Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтеуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 668 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.15. N 145 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992-1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісім

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі,
      1992-1993 жылдардағы борыштық міндеттемелер мен талаптарды (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) реттеу қажеттігіне сүйене отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның бірінші мәжілісінің 1999 жылғы 22 қазандағы хаттамасына сәйкес төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      1. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабының алдындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті мойындайды.
      2. Тараптар Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы берешек сомасын 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшерінде белгіледі.
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 427 Қаулысымен.

2-бап

      1. Әзірбайжан Тарабы 2009 жылғы 1 қаңтар - 2010 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі берешек сомасын өтейді.
      2. Берешек сомасын өтеуге төлемдер осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес берешек сомасының 1/4 мөлшерінде тең жарты жылдық үлестермен жүргізіледі.
      3. Берешек сомасын өтеуге төлемдерді жүргізу күндері тиісті жылдың 15 (он бесінші) сәуірі және 15 (он бесінші) қазаны болып белгіленді.
      Әзірбайжан Тарабы берешек сомасын өтеуге бірінші төлемді 2009 жылғы 15 сәуірде жүргізуге міндеттенеді.
      4. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабымен келісім бойынша берешек сомасын мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
       Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 427 Қаулысымен.

3-бап

      1. Осы Келісімнің 2-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзімде жүргізілмеген төлем, мерзімі өткен төлем болып есептеледі.
      2. Мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен әр күнге жылына 360 күн есебінен жылына 4 (төрт) пайыз тіркелген ставка бойынша айыппұл пайыздары есептеледі.
      3. Айыппұл пайыздарын есептеу бойынша жалпы мерзімді есептеу берешек бойынша төлем жүргізілген күннен кейінгі күннен басталады және берешекті іс жүзінде өтеген күні аяқталады.

4-бап

      1. Берешекті өтеуге төлемдерді, айыппұл пайыздарын есептеуді және төлеуді әзірбайжан Тарабы АҚШ долларымен осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес қазақстан Тарабының шотына жүргізеді.
      2. Төлемді орындау күні осы Келісімнің 4-бабының 1-тармағына сәйкес соманың шотқа түскен күні болып есептеледі.
      3. Егер осы Келісім бойынша сол немесе өзге төлем мерзімі бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында жұмыс күні болып табылмайтын күнмен сәйкес келген жағдайда, мұндай төлем келесі жұмыс күні жүргізіледі.

5-бап

      Осы Келісімнің ережелері Тараптардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

6-бап

      1. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешетін болады.
      2. Егер дауды осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен реттеуге қол жеткізе алмайтын жағдайда, Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) төрелік ережелеріне сәйкес құрылатын "ad hos" Төрелік сотына жүгіне алады.

7-бап

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

8-бап

      1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2. Осы Келісім Тараптар өз міндеттемелерін осы Келісім бойынша толық орындаған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 427 Қаулысымен.

      200__жылы "__" ____________ ____________ қаласында әрқайсысы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде түпнұсқалық екі данада жасалды әрі барлық мәтіннің де күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасының    Әзірбайжан Республикасының
           Үкіметі үшін                  Үкіметі үшін

                            Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
                               Әзірбайжан Республикасының Үкіметі
                               арасындағы 1992-1993 жылдардағы
                               сауда-экономикалық қатынастардың
                          нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
                                   шоттар бойынша есеп айырысуға
                                     өтуге дейін және одан кейін)
                                  берешекті өтеу туралы келісімге
                                             1-қосымша

       Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.30. N 427 Қаулысымен.

      Берешек сомасы               16900000
      Өтеудің басталуы             2009 жылғы 15 сәуір
      Өтеудің соңғы күні           2010 жылғы 15 қазан
      Төлемдер саны, барлығы       4

                                               АҚШ долларымен

Күні

Борыш сомасы

Борышты өтеу

2009 жылғы 15 сәуір

16900000

4225000

2009 жылғы 15 қазан

12675000

4225000

2010 жылғы 15 сәуір

8450000

4225000

2010 жылғы 15 қазан

4225000

4225000

ЖИЫНЫ


16900000

                           Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
                             Әзірбайжан Республикасының Үкіметі  
                               арасындағы 1992-1993 жылдардағы
                              сауда-экономикалық қатынастардың
                         нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік
                                 шоттар бойынша есеп айырысуға
                                  өтуге дейін және одан кейін)
                                берешекті өтеу туралы келісімге
                                            2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ағымдағы шоттарына шетелдік валютадағы ақшаны аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері:

      Банктің атауы: National Bank of Republic Kazakhstan
      коды: NBRKKZKX
      Шот нөмірі: USD 001073140

                            Делдал банктер

Валюта

SWIFT коды

Корреспондент банктің
атауы

Шот нөмірі

USD 500,000.00 астам

FRNYUS33

Federal Reserve Bank of New York, NY

021087219

USD 500,000.00 кем

BKTRUS33

Deutsche Bank Trust Company Americas New York, NY

04098631

О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о погашении задолженности, образовавшейся в результате торгово-экономических отношений за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по корреспондентским счетам)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2007 года N 668

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о погашении задолженности, образовавшейся в результате торгово-экономических отношений за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по корреспондентским счетам).

      2. Уполномочить Министра финансов Республики Казахстан Жамишева Болата Бидахметовича подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Азербайджанской Республики о погашении задолженности, образовавшейся в результате торгово-экономических отношений за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по корреспондентским счетам), разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 февраля 2008 года N 145 .

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Проект 

СОГЛАШЕНИЕ
между Правительством Республики Казахстан и Правительством
Азербайджанской Республики о погашении задолженности,
образовавшейся в результате торгово-экономических отношений
за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по
корреспондентским счетам)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Азербайджанской Республики, далее именуемые Сторонами,
      исходя из необходимости урегулирования долговых обязательств и требований за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по корреспондентским счетам)
      в соответствии с протоколом первого заседания межправительственной комиссии между Республикой Казахстан и Азербайджанской Республикой от 22 октября 1999 года,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      1. Азербайджанская Сторона признает задолженность перед казахстанской Стороной, образовавшуюся в результате торгово-экономических отношений за 1992-1993 годы (до и после перехода на расчеты по корреспондентским счетам).
      2. Стороны определили сумму задолженности Азербайджанской Республики перед Правительством Республики Казахстан в размере 16900000 (шестнадцать миллионов девятьсот тысяч) долларов США.
       Сноска. Статья 1 в редакции постановления Правительства РК от 30.03.2009 N 427 .

Статья 2

      1. Азербайджанская Сторона погашает сумму задолженности в размере 16900000 (шестнадцать миллионов девятьсот тысяч) долларов США в период с 1 января 2009 года по 31 декабря 2010 года.
      2. Платежи в погашение суммы задолженности производятся равными полугодовыми долями в размере 1/4 суммы задолженности в соответствии с приложением 1 к настоящему Соглашению.
      3. Датами проведения платежей в погашение суммы задолженности определяются 15 (пятнадцатое) апреля и 15 (пятнадцатое) октября соответствующего года.
      Азербайджанская Сторона обязуется произвести первый платеж в погашение суммы задолженности 15 апреля 2009 года.
      4. Азербайджанская Сторона вправе досрочно погасить сумму задолженности по согласованию с казахстанской Стороной.
       Сноска. Статья 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.03.2009 N 427 .

Статья 3

      1. Платеж, не произведенный в срок, указанный в пункте 3 статьи 2 настоящего Соглашения, считается просроченным платежом.
      2. На сумму просроченных платежей начисляются штрафные проценты за каждый день просрочки платежей по фиксированной ставке 4 (четыре) процента годовых из расчета 360 дней в году.
      3. Отчет общего срока по начислению штрафных процентов начинается с даты, следующей за датой проведения платежей по задолженности и заканчивается датой фактического погашения задолженности.

Статья 4

      1. Платежи в погашение задолженности, начисление и оплата штрафных процентов производятся азербайджанской Стороной в долларах США на счет казахстанской Стороны согласно приложению 2 к настоящему Соглашению.
      2. Датой выполнения платежа считается дата поступления суммы на счет в соответствии с пунктом 1 статьи 4 настоящего Соглашения.
      3. В случае, если тот или иной платеж по данному Соглашению по срокам совпадает с днем, который не является рабочим днем на территориях государств Сторон, такой платеж производится в последующий рабочий день.

Статья 5

      Положения настоящего Соглашения не затрагивают прав и обязательств Сторон, вытекающих из других международных договоров, участниками которых являются их государства.

Статья 6

      1. В случае возникновения споров и разногласий при толковании или применении положений настоящего Соглашения, Стороны будут разрешать их путем переговоров.
      2. В случае, если урегулирование спора не может быть достигнуто в порядке, предусмотренном пунктом 1 настоящей статьи, Стороны могут обратиться в Арбитражный суд "ad hoc", учреждаемый согласно арбитражным правилам Комиссии Организации Объединенных Наций по праву международной торговли (ЮНСИТРАЛ).

Статья 7

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами и являются неотъемлемыми частями настоящего Соглашения.

Статья 8

      1. Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для вступления его в силу.
      2. Настоящее Соглашение прекращает свое действие с даты полного выполнения Сторонами своих обязательств по настоящему Соглашению.
       Сноска. Статья 8 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.03.2009 N 427 .

      Совершено в городе _______ "__" ______ 200_ года в двух подлинных экземплярах каждый на казахском, азербайджанском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.
      В случае разногласий при толковании положений настоящего Соглашения, Стороны будут обращаться к тексту на русском языке.

      За Правительство                        За Правительство
    Республики Казахстан                  Азербайджанской Республики

Приложение 1         
к Соглашению между Правительством
Республики Казахстан и   
Правительством Азербайджанской
Республики о погашении   
задолженности, образовавшейся в
результате торгово-экономических
отношений за 1992-1993 годы  
(до и после перехода на расчеты
по корреспондентским счетам)

       Сноска. Приложение 1 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 30.03.2009 N 427 .

Сумма задолженности                  16900000
Начало погашения                     15 апреля 2009 года
Последняя дата погашения             15 октября 2010 года
Количество платежей всего            4

                                               в долларах США

Дата

Сумма долга

Погашение долга

15 апреля 2009 г.

16900000

4225000

15 октября 2009 г.

12675000

4225000

15 апреля 2010 г.

8450000

4225000

15 октября 2010 г.

4225000

4225000

ИТОГО


16900000

Приложение 2         
к Соглашению между Правительством
Республики Казахстан и   
Правительством Азербайджанской
Республики о погашении   
задолженности, образовавшейся в
результате торгово-экономических
отношений за 1992-1993 годы  
(до и после перехода на расчеты
по корреспондентским счетам)

      Реквизиты Национального Банка Республики Казахстан для зачисления денег в иностранной валюте на текущие счета Комитета казначейства Министерства финансов Республики Казахстан:

Наименование Банка: National Bank of Republic of Kazakhstan
SWIFT код: NBRKKZKX
Номер счета: USD 001073140

                         Банки посредники

Валюта

SWIFT код

Наименование
банка-корреспондента

Номер счета

Свыше USD
500,000.00

FRNYUS33

Federal Reserve Bank
of New York, NY

021087219

Менее USD
500,000.00

BKTRUS33

Deutsche Bank Trust
Company Americas
New York, NY

04098631