"Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 890 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 503 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25
желтоқсандағы N 530 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау
жөніндегі мемлекеттік комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 530 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 56, 620-құжат; 2002 ж., N 6, 36-құжат; 2003 ж., N 34, 332-құжат; 2006 ж., N 48, 507-құжат; 2007 ж., N 10, 114-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Астана қаласының жаңа орталығын салу барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:

Сұлтанов                      - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы               және бюджеттік жоспарлау министрі

      енгізілсін;
      көрсетілген комиссияның құрамынан В.В.Супрун шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады