Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Орталық Азия ұжымдық қауіпсіздік өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерін жедел өрістету, қолдану және жан-жақты қамтамасыз ету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік өңірінің Жедел өрістеу ұжымдық күштерін жедел өрістету, қолдану және жан-жақты қамтамасыз ету тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы
2006 жылғы 23 маусымда Минск қаласында жасалған Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік өңірінің Жедел өрістеу ұжымдық күштерін жедел өрістету, қолдану және жан-жақты қамтамасыз ету тәртібі туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірі Жедел өрістетудің ұжымдық күштерін жедел өрістету, қолдану және жан-жақты қамтамасыз ету тәртібі туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы Ұйымға мүше мемлекеттер,
2001 жылғы 25 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесінің күштері мен құралдарын құрау және қалыптастыру тәртібі туралы хаттаманың, 2000 жылғы 11 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы келісімнің ережелерін басшылыққа ала отырып,
2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарын жедел жабдықтау, әскери инфрақұрылым объектілерін бірлесіп пайдалану туралы келісімді назарға ала отырып,
Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірі Жедел өрістетудің ұжымдық күштерін (ОАӨ ЖӨҰК) жедел өрістету, қолдану және жан-жақты қамтамасыз ету негізін құқықтық реттеу қажеттілігінен шыға отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:
"Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі"
- ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жоғарғы органы;
"Қорғаныс министрлері кеңесі"
- әскери саясат, әскери құрылыс және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының кеңестік және атқарушы органы;
"әскери басқару органдары"
- Ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымына мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - ОАӨ мемлекеттері) қарулы күштеріне басшылық және басқару үшін арналған қолбасшылықтар, штабтар және басқару ұйымдары;
"Біріккен штаб"
- ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымы (бұдан әрі, егер "ұйым" деп аталатын айрықша атау келісілмесе) мен Қорғаныс министрлері кеңесінің тұрақты әрекет етуші жұмыс органы;
"Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңіріндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары"
- ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірінің Әскерлердің (күштердің) біріккен топтамасының құрамына Тараптардың қарулы күштерінен және басқа әскерлерінен бөлінген бірлестіктер, құрамалар, әскери бөлімдер мен бөлімшелер;
"Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңірі Әскерлерінің біріккен топтары (күштері) (бұдан әрі - Біріккен топтама)"
- бейбіт уақытта жер-жерге орналастырылған немесе қауіпті кезеңде мүмкін болатын басқыншылықты тоқтату мен тойтарыс беру үшін өңірде қайтадан құрылған бірыңғай ниеті мен жоспары бойынша қолдануға жоспарланған ОАӨ мемлекеттері қарулы күштерінің, басқа да әскери құралымдары мен органдарының әскерлері (күштері);
"ұлттық контингенттер"
- ОАӨ ЖӨҰК құрамына ОАӨ мемлекеттері бөлген құрамалар, бөлімдер, бөлімшелер, мекемелер мен басқа да әскери құралымдар;
"жіберуші Тарап"
- Әскери қызметшілері ОАӨ ЖӨҰК басқару органдарында және ұлттық контингенттерде әскери қызмет өткеріп жүрген Тарап;
"қабылдаушы Тарап"
- міндеттерді орындау үшін аумақтағы ОАӨ ЖӨҰК аумағы арқылы транзит уақытша орналастырылатын немесе жүзеге асырылатын аумақ арқылы транзит жүзеге асырылатын Тарап;
"жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік объектілері)" -
қабылдаушы Тараптың меншігі болып табылатын және оның келісімімен ОАӨ-нің басқа мемлекеттерінің ұлттық контингенттерінің уақытша пайдалануында болатын жер учаскелері және онда орналасқан казармалар мен тұрғын үй-жайлар, коммуналды құрылыстар, әскери кәсіпорындар (мекемелер), подъездік темір жолдары, әуе айлақтары, оқу орталықтары мен полигондар, стационарлық басқару пункттері мен байланыс желілері, радиотехникалық және навигациялық қамтамасыз ету стационарлық құралдарының, арсеналдарының, сақтау базаларының, қоймалар мен басқа да инфрақұрылым объектілерінің ғимараттары мен құрылыстары.
2-бап
ОАӨ ЖӨҰК Ұжымдық қауіпсіздік Орталық Азия өңіріндегі Ұйымның ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары жүйесінің құрамына кіреді және ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшылығынан, Штабтан және ұлттық контингенттерден тұрады және Біріккен топтаманың тұрақты әзірліктегі әскерлері (күштері) болып табылады.
ОАӨ ЖӨҰК әскери басқыншылыққа тойтарыс беруге қатысуға, бірлескен жалпы әскери, терроризмге қарсы және арнайы операцияларға қатысуға, оның ішінде ОАӨ мемлекеттерінің ұлттық және өңірлік қауіпсіздік қоқан-лоққысына, қатеріне уақытылы әсер етуге арналған.
ОАӨ ЖӨҰК-нің негізгі міндеттеріне мыналар кіреді: Біріккен топтаманың міндеттерін шешуге немесе өрістетуді қамтамасыз етуге әзірлігін көрсету мақсатында жедел өрістетуді жүзеге асыру; басқыншылыққа тойтарыс беру барысында жалпы әскери операцияларға қатысу; бірлескен жалпы әскери, терроризмге қарсы, арнайы операцияларға қатысу.
3-бап
ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістетуге және қолдануға шешімді Ұйымға мүше мемлекеттердің біреуінің немесе бірнешеуінің өтініші бойынша ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістету және қолдану жөніндегі Қорғаныс министрлері кеңесі ұсынысының негізінде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қабылдайды.
Қорғаныс министрлері кеңесіне ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістетуге және қолдануға ұсыныстар әзірлеу ОАӨ мемлекеттерінің қарулы күштері бас (басты, Штаб бастықтары комитетімен) штабтарымен бірге Біріккен штабқа жүктеледі.
ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістетуге және қолдануға шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің халықаралық органдары әрекетінің тәртібі 2000 жылғы 24 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімімен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдануға ұжымдық шешімдерді қабылдау мен іске асыру туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4-бап
ОАӨ ЖӨҰК-ні қолдануды жоспарлау ОАӨ мемлекеттерінің әскери басқару органдарымен өзара іс-әрекетте Біріккен штабқа жүктеледі.
ОАӨ ЖӨҰК-н қолдануды тікелей жоспарлау, соғыс іс-қимылдар нысандары мен тәсілдерін айқындауды ОАӨ мемлекеттерінің Біріккен штабымен және әскери басқару органдарымен өзара іс-әрекетте ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысы жүзеге асырады.
ОАӨ ЖӨҰК-ні қолдануды бірлесіп жоспарлау алдын ала жүзеге асырылады және операцияны өткізерден бұрын тікелей анықталады.
ОАӨ ЖӨҰК-ні қолдану орталықтандырылған (өз бетінше бағытталған әрекетте, аудандарда) міндеттерді немесе оның ішінде арнайы міндеттерді орындау үшін орталықсыздандырылған жолмен (ұлттық қарулы күштерді топтастыруды күшейту ретінде) жүзеге асырылуы мүмкін.
ОАӨ ЖӨҰК-ні орталықсыздандыру арқылы қолдану кезінде оларды қолдануды жоспарлау, әдеттегідей, ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысымен өзара іс-әрекетте ОАӨ мемлекеттерінің әскери басқару органдары жүзеге асырады.
5-бап
ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістету Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес пысықталатын Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен, алдын ала әзірленген ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістету жоспарына (бұдан әрі -Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
ОАӨ мемлекеттерінің әскери басқару органдары осы Жоспарда көзделген іс-шараларды толық және уақытында орындауды қамтамасыз етеді.
Жоспарды сақтау және пысықтау тәртібі Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен айқындалады.
Жоспарды пысықтауды ұйымдастыру Біріккен штабқа жүктеледі.
6-бап
ОАӨ мемлекеттері Жоспарға сәйкес алдын ала қажетті жағдайлар жасайды және өзінің мемлекеттік шекарасынан белгіленген жедел өрістету (алдын ала бағытталған) тиісті аудандарына, өз аумағы бойынша ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттері әскери эшалондарының, әуе кемелерінің, жеке құраммен, соғыс техникаларымен және қару-жарақтармен және материалдық-техникалық құралдармен автомобиль колонналарының бөгетсіз және өтеусіз қиып өтуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімдерімен өзгеше белгіленбесе инфрақұрылым объектілерін орналастыруды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
ОАӨ мемлекеттері ОАӨ ЖӨҰК мемлекеттік шекараларды қиып өтудің арнайы (кезектен тыс) талаптарын ұсынады.
Осы Келісімнің шеңберінде ОАӨ ЖӨҰК-ге ұлттық контингенттерінің қару-жарақтарын, әскери техникасы мен материалдық құралдарын ОАӨ мемлекеттерінің кедендік шекарасы арқылы орналастыру ОАӨ мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында белгіленген тарифсіз реттеу шараларын қолданусыз және жіберуші және қабылдаушы Тараптың өкілетті органдарымен келісілген тізбелердің негізінде баж, салық және жинаудың барлық түрлерін төлетусіз басым тәртіпте жүзеге асырылады.
Кедендік төлемдерді төлеуден босатуды ұсынған кезде ОАӨ мемлекеттері ұлттық заңнаманың шегінде асыра пайдаланушылықты тоқтату үшін олар қажетті деп есептеген шарттардың орындалуын талап етуі мүмкін, бұл туралы бір бірін уақытылы ақпараттандырады.
Қабылдаушы Тарап өз аумағында осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген тізбелерде келісілген тауарларды белгіленген ауданға жеткізу үшін барлық қажетті шараларды жүзеге асырады.
ОАӨ ЖӨҰК электр энергиясымен, сумен және коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулер қабылдаушы Тараптың ұлттық қарулы күштері үшін белгіленген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
7-бап
Қабылдаушы Тарап жіберуші Тарапқа және ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшылығына олардың азаматтарының өлімімен, дене жарақаттарымен және еңбекке қабілеттігінен айырылуымен байланысты жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ оның жылжымайтын мүлкіне, табиғи ресурстарына, мәдени және тарихи құндылықтарына келтірілген зиянның орнын толтыруға қатысты, егер бұндай зиян оның аумағында әскери басқыншылықты тойтару, террористік қарулы құралымдарды жою жөніндегі міндеттерді орындау кезінде және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде келтірілсе, қандай да бір наразылық танытудан бас тартады.
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттері қабылдаушы Тараптың аумағында уақытша болған кезеңінде оның пайдаланылатын жылжымайтын мүліктерінің, табиғи ресурстарының, мәдени және тарихи объектілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қабылдаушы Тараптың пайдалынатын жылжымайтын мүліктерінің, мәдени және тарихи объектілерінің сақталуы үшін, сондай-ақ ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің (дислокациясы) орналасу аудандарындағы экологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуы үшін жауапкершілікті ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшылығы көтереді.
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің келтірген зияндары үшін жауапкершілік, сондай-ақ оны өтеу тәртібі 2000 жылғы 11 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы келісімнің 13-бабына сәйкес айқындалады.
8-бап
ОАӨ ЖӨҰК сәйкестендіру құралдарымен қамтамасыз етілген қызметтік құжаттар (хат алмасулар) кедендік тексеруге жатпайды. Аталған құжаттарды таратушы курьерде оның уәкілдігін растайтын және құжаттардың саны мен жүктелген қамтамасыз ету түрі туралы мәліметтерден тұратын оларды жеткізуге өкімі болуы тиіс. Өкімді ОАӨ мемлекеттерінің шекара және кеден органдарына олар туралы мәліметтер берілетін уәкілетті адамдар куәландырады.
Қызметтік құжаттамалардың ішінде тек ресми мақсаттарға арналмаған заттардың (хат алмасулар) бар болуы туралы негіз болған кезде кеден органы ОАӨ ЖӨҰК кеден органы мен Қолбасшылығының лауазымды адамдардың қатысуымен курьердің қызметтік құжаттаманы (хат алмасулар) ашуын талап етуге құқылы.
Өкімді куәландыруға құқығы бар уәкілетті адамдар туралы мәліметтерді жыл сайын ОАӨ мемлекеттерінің шекара және кеден органдарына Біріккен штаб береді.
9-бап
ОАӨ мемлекеттері ОАӨ ЖӨҰК жедел және жауынгерлік даярлық, жедел өрістету мен қолдану жоспарлары бойынша жүзеге асырылатын ОАӨ ЖӨҰК мен мемлекеттері авиациясы әуе кемелерінің ұшуларын орындау үшін әуе кеңістігін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында белгіленген ережелерге сәйкес өтеусіз негізде береді.
Әскери әуе кемелерін қабылдау, әуе-айлақтық-техникалық қамтамасыз ету мен күзету ОАӨ мемлекеттерімен жекелеген келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.
10-бап
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің әскери қызметшілеріне олардың ОАӨ мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын қиып өту кезінде визалық бақылау қолданылмайды, сондай-ақ шет елдіктерді тіркеуге және оларға бақылауды жүзеге асыруға қатысты бөлігінде қабылдаушы Тараптың заңнамасы қолданылмайды ОАӨ ЖӨҰК құрамына кіретін әскери қызметшілер қабылдаушы Тараптың аумағына тұрақты тұруға қандай да бір құқықтар алғандар ретінде қаралмайды.
Мемлекеттік шекара арқылы өту пункттерінде ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің командирлері қабылдаушы Тараптың аумағына келу мақсатын көрсетумен жіберуші Тараптың құзыретті органдары куәландырған ұлттық контингенттердің құрамына кіретін адамдардың атаулы тізімін, қару-жарақ, әскери техника мен материалдық-техникалық құралдардың тізбесін ұсынады.
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің әскери қызметшілері ОАӨ мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын қиып өту кезінде ОАӨ мемлекеттерінің ұлттық қарулы күштерінің әскери нысандағы киімінде болуы тиіс. Қызметтік автокөлік, әскери техника тіркеу нөміріне қосымша олардың мемлекеттік тәуекелділігін көрсететін анық көрінетін таңбалармен жабдықталуы тиіс.
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерінің құрамына кіретін әскери қызметшілер қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасын іссапар куәлігі мен олардың жеке басын және ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерін тәуелді екендігін куәландыратын жіберуші Тараптың заңнамасымен белгіленген құжаттарды көрсеткен жағдайда қиып өтеді.
ОАӨ мемлекеттерінің мемлекеттік шекараларын қиып өтетін, ОАӨ ЖӨҰК құрамына кіретін әскери қызметшілерге ОАӨ мемлекеттері жеке тұлғалардың өндірістік және коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды жеткізу туралы ережелеріне сәйкес ОАӨ мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында әкелуге және әкетуге тыйым салынған және шектелген тауарлардан басқа жеке заттар мен валюталық құндылықтарды әкелу құқығын береді.
ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшылығы мен ұлттық контингенттерінің құрамына кіретін адамдардың құқықтық жағдайы 2000 жылғы 11 қазандағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы келісімнің 14 және 15-баптарына сәйкес айқындалады.
11-бап
ОАӨ ЖӨҰК басшылығы үшін қызметтік өзара байланысты басқару органдарының, басқару пункттерінің (оның ішінде, ОАӨ мемлекеттері бөлген стационарлық және көшпелі), сондай-ақ арнайы жүйелерінің жиынтығын білдіретін басқару жүйесі құрылады.
ОАӨ ЖӨҰК басқару органдарына мыналар жатады: Қолбасшылық, ОАӨ ЖӨҰК Штабы және ОАӨ ЖӨҰК құрамына кіретін құрамаларды, әскери бөлімдер мен бөлімшелерді басқару органдары.
ОАӨ ЖӨҰК басқару жүйесінің барлық элементтері Қорғаныс министрлері кеңесі бекіткен жоспарларға сәйкес алдын ала құрылады, жинақталады, қажетті құралдармен және жабдықтармен жабдықталады.
Күнделікті қызметте басқару жүйесінің басқа элементтері ОАӨ мемлекеттері қарулы күштерінің бас штабтарымен (бас, Штабтар бастықтары комитетімен) және Біріккен штабпен қажетті қызметтік байланыспен, сондай-ақ басқару жүйесінің өзін уақытында өрістетумен оларды қамтамасыз ететін қысқартылған құрамда қызмет етеді.
ОАӨ ЖӨҰК мүддесіндегі бұйрықтарды (өкімдерді, сигналдарды, пәрмендерді) жеткізу үшін ОАӨ мемлекеттері қарулы күштерін басқарудың қолданыстағы жүйелері пайдаланылады.
ОАӨ ЖӨҰК-де құжаттарды ресімдеудің және басқарудың жұмыс тілі орыс тілі болып табылады.
Біріккен штаб ОАӨ мемлекеттері қарулы күштері бас штабтарымен (бас, Штабтар бастықтары комитетімен) өзара іс-қимылда мыналарды ұйымдастырады:
жауынгерлік басқару құжаттарын әзірлеуді, оларды сақтау мен жұмыс істеу тәртібін айқындауды;
жедел кезекшілердің арнайы міндеттерді орындауға дайындық қызметін қолдау жөніндегі іс-шараларын;
жауынгерлік басқару бұйрықтарын (сигналдарды, өкімдерді) уақытылы және сенімді түрде қабылдауды;
жауынгерлік басқару бұйрықтарын (сигналдарын) қабылдауға дайындықтағы ОАӨ ЖӨҰК командалық пункттерді орналастыру және қолдау;
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістету мен қолдануға шешім қабылдауымен байланысты олар басқару жүйесінің барлық элементтері толық штатқа дейін іріктеледі және белгіленген аудандарда өрістетіледі, олардың міндеттерді орындауға әзірлігін қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралар өткізіледі.
12-бап
Аумағында ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттері ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістету өткізілетін қабылдаушы Тараптың мемлекеттік шекарасын қиып өтуі туралы баяндаудан кейін ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысының тікелей бағасына өтеді және оның тікелей бағынысынан ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысының операцияны аяқтау туралы бұйрығын алғаннан кейін шығады.
Аумағында ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістету өткізілетін ОАӨ мемлекеттерінің ЖӨҰК ұлттық контингенттері ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысының тікелей бағынысына ОАӨ ЖӨҰК-ні жедел өрістетуге және қолдануға шешімінде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімінде айқындалған күннен бастап өтеді және оның бағынысынан операцияны аяқтау туралы ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысының бұйрығын алысымен шығады.
13-бап
ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістетуін жан-жақты қамтамасыз етуді жоспарлауды ОАӨ мемлекеттерінің қорғаныс министрліктерімен бірлесіп Біріккен штаб ұйымдастырады.
14-бап
ОАӨ мемлекеттерінің аумақтарындағы белгіленген жедел өрістету аудандарында ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістету жоспарына сәйкес ОАӨ мемлекеттері алдын ала ОАӨ ЖӨҰК бүкіл құрамына есептей отырып ұлттық ресурстардың есебінен материалдық құралдардың қорын құрады.
ОАӨ ЖӨҰК қолдану кезіндегі жан-жақты қамтамасыз етудің барлық түрлерін жоспарлау мен ұйымдастыруды ОАӨ мемлекеттерінің әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылда ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшылығы жүзеге асырады.
ЖӨҰК ұлттық құрамаларын (контингенттерін) қамтамасыз ету Ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңірі Ұйымына мүше мемлекеттері ұлттық ресурстарының есебінен жүзеге асырылады және жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы жинақтаудың келісілген деңгейін қолдауды, қорларды толықтыру мен жауынгерлік қабілеттілігін, тылдық және техникалық қамтамасыз етуді қамтиды.
15-бап
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерін қажетті материалдық құралдармен тылдық және техникалық қамтамасыз ету қиындатылған ерекше жағдайларда қорды толықтыру, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу қабылдаушы Тараптың ресурстық мүмкіндіктерін пайдаланумен, сондай-ақ бірлескен жалпы әскери, терроризмге қарсы, арнайы операциялар мен жауынгерлік іс-қимылдарды өткізу аудандарында болатын жіберуші Тараптың материалдық құралдарының есебінен жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте жұмсалған материалдық құралдарды толықтыру мен олар үшін кейіннен өзара есептесуді ОАӨ мемлекеттерінің арасындағы қолданыстағы келісімдер немесе қосымша жасалған келісімдердің негізінде тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар (ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері) жүргізеді.
16-бап
ОАӨ ЖӨҰК жедел өрістету және бірлескен жалпы әскери, терроризмге қарсы, арнайы операциялар мен жауынгерлік іс-қимылдарды өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді қабылдаушы Тараптың медициналық органдарымен (мекемелерімен) өзара іс-қимылда ОАӨ ЖӨҰК күштері мен құралдары жүзеге асырады.
Бұл ретте білікті медициналық көмек қабылдаушы Тараптың барлық медициналық мекемелерінде зертханалық және құрал-саймандық зерттеуді өткізуді қоса алғанда өтеусіз негізде көрсетіледі.
Барлық жараланғандар және науқастар медициналық бөлімдер мен мекемелерге ОАӨ мемлекеттерінің ұлттық қарулы күштеріне жататындығына қарамастан қабылданады.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жергілікті денсаулықты сақтау органдарымен өзара іс-қимылда және қабылдаушы Тараптың заңнамасына сәйкес ОАӨ ЖӨҰК Қолбасшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
17-бап
ОАӨ ЖӨҰК ұлттық контингенттерін қаржыландыруды ОАӨ мемлекеттері жүзеге асырады.
18-бап
Осы Келісімге ОАӨ мемлекеттерінің бастамасы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген хаттамалармен рәсімделеді және осы Келісімнің 20-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
19-бап
Осы Келісімнің баптарын қолданумен немесе түсіндірумен байланысты даулы мәселелерді Тараптар консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
20-бап
Осы Келісім депозитарийдің оған қол қойған ОАӨ мемлекеттерінің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарлама алған күнінен бастап күшіне енеді.
Қажетті мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарийге тиісті жазбаша хабарлама тапсырған күннен бастап күшіне енеді.
21-бап
Осы Келісім 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартының қолданылу мерзіміне жасалады.
Кез келген Тарап көзделген шығу күніне дейін 6 айдан кешіктірмей депозитарийге өзінің ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Келісімнен шығуы мүмкін.
Тарап осы Келісімнен шыққан сәтіне дейін туындаған талаптар міндетті реттелуге жатады.
2006 жылғы 23 маусымда Минск қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жіберетін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты Ұйымының Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін