Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қыркүйектегі N 859 Қаулысы

      Мемлекет басшысының "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын. U100001039 

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейімдеу қызметтерін көрсету мемлекеттік мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.

      3. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен;

      2) (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен).
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 29 қыркүйектегі
N 859 қаулысына 
1-қосымша     

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      1. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Қарағанды қаласы.
      2. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Шымкент қаласы.
      3. "Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы" Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 29 қыркүйектегі
N 859 қаулысына 
2-қосымша    

       Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

О создании государственных учреждений-центров адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2007 года N 859.

      В целях реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 1 марта 2006 года "Стратегия вхождения Казахстана в число 50-ти наиболее конкурентоспособных стран мира" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственные учреждения - центры адаптации и интеграции оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан (далее - государственные учреждения) согласно приложению 1 к настоящему постановлению.U100001039

      2. Определить основным предметом деятельности государственных учреждений оказание адаптационных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      3. Установить, что финансирование государственных учреждений осуществляется за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:

      1) утвердить уставы государственных учреждений и обеспечить их государственную регистрацию в органах юстиции;

      2) принять иные меры по реализации настоящего постановления.

      5. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:

      1) утратил силу постановлением Правительства РК от 23.09.2014 № 1005;
      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 15.04.2008 N 339.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 15.04.2008 N 339; от 23.09.2014 № 1005.

      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2008 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 сентября 2007 года N 859

Перечень
государственных учреждений-центров адаптации и интеграции
оралманов Комитета по миграции Министерства труда и социальной
защиты населения Республики Казахстан

      1. "Центр адаптации и интеграции оралманов", город Караганда.

      2. "Центр адаптации и интеграции оралманов", город Шымкент.

      3. "Центр адаптации и интеграции оралманов", село Аксукент Южно-Казахстанской области.

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 29 сентября 2007 года N 859
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 октября 2004 года N 1132

Перечень организаций,
находящихся в ведении Комитета по миграции Министерства
труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Сноска. Приложение 2 утратило силу постановлением Правительства РК от 23.09.2014 № 1005.