Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 668 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 427 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 668 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімде:
      1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Әзірбайжан Тарабы қазақстан Тарабының алдындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті мойындайды.
      2. Тараптар Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы берешек сомасын 16900000 (он алты миллион тоғыз жүз мың) АҚШ доллары мөлшерінде белгіледі.";
      2-бапта:
      1 және 3-тармақтардағы "2008" және "2009" деген цифрлар тиісінше "2009" және "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      8-баптың 1-тармағындағы "туралы" деген сөзден кейін "дипломатиялық арналар арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы 1992 - 1993 жылдардағы сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесінде пайда болған (корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуға өтуге дейін және одан кейін) берешекті өтеу туралы келісімге 1-қосымшада "2008" және "2009" деген цифрлар тиісінше "2009" және "2010" деген цифрлармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады