"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығында қосымша қызметтік алаңдарды сатып алуға 5686452000 (бес миллиард алты жүз сексен алты миллион төрт жүз елу екі мың) теңге бөлінсін.