Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және
пайдалану жөніндегі концессиялық келісімнің шеңберінде мемлекеттің
кепілдігін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 875 қаулысына мынадай өзгерістер мен
толықтыру енгізілсін:
2-тармақтағы "Объектіні салу кезеңіне" деген сөздер
"Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен мақұлданған кепілдік шартында:
"Шарттың мәні" деген 2-тарауда:
1-тармақтағы "Объектіні салу кезеңіне" деген сөздер
"Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық
облигациялардың айналымы кезеңінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "30 (отыз) күнтізбелік күннен" деген сөздер
"60 (алпыс) күнтізбелік күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тараудың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "өтеу күніне"
деген сөздерден кейін "немесе сыйақы төлеу күніне" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі