Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.13 № 1345 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 48, 546-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Абоимов Виктор Андреевич - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Әйтекенов Қайрат Медібайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі