Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 503 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25
желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау
жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж., N 34, 332-құжат; 2006 ж., N 48, 507-құжат; 2007 ж., N 10, 114-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
енгізілсін;
көрсетілген комиссияның құрамынан В.В.Супрун шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті