Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
26-тармақта:
1) тармақшадағы "және суару машиналарын" деген сөздерден кейін ", жылыжайларды" деген сөзбен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын;
29-тармақтың 2) тармақшасы "кооперативтеріне" деген сөзден кейін "шаруа серіктестіктері, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтерге" деген сөздермен толықтырылсын;
32-тармақта:
бірінші абзацтағы және 1) тармақшадағы "кооперативтеріне", "кооперативтерін" деген сөздерден кейін тиісінше "шаруа серіктестіктеріне, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтеріне", "шаруа серіктестіктерін, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша алынып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) кепілдік қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтау болып табылады.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі