Демалыс күнін ауыстыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қазандағы N 925 Қаулысы

      Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2007 жылғы қазанда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.   Демалыс күні 2007 жылғы 28 қазан жексенбіден 2007 жылғы 26 қазан жұмаға ауыстырылсын.

      2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2007 жылғы 26 қазанда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
      Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О переносе дня отдыха

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 2007 года N 925

      В целях создания благоприятных условий для отдыха трудящихся и рационального использования рабочего времени в октябре 2007 года Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ :

      1. Перенести день отдыха с воскресенья 28 октября на пятницу 26 октября 2007 года.

      2. Предоставить право организациям, которые обеспечены трудовыми, материальными и финансовыми ресурсами для выпуска необходимой продукции, оказания услуг, включая финансовые, а также ввода в действие объектов строительства, производить по согласованию с профсоюзными организациями работу 26 октября 2007 года.
      Работа в указанные дни компенсируется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
    Республики Казахстан