Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2007 жылғы қазанда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Демалыс күні 2007 жылғы 28 қазан жексенбіден 2007 жылғы 26 қазан жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2007 жылғы 26 қазанда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі