"Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қазандағы
N 965 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 397 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 218-құжат).
2. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының 2005-2007 жылдарға арналған қызметі туралы меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N№514 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 514 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 415-құжат).
4. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы N 862 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 33, 450-құжат).