Жеке кәсiпкерлiк туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кодексімен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 29.10.2015 № 375-V Кодексімен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ставкасын", "ставкаларын", "проценттік", деген сөздер тиісінше "мөлшерлемесін", "мөлшерлемелерін", "пайыздық" деген сөздермен ауыстыру көзделген - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Осы Заң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар мен кепiлдiктердi айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық құралдар – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарға немесе өзге де тұлғаларға ақпарат ұсыну тетіктері;

      1-1) бизнес-инкубатор – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуы кезеңiнде өндiрiстiк үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқықтық, қаржылық, консалтингтiк және ақпараттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшiн құрылатын заңды тұлға;

      2) бизнестің әлеуметтік жауаптылығы - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда қоғамды дамытуға қосқан ерікті үлесі;

      3) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерлікті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын және осы Заңның 6-бабының 3 және 7-тармақтарында көрсетілген критерийлерге сай келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман;

      4) дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелі үшін және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;

      5) жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі;

      6) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін жеке кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру, қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешені;

      8) жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені;

      9) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      10) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі - жеке кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын, заңды мүдделерін білдіру және қорғау қорғау үшін құратын коммерциялық емес ұйым;

      11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу - кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге белгіленген критерийлерге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің сәйкестігін тиісті мемлекеттік органдардың тануы;

      11-1) жылдық орташа табыс – соңғы үш жылдағы жиынтық жылдық табыстардың немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлік субъектілері табыстарының үшке бөлінген сомасы;

      12) индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етілген, мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп объектілерін орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен беретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдар жанынан:

      жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу;

      жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды талдап-әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрылатын консультативтік-кеңесші орган;

      15) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16) коммерциялық құпия - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат;

      16-1) реттегіш құралдар – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар;

      16-2) реттеуді қатаңдату – реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;

      16-3) реттеушілік әсерді талдау – кейіннен мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін реттегіш құралдың және онымен байланысты талаптардың пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;

      16-4) реттеуші мемлекеттік органдар – реттегіш құрал енгізілген немесе енгізілуі жоспарланып отырған жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      17) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтары - оқытуды, ақпараттық қамтамасыз етуді, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуді, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына құқықтық, экономикалық және технологиялық сараптама жасауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3. Жеке кәсiпкерлiктiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

      4. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Жеке кәсiпкерлiктi құқықтық реттеу шектерi

      1. Жеке кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген негiздер бойынша ғана шектелуi мүмкiн.

      2. Жеке кәсiпкерлiктi шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкiн.

      3. Мемлекеттiк органдардың жекелеген жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң артықшылық жағдайын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауына тыйым салынады.

4-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты мен принциптерi

      1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаты жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттiң мүдделерi мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi принциптерi:

      жеке кәсiпкерлiк еркiндiгiнің кепiлдiгі (Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген) және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

      кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң теңдiгi;

      жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепiлдiгi;

      Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

      жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына сараптама жасауға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатысуы;

      жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қатысуы болып табылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттегіш құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

      1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

      Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

      2. Реттегіш құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:

      1) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;

      2) мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қосымшада көзделген салаларында ғана жүзеге асырылады;

      3) ақпараттық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерімен ғана енгізіледі.

      3. Реттеушілік әсерді талдауға:

      1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;

      2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;

      3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      5) ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;

      6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары;

      7) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары жатады.

      4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі консультативтік-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құрады.

      Жаңа реттегіш құралды енгізу Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-1-бап. Реттеушілік әсерді талдау

      1. Реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе анық айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттегіш құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру болып табылады.

      2. Реттеушілік әсерді талдау реттегіш құрал енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі.

      3. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралды қолдану тиімділігіне қарай реттегіш құралдың күші жойылуы мүмкін немесе өзгеше түрде қайта қаралуы мүмкін.

      Реттегіш құралды енгізу кезінде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның күші жойылуға жатады.

      4. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүргізеді.

      5. Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу жаңа реттегіш құралды енгізудің міндетті шарты болып табылады.

      6. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.

      7. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

      1) реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелерін қарайды және реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды береді;

      2) реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізеді.

      8. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және (немесе) өзге де мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік әсерді баламалы талдаудың нәтижелері интернет-ресурстарда орналастырылады.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС
IСТЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

6-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мынадай санаттарға жатқызылады:

      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, оның ішінде микрокәсiпкерлiк субъектiлерi;

      2) орта кәсiпкерлiк субъектiлерi;

      3) iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін санаттарға жатқызу критерийлері:

      жұмыскерлердің жылдық орташа саны;

      жылдық орташа табысы.

      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:

      мемлекеттік статистика;

      мемлекеттік қолдау көрсету;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады.

      Мемлекеттік статистика мақсаттары үшін жұмыскерлердің жылдық орташа саны бойынша критерийлер ғана пайдаланылады.

      Мемлекеттік қолдау көрсету және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін: жылдық орташа саны және жылдық орташа табысы бойынша екі критерийі пайдаланылады.

      Бұл ретте, жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау бағдарламаларында оны көрсету үшін өзге де критерийлер көзделуі мүмкін.

      5. Заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

      5-1. Жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi микрокәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

      6. Мемлекеттік қолдау және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін:

      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi;

      2) акцизделетiн өнiмдi өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

      3) астық қабылдау пункттерiнде астық сақтау жөнiндегi қызметтi;

      4) лотереялар өткiзудi;

      5) ойын бизнесі саласындағы қызметтi;

      6) мұнай, мұнай өнiмдерiн, газ өндiру, өңдеу және өткізу, электр және жылу энергиясын өткізу жөнiндегi қызметтi;

      7) радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi;

      8) банк қызметiн (не банк операцияларының жекелеген түрлерiн) және сақтандыру нарығындағы қызметтi (сақтандыру агентiнiң қызметiнен басқа);

      9) аудиторлық қызметтi;

      10) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi;

      11) кредиттiк бюролардың қызметін;

      12) күзет қызметiн;

      13) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымымен байланысты қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып танылмайды.

      Осы тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар - орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ал осы баптың 9-тармағында белгіленген критерийлерге сай келген жағдайда ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатады.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты және бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін жұмыскерлердің саны бойынша критерий пайдаланылады.

      7. Кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны аталған субъект филиалдарының, өкiлдiктерi мен басқа да оқшауланған бөлiмшелерiнiң жұмыскерлерiн, сондай-ақ дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, барлық жұмыскерлер ескерiле отырып, айқындалады.

      8. Осы баптың 5 және 9-тармақтарына сәйкес шағын және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын, заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

      9. Мынадай критерийлердің біреуіне немесе екеуіне сай келетін: жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны екi жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштің үш миллион еселенген мөлшерінен асатын және заңды тұлға құрмаған дара кәсiпкерлер және жеке кәсiпкерлiкті жүзеге асыратын заңды тұлғалар iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.

      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.07.10 № 36-V Заңымен (2013.12.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор.

      3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы ақпарат мүдделі тұлғаларға, оның ішінде мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін электрондық анықтама нысанында беріледі.

      4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 36-V Заңымен (2013.12.01 бастап қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Дара кәсiпкерлiк

      1. Дара кәсiпкерлiк өзiндiк немесе бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асырылады.

      2. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

      Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.

      Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет.

      3. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

      Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

      4. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:

      1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;

      2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;

      3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады.

      5. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкiн.

      Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асыратындығы көзделедi.

      6. Жай серiктестiк нысанын пайдаланатын дара кәсiпкерлiк Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.

      8. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде өзiне меншiк құқығымен тиесiлi барлық мүлкiмен, соның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.

      Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.

      Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.

      9. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады.

      10. Дара кәсiпкер өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде iскерлiк құжаттаманың дербес бланкiлерiн, мөрдi, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

      11. Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:

      1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке кәсiпкерлiктiң кез келген түрiн жүзеге асыруға;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбектi пайдалана отырып, жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен филиалдар мен өкiлдiктер құруға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) бағасын дербес белгiлеуге;

      5) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өтеулi негiзде қаражат (қарыз) беруге;

      6) өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнде сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға;

      7) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн құруға;

      8) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылық кеңестердiң жұмысына қатысуға;

      9) бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына және мемлекеттiк органдарға жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзуға кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi бойынша жүгiнуге;

      10) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сот органдарына жүгiнуге;

      11) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауына енгізуге;

      12) әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыру немесе оған қатысу жолымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын өз қызметінде қолдануға құқылы.

      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға;

      2) өндiрiлетiн өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсiпкерлiктің түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар және рұқсаттар алуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Жосықсыз бәсекенi жүзеге асыруға жол бермеу

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген еркiн бәсекелестiкке басқа жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын бұзу жолымен бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға бағытталған iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) тыйым салынады.

10-бап. Ішкі нарықты қорғау

      Ішкі нарықты қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларымен, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданумен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты қорғау

      1. Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады.

      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркiн қол жеткiзу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.

      3. Ақпаратты қолжетiмдiлiк санатына жатқызу тәртiбiн, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсiпкерлiк субъектiсi айқындайды.

      4. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдiстермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.

      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi немесе ол уәкiлеттiк берген адам өз қызметкерлерiнен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiк туралы ескертуге құқылы.

      6. Мiндеттi түрде жариялануға не акционерлердiң, шаруашылық серiктестiк қатысушыларының немесе өзге де белгiлi бiр адамдар тобының назарына мiндеттi түрде жеткiзуге жататын ақпараттың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

      6-1. Корпоративтік дауға қатысатын жеке кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес әрбір нақты құжатты көрсетпей, істің мән-жайын анықтауға болатын құжаттарды бір-бірінен сұратуға құқылы.

      7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау функцияларын орындау кезiнде және басқа да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға оларға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.

      8. Алып тасталды - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      9. Құқық қорғау органдары прокурордың санкциясы, сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде тергеу органдарының қаулысы негізінде не соттың қаулысы негізінде жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.

      10. Заңды күшiне енген сот шешiмi бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз жария етуге болмайды.

      11. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын мәліметтерді ашпайтын, жинақталған ақпарат жалпыға қолжетiмдi болып табылады.

      12. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнің жалпыға қолжетімді ақпаратына:

      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы;

      2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген жылы, айы, күні;

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) заңды мекенжайы (орналасқан жері);

      5) қызмет түрі;

      6) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) жатады.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Алғашқы статистикалық деректер

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң алғашқы статистикалық деректері Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес табыс етіледі.

      Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделмеген мәлiметтердi талап етуге құқылы емес.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

13-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасау тәртiбi

      1. Осы Заңның 27-бабына сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк жасауы Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады.

      2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI ДАМЫТУ
МЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI

14-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

      2) жеке кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк жүйесiн қалыптастырады;

      2-1) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;

      3) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар құрады және таратады;

      4) орталық мемлекеттiк жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, жеке кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн (пайыздық көрiнiстегi) бекiтедi;

      6) шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады;

      7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

      8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;

      9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;

      10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;

      11) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;

      12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;

      13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;

      14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;

      15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;

      16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;

      17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;

      18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;

      19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;

      20) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      21) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;

      22) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      23) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiн жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

      23-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      23-2) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;

      24) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге асырады;

      2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;

      4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;

      5) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;

      6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      7) жеке кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;

      8) республика өңiрлерiнде шағын және орта кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септiгiн тигiзедi;

      9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      10) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

      11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      12) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      13) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің инновациялық, инвестициялық және индустриялық даму саласындағы құжаттарын iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;

      14) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;

      15) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;

      16) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;

      17) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      18) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;

      19) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;

      20) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;

      21) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      21-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;

      21-2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;

      21-3) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;

      21-4) реттеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және олардың қызметін үйлестіреді;

      21-5) мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды реттеушілік әсерді талдауды енгізу және жүзеге асыру мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      22) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2013 № 124-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Жергiлiктi өкiлеттi органдардың құзыретi

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi органдары:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi бойынша есептерiн қарайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

      3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

      6) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

      7) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;

      7-1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

      7-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-1-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті

      Реттеуші мемлекеттік органдар:

      1) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы есептерді ұсынады;

      2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

18-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары

      1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру;

      жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту;

      бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету

      жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау.

      2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту:

      мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру;

      орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

      жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;

      бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн ұйымдастыру;

      жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

      2-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:

      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

      2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;

      3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер, лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;

      8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.

      2-2. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      3. Шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мыналарды:

      шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзiрлемелер мен технологияларды пайдалануы үшiн жағдайлар жасауды;

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң және таратудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеудi;

      оңтайлы салық салу режимiн белгiлеудi;

      шағын және орта кәсiпкерлiкке кредит берудiң бағдарламаларын қабылдауды;

      шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану жүйесiн жасауды;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алудың кепiлдендiрiлген көлемiн қамтамасыз етудi;

      жұмыс iстеп тұрған оқу және зерттеу орталықтарын, консалтингтiк ұйымдар мен шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ақпараттық жүйелерiн дамыту және жаңаларын құру жолымен кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруды;

      ұлттық даму институттарын құруды қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 № 178 Заңымен.

      5. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

      Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:

      1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;

      2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

      3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

      4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

      6. Мемлекеттiк органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сатады, не жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өзгертедi, не Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес сатып алу-сату шартына не рұқсатқа қажеттi инфрақұрылымға қосудың техникалық шарттарын мiндеттi түрде қоса отырып, тұрғын үйдi тұрғын емес үй-жай етiп қайта жабдықтауға рұқсат бередi. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн одан әрi инфрақұрылымға қосу сатып алу-сату шартына не рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде негізгі қызметінің мақсаты қаржылық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі арнайы қор жүзеге асырады.

      Арнайы қордың негізгі міндеттері:

      1) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) микроқаржы ұйымдарының қызметін дамыту;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілері екінші деңгейдегі банктерден және өзге де заңды тұлғалардан кредиттер алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін жасау;

      4) қаржы лизингін дамыту;

      5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін оқыту және консалтингтеу;

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі операцияларды қоса қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;

      6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету;

      6-2) қаражатты екiншi деңгейдегi банктерде және өзге де заңды тұлғаларда негізделген түрде орналастыру жолымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, арнаулы қордың ішкі нормативтік құжаттарында тікелей көзделген өзге де тәсілдермен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру;

      6-3) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық институттар беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;

      7) арнайы қордың жарғысына сәйкес басқа да міндеттер болып табылады.

      Арнайы қордың міндеттерін іске асырудың тәртібі мен шарттарын ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту

      1. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:

      Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

      шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;

      шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлерi үшiн қолжетiмдiлiгi;

      шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

      2. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту:

      1) қаржылық қолдау көрсету;

      2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының желiсiн ұйымдастыру;

      3) бизнес-инкубаторлардың қызметiн ұйымдастыру;

      4) бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға беру;

      5) өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға берiлген мемлекеттiк меншiк объектiлерiн және олар алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бiр жыл өткен соң өтеусiз беру жолымен жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, осы шарттар сауда-делдалдық қызметтi жүзеге асыратын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылмайды.

      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржылық қолдау:

      1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;

      2) екiншi деңгейдегi банктер және микрокредит беру арқылы кредит берудi ұйымдастыру;

      3) экономика салаларында әлеуметтiк маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру;

      4) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) бюджет қаражаты есебiнен қарыздар беру;

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

      7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;

      8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.

      4. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

      5. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары халықты жеке кәсiпкерлiкке тарту, жаңа шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн құру мақсатында құрылады.

      Шағын кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарының мiндеттерi:

      1) кәсiпкерлiк ахуалды, отандық және халықаралық нарықтарды, экономиканың салалары мен секторларын талдау;

      2) маркетинг және менеджмент саласында қызметтер кешенiн көрсету;

      3) инвестициялық және бизнес-жобаларды әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi, консультациялық және басқа да қызметтер көрсету;

      4) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң инновациялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;

      5) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кәсiби өсуiне жәрдемдесу;

      6) ақпараттық және сараптамалық ресурстарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету;

      7) семинарлар, тренингтер өткiзу;

      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң деректер базасын қалыптастыру;

      9) шағын кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi ақпаратты және оны дамытудың проблемалық мәселелерiн талдау мен қорыту болып табылады.

      6. Бизнес-инкубаторлар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қалыптасуына және дамуына жәрдем көрсету үшiн құрылады.

      Бизнес-инкубатордың мiндеттерi:

      1) бизнес-инкубаторға орналастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн iрiктеу;

      2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiлiм беру, маркетингтiк, консалтингтiк және басқа да ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтер көрсету болып табылады.

      7. Сауда-делдалдық қызметтi қоспағанда, өндірістік қызметті және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлерi сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлуi мүмкiн.

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалға алу немесе сенiмгерлiкпен басқару шарттарының талаптарын орындауын бақылауды республикалық және коммуналдық меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi тиiстi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 178, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық (секторальдық) және өңiрлiк бағдарламалары

      Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау олардың бәсекеге қабiлеттi тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) шығаруға мүмкiндiк беретiн кәсiби деңгейiн арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Шағын кәсiпкерлiктi оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау:

      жеке кәсiпкерлiктi жүргiзу мәселелерi бойынша оқу семинар-тренингтер және ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру;

      жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру практикасы, жаңа технологиялар нарығы туралы әдiстемелiк құралдар, ақпараттық бюллетеньдер тарату;

      өңiрлерде ақпараттық, консалтингтiк орталықтар желiсiн құру;

      өңiрлерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқытуды ұйымдастыру үшiн менеджерлер даярлау жолымен жүзеге асырылады.

      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк қолдау бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.

22-бап. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау

      1. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау республикалық және өңiрлiк деңгейлерде жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

      2. Ауыл шаруашылығы қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдау көрсетудiң мерзiмi, көлемi мен шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

23-бап. Жеке кәсiпкерлiктi ақпараттық қамтамасыз ету

      Барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдар таратуға шек қойылмаған, оның iшiнде осы Заңның 5-бабында көзделген ақпарат пен материалдарды тегiн негiзде тарату үшiн интернет-ресурстар құруға және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және олардың жарнамасын, сондай-ақ осы ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты жаңартып отыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 178-IV, 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

5-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIНІҢ БIРЛЕСТIКТЕРIН
ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НОРМАТИВТIК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТIЛЕРГЕ САРАПТАМА
ЖАСАУҒА ҚАТЫСУЫ

24-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері:

      республикалық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік субъектiлерiнiң республикалық бiрлестiктерi;

      облыстық деңгейде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық бірлестіктері;

      қалалық, аудандық деңгейлерде – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық бірлестіктерінің филиалдары, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері, шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктері түрінде кәсіпкерлер бірлестіктерін құрады.

      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн қаржыландыру жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң ерiктi мүшелiк жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қамтамасыз етiледi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу

      1. Жеке кәсiпкерлердiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына сараптама жасауға қатысуға үмiткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарда аккредиттелуге жатады.

      2. Аккредиттелуге:

      республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы - (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi;

      облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық бірлестіктер филиалдары;

      қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктерінің филиалдары жатады.

      3. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 130-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Егер аккредиттелуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк, бiр қызмет саласын бiлдiретiн екi және одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың неғұрлым көп санын бiрiктiрген коммерциялық емес ұйым аккредиттелуге жатады.

      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Сарапшылық кеңестер

      1. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сараптама кеңестеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң, аккредиттелген коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.

      Сараптамалық кеңестің отырысы бір тоқсанда кемінде бір рет жүргізіледі.

      2. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.

      Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң құрамы мемлекеттiк органдар басшыларының шешiмдерiмен бекiтiледi.

      3. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейтiн мемлекеттiк орган, мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актілерді қоспағанда, оны сарапшылық кеңестiң қарауына енгiзедi.

      3-1. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасын қарауы осы Заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асырылуы мүмкін.

      3-2. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.

      4. Сарапшылық кеңестер туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      5. Сарапшылық кеңестердiң жұмысын талдау мен оның мониторингiн кәсіпкерлік жөніндегі уәкiлеттi органның жанынан құрылатын үйлестiру кеңесi жүзеге асырады.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы үйлестiру кеңесiнiң төрағасы болып табылады.

      Үйлестiру кеңесiнiң құрамын уәкiлеттi органның басшысы қалыптастырады.

      Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРIН ТIРКЕУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

27-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеу

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кіріс органында (бұдан әрi — тiркеуші орган) дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.

      2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:

      1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;

      2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар;

      3) тармақша 31.12.2017 дейін қолданыста болады.

      3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      Аталған дара кәсіпкерлердің қызметіне мемлекеттік тіркеусіз тыйым салынады.

      2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:

      1) төлем көзінен салық салынатын;

      2) мүлік табыстарын;

      3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

      3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

      Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын уәкілетті орган бекiтедi.

      4. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға тіркеуші органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы:

      1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;

      2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

      3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.

      Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

      Салықтық өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.

      Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталында қалыптастырылатын "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

      Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәлiктiң көшiрмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.

      Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

      4-1. Жеке тұлға осы баптың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезден бастап тіркеуші орган бір жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуді жүргізеді не мұндай тіркеуден бас тартады.

      Мемлекеттік кіріс органы, егер:

      1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

      2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

      3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.

      Осы бапта көзделген мемлекеттік тіркеуден бас тарту негіздері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

      5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн алым төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.

      6. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы тiркеушi органға осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.

      6-1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.

      Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

      7. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.

      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бiрлескен дара кәсiпкерлiкке жазылады. Куәлiкке тiркеу органының басшысы куәландырған бiрлескен дара кәсiпкер мүшелерiнiң тiзiмi қоса берiледi.

      9. Алып тасталды - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптан қараңыз); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

28-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң банкроттығы, оларды қайта ұйымдастыру және тарату

      1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi борышкердің немесе кредитордың, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiшi негiзiнде сот шешiмiмен банкрот деп танылады.

      Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Заңды тұлға болып табылатын жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жеке кәсiпкерлiктiң нақты ұйымдық-құқықтық нысаны үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Заңда көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

      Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде - дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.

      Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық өтініш ұсынады.

      Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.

      4. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

      1) ол банкрот деп танылған;

      2) тiркеу кезiнде жiберiлген жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;

      3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

      4) ол қайтыс болды деп жарияланған;

      5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.

      5. Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

      1) өзiндiк кәсiпкерлiк – дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;

      2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезінде;

      3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген, қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату көзделетін жағдайда да тоқтатылады.

      6. Дара кәсіпкердің қызметі өзінің өтініші, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі.

      Дара кәсіпкер уәкілетті органның интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.

      7. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.

      8. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.

      Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 № 188-IV (2010.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.08 № 225-IV қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2013 № 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз) Заңдарымен.

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

29-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері

      1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мемлекеттің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеуі арқылы, оның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңдары;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

      4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілері;

      6) жергілікті өкілді органдардың шешімдері деңгейінде реттегіш құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      Реттегіш құралдарды енгізу осы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Осы Заңның мақсаттары үшін:

      1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, оның ішінде таңбалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары бөлігінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы, үшінші тұлғаларға беру үшін міндетті өзге де ақпаратты беру туралы талаптарды осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгілеу;

      2) салықтық, статистикалық және өзге де есептілікті қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті есептілікті мемлекеттік органдарға тұрақты негізде ұсыну;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпаратты, оның ішінде мәліметтер, үзінді көшірмелер, декларациялар, хабарламалар нысандары арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ұсынылатын, жеке кәсіпкерлік субъектілері толтыратын өзге де құжаттарды беру ақпараттық құралдар деп танылады.

      Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

30-бап. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен жеке кәсiпкерлiк өнiмдеріне, процестеріне қойылатын талаптарды белгiлеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен барлық жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің орындауы үшін мiндеттi өнiмдерге, процестерге қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

31-бап. Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу

      Сәйкестiктi, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

32-бап. Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау

      Өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi растау, егер бұл Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi болса, белгiленедi.

33-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда белгіленеді.

      2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау мынадай:

      1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын тексеру нысанында;

      2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 N 152-V (01.12.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

34-бап. Жеке кәсіпкерлік саласында лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру

      Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау және оларға рұқсат беру рәсімдері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

35-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын мiндеттi сақтандыру, егер осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк реттеу түрлерiн қолдану мемлекеттiк реттеу мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етпейтiн жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

36-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын белгiлеу

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

8-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУДЫ, ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕ МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

42-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi мен нысандары

      1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары осы Заңның 29-бабының 1-тармағында белгiленген мемлекеттiк реттеудің мақсатына қол жеткiзбеген мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды, лицензиялауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасағанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуда кiнәлi лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне бiр ай iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi.

      3. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жеке кәсiпкерлiк субъектiсi туралы ақпаратты таратқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады, ал жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң келiсiмiнсiз ақпаратты тарату нәтижесiнде оған келтiрiлген зиян өтелуге тиiс.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.07.05 № 62-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

43-бап. Жеке кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық

      1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi жасайтын кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      2. Қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұру немесе тыйым салу солардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық ұйымдардың, кредиттiк бюролардың кәсiпкерлiк қызметiн қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтата тұруды немесе тыйым салуды бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.

      3. Қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін сот шешімінсіз тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша материалдарды үш тәулік ішінде міндетті түрде бере отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда жол берiледi.

      4. Кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiру салдарынан жеке кәсiпкерлiк субъектiсi көтерген барлық шығындар мен жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген өзге де зиян өтелуге жатады.

      Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

44-бап. Жеке кәсiпкерлiктi тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық

      1. Мемлекеттiк орган немесе оның лауазымды адамы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда (тексерудi негiзсiз тағайындау, актi шығармай және оны құқықтық статистика органында тiркемей тексеру жүргiзу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндiрiстi тоқтата тұру, артық анықтамалар толтыру, негiзсiз сұрау салуларды талап ету және өзге де жағдайларда) өтеулi талап етiлетiн шығындардың көлемiне тексеруге арналған материалдарды дайындағаны үшiн жеке кәсiпкерлiк субъектi қызметкерлерiне төленген сыйақы сомалары, өндiрiстiң мәжбүрлi тоқтаған уақытына жалақы, өндiрiстi тоқтата тұру салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу кезiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң алуы ықтимал жiберiп алған пайда енгiзiлуi мүмкiн.

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңсыз деп танылған мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.

      3. Мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезiндегi заңсыз iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРІНІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

45-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жауаптылығының жалпы жағдайлары

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сақтауға мiндеттi.

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

46-бап. Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдардың жауаптылығы

      Сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдар өз мiндеттерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

47-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының жосықсыз бәсеке туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

48-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасын бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

49-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР 08.06.2015 № 317-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

50-бап. Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

      Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

51-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн 5-бапты қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      2. Осы Заңды қолданысқа енгiзу кезiнде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасы оған қайшы келмейтiн бөлiкте қолданылады және 2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн соған сәйкес келтiрiлуге тиiс.

      3. Күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат, N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 51-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);

      2) "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 182-құжат; 1998 ж., N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 21, 778-құжат; N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 4, 23-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 15, 150-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 19-20, 147-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);

      3) "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 185-құжат; N 22, 333-құжат; 1999 ж., N 23, 931-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат).

Қазақстан Республикасының
Президентi



  "Жеке кәсiпкерлiк туралы"
2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-III
Қазақстан Республикасының Заңына
ҚОСЫМША

Мемлекеттiк бақылау және қадағалау
ТҮРЛЕРI

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады