"Шap станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу және пайдалану жөнiндегі концессиялық келiсiмнiң шеңберiнде мемлекеттің кепiлдігін беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 тамыздағы N 875 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берілiп отырған "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн (бұдан әрi - Объект) салу және пайдалану жөнiндегi концессиялық келiсiмнің шеңберiнде Кепілдiк шартының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан мемлекетке берiлетін объектінiң құнына сәйкес келетiн және 21427000000 (жиырма бiр миллиард төрт жүз жиырма жетi миллион) теңгеден және Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде орналастырылған облигацияларға есептелген сыйақыдан (мүддеден) аспайтын сомада Кепiлдiк шартын жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 698 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба  

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 25 тамыздағы
N 875 қаулысымен   
мақұлданған      

Кепiлдiк шарты

Астана қаласы                              2005 жылғы "__" _____

      Бұдан әрi "Кепілгер" деп аталатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бұдан әрi "Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi" деп аталатын "АСҚ Банкi" акционерлік қоғамы, бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар,
      мыналарды назарға ала отырып:
      1) "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 21  қаулысын ;
      2) "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу және пайдалану жөнінде концессиялық келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 668  қаулысын ;
      3) "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салу жобасын iске асыру" жөнiндегi концессиялық келiсiмнiң шеңберiнде мемлекеттің кепілдiгін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің _________ __________ N __ қаулысын,
      "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiнiң құрылысын қаржыландыру үшiн Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80, индексi 050010 мекен-жайында орналасқан "Досжан темiр жолы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Эмитент) шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың пайдасына осы Кепілдiк шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

  1. Түсiнiктер мен терминдер

      1. Осы кепiлдiкте бас әрiппен көрсетілген, бiрақ осы кепілдiкте өзгеше анықталмаған терминдердiң Концессиялық келiсiмде белгiлi бір мәнi бар.
      2. Қарыз берушi - Жобаны қаржыландыру үшiн Эмитент шығарған инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алған тұлға.
      "Қарыз берушi" терминi олардың құқығына сәйкес кез келген кейiнгi құқықтық мирасқорлар мен цессионарийлердi қамтиды.
      3. Жоба - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгі мен Эмитент арасында жасалған концессиялық келiсiмнiң шеңберiнде "Шар - Өскемен" жаңа темiр жол желiсiн салудың жобасы.
      4. Облигациялық қарыз - Жобаны қаржыландыру үшiн инфрақұрылымдық облигацияларды шығару жолымен Эмитент тартатын қарыз.

  2. Шарттың мәнi

      1. Кепілгер мемлекетке берілетiн объектiнiң тиiсті құнына сәйкес келетiн және 21427000000 (жиырма бiр миллиард төрт жүз жиырма жетi миллион) теңгеден және Концессия объектісін салу кезеңінде шығарылғын инфрақұрылымдық облигациялардың айналымы кезеңінде орналастырылған облигацияларға есептелген сыйақыдан (мүддеден) аспайтын сомада Эмитенттiң міндеттемелерін орындау үшiн субсидиялық жауаптылықта болады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 698 Қаулысымен.
      2. Кепілгердiң орналасқан жерi бойынша өтеу күнi басталғаннан кейiн (эмиссия проспектiсiнде анықталғандай) 60 (алпыс) күнтізбелік күннен кейiн басталатын күнге дейiн кез келген уақытта Кепілгерге талаптар берiлуi мүмкiн. Қолданылуы өткен күнге дейiн талаптар ұсынылған кезiнде осы кепілдiк Кепiлгер талаптарды толық төлегенге дейiн күшiнде (оның iшiнде, қолданылу мерзiмi өткен күннен кейiн де) қалады. Егер Кепілгерге ешқандай талап берiлмесе, қолданылу мерзiмi өткен күннен кейiн кепілдiктiң қолданылуы өтiп кетеді.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 698 Қаулысымен.

  3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Кепілгердiң мiндеттемелердi орындағаннан кейiн Кепiлгердiң Облигацияларды ұстаушылардың өкілiнен Эмитентке талапты куәландыратын құжаттарды алуға құқығы бар.
      2. Кепілгер:
      1) Облигацияларды ұстаушылар өкiлiнiң талабы бойынша Облигациялық қарыздың шарттары бойынша Эмитент төлемеген, мемлекетке берілетiн объектiнiң құнына сәйкес келетiн және осы Шарттың 2-тарауының 1-тармағында көзделген кепілгерлiк сомадан аспайтын соманы Қарыз берушілерге төлеуге. Бұл ретте, Кепілгер осы Кепiлгерлiк бойынша талаптар төленбеген сомаға бiр немесе одан да көп рет ұсынылатынын таниды;
      2) кепiлгерлiк сомасынан аспайтын соманың шегiнде Облигацияларды ұстаушылар өкiлiнiң талаптарын алғаннан кейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн ішінде. Облигациялық қарыздың шарттары бойынша Эмитент төлемеген соманы төлеуге міндетті.
      3. Облигацияларды ұстаушылар өкiлiнiң:
      1) Кепiлгерден Шарт бойынша мiндеттемелердің орындалуын талап етуге;
      2) егер Эмитент эмиссия проспектісiнде белгiленген өтеу күніне немесе сыйақы төлеу күніне мiндеттеменi қанағаттандырудан бас тартса немесе толығымен орындамаса немесе Облигацияларды ұстаушылардың өкілi парасатты мерзiмде ұсынылған талапқа одан жауап алмаса, орындалмаған бөлiкте Кепiлгерге талап қоюға құқығы бар.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.17.  N 698 Қаулысымен.
      4. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi:
      1) Кепілгерге талаптарды ұсынғанға дейiн Эмитенттің талаптарды ұсынуға;
      2) Кепiлгерге талаптарды ұсынғанға дейін Эмитенттің талаптарды қанағаттандыруына парасатты шаралар қабылдауға;
      3) Кепілгердің мiндеттемелердi орындауы бойынша Кепілгерге Эмитентке талапты куәландыратын құжаттарды тапсыруға мiндетті.

  4. Шарттың қолданылу мерзiмi

      Шарт заңнамада белгіленген тәртiппен тiркелген сәттен бастап күшiне енедi және Облигациялық қарыз бойынша және Шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындағанға дейін қолданыста болады.

  5. Өзге де шарттар

      1. Шарт бойынша барлық талаптар, хабарлар мен хабарламалар жазбаша нысанда жасалады және осы күндердiң қайсысының кешiрек түсуіне байланысты жеткiзу күнi немесе көрсетiлген күні (егер осы күн хабарламада көрсетiлсе) алынған болып есептеледi.
      2. Шартты орындаудан бiр жақты бас тартуға, Шартты бiр жақты өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берiлмейдi.
      3. Тараптар қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт бойынша барлық мiндеттемелер олардың құқықтық мирасқорларына ауысады.
      4. Шарттан туындаған Тараптар арасындағы немесе онымен байланысты барлық даулар мен келiспеушілiктер Тараптардың келiссөздерi жолымен шешiледi. Келiсуге қол жетпеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiмен шешіледi.
      5. Шарт бiрдей заң күшi бар мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде екі данада, әрбiр Тарап үшін бiр-бiр данадан жасалды.

  6. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен
банктiк деректемелерi

      Кепілгер:                        Облигацияларды ұстаушылардың
                                       өкілі:

      Қазақстан Республикасы Қаржы     "АСҚ Банкi" АҚ
      министрлiгi атынан Қазақстан     Алматы қаласы,
      Республикасының Үкiметi          Фурманов көшесi, 100,
      010000, Астана қаласы            индексi 050000
      Жеңiс даңғылы, 11                СТН 600900079718,
      Министрлiктер үйi                ҚР ҰБ УПС-дегi кор.шот
                                       N 800161226
      БСК 195301070                    БСК 190201125
      CTH 032200000017

      ____________________________     _________________________
      Қазақстан Республикасының        "АСҚ Банкi" АҚ
      Қаржы министрі                   Басқармасының төрағасы
      А. Дунаев                        T. Исатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады