Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 964 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.»"Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереже мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге немесе олардың жекелеген бөліктеріне қолданылмайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Заңға тәуелді кесімдерге мониторингті тиісті уәкілетті орган (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер бойынша) әзірлеген және (немесе) қабылдаған заңға тәуелді кесімдерге қатысты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері және (немесе) ведомстволары (бұдан әрі - бөлімшелер) тұрақты негізде жүргізеді.";
7-тармақтың 1) тармақшасындағы»"олар әзірлеген және (немесе) қолданып жүрген" деген сөздер»"тиісті уәкілетті орган әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде іске асыруды уәкілетті орган жүзеге асыратын бұрын қабылданған кесімдер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы»"кесімдер" деген сөз»"кесімдердің жекелеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Уәкілетті органдарда тіркелімдерді заң қызметі жүргізеді.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тіркелімдер журналдарды білдіреді.";
18-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақтың бірінші абзацындағы»"нысан бойынша" деген сөздерден кейін»"және осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді" деген сөздермен толықтырылсын;
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесіне 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»23 шілдедегі
N 619 қаулысына
қосымша
Заңға тәуелді нормативтік
құқықтық кесімдерге
мониторинг жүргізу ережесіне
2-қосымша
1 нысан
Мониторинг нәтижелері___________________________________
(заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесім түрінің атауы)
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
(сандық аппарат көрсетіледі)
Р/с |
Мониторинг |
Нормативтік |
1. |
Қолданыстағы заңға |
|
2. |
Заңға қайшы келетін |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
||
3) қолданылуын тоқтату |
||
4) жою |
||
3 |
Мыналарды талап |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
||
4 |
Ескірген ретінде |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
||
5 |
Заңға қайшы келетін |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
||
3) қолданылуы |
||
4) жойылған |
||
6 |
Заңнамаға сәйкес |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
||
3) қолданылуы |
||
7 |
Ескірген ретінде |
|
1) өзгерістер мен |
||
2) күші жойылды деп |
Ескертпе:
1-жолда негізгі кесімдердің (өзгерістерді және/немесе толықтыруларды есептемей) саны көрсетіледі.
Уәкілетті органның басшысы ___________________________
(Т.А.Ә)
200__ жылғы __________ _______________ _____________
(қолы)
N 2 нысан
Заңнамаға қайшы келетін анықталған_____________________________
(заңға тәуелді кесімнің түрі)
жөніндегі және олар бойынша _______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат
(сипаттама ақпарат көрсетіледі)
Р/с |
Заңға |
Заңға |
Заңға |
Қабылданатын |
|
өзгерістер |
күші |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қабылданатын |
Қабылданған шаралар |
||||
қол- |
жою |
||||
өзге- |
күші |
қолданы- |
жою |
||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
N 3 нысан
________________________ іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі
(заңға тәуелді түрі)
және олар бойынша _______________________________ қабылданған
(уәкілетті органның атауы)
шаралар туралы ақпарат
(сипаттама ақпарат көрсетіледі)
Р/с N |
Норма- |
Норма- |
Заңға |
Қабылданатын шаралар |
|
---|---|---|---|---|---|
өзгерістер |
күші |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қабылданатын |
Қабылданған шаралар |
||||
қол- |
құқық |
өзгеріс- |
күші |
қолданы- |
құқық |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Ескертпе:
осы нысанды толтырған кезде тек тиімсіз деп танылған және ол бойынша шаралар қабылданған анықталған нормативтік құқықтық кесім бойынша ақпарат енгізіледі
Уәкілетті органның басшысы __________________________________
(Т.А.Ә.)
200_ жылғы "__"__________
N 4 нысан
ескірген норманы қамтитын анықталған _________________________
(заңға тәуелді кесімнің түрі)
жөніндегі және олар бойынша __________________________________
(уәкілетті органның атауы)
қабылданған немесе қабылдайтын шаралар туралы ақпарат
(сипаттама ақпарат көрсетіледі)
Р/с |
Заңға |
Заңға |
Ескірген |
Қабылданатын шаралар |
|
өзгерістер |
күші |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қабылданған шаралар |
|
өзгерістер мен (немесе) |
күші жойылды деп тану |
7 |
8 |
Уәкілетті органның басшысы __________________________________
(Т.А.Ә.)
200_жылғы "__"__________ __________ қолы