Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге
аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы
Кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; 2007 жылғы 3 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 2 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 5 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 5 тамызда "Егемен Қазақстан" және 2007 жылғы 3 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден және салық рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 10 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 11 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 2007 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 183-баптың екінші абзацында "елуден" деген сөз "сексеннен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес
аудиторлық есепті жасауы:
1. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы, -
біліктілік куәлігінің әрекет етуін тоқтата отырып, аудиторларға айлық есептік көрсеткіштің жетпістен сексенге дейінгі мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның әрекет етуін тоқтата отырып, не онсыз аудиторлық ұйымға - айлық есептік көрсеткіштің жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы, -
біліктілік куәлігінің әрекет етуін тоқтата отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүз он мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның әрекет етуін тоқтата отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы баптың бірінші және екінші бөлімдерінде көзделген іс-әрекеттер, -
аудиторларға біліктілік куәлігінен айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүз отыздан жүз елуге дейінгі мөлшерінде, аудиторлық ұйымдарға - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүз отыздан екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) 184-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудиторларға кандидаттың аттестаттауға жіберу үшін дұрыс емес мәліметтер беруі, -
"аудитор" біліктілік куәлігінен айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің жетпіс мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудитті аудиторлық қызмет туралы заңда тыйым салынған жағдайларда жүргізу, -
аудиторлық ұйымдарға лицензиясының әрекет етуін тоқтата отырып, айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аудиторлық ұйымның уәкілетті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларда аудитті жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын анықталған бұзушылықтар туралы хабарламауы, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Өздері үшін аудит жүргізу міндетті қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы заңнамасын бұзушылық туралы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу, -
аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға бір реттен артық уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес мәліметтерді дабыс етуі, -
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 541-баптың бірінші бөлігінде "184" деген саннан кейін "184-1 (екінші, төртінші, бесінші бөлімдер)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 571-бап "184-1" деген саннан кейін "(бірінші, үшінші, алтыншы бөлімдер)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасында "184-1" деген саннан кейін "(бірінші, үшінші, алтыншы бөлімдер)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 636-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасында:
жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (158 (осы бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаса), 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаса), 177, 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 179, 179-1, 183, 184, 184-1 (екінші, төртінші бөліктер), 356-баптар);";
жиырма төртінші абзацта "184-1" деген саннан кейін "(үшінші бөлім)" деген сөздер "(бесінші бөлім)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 22, 309-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 5-құжат; N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 23-24, 193-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 86-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 23, 138-құжат; 2005 ж., N 14, 58-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; 2007 ж., N 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
1) тармақшада "аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзі реттейтін бірлестігі болып табылатын" деген сөздер "аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) дұрыс емес аудиторлық есеп - аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді және аудит стандарттарында көзделген ақпаратты қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;";
12) және 13) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті (бұдан әрі - уәкілетті орган) - аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
2) 3-бапта:
2-тармақтың 12)тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақта "өз қызметінің бейініне жатпайтын" деген сөздер алып тасталсын;
3) 4-бапта:
жетінші абзацта "ұйымдардың стандарттарын және" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың сегізінші абзацы алып тасталсын;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3) аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді.";
5) 7-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармағымен толықтырылсын:
"1-1) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша біліктілік талаптарын бекітеді;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;";
13) тармақшада "кәсіби" деген сөзден кейін "және аудиторлық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15), 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
15) осы заңда белгіленген тәртіппен аудиторлық ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асырады;
16) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың тізілімдері нысандарын бекітеді;
17) Әдеп кодексін бекітеді;
18) басқа мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.";
6) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1 бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы
заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу тәртібі
1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын сақтауы уәкілетті орган жүргізетін тексерудің нысанасы болып табылады.
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру, жоспардан тыс және қарсы болуы мүмкін.
1) жоспардан тыс тексеру - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының бұзылуы туралы түскен ақпаратты растау немесе теріске шығару үшін жүргізілетін тексеру;
2) қарсы тексеру - тексеруді жүргізу кезінде уәкілеттігі органда көрсетілген тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алуға қажеттілік туындаған кезде үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
3. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзу туралы материалдардың негізінде уәкілетті органның жеке бастамасы жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болады.
4. Тексеру жүргізу үшін уәкілетті орган уәкілетті органның басшысы қол қойған, мөрмен куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқаманы қабылдайды, сондай-ақ тексеру жүргізу бағдарламасын бекітеді.
Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі данада жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органға табыс етіледі. Тіркеу туралы белгісі бар бір данасы істің материалдарына тіркеледі.
Нұсқаманың құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі бар көшірмесі, сондай-ақ тексеру бағдарламасы тексеру жүргізілетін күні аудиторлық ұйымның басшысына тапсырылады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркелгені туралы белгісі жоқ тексерілетін аудиторлық ұйымға тапсырылатын тексеру жүргізілгені туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады.
Тексеру тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның лауазымды тұлғасы (тұлғалары) ғана тексеру жүргізе алады.
5. Нұсқама мен бағдарлама мыналарды:
тексеру жүргізудің мерзімдерін;
тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын, оларды іске асырудың рәсімін;
тексеру барысында анықталуға тиісті мәселелердің тізбесі мен мән-жайлардың ауқымын;
тексеру жүргізу кестесін;
аудиторлық ұйымның қызметіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтуға тиіс.
6. Тексеру жүргізудің мерзімі алда тұрған жұмыстардың ауқымы мен қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол тексеру жүргізу туралы нұсқаманы құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептілікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті органда тіркеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Егер жұмыстардың айтарлықтай көлеміне байланысты тексеру осы заңда белгіленген мерзімде аяқталмайтын жағдайда, уәкілетті органның басшысы (не оның міндетін атқаратын тұлға) уәкілетті органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы уәкілетті органның басшысына жасалған жұмыстың нәтижелері жазылған қызметтік жазбаны және тексеруді ұзарту қажеттігі туралы негіздемені зерделегеннен кейін тексеру жүргізу мерзімі, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган міндетті түрде өз құзыретінің шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді белгілеу туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Өз құзыретінің шегінде құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарлай отырып, тексеруі жүргізу мерзімінің өтуі құжаттарды тапсыру туралы уәкілетті орган талаптарын аудиторлық ұйымға беру және аудиторлық тексеру жүргізу кезінде сұралатын құжаттарды аудиторлық ұйым табыс ету сәттері аралығындағы уақыт кезеңдеріне, сондай-ақ уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтер мен құжаттарды алу сәтіне тексеру жүргізу мерзімін тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы актіні шығару жолымен тексеру мерзімін уәкілетті орган тоқтата тұрады немесе қайта бастайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіні аудиторлық ұйымға тапсырған күн тексеру жүргізудің мерзімі аяқталған күн деп есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс.
7. Уәкілетті органның нұсқамада көрсетілген лауазымды тұлғалары тексеру жүргізген кезде:
1) аудиторлық ұйымның аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нысанына сәйкес аудиторлық ұйымның автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйесіне) қол жеткізуге;
3) аудиторлық ұйымның басшыларынан, лауазымды тұлғаларынан және басқа да қызметкерлерінен тексеруге қатысты қажетті ақпаратты, құжаттар мен олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер алуға құқығы бар.
Аудиторлық ұйымның басшысы және лауазымды тұлғалары тексеру жүргізуге жауапты уәкілетті органның лауазымды тұлғасының ауызша сауалы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда, оған тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі.
8. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тексеру барысында уәкілетті орган алған аудиторлық туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
9. Тексеру нәтижелері актімен рәсімделеді, ол барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс және екі данада жасалады, оның біреуі аудиторлық ұйымның басшысына тапсырылады.
Тексеру нәтижелері тексерілген деректер мен фактілердің негізінде актіге жазылады, олар тиісті құжаттармен расталады. Құжаттармен расталмаған тұжырымдарды, ұсыныстар мен деректерді актіге енгізуге жол берілмейді.
Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы бұзылмаған жағдайда актіге тиісті жазба жазылады.
Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда аудиторлық ұйымның басшысы оларды жазбаша түрде жазып көрсетеді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісінше белгі соғылады.
Аудиторлық ұйымның басшысы тексерудің нәтижелері туралы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы актіге тиісті жазбаны жазады. Тексеру жүргізу аяқталғаннан кейін уәкілетті органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды тұлғасы актінің екінші данасын аудиторлық ұйымның басшысына тапсырады.
Актіні аудиторлық ұйымның басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, акті тексерілетін субъектінің басшының атына почта арқылы тапсырылғандығы хабарланатын тапсырыс хатпен жіберіледі.
10. Тексеру жүргізу кезінде аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, аудиторлық ұйымдар уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
11. Уәкілетті органның лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізу кезіндегі заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";
7) 8-баптың 1 тармағында "аудиторлық қызмет" деген сөздер "өз
қызметін" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Шетелдік ұйым егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық болып саналады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым сондай-ақ егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса, аудиторлық болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аудиторлық ұйымның құрамында аудитор ретінде қызметін кемінде үш аудитор жүзеге асыруы тиіс";
5-тармақта "аудиторларға және (немесе) шетелдік" деген сөздер "аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға жетекшілік еткен аудитор лицензиясынан айыру туралы шешім шығарылған күннен бастап бір жыл бойы аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды";
9) 10-бапта:
4-тармақ:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіптік ұйымдардың құрылтайшылары аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшесі бола алады.";
екінші бөлікте "кәсіптік ұйымдардың" деген сөздер "кәсіптік ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
10) 11-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөнінде курстар өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге құқылы;";
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) Әдеп кодексін әзірлеуге қатысуға;
12) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және оны бекітуге;";
2-тармақта:
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарын, Әдеп этикасын сақтауын қамтамасыз етуге;";
6), 7) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
11) 12-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшада "он аудиторлық ұйым" деген сөздер "үш аудиторлық ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "соңғы үш жылда" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 13-бапта:
1-тармақта "немесе құқық салаларында" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта "Біліктілік комиссиясы" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 14, 15 және 16-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Біліктілік комиссиясы
1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметпен айналысуға ниет білдірген үміткерлерді аттестаттау мақсатында аудиторлық қызметті реттеу жөніндегі уәкілетті органның жанында Біліктілік комиссия құрылады.
2. Біліктілік комиссиясы кәсіби ұйымдардың жіберілген өкілдерінің және құзыретті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің тең санынан қалыптастырылады.
Біліктілік комиссиясының құрамына байқаушылар ретінде жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері де кіре алады.
3. Біліктілік комиссиясының құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Біліктілік комиссияның төрағасы кәсіби ұйымдардың өкілдерінен сайланады.
15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру
"Аудитор" біліктілік куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қою себептерін көрсете отырып лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтатып қоюға құқығы бар.
3. Лицензия Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана өзінің қолданылуын тоқтатады.
4. Лицензиядан айырған немесе оның қолданылуын тоқтатқан жағдайда аудиторлық ұйымдар лицензиядан айыру немесе оның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кем дегенде бір жыл өткеннен кейін қаралады.
6. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру туралы шешімге сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.";
14) 17-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Аудитордың және аудиторлық ұйымның аудит және өз қызметінің бейіні бойынша қызметтерді асыру барысында алынған мағлұматтар коммерциялық құпияға жатады.
Шартты коммерциялық құпияны сақтау бойынша орындамау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.";
15) 18-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "және (немесе) серіктестің" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі "және (немесе) серіктесі" деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
16) 18-1-баптың 1-тармағында "оны" деген сөзден кейін "қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 19-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "аудитті жүзеге асырушы" деген сөздер "өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-1) кәсіби ұйымға кіруге;";
2-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"2. Аудиторлар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) коммерциялық құпияны жарияламауға;
3) бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектіге беруге міндетті.";
19) 21-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшасымен толықтырылсын:
"6) кәсіби ұйымға кіруге құқылы.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2) уәкілетті органның аудиторлық қызмет жөніндегі заңнамаға сәйкестігін тексеру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ аудиторлық ұйымның қызметкері болып табылатын аудиторға қатысты тағайындалған тексеру кезінде жәрдем көрсетуге;
3) коммерциялық құпияны жарияламауға;
4) мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларда аудит жүргізу кезінде анықталған Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына хабарлауға;
5) осы Заңның 24-бабында көрсетілген мән-жайлардың салдарынан аудит жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға;
6) бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектіге беруге;
7) аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржылық ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
8) Лицензиялау ережесі мен лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты беруге міндетті.";
20) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
1. Аудиттелетін субъект:
1) аудитті жүргізу кезінде аудиторлардан заңнамалық міндеттер жөніндегі ақпаратты алуға;
2) аудиторлық ұйыммен жасалынған қорытынды мен ескертпелердің нормативті құқықтық актілердің негіздеулерімен танысуға;
3) аудиторлық ұйымдардан қаржылық есептің сәйкес келмеуі, басқа ақпараттар мен заңнамалық құжаттардың сәйкес келмеуі жөнінде ақпарат алуға;
4) келісімнің шарттары бұзылған жағдайда аудиторлық ұйымның қызметінен бас тартуға құқығы бар.
2. Аудиттелетін субъект:
1) аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудитті жүргізу үшін жағдайлар жасауға, сонымен қатар қажетті құжаттарды ұсыну, жазбаша немесе ауызша түрде түсіндірмелер мен анықтамалар беруге;
2) келісіммен қарастырылмаған аудитқа жататын сұрақтарды шектеуде аудиторлық ұйымның қызметіне қатыспауға;
3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша өз атынан үшінші жаққа қажетті ақпаратты алу үшін хаттар мен сұраулар жіберуге міндетті.
3. Келісімде болатын аудиторлық ұйым міндеттерін аудиторлық субъект үшін орындау міндетті.";
21) 26-бап алып тасталсын.
3. "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат; N 23, 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; 2006 жылғы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы):
көрсетілген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
"29. Аудиторлық қызмет мәселелері жөніндегі мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының сақталуын бақылау.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті