауға қажетті шамада ұсынылуы тиіс;
      14. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың немесе ақпараттың
қандай да біреуін Шартты іске асыру мақсатынан басқа мақсатта
пайдаланбауы тиіс.
      15. Жоғарыда көрсетілгеннің бір де бір тармағы Өнім берушіні
осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден
босатпайды.
      16. Осы Шарт шеңберінде Өнім беруші конкурстық құжаттамада
көрсетілген қызметтерді көрсетуі тиіс.
      17. Тапсырыс берушінің Шартта көрсеткен бағалары Өнім беруші
өзінің конкурстық өтінімінде көрсеткен бағаларға сәйкес келуі тиіс.
      18. Екі тарап та қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда,
Шарттың құжаттарына (сызбалар, жобалар немесе техникалық
ерекшеліктер, түсіру, орау әдісі, жеткізу орны немесе өнім беруші
ұсынатын қызметтер және т.б.) ешқандай ауытқуларға немесе оларды
өзгертуге жол берілмейді.
      19. Егер кез келген өзгеріс Шарт бойынша Өнім берушінің қызмет
көрсетуі үшін қажетті құнын немесе мерзімін азайтуға әкеп соқтыратын
болса, онда Шарттың бағасы тиісінше түзетіледі, ал Шартқа тиісті
өзгерістер енгізіледі.
      Осы баптың шеңберінде түзету жүргізуге Өнім берушінің барлық
сұрау салулары Тапсырыс берушіден өзгерістер туралы өкімді Өнім
беруші алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде берілуі тиіс.
      20. Өнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша
келісімінсіз осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін не толығымен, не
ішінара ешкімге бермеуі тиіс.
      21. Егер бұл конкурстық өтінімнің құжаттарында айтылған болса,
Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық
қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін беруі тиіс.
      Қосалқы мердігерлердің болуы Өнім берушіні Шарт бойынша
материалдық немесе басқа да жауапкершіліктен босатпайды.
      22. Қызметтерді көрсетуді Өнім беруші кестеге сәйкес жүзеге
асыруы тиіс.
      Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қызмет
көрсетудің ең аз мерзімі күнтізбелік он бес күннен кем болмауы тиіс.
      23. Өнім беруші тарапынан қызмет көрсетуді орындаудың
кешіктірілуі оған жүктелетін мынадай санкцияларға:
      Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қала отырып, Тапсырыс
берушінің Шартты бұзуына не уақтылы жеткізілмегені үшін тұрақсыздық
айыбын төлеуге әкеп соқтыруы мүмкін.
      24. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Өнім берушінің
тарапынан Шарт бойынша қызметтерді көрсету бойынша міндеттемелерді
орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші
өзінің басқа құқықтарына залал келтірмей Шарттың шеңберінде мерзімі
кешіктірілген әр күн үшін өнім беруші міндеттемені орындамаған
жағдайда шарттың сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын
(айыппұл, өсімақы) өндіреді немесе мерзімі кешіктірілген әр күн үшін
тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасына 0,1 % мөлшерінде
тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) өндіріп алады.
      25. Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға
зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Өнім берушіге міндеттемелерін
орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып:
      а) егер Өнім беруші көрсетілетін қызметтерді Шартта көзделген
мерзімде немесе Тапсырыс беруші берген Шарттың ұзартылған кезеңі
ішінде көрсете алмаса;
      б) егер Өнім беруші Шарт бойынша өзінің қандай да бір басқа
міндеттемелерін орындай алмаса осы Шартты бұза алады.
      26. Егер Шартты орындау бойынша кідіріс форс-мажорлық
мән-жайлардың салдары болса, Өнім беруші Шарттың орындалуын өз
қамтамасыз етуінен айырылмайды және тұрақсыздық айыбын төлеу үшін
немесе Шарттың талаптарын орындамау себебінен оны бұзу үшін жауапты
болмайды.
      27. Осы Шарттың мақсаттары үшін «форс-мажор» Өнім берушінің
тарапынан бақылауға бағынбайтын, Өнім берушінің қателігіне немесе
ұқыпсыздығына байланысты емес және тосын сипатқа ие оқиғаны
білдіреді.
      Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ соғыс
іс-қимылдары, табиғи немесе дүлей апат, індет, тауарларды жеткізуге
қойылатын карантин мен эмбарго сияқты іс-қимылдармен шектелмейді.
      28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде кезінде Өнім
беруші мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы Тапсырыс
берушіге дереу жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
      Егер Тапсырыс берушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар келіп
түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты
орынды болса мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және Шартты
орындаудың форс-мажорлық мән-жайларға байланысты емес, баламалы
әдістерін іздейді.
      29. Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болған
жағдайда, Тапсырыс беруші кез келген уақытта Өнім берушіге тиісті
жазбаша хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұза
алады.
      Бұл жағдайда бұзу дереу жүзеге асырылады және Шарттың бұзылуы
залал келтірмесе немесе іс-қимылдары жасауға немесе Тапсырыс берушіге
қойылған немесе кейіннен қойылатын санкцияларды қолдануға қандай да
бір құқықтарды қозғамаса, Тапсырыс берушінің Өнім берушіге қатысты
ешқандай қаржылық жауапкершілігі болмайды.
      30. Тапсырыс берушi Өнім берушіге тиiстi жазбаша хабарлама
жiбере отырып, Заңның 5-бабының 10-тармағына сәйкес Шартты одан әрi
орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза
алады.
      Хабарламада Шартты бұзудың себебi көрсетiлуі, жойылған шарттық
міндеттемелердің көлемi, сондай-ақ Шартты бұзудың күшiне енетiн күнi
жазылуы тиіс.
      31. Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайлар негiзiнде жойылған
кезде, Өнім беруші Шарттың бұзылуына байланысты, бұзылған күндегі iс
жүзiндегi шығындары үшiн ғана төлемақыны талап етуге құқылы.
      32. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы, сондай-ақ
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген
жәрдемді көрсеткені анықталған жағдайда, Мемлекеттік сатып алу туралы
шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін.
      Өнім берушінің осы негіздер бойынша Шарттың бұзылуына
байланысты шығындары үшiн ғана төлемақы талап етуге құқығы жоқ.
      33. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған
байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді тікелей келіссөздер
жүргізу барысында шешу үшін барлық күштерін салуға тиіс.
      34. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір)
күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше
алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселенің Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуін талап ете алады.
      35. Мемлекеттік сатып алу туралы шартта Қазақстан Республикасы
салық заңнамасының, Кеден одағының кедендік заңнамасының және
(немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасының талаптарына
сәйкес қосылған құнға салынатын салықтар мен акциздердің төленуі
туралы талаптар қамтылуы тиіс.
      36. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан
Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда, мемлекеттiк
сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
      37. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты
төрелiкте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың қазақ және/немесе орыс
тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе
тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес болуы тиiс.
      38. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуы
тиiс.
      39. Шартқа сәйкес тараптардың бiрi екiншi тарапқа жiберетiн кез
келген хабарлама кейiннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат,
телекс немесе факс түрiнде жiберiледi.
      40. Хабарлама жеткiзiлгеннен кейiн немесе күшiне ену
көрсетiлген күнi (егер хабарламада көрсетiлсе) күшiне енедi, ол бұл
күндердiң қайсысы кеш болатынына байланысты болады.
      41. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиiс.
      42. Өнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi конкурстық
құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгiзуге
мiндеттi.
      43. Осы Шартта Тапсырыс берушi мен Өнiм берушi белгiленген
тәртiппен келiсiлген өзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi
мүмкiн.
      44. Осы Шарт Тапсырыс берушi оны Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде (мемлекеттiк
органдар мен мемлекеттiк мекемелер үшiн) тiркеуден өткiзгеннен кейiн
және Өнiм берушi осы Ереженiң 156-тармағында көрсетiлген жағдайларда
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзгеннен кейiн күшiне енедi.
      45. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелерi:

Тараптардың деректемелері

Тапсырыс беруші:                     Өнім беруші:
<Тапсырыс берушінің толық атауы>     <Өнім берушінің толық атауы>
<Тапсырыс берушінің толық заңды      <Өнім берушінің толық заңды
мекенжайы>                           мекенжайы>
Тапсырыс берушінің БСН <БСН>         Өнім берушінің «БСН/ЖСН/ТЕН»
Тапсырыс берушінің БСН <БСН>         Өнім берушінің БСН>БСН
Тапсырыс берушінің ЖСК <ЖСК>         Өнім берушінің ЖСК> ЖСК
<Банктің атауы>                      <Банктің атауы>
Тел.: <Тапсырыс берушінің телефоны>  Тел.: <Өнім берушінің телефоны>
<Тапсырыс берушінің лауазымы>        <Өнім берушінің лауазымы>
<Тапсырыс берушінің Т.А.Ә.>          <Өнім берушінің Т.А.Ә.>

      Аумақтық қазынашылық органында тіркелген күні (мемлекеттік
органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):_____________________
      Осы Мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт Тапсырыс берушінің
тауарларды/көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асыру процесінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын
құқықтық қатынастарды реттейді.
      Осы Шартты пайдалана отырып, Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып
алу қорытындылары негізінде тауарларды/көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарттың түпкілікті жобасын әзірлеуі
тиіс.
      Бұл ретте, осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен
толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, соның ішінде
мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасына, тапсырыс берушінің
конкурстық құжаттамасына, Өнім берушінің конкурстық өтініміне және
Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта
курсивпен бөліп көрсетілген түсіндірулерді Тапсырыс беруші толтыруы
тиіс.

                                                           Ережеге
                                                          6-қосымша

       Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге
            асыру туралы хабарландырудың нысаны
____________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы, почталық және
                электрондық мекен-жайлары)
мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы хабарлайды:________________
__________________________________________________________________
(тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру орны және
олардың көлемі көрсетіледі) (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің
толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі
конкурстық құжаттамада көрсетілгеніне сілтеме жасауға құқылы).
      Тауарларды берудің (жұмыстарды орындаудың/қызметтерді көрсетудің) талап етілетін мерзімі________________________________
      Конкурсқа "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
      Конкурстық құжаттама көшірмесінің бумасын әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамаға ақы төлеу туралы құжатты (егер мұндай конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда) бергеннен кейін ___жылғы "____"___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда (конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыт пен күні көрсетілсін) мына мекен-жай бойынша:________, бөлме N__сағат____-дан____-ге дейін және/немесе мына мекен-жай бойынша_______ электрондық почтамен алуға болады.
      Конкурстық құжаттаманың көшірмесі бумасының құны____________ теңгені құрайды және______________________________________________
                   (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тиісті шоты көрсетілсін) шотына енгізіледі (егер төлем көзделмеген болса, осы абзац алынып тасталады).
      Конвертке желімделген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер_______________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша____________________________________________
                        (толық мекен-жайы, бөлменің N көрсетілсін)
      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі_________
                                                   (уақыты мен күні
______________дейін.
көрсетілсін)
      Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер____________
                                      (уақыты мен күні көрсетілсін)
мына мекен-жай бойынша_____________________________________ ашылады.
                  (толық мекен-жайы, бөлменің N көрсетілсін)
      Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға
болады:_______________________________________________________
          (қаланың коды мен телефон нөмірі көрсетілсін)
 
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі_____________________________
              (Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны көрсетіледі)

                                                           Ережеге
                                                          7-қосымша

      Әлеуетті өнім берушілермен ________________________
                                    (конкурстың атауы)
     конкурстық құжаттамасын түсіндіру жөніндегі кездесу
                          хаттамасы

___________________________            ____________________
    (Кездесу өтетін орын)                      (уақыты мен күні)

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны білдіретін адамдар:
__________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің,
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және
әлеуетті өнім берушілермен кездесуде мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушыны білдірген тартылған сарапшылардың Т.А.Ә., байланыс
телефондарын көрсете отырып)
мынадай адамдарға_________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан
әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың
ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні
білдіретін осындай адамның өкілеттігін растайтын құжатты көрсете
отырып, олар туралы) конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
жөнінде кездесу өткізді.
      2. Кездесуде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру
жөнінде мынадай сұрақтар қойылды:
__________________________________________________________________
            (қандай ережелер бойынша сұрақтар қойылды)
      3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілдері
қойылған сұрақтарға мынадай жауаптар берді:
__________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қатысқан өкілдерінің
Т.А.Ә., байланыс телефондарын көрсете отырып, олардың қайсысы жауап
бергені көрсетілсін).
      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілдері
конкурстық құжаттаманы түсіндіру жөніндегі кездесу нәтижесінде
мынаны ШЕШТІ:
      1) өзгерістер (толықтырулар) талап ететін конкурстық құжаттаманы тану
__________________________________________________________________
(конкурстық құжаттаманың атап айтқанда қандай ережесін өзгерту
(толықтыру) қажеттігін көрсету)
      2) конкурстық құжаттамаға өзгерістер (толықтырулар) енгізу
қажеттігінің болмауын тану
      ____________________________________________________
__________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен кездесуге қатысқан
әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә., сондай-ақ
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушымен конкурстық құжаттаманың
ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесуде әлеуетті өнім берушіні
білдіретін өкілеттігін растайтын құжатты көрсете отырып, олардың
қолдары)
      ____________________________________________________
__________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің,
сатып алуды ұйымдастырушының өзге де мамандарының және әлеуетті өнім
берушілермен кездесуде сатып алуды ұйымдастырушыны білдірген
тартылған сарапшылардың Т.А.Ә. көрсете отырып, олардың қолдары)

                                                           Ережеге
                                                          8-қосымша

        Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
      мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға
          өтінімдер бар конверттерді aшу хаттамасы
      ___________________________________________________
                      (конкурстың атауы)
__________________________            _______________________
      (Ашу орны)                          (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
(конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің Т.А.Ә., конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
      2. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді:_____________________________________________.
                    (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген
барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы)
      3. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері
__________________________________________________________________
(конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін
конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім
берушілердің атауы, мекен-жайы көрсетіледі)_______________________
негізінде ашылмай қайтарылды.
      4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі
өткенге дейін оларды белгіленген мерзімде ұсынған мынадай әлеуетті
өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:___________________
                                            (конкурстық өтінімдерді
берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған
барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, конкурсқа
қатысуға өтінімдерді беру уақыты конкурсқа қатысуға өтінімдерді
тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен) ашылды және
конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға
таныстырылған мыналарды қамтиды:
__________________________________________________________________
      (өтінімдегі құжаттардың тізбесі, конкурсқа қатысуға
өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпарат,
конкурстық өтінім құжаттарының парақ саны көрсетіледі).
      5. Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім
берушілер қатысты:
__________________________________________________________________
      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық
әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, олардың уәкілетті
өкілдерінің Т.А.Ә.)
      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және
хатшысының Т.А.Ә., қолдары

                                                            Ережеге
                                                           9-қосымша

       Ескерту. 9-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.

        Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
   _______________________сатып алу жөніндегі конкурс
       (конкурстың атауы)

__________________________      _________________________
      (Орналасқан жері)                   (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:
__________________________________________________________________
                  (Конкурстық комиссияның құрамын көрсету)
      __________________________________ мемлекеттік сатып алу
жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарады
      2. Конкурсқа қатысуға өтінімдерде ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындыларды берген сарапшыларды тарту туралы ақпарат.
      3. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі:__________________________
      (конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына сәйкес конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен жайы, конкурсқа қатысуға өтінім беру уақыты, өтінімде көрсетілген құжаттар тізбесі, конкурстық құжаттамада көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы туралы ақпарат, конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алу және оның өзгеруі туралы ақпарат және басқа ақпарат хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.
      4. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:_________________________________
            (себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық
өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның
деректемелері) көрсетіледі: біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Заңның
6-бабының талаптары бұзылған).
      5. Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың өзге де талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері_____________________________________________ (әрбір лот бойынша әлеуетті өнім берушілердің тізбесі жеке көрсетіледі).
      6. Заңның 17-бабының 4-тармағында көзделген өлшемдердің осы конкурсқа қатысуға берілген барлық өтінімдерге қатысты мәнін қолдану нәтижелері туралы ақпарат.
      Әрбір лот бойынша конкурсқа қатысушыларды көрсеткен кезде конкурсқа қатысуға жіберу туралы жалпы хаттаманы ресімдеуге жол беріледі.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
      1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:__________________________ (конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету). Төменде көрсетілген нысанға сәйкес Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны қоспағанда, әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін бағалау өлшемдерінің келесідей мәні айқындалсын.
      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:_____________________________________________________
            (конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету).
      3. Конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді қабылдау орны, күні, уақыты________________________________________ белгіленсін.
      4. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы______________ белгіленсін.
      (конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету, бірақ мүдделі адамдарға хабарлаған күннен бастап үш жұмыс күнінен ерте емес).
      5. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберу туралы осы хаттаманың көшірмелері
__________________________________________________________________
      (олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілерді көрсету) берілсін (жіберілсін) және осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің __________________________ интернет-ресурсына орналастырсын.
      Осы шешімге дауыс бергендер:
      Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
      Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына пайыздық әсердi есептеу

Р/с

Әлеуеттi өнiм берушiнiң атауы

Лот
нөмiрi

Мынадай бағалау өлшемдерiн ескере отырып, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына пайыздық әсерi, пайызбен

Өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығындағы жұмыс тәжiрибесi













кестенің жалғасы


Техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар өндіруші үшін тауарларды ерiктi сертификаттау туралы құжаттың болуы

Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң) болуы

Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң болуы) және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестігін растаудың болуы










кестенiң жалғасы

Мынадай бағалау өлшемдерiн ескере отырып, әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына пайыздық әсерi, пайызбен

Конкурстық өтiнiмiнiң шартты бағасына сомалық пайыздық әсерiнiң жиыны

Мыналарды ескере отырып, шартты бағаға пайыздық әсер, пайызбен

Барлығы

Тауарлард ың функциона лдық сипаттама лары

Тауарл ардың техникалық сипатт амалар ы

Тауарлар дың сапалық сипаттам алары

Пайдалану ға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар

Отандық тауар өндiрушiнiң, отандық жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер берушiнiң мәртебесi

Жергілікті мазмұн

























Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерiнiң және хатшысының қолдары.

                                                           Ережеге
                                                         10-қосымша

       Ескерту. 10-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

_____________________ сатып алу жөніндегі конкурс тәсілімен
   (конкурстың атауы)
     мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама

___________________________      ________________________
    (Орналасқан жері)                     (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:___________________ (конкурстық комиссияның құрамын көрсету) мемлекеттік сатып алу жөніндегі (сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қысқаша сипаттау) конкурс екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома (соманы көрсету).
      3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:
__________________________________________________________________
(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету).
      4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің__________________________
                                        (әлеуетті өнім берушілердің атаулары көрсетіледі) конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері.
      5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:______________
                                        (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына сәйкес конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. хронологиялық тәртіппен көрсетіледі) ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:_____________________________________
                       (конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді тіркеу журналына оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары көрсетіледі).
      6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады:
__________________________________________________________________
(мынадай себептерді: конкурстық баға ұсынысы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түсуін; демпингтік болып табылатын конкурстық баға ұсынысын көрсете отырып, конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаған конкурсқа қатысушылардың не олардың уәкілетті өкілдерінің Т.А.Ә. көрсетіледі).
      7. Конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары ________________ (неғұрлым сапалы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында, конкурстық құжаттамада белгіленген өлшемдердің пайыздық мәнін ескере отырып, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасы көрсетіледі).
      Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
      1)_________________________________________________ конкурсқа қатысушының (конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) конкурстық өтінімі жеңімпаз деп танылсын немесе
____________________________ мемлекеттік сатып алу жөніндегі
  (конкурстың атауы)
конкурс (екі кезеңді рәсімді пайдалана отырып) өтпеді деп танылсын.
      (Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық баға ұсыныстары қабылданбаса, тиісті себебін көрсету)
      2) Тапсырыс беруші (тапсырыс берушілер)
__________________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)
______________________жылға дейінгі мерзімде______________________
                              (конкурс жеңімпазының атауын көрсету) -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.
      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
__________________________________________________________________
     (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырсын.
      Осы шешімге дауыс бергендер:
      Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
      Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)

       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      Конкурстық комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының қолдары

                                                                                                                              Ережеге 
                                                      11-қосымша

       Ескерту. 11-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

        Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
                қорытындысы туралы хаттама
              _______________________________
                       (конкурстың атауы)

___________________________      ________________________
    (Орналасқан жері)                     (Уақыты мен күні)

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
__________________________________________________________________
                        (атауы, мекен-жайы)
__________________________________________________________________
(сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
қысқаша сипаттау) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.
      2. Сатып алуға бөлінген сома (сомасы көрсетілсін) теңге.
      3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме
__________________________________________________________________
      (Тапсырыс берушінің бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімі, бұйрықтың нөмірі, күні қоса берілсін)
      4. Өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі
__________________________________________________________________
      (Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі көрсетіледі)
      5. Шарт жасалатын өнім берушінің атауы және орналасқан жері және осындай шарттың бағасы:______________________________________
      6. Сарапшыларды тарту, олар ұсынған қорытындылар туралы ақпарат.
      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:
      1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер)
__________________________________________________________________
        (өнім берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)
өнім берушіден сатып алынсын.
      немесе
      бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылсын
__________________________________________________________________
                  (тиісті себебін көрсету)
      2) Тапсырыс берушіге (тапсырыс берушілерге)
__________________________________________________________________
(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)
________________________________ жылға дейінгі мерзімде
__________________________________________________________________
            (өнім берушінің атауын көрсету).
      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы
__________________________________________________________________
      (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету)
осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.
       Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің және бірінші басшының не жауапты хатшының немесе өзге, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген жауапты хатшының өкілетін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаның, тапсырыс берушінің не оның міндетін атқарушы тұлғаның қолдары.

                                                          Ережеге
                                                         12-қосымша

                    Банктік кепілдік
            (мемлекеттік сатып алу туралы шарттың
              орындалуын қамтамасыз ету нысаны)

      Банктің атауы:______________________________________________
                        (банктің атауы және деректемелері)
      Кімге:______________________________________________________
                 (тапсырыс берушінің атауы және деректемелері)
      N______ кепілдік міндеттеме
      _____________________      ________ж."___" _______________
       (орналасқан жері)

      "Өнім беруші"_____________________________________________
                              (өнім берушінің атауы)
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің
сипаттамасы) беруге (көрсетуге) ________ж. N_____ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқандығын (жасасатындығын) және Сіз Шартта Өнім берушінің жалпы сомасы_________ теңгеге банктік кепілдік түрінде оның орындалуын қамтамасыз етуін енгізуді көздегендігіңізді назарға ала отырып, осымен_______________________________________
                                      (банктің атауы)
жоғарыда көрсетілген Шарт бойынша кепілгер болып табылатындығымызды және Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің төлеуге жазбаша талап етуді, сондай-ақ Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағандығын немесе тиісінше орындамағандығын жазбаша растауды алғаннан кейін Сізге
__________________________________________________________________
              (сомасы цифрлармен және жазумен)
тең соманы төлеуге өзімізге қайтарусыз міндеттеме аламыз.
      Осы кепілдік міндеттемесі оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін әрекет етеді.
      Осы кепілдік міндеттемесіне байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
      Кепілгерлердің қолы мен мөрі       Күні және мекен-жайы
      (банктің (банк филиалының) бірінші басшысы немесе оның орынбасары және банктің бас бухгалтері)
___________________________      ______________________________

      * Заңның 8-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда

                                                          Ережеге
                                                        13-қосымша  

     Тапсырыс берушінің электрондық мемлекеттік сатып алу
                   жүйесінде тіркеуге өтініші

       Ескерту. 13-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                                                          Ережеге
                                                         14-қосымша

    Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
        электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінде
                      тіркеуге өтініші

       Ескерту. 14-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                                                           Ережеге
                                                          15-қосымша

         Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінде
       тіркеуге әлеуетті өнім беруші - жеке тұлғаның
                  тіркеу карточка-өтініші

       Ескерту. 15-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                                                           Ережеге
                                                         16-қосымша

          Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің
   тіркеуге әлеуетті өнім беруші - заңды тұлғаның тіркеу
                      карточка-өтініші

       Ескерту. 16-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.       

                                                           Ережеге
                                                         17-қосымша

Әлеуетті өнім берушілерді электрондық мемлекеттік сатып алу
                   жүйесіне тіркеу туралы
                            ШАРТ

       Ескерту. 17-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

                                                            Ережеге
                                                         18-қосымша

       Ескерту. 18-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.  

                           (конкурстың атауы)
       Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін
  қызметтерді, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті
     нормативтік техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі
     көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсқа
    қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдер бар
                   конверттерді ашу хаттамасы

________________________            _______________________
      (Ашу орны)                              (Уақыты мен күні)

      Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, конкурстық өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны) конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.
      Конкурстық құжаттама мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы)
      Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы) негізінде ашылмай қайтарылды (ашылмау себептері).
      Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген тәртіппен ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері: (конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы, конкурстық өтінімді беру уақыты) осы қосымшаға 1-қосымшаға сәйкес ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушыларға таныстырылған, конкурстың одан әрі өтуіне комиссия рұқсат берген және осы қосымшаға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптауға жіберген мыналарды қамтиды: (көрсетілетін қызметтердің бағасы, конкурстық өтінімнің жалпы бағасы, әрбір конкурстық өтінімнің негізгі шарттары, конкурстық өтінімді қамтитын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпарат, кері қайтарып алу туралы және ашу кезінде жарияланған басқа ақпарат).
      Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты:
      (конкурстық өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекен-жайы және олардың уәкілетті өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты).
      Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу және ұсынылған құжаттардың формалдық белгілерін қарау нәтижелері бойынша Комиссия осы қосымшаға 3-қосымшаға сәйкес (өтінім саны) өтінімді кері қайтарды.
      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары.

                                             18-қосымшаға 1-қосымша

_____________________жұмысты орындау үшін ғылыми зерттеулерді
  (конкурстың атауы) мемлекеттік сатып алу жөнінде
   конкурсқа әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурстық
                   өтінімдердің тізбесі

       Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Р/с
N

Тіркеу
N

Түскен
күні

Жоба-
ның
атауы

Орын-
даушы
ұйым

Орын-
даушы-
ның
Т.А.Ә

Сұралатын
қаржыландыру
көлемі, мың
теңге

жалпы

оның
ішінде
жылы-
на

1

2

3

4

5

6

7

8

                                              18-қосымшаға 2-қосымша

    Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға бағытталған
               конкурстық өтінімдердің тізбесі

Р/с
N

Тіркеу
N

Жоба-
ның
атауы

Орын-
даушы
ұйым

Орын-
даушы-
ның
Т.А.Ә

Сұралатын
қаржыландыру
көлемі, мың
теңге

жалпы

оның
ішінде
жылы-
на
_____

1

2

3

4

5

6

7

                                              18-қосымшаға 3-қосымша

____________________конкурстық өтінімдерді дайындау жөніндегі
   (конкурстың атауы)
  нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келмейтін ретінде конкурстық
       комиссия қабылдамаған конкурстық өтінімдердің тізбесі

Р/с
N

Тіркеу
N

Жобаның атауы

Орындаушы
ұйым

Қабылданған
себебі

1

2

3

4

5

                                                          Ережеге
                                                        19-қосымша

       Ескерту. 19-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

(конкурстың атауы)
Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік техникалық құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама

      ________________________      ______________________
            (Ашу орны)                (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия (конкурстық комиссияның құрамын көрсету) (сатып алынатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қысқаша сипаттау) мемлекеттік сатып алу жөніндегі (екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып) конкурс өткізді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Әрбір ғылыми бағыт (егер бөлінген болса лот) бойынша жеке сатып алу үшін бөлінген сома (соманы көрсету) теңге.
      3. Конкурстық құжаттаманы сатып алды/алды (конкурстық құжаттаманы сатып алған/алған барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен орналасқан жерін, конкурстық құжаттаманы сатып алған/алған күнін көрсету).
      4. Әлеуетті өнім берушілерден конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар түсті (егер болған жағдайда, осындай сауалдардың мазмұнын жазу) және оларға мынадай түсініктемелер берілді (сауалдарға берілген жауаптардың жалпы мазмұнын жазу).
      5. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді мынадай әлеуетті өнім берушілер берді, 18-қосымшаға 1-қосымша (конкурстық өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен орналасқан жерін, берген күнін көрсету).
      6. Мынадай конкурстық өтінімдер қабылданбады, 18-қосымшаға 3-қосымша (қабылданбаған конкурстық өтінімдер туралы толық ақпарат беру, олардың қабылданбаған барлық себептері мен негіздемелерін көрсету). Барлық конкурстық өтінімдер қабылданбаған жағдайда, тиісті себептерін де көрсету.
      7. Конкурсқа қатысуға жіберілген, біліктілік талаптарын қанағаттандыратын жобалардың әлеуетті өнім берушілері, 18-қосымшаға 2-қосымша.
      8. (Әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері туралы немесе мұндай деректердің болмауы туралы ақпаратты жазу).
      9. Әлеуетті өнім берушілер (жұмысты орындау, қызметтер көрсету) жөнінде мынадай ұсыныстар берді: (әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімін ұсынған ғылыми бағыттың (лоттың) атауын, жұмыс пен көрсетілетін қызметтің бір бірлігіне беретін бағаны, әрбір конкурстық өтінімнің жалпы бағасын және әрбір конкурстық өтінімнің басқа да негізгі шарттарының қысқаша мазмұнын көрсету).
      10. Конкурстық комиссия берілген конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстырудың мынадай өлшемдеріне жүгінді: (бар болған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық комиссия қолданатын конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстырудың өлшемдерін көрсету).
      11. Конкурсқа ұсынылған жобаларды бағалау мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындылары негізінде жүргізілді. Конкурстық жобалар жөніндегі мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысының нәтижелері осы қосымшаға 1-қосымшада көрсетілген.
      12. Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:
      1) Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, осы қосымшаға 2-қосымшаға сәйкес (осы конкурстық өтінімдерді берген әлеуетті өнім берушілердің атауы мен орналасқан жерін, сондай-ақ олар жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету) орындаушылардың конкурстық өтінімдері конкурстың жеңімпазы деп танылсын (егер конкурстық өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде конкурстың жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету).
      2) Тапсырыс беруші_____жылғы__________ дейінгі мерзімде ғылыми зерттеулерді орындауға арналған конкурстың жеңімпазы болып танылған орындаушылармен қаржыландырудың ұсынылған көлеміне шарт жасассын.
      3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауын көрсету): - бұқаралық ақпарат құралдарында өткізілген конкурстың қорытындыларын жарияласын.
      Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының немесе хатшылықтан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген жауапты тұлғаның қолдары.

                                             19-қосымшаға 1-қосымша

   _____________________ұсынылған конкурстық жобалардың
    (конкурстың атауы)
     мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері

Р/с
N

Тіркеу
N

Жобаның атауы

Орындаушы
ұйым

Сұрала-
тын
қаржы-
ландыру
көлемі,
мың
теңге

МҒТС
қорытын-
дысы

1

2

3

4

5

6

                                             19-қосымшаға 2-қосымша

  _____________________орындау үшін қаржыландыруға ұсынылған
    (конкурстың атауы) ғылыми жобалардың тізбесі

Р/с
N

Тіркеу
N

Жобаның атауы

Орындаушы
ұйым

Орындау-
шының
Т.А.Ә.

_____
жылға
бөлінген
қаржы-
ландыру
көлемі,
мың
теңге

1

2

3

4

5

6

      Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
қойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 37, 390-құжат).

      2. "2003 жылғы егіннің астығын сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 14, 146-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 825 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 34, 336-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 35, 352-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 наурыздағы N 301 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 28 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 15-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 110 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 60-құжат).

      7. "Ауыл шаруашылығы өнімінің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 наурыздағы N 371 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 195-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 508 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 20, 259-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 666-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы N 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 7, 73-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 44, 585-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 324 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 14, 139-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы N 747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 29, 316-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 наурыздағы N 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 112-құжат).

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады