Кеден органдары қызметін одан әрі реттеу және тиімділігін
арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ
:
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қалжат" кеденін, "Қорғас" кеденін қосу жолымен;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қордай" кеденін қосу жолымен;
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Бақты" кеденін, "Майқапшағай" кеденін, "Семей" кеденін қосу жолымен;
4) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Ұлытау" кеденін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 43, 541-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
19, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар алынып тасталсын;
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220
қаулысында
:
көрсетілген қаулыға
204-қосымшада
:
7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде" "Жамбыл облысы "Қордай" кеденінің "Ауқатты", Жамбыл облысы "Қордай кеденінің "Сортөбе" деген сөздер "Жамбыл облысы "Ауқатты", Жамбыл облысы "Сортөбе" деген сөздермен ауыстырылсын.