Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы N 747 Қаулысы

      Кеден органдары қызметін одан әрі реттеу және тиімділігін
арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ :

      1. Мынадай мемлекеттік мекемелер:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қалжат" кеденін, "Қорғас" кеденін қосу жолымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қордай" кеденін қосу жолымен;
      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Бақты" кеденін, "Майқапшағай" кеденін, "Семей" кеденін қосу жолымен;
      4) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Ұлытау" кеденін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 43, 541-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      19, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар алынып тасталсын;
      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  204-қосымшада :
      7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде" "Жамбыл облысы "Қордай" кеденінің "Ауқатты", Жамбыл облысы "Қордай кеденінің "Сортөбе" деген сөздер "Жамбыл облысы "Ауқатты", Жамбыл облысы "Сортөбе" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  

О реорганизации некоторых государственных учреждений Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2007 года N 747

      В целях дальнейшего упорядочения и повышения эффективности деятельности таможенных органов Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Реорганизовать государственные учреждения:
      1) "Департамент таможенного контроля по Алматинской области Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему таможни "Калжат", таможни "Коргас" Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан";
      2) "Департамент таможенного контроля по Жамбылской области Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему таможни "Кордай" Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан";
      3) "Департамент таможенного контроля по Восточно-Казахстанской области Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему таможни "Бахты", таможни "Майкапчагай", таможни "Семей" Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан";
      4) "Департамент таможенного контроля по Карагандинской области Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" путем присоединения к нему таможни "Улытау" Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан".

      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 29 октября 2004 года N 1133 "Вопросы Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., N 43, ст. 541):
      в  Перечне  государственных учреждений - территориальных органов Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      пункты 19, 22, 23, 24, 25, 26 и 27 исключить;

      2) в  постановлении  Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2006 года N 1220 "Об утверждении паспортов республиканских бюджетных программ на 2007 год":
      в  приложении 204  к указанному постановлению:
      в "Прямом результате" пункта 7 слова "Аухатты" таможни "Кордай" Жамбылской области, "Сортобе" таможни "Кордай" Жамбылской области" заменить словами "Аухатты" Жамбылской области, "Сортобе" Жамбылской области".

      3. Министерству финансов Республики Казахстан принять все необходимые меры по реализации настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан