Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.22. N 1113 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Орталық) директорлар кеңесінің құрамын;
2) Аяна Тоқтағанқызы Манасованы Орталықтың басқарма төрағасы етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 қыркүйектегі
N 801 қаулысына
қосымша
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы
директорлар кеңесінің құрамы
Ертілесова - Қазақстан Республикасы
Жаннат Жұрғалиқызы Премьер-Министрінің
штаттан тыс кеңесшісі, төраға
Сәйденов - Қазақстан Республикасы
Әнуар Ғалимоллаұлы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсәметұлы Экономика және жоспарлау
вице-министрі
Орынбаев - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің
Басшысы
Есентүгелов - тәуелсіз директор
Арыстан Есентүгелұлы
Аханов - тәуелсіз директор
Серік Ахметжанұлы